|
|||
сабаққа арналған тапсырмалар.11-сабаққа арналған тапсырмалар. 1. Нысандарды боя. 2. Кемпiрқосақты боя. 3. Әр топтағы заттарды боя. Жасылмен (шырша), сарымен (күн), қызылмен (қызанақ). Түс таңдауда Жақша iшiндегi сөздер түс таңдау үшiн маңызды болып келедi. 12-сабаққа арналған тапсырмалар: 1. Суретті бояп, атауын бер. 2. «Сиқырлы сарайды» боя. 3. Қатарды жалғастыр. 4. Сары, жасыл қарындаштарды алып, түрлi тәсiлдерді қолданып, төмендегі қуыршақтарды боя. 5. Қызыл және көк қарындашпен түрлі тәсiлдерді қолданып шарларды боя. Сергiту сәтi 13-14 сабақтар Сабақтың тақырыбы: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдары. Сабақтың мақсаты: 1. Оқушыларды «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарымен жұмыс істеуге үйрету. 2. Графикалық редактормен жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру. 3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың логикалық-құрылымдық ойлау қабiлетiн дамыту. 4. «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарын пайдаланып, графикалық ақпараттарды өңдеуде оқушылардың эстетикалық мәдениетi мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру. Әдiстемелiк нұсқаулар: «Қарындаш», «Қылқалам», «Өшiргiш» құралдарының атқаратын қызметiн компьютер мен жұмыс дәптерi арқылы қарастыру. Аталған құралдармен жұмыс жасау технологиясы оқушыларға түсiндiрiледi. “Қылқаламның” түрлері мен “Өшiргiш” құралының түрлерi мен көлемiн өзгерту тәсілдері көрсетiледi. Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм: Бүгiн бiз дайын суреттерi бар файлдарды ашу әрекетiн қайталаймыз. Содан кейiн «Қарындаш» және «Қылқалам» құралдарының атқаратын қызметтерiмен танысамыз. Құралдар тышқанды шерту арқылы таңдалады. «Қылқалам» құралын таңдағанда оның түрлерiне, ал “Өшiргiш” құралын таңдағанда оның көлемiне назар аударыңдар. Ал ендi жұмыс жасап көрелiк! Осы құралдармен жұмыс істеу үшiн, тышқанның сол жақ батырмасын шертулі күйде ұстап, оны жылжыту керек. Өз беттерiңмен жұмыс істеп көрiңдер. 13-сабаққа арналған тапсырмалар: 1. Арунаға жiп шумақтарын тарқатуға көмектес. Әр шумақты түрлi бояулармен боя. 2. Әлімге нені токқа қосқанын есiне түсiруге көмектес. 14-сабаққа арналған тапсырмалар: 1. Артық нысанды сыз. 2. Жұмбақтарды шешіп, суреттерін сал: Қысы, жазы бір түсті. /Шырша/ Өзі қызыл, өзі тәтті, Татқан жанды таңырқатты. /Құлпынай/ Қыста ақ, жазда сұр. /Қоян/ Үй күзетеді, үрмейді /Құлып/ 3. Мағыналары қарама-қарсы сөздердi сызықтар арқылы қос. Суық – Ыстық Ауру – Сау Көңiлсiз – Көңiлдi Кiшкентай – Үлкен Мейiрiмдi – Қатыгез Жарық – Қараңғы Қатты – Жұмсақ Тәттi – Ащы
|
|||
|