Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеу әдістері



Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеу әдістері

· Жәндіктерге (егеуқұйрық,ит, мысық т.б.) тәжірибе жүргізу арқылы ақзалардың құрылысы, топографиясы және қызметі зерттеледі;

· әртүрлі аурулар немесе улану кезіндегі ағзалардың өзгерістері анықталады;

· әртүрі дәрілердің ағзаларға әсері зерттеледі.

Адам ағзасының құрылысы туралы жалпы мәліметтер.

1. Адам организмінің негізін жасушалар, ұлпалар, ағзалар және ағзалар жүйесі құрайды.

2. Жасушалар және олардың туындылары ұлпалар түзеді, ал олардан ағзалар жүйесін құрайтын ағзалар түзіледі.

3. Жасуша- өзін - өзі қайталау арқылы тұқым қуалаушылық ақпаратты жүзеге асыратын тірі ағзаның қарапайым бірлігі.

4. Жасуша ядро және цитоплазмадан тұрады (биология және гистология)

Ағза құрылымы

жасуша-ұлпалар-ағзалар-ағзалар жүйесі немесе ағзалар аппараты-ағза

Ұлпа – тарихи қалыптасқан жасушалар мен жасуша аралық заттың жиынтығы.

Ұлпалардың 4 түрі болады: Эпителиалды, Дәнекер, Бұлшықетті, Нерв.

Эпителиалды ұлпа – морфологиялық тұрғыдан қарағанда, клеткалары тығыз орналасқан, дененің бетін сыртынан және ішінен қаптап жататын ұлпа. Оған тері (эпидермис), кілегей және сірлі қабықтар жатады, яғни ішкі ортаны сыртқы ортадан бөліп тұрады. Сол себепті, оны шекаралық ұлпа деп те атайды.

Қызметі: сіңіру, секреция және бөліп шығару(экскреция)

Дамуы:Экто-, энто- және мезодермадан

1. КӨШПЕЛІ ЭПИТЕЛИЙ

2. КӨП ҚАБАТТЫ МҮЙІЗДЕЛМЕЙТІН ЭПИТЕЛИЙ

Бұлшық ет ұлпасы – миофибрилл талшықтарының әсерінен жиырыла алатын ұлпа.

Екі түрі болады: бірсалалы және көлденең жолақты.

Бірсалалы бұлшық ет – қан тамырларда, жүректе, ішкі мүшелер қабырғасында болады, яғни біздің санамызға байланыссыз жиырылады; Дамуы: мезенхимадан.

Көлденең жолақты бұлшық ет – қаңқа бұлшықеттері, яғни біздің санамызға байланысты жиырылады; Дамуы: мезодерма, миотом, мезенхимадан



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.