|
|||
сабаққа арналған тапсырмалар:.4-сабаққа арналған тапсырмалар:. 1. Суретте не бейнеленгенін әңгімеле. Боя. Аруна мен Әлімнiң қандай ақпарат түрлерiн алатынын оқушылармен бiрге талқылаңдар . 1 және 2 суреттер – дәмдi сезу ақпарат. 3 және 4 суреттер – иiс сезу ақпараты. 5 және 6 суреттер – сипап сезу ақпараты. 2. Қайсысы қай тағамды ұнатады? Сызықтар арқылы қос. тышқан – сыр қоян – сәбiз балапан – бидай ақ тиін – жаңғақ қонжық – бал 3. Гүл мен оның атауын сызықтар арқылы қос. Боя. Бұл тапсырманы орындау барысында гүлдердiң иiс сезу ақпаратына енетiнiн талқылаңдар. 4. Суретте не бейнеленгенiн әңгiмеле. Боя. 5. Суреттерде қандай ақпарат түрлерi бейнеленген? 6. Сөздердi әрiптермен қос. Бұл сөздердiң қандай ақпарат түрлерiмен байланысты екенiн талқылаңдар. 5-сабаққа арналған тапсырмалар:. 1. Суреттер ішінен дәмі тәттi, тұзды, қышқыл, ащы заттарды тап. 2. Сөздердi құрастыр: торт, сары, суық, түтін, дыбыс. 3. Қатарды жалғастыр. Тақ сандар – 1,3,5,7,9 4. Жеуге болатын заттарды боя. 5. Тиісті әрiптердi қойып, шыққан сөзді оқы. Елік, есік, ара, аша 6. Суреттерді сәйкес әрiптермен қос. Піл, от, шырша, әтеш. Олардың қандай ақпарат түрлерiне жататынын талқылаңдар. 7. Тiзбектi жалғастыр. Сергiту сәтi Балалар желдiң қозғалысын көрсетедi. Оқушылар “Тыныш” сөзiне отырады, ал “жоғары” сөзiне – тұрады. 2-сыныпқа арналған сабақ өту үлгілері 11-12-сабақтар Сабақтың тақырыбы: Графикалық редактормен танысу. «Бүрiккiш» құралы Сабақтың мақсаты: 1. Графикалық редактормен таныстыру. 2. «Бүрiккiш» құралын пайдалана бiлуді үйрету. 3. Тапсырмаларды орындау арқылы оқушылардың ойлау қабiлетi мен танымдық қызығушылығын дамыту. 4. Графикалық ақпараттарды өңдеу арқылы оқушылардың эстетикалық талғамы мен шығармашылық икемдiлiгiн қалыптастыру. Әдiстемелiк нұсқаулар: Жұмыс дәптердегi және компьютердегi графикалық редактордың негiзгi құралдары мен түрлі-түсті палитрасының жалпы түрiн қарастыру. Программаны жүктегеннен кейiн боялмаған суреттерi бар бiр файлды ашып, “Заливка” құралын қалай қолдануға болатынын көрсету. Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм: Балалар, бүгiн бiз өте қызықты программамен танысамыз, сол программаның көмегiмен компьютерде сурет салып үйренемiз. Бiрақ ең алдымен бiз оны жүктеп үйренейiк. Ол үшiн монитордың сол жақ төменгi бұрышынан ПУСК батырмасын тауып, тышқанмен оны шертеміз, ашылған МЕНЮ бойынша КУРСОРДЫ ПРОГРАММА жолына апарып, содан соң СТАНДАРТНЫЕ, одан кейiн PAINT жолын тауып, оны тышқанмен шертеміз. Экрандарыңызға графикалық редактордың жалпы түрi шығады. Осы программада қандай құралдар және бояулар бар екендiгiн қараңыздар. Бүгiн бiз аспаптардың бiрi «Заливка» аспабымен жұмыс жасап үйренемiз. «Заливка» аспабына тышқанмен басыңдар, сол жақ палитраға қарасаңдар екi квадрат бар – ақ және қара. Егер тышқанмен қызыл бояуға басақ онда қара шаршы қызылға боялады. Естерiңе сақтаңдар – бұл ЕКПІНДІ түс, яғни осы түспен бiз бейнелерді бояп және сурет сала аламыз. Ендi бiзге бiр сурет ашуымыз керек болсын. Ол үшiн тышқанмен “Файл”-ды шертеміз де, “Открыть” командасын таңдаймыз, ашылған терезеден файлдың атын таңдаймыз немесе аламыз. Ашылған суреттi бояп көрейiк.
|
|||
|