|
|||
сурет-Ортан жілік кесіндісінің құрылысының үлгісі1 сурет-Ортан жілік кесіндісінің құрылысының үлгісі 2сурет-Сүйектің қызыл кемігі (medulla ossium rubra) Сүйектердің дамуы § Сүйектер –мезодермадан және оның айналасындағы мезенхимадан дамиды. § Мезодерма алғашқы кезде дорзалді орналасқан сомиттерден тұрады; § Сомиттің әрқайсысы дорсалді жағында үш бөлікке бөлінеді: 1) дорсолатералді – дерматом; 2) медиовентралді склеротом; 3) екеуінің аралығында ортаңғы (дорсомедиалді) – миотом; § Склеротомнан сүйектер (қаңқа) дамиды; § Сүйектердің түзілуі мен өсуіне жауапты жасушалар: остеобласт және остеокласт Ұрық жапырақшалары
Сүйектің дамуы немесе остеогенездің түрлері: 1. Эндесмалды сүйектену - сүйектердің алғашқы дәнекер ұлпалық негізінде сүйек аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады (мысалы: төбе сүйектерінде). 2. Перихондралды сүйектену - сүйектің шеміршекті бастамасының сыртқы бетіндегі шеміршек үсті қабығының астындағы остеобластардан түзіледі. 3. Периосталды сүйектену – алдымен шеміршек үсті қабық сүйек үсті қабыққа (периостқа) айналады, одан остеобластар сүйектің шеміршек бастамасына өтіп шеміршекті біртіндеп сүйекке айналдырады. 4. Энхондралды сүйектену - сүйектің шеміршекті бастамасының ішінде сүйек аралшықтары (сүйектену нүктесі) пайда болады. Сөйтіп, сүйек онтогенезі филогенездік даму кезеңдерін қайталайды, яғни даму процессінде қаңқа 3 түрлі кезеңнен өтеді: 1. Дәнекер тінді (жарғақты) 2. Шеміршекті 3. Сүйекті
|
|||
|