|
|||
аңқа – скелет – skeletos- кептірілген Қаңқа құрамына 200-204 сүйек кіреді.Қаңқа – скелет – skeletos- кептірілген Қаңқа құрамына 200-204 сүйек кіреді. Қаңқаның қызметі: 1. Тірек қызметі –бұлшықетер, шандырлар және де басқа АҒЗАЛАР бекитін құрылым. 2. Қозғалыс қызметі- бұлшықеттердің жиырылуы және сүйектердің аралығындағы буындармен атқарылады. 3. Рессорлық қызмет -қозғалыс кезінде соққыны, шайқалуды азайтатын арнайы анатомиялық құрылымдардың арқасында (омыртқа жотасы, аяқ ұшының күмбезі) жүзеге асады. 4. Қорғау қызметі- миды (бас қаңқасы) ,жұлынды (омыртқа жотасы) т.б. 5. Биологиялық қызметі: қан түзуге және минералық зат алмасуға қатынасады (кальций, фосфор, темір және т.б).
Сүйек – OS(лат) – OSTEON(грек). Остеология –сүйек туралы ілім Сүйек мүше ретінде - өзіне тән пішіні, құрылысы және дамуы бар, белгілі бір қызымет атқаратын бірнеше ұлпадан тұратын дененің бөлігі. Сүйектің химиялық құрамы. Үлкен адамның сүйегі: 50%-су, 28,15 % органикалық, 21,85 % -бейорганикалық заттар. Сүйектің 1/3-бөлігі «оссеин» деп аталатын органикалық заттардан, 2/3-бөлігі бейорганикалық заттардан тұрады Сүйектің физикалық қасиеті (беріктілігі, майысқақтығы) органикалық және бейорганикалық заттардың қатынасына байланысты; o Сүйектің беріктігі - оның екі қасиетіне : қаттылығына және серпімділігіне байланысты. o Бейорганикалық заттар (Са, Р, тұздары) сүйекке қаттылық береді. o Органикалық заттар, әсіресе оссеин – серпімділік (майысқақтық) береді. o Қаттылығы бойынша жез және шойын тәрізді. o Беріктілігі бойынша темір,мыс, гранит тектес және кірпіштен 3 есе берік. Сүйектің құрылысы • Сүйектің құрылымдық бірлігі остеон, яғни қан тамырлар өзегінің айналасында орналасқан сүйек пластинкалар жүйесі (остеобласттар, остеокласттармен түзілетін). • Остеондардан сүйек перделері немесе трабекулалар түзіледі: • а) егерде трабекулалар нығыз жатса, онда тығыз заты – substantia compakta түзіледі (түтікті сүйектердің диафизін қоршап орналасады); • б) егерде трабекулалар араларында ұяшық түзіп, борпылдақ жатса, кемікті заты – substantia spongiosa түзіледі (эпифиздер). • Сүйектердің сыртқы бетін сүйек қабығы (периост) жауып жатады
Сүйектің микроқұрылымы 1. 1–сүйек қабығы (екі қабатты); 2. 2–остеоннан тұратын тығыз зат; 3. 3–трабекуладан түзілген кеуекті зат; 4. 4–остеондарды құрайтын сүйек пластикалары; 5. 5–остеон; 6. 6 – сүйек клеткалары (остеоциттер); 7. 7– остеон қан тамырлары (остеондардың қоректендіргіш каналдарынан өтіп, сүйек кемігіне жетеді). Ø Кеуекті зат ұяшықтарында және сүйек қуысында сүйек кемігі (майы) орналасқан, ол қан түзуші және биологиялық қызмет атқаратын құрылым: сүйектің қоректенуіне, дамуына, өсуіне қатысады. Сүйек кемігінің 2 түрі бар: Ø Сүйектің қызыл кемігі-medulla ossium rubra ретикулярлық тіннен тұрады, оның торында қан және сүйек түзетін клеткалық элементтері болады. Қан тамырлары және қан элементтері сүйек кемігіне қызыл түс береді. Жаңа туған нәрестеде көп болады. Ø Сүйектің сары кемігі- medulla ossium flava түтікті сүйектердің қуыстарын толтырып жатады, негізінен май тінінен тұрады.
|
|||
|