Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері



Бассүйектің жыныстық ерекшеліктері

Ø Еркектердің бассүйегінің көлемі әйелдерге қарағанда орташа (10%) көп болады;

Ø Әйелдерде бассүйктің беті тегістеу болады, бұдырлары, төмпешіктері, сызықтары айқын емес;

Ø Қасүстілік доға әйелдерде айқын емес және маңдайы вертикалды бағытта орналасады

Бас қаңқасының өзгеретін кезеңдері

n Бірінші кезең, 7 жасқа дейін, бас қаңқасының өсу кезеңі, жіктері тарылып, еңбектері жабылады. Мұрын және көз ұясы үлкейіп, қалыптасады. 2-3жасында сүт тістердің шығуына, шайнау бұлшықеттердің қызметінің дамуына байланысты бас қаңқасының бет бөлігі үлкейеді, әсіресе негізі; ми сауыты алғашқы 6 айда екі есе, 2 жаста үш есеге үлкейеді; 10 жаста үлкен адамдағыдай болады.

n Екінші кезеңде, 14 жасқа дейін, бас қаңқасының өлшемдері аз ғана өзгереді, ал шұңқырлары, емізік өсінді, көз ұясы, мұрын қуысы үлкейеді.

n Үшінші кезең, 14- 25 жас аралығында.Бет бөлігі үлкейіп, маңдай төмпешігі қалыптасады,бет доғалары үлкейеді, төмпешіктері көрінеді. Жыныстық белгілері көрінеді: ұлдарда бет бөлігі ұзындайды. Еркектердің бас қаңқасы әйелдердікіне қарағанда ірілеу жалпы дене салмағына байланысты. Ми сауыты әйелдерде жақсы дамыған, ал еркектерде бет бөлігі. Еркектердің бас қаңқасында бекитін бұлшықеттердің жақсы дамуына байланысты бұдырлары төмпешіктері жақсы жетілген.

n Төртінші кезең, 25-45 жасқа дейін,жіктердің сүйектенуі аяқталады.

n Бесінші кезең 45 жастан кәрілікке дейін,беттің, сонан соң ми сауытының атрофиясы-кішіреюі, тістердің азаюына байланысты жақтардың пішінінің өзгеруімен сипатталады. Альвеолярлы өсінділер тегістеніп бас қаңқасы кішірейеді, шайнау қызметі әлсірейді, бұлшықеттері кішірейіп, өзгереді. Серпімділігі азайып бас қаңқасы жеңіл, нәзік болады

Бас қаңқасы туралы ілімдегі нәсілдік теория:

§ Көлемі үлкен және ұзын бассүйектерінде дамыған ми орналасады деп, кейбір ұлтшыл ғалымдар, “жоғарғы” және “төменгі” сатыдағы ұлт туралы нәсілдік “теориясын” дамытты: европалық нәсілдерде (немістерде) бас қаңқалары үлкен, яғни жоғарғы типті, ал басқа нәсілдерді –төменгі типті нәсілділерге жатқызған.

§ Отандық ғалымдар (анатомдар, морфологтар) адамның қабілеті бассүйектің көлеміне, яғни мидың салмағына байланысты емес екенін дәлелдеді.

Егерде бас қаңқасының көлемін салыстырса:

Еркектерде -1859 см 3

Әйелдерде - 1347 см 3

Шығыс Азия неандертальтарда -1145 см 3,

Африкалықтарда -1271 см 3

Индустарда - 1275 см 3

Голландтықтарда - 1387 см 3

Швейцарлықтарда - 1467 см 3

Эскимостарда - 1563 см 3

Мидың салмағы:

• Ерлерде – 1370 гр.;

• әйелдерде – 1230 гр ( 1100-2000 гр аралығы.;

• ең төменгі қалыпты шекарасы – 900 гр.;



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.