|
|||
Микроскопиялық зерттеу әдістеріСтр 1 из 12Следующая ⇒
№ 1 дәріс: Анатомия пәні және мақсаты. Мақсаты: Анатомияны білудің дәрігерге қажеттілігін көрсету. Адам эмбриогенезінің сатыларын оқу. Ø Анатомия-Anatemno –кесу, тілу деген сөзден шыққан. Ø Адам анатомиясы – адам организмінің пішіні мен құрылысын зерттейтін ғылым. Ø Адам анатомиясы – адам организмінің пішіні мен құрылысын, оның даму заңдылықтарына сәйкес, сыртқы және ішкі ортаның әсері мен атқаратын қызыметтеріне байланысты зерттейтін ғылым. Анатомияның міндеттері: 1. Ағзаның сыртқы ортамен тұтастығын зерттеу. 2. Қызметіне байланысты дененің және ағзалардың құрылысын оқу. 3. Ағзаның дамуына еңбек және спорттың тигізетін әсерін зерттеу. 4. Адамның дамуын эволюциялық тұрғыда зерттеу. 5. Ағзаның құрылысы мен дамуындағы заңдылықтарды анықтау және олардың адам ағзасының қалыптасуына әсер ету ерекшеліктерін білу. Медицинаны білу – адам анатомиясын оқудан басталады. Дәрігерлерге теориялық және клиникалық білім беруде , адам анатомиясы негізгі пән болып табылады. Өйткені, кез келген маман өзінің саласы бойынша мүшелердің қалыпты құрылысын, пішінін, топографиялық анатомиясын білуі тиіс. Сонда ғана, салыстырмалы түрде патологиялық жағдайды анықтап, дұрыс диагноз қоя алады және емдейді. Анатомияны оқудың негізгі объектісі – тірі адам. Алайда, тірі адамның ағзаларының күрделі құрылысын және топографиялық орналасу реттерін білу үшін денені кесу немесе тіліп ашу және препараттау қажет.Бұны тірі адамда жасау мүмкін емес. Сондықтан, анатомиялық білім беру өліктерде және жеке анатомиялық препараттарда жүргізіледі.Осы тұрғыда, ежелден келе жатқан латын сөзі бар: ”mortui vivos dociunt - өлілер тірілерді оқытады” Анатомиялық зерттеу әдістері: Ø Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері; Ø Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері; Ø Микроскопиялық зерттеу әдістері; Ø Эксперименттік (тәжірибелік) зерттеу әдістері. Адамның тірі кезіндегі анатомиялық зерттеу әдістері: o Антропометрия – дененің бөліктерін өлшеу, бойы, салмағы. o Рентгеноанатомия (рентгенография, томография, электроренгенография)– рентген сәулесімен пленкаға түсірілген ағзалар суреттері. o Эхолокация (УЗИ) – ультра дыбыстық зерттеу әдістері.- o Компьютерлік томография (КТ) – мүшенің пішіні, орналасуы және орналасуының өзгеруі анықталады. o Магнитно-резонанстық томография (МРТ) – ағзалардың ішкі құрылысын әртүрлі жазықтықта арнайы магниттік қондырғылармен терең зерттеу. o Эндоскопия – ішкі ағзалардың қуысын арнайы оптикалық құрал – эндоскоппен тексеру. o Соматоскопия – тірі адамдар денесіндегі анатомиялық құрылымдарды көзбен анықтау және басып сипап табу. o Функционалдық әдістер – тірі адамда пальпация (басып сипау, түрткілеу), перкуссия (саусақпен соғу), аускультация (тыңдау). Адамның өлгеннен кейінгі анатомиялық зерттеу әдістері: o Препараттау –мүрдені кесу және жару арқылы ішкі ағзаларды, тамырлар мен нервтерді айналасындағы ұлпалардан бөліп алу. o Сипаттау – мүрдені препараттау кезінде ағзалардың түсін, пішінін, бөліктерін және топографиялық құрылысын сипаттау. o Мүрдені немесе жеке ағзаларды арнайы сұйықтықтармен қатыру (бальзамдау, фиксациялау) – формалинмен, спиртпен. o Төменгі температурада қатырылған дененің немесе ағзалардың кесіндісін Пирогов әдісімен дайындау. o Инъекция әдісі– тамырларға, өзектерге, қуысты мүшелерге әр түрлі сұйықтық заттарды енгізу. o Коррозия әдісі –мүшелердің ұлпаларын еріту үшін әр түрлі қышқыл және сілтілермен әсер ету. o Полимерлік бальзамдау немесе пластинация – медициналық полимерлік заттармен (Силикон) мүрдені және ағзаларды қанықтырып сіңдіру. o Кептірілген анатомиялық препаратттар – мүрдені және ағзаларды желдетілген ыстық ауамен кептіру (Грубер және Шор әдісімен). Микроскопиялық зерттеу әдістері Ø Бояу (гистологиялық) әдісі – әр түрлі құрылымдардың (нерв, бұлшықет ұлпаларының) бояуларға боялу қасиетінде негізделген (күміс тұздары, анилин бояуы, фуксин, метилен көк т.б). Ø Гистотопография – дененің бөліктерінің немесе ішкі ағзалардың кесіндісі жасалынады, бояалады және полимерге немесе қататын массаға салып бекітіледі. Ø Жарық және электрондық микроскопия. Ø Контакты микроскопия.
|
|||
|