Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Адам эмбрионы. Жатырдағы эмбрион (4 апта шамасы) кіндік бауы арқылы плацентамен қосылып ұрық көпіршігінде жүзіп жүреді. рықтың ультрадыбыстық көрінісі (5-і ай) беті, иығы, u



Адам эмбрионы

Ø 27 мм; 54-күн, эмбрионалдық кезеңінің соңы.

Ø Ұрық кіндікке ілініп, ұрық маңындағы тұйықталған көпіршік ішінде жүзіп жүреді.

Жатырдағы эмбрион (4 апта шамасы) кіндік бауы арқылы плацентамен қосылып ұрық көпіршігінде жүзіп жүреді

1. Қынап

2. Жатыр мойыны

3. Жатыр

4. Ұрық маңындағы көпіршік (көпіршік немесе амнион қуысы; аналық жасушасының 3 қабығының біреуі)

5. Нерв жүйесі дамитын ұрық бөлігі

6. Плацента

Ұрықтың ультрадыбыстық көрінісі (5-і ай) беті, иығы, қолы жақсы көрінеді

Қорыта айтқанда, ұрықтың дамуының төмендегідей ерекше кезеңдерін байқауға болады:

1-і күні -ұрықтану, жатыр түтігінде бластомерлерге бөлінуі

6-і күн – жатырдың шырышты қабығына имплантациялануы

12-і және 14-і күні - менструацияның болмауы

17-і күн –ұрық жапырақшаларының дамуы

21-і күн – нерв жүйесінің негізінің бастамасы

22-і күн - жүрек соға бастайды

26-ы күн –қол, аяқ дамитын өсінділер пайда болады

28-і күн (4-ші апта) - эмбрион денесінің өлшемі 4 мм (төбесінен бөксеге дейін)

35-і күн - эмбрион денесінің өлшемі 8 мм

7-8-ші аптада – ұрықтың беті адамға ұқсайды, жынысы белгілі болады

9-ы аптаға жақын - бірінші қимылдар, ему рефлексінің пайда болуы.

38-40 -ы апта - туылуы (266-280-і күн)

Жатырдағы ұрық

Жатырдағы адам ұрығы (5-і ай) жатыр мойыны жабық

Нәрестенің (9 ай) туылуының алғашқы кезеңі

Баланың туылуының соңғы кезеңі

№2 дәріс: Тірек-қимыл аппаратының жалпы анатомиясы. Сүйек - мүше ретінде. Сүйектердің дамуы және құрылысы. Әлеуметтік және биологиялық факторлардың қаңқаның дамуы мен құрылысындағы орны.

Дәрістің мақсаты: Адам денесінің тірек – қимыл аппаратының құрылымдарының қалыптасуын филогенезде және онтогенезде көрсету.

Тірек қимыл аппаратына жататын құрылымдар:

1. Сүйектер (қаңқа) -остеология;

2. Сүйектердің қосылысы –артросиндесмология;

3. Бұлшықеттер – миология.

Тірек-қимыл аппараты –статикалық және динамикалық жұмыстар атқарады

Жұмыстар пассивті және активті (белсенді) бөліктерге бөлінеді.

Пассивті бөлігіне - сүйектер мен оның байланыстары және әр түрлі қозғалыстарға қатысатын тиек сүйектері жатады.

Активті (белсенді) бөлігіне –бұлшықеттер жатады, олар жиырылып, сүйектер мен буындарға әсер етіп, денені және оның бөлімдерін қимылға келтіреді.

Ø Тірек қимыл аппаратында мүшелерді қаңқаға бекітіп тұратын жұмсақ құрылымдар болады: шандырлар, байламдар, мүшелер капсуласы және де басқа дәнекер тінді құрылымдар.

Ø Тірек қимыл аппараты үлкен адам денесінің салмағының 72,45 %-ын құрайды.

Адамның тік жүруіне байланысты қаңқаның ерекшеліктері:

басты тік ұстап тепе теңдік сақтауға байланысты мойын бұлшықеттері барлық жазықтықта жақсы жетілген;

мидың ерекше дамуына сәйкес ми сауыты үлкен, дөңес және дөңгеленген;

омыртқа жотасының вертикалды орналасуы мен иіндерінің болуы(мойын, бел лордозы және кеуде, сегізкөз кифозы);

омыртқа денелерінің жоғарыдан төмен қарай біртіндеп үлкейуі және сегізкөз омыртқаларының бітісіп біртұтас сегізкөз сүйегінің түзілуі;

кең және жалпақ кеуде клеткасының болуы, көлденең размері үлкен, ал сагиталды бағытта кішірейген;

қол еңбек құралы ретінде арнайы, нәзік жұмыстар атқарылады

тік жүруге байланысты аяқ басының күмбездік құрылысы, және тиек сүйектері болады (тізе тобығы, бұршақ сүйек т.б)



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.