Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сергiту сәтi. сабақтар



Сергiту сәтi

 Берiлген тақпақты оқушылар қайталау арқылы саңырауқұлақтың қозғалысын көрсетедi: ары берi жүредi, жерге қарай иiледi, саңырауқұлақтарды жинайды. Қозғалысты асықпай, белгiлi бiр ырғақпен жасағаны дұрыс.

4-5 сабақтар

Сабақтың тақырыбы: Қоршаған әлемдегi және табиғаттағы ақпарат.

Сабақтың мақсаты: Дәмдiк, иiс сезу және сипап сезу ақпарат түрлерi.

1. Ақпараттың жаңа түрлерiн қарастыру.

2. Оқушыларды ақпарат түрлерiн ажырата бiлудi үйрету.

3. Оқушылардың ақпараттық мәдениетiн қалыптастыру.

Әдiстемелiк нұсқаулар:

Оқушыларға ақпарат және оның түрлерi материалдарын қайталату ұсынылады.

Жаңа тақырыпты меңгерту мен оны сынып оқушыларымен бiрге қорытындылау мына түрде өткiзiледi:

· Адам қоршаған ортадағы барлық ақпаратты иiс сезу, сипап сезу және дәмдi сезу мүшелерiнiң көмегiмен қабылдайды.

· Егер бiз ақпаратты сезiм мүшелерi арқылы қабылдасақ, онда ол – сипап сезу ақпараты болып табылады. Ал оның ғылыми атауы – “тактильдiк ақпарат”.

· Егер бiз ақпаратты иiс арқылы қабылдасақ, онда ол – иiс сезу ақпараты болып табылады.

· Егер бiз ақпаратты тiл мүшесi арқылы қабылдасақ, онда ол – дәмдiк ақпарат деп аталынады.

· Есту, көру, сезу, иiс және дәм сезу мүшелерi – бұл ақпаратты алу арнасы болып табылады.

Мұғалiмге арналған мазмұндық бөлiм :

Бiз денемiз арқылы сипап сезу ақпараттарын ала аламыз, мысалы, өзендегi су жылы ма, әлде үтiк ыстық па және т.б. әрекеттердi өз денемiз арқылы байқаймыз.

Бiздi қоршаған иiстер де маңызды ақпараттар қатарына енедi. Егер газдың иiсiн сезсеңдер, онда не iстер едiңдер? Ондай жағдайда жедел жәрдем қызметiне хабар беремiз. Жаңа жылда қандай иiстер сезесiңдер? Мәселен, шыршаның иiсi шығады, анаңның жасаған бауырсақтарынан дәмдi иiс шығады. Бұл ақпараттарды бiз иiс сезу мүшелерi арқылы анықтаймыз. Сондықтан ол иiс сезу мүшесi арқылы анықталатын ақпарат деп аталады.

Ал ендi мына бiр көрiнiске назар аударайық. Аруна Әлімге алма бердi. Оның сыйлаған алмасының қышқыл, не тәттi екенiн Әлім қалай бiледi? Бұл жағдайда, ол дәм сезу мүшесi - тiл арқылы анықтайды. Ол – дәм сезу ақпараты деп аталады.

Сонымен, ақпаратты мынадай сезiм мүшелерi арқылы қабылдаймыз: есту, көру, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу. Көру, есту, сипап сезу, иiс сезу және дәм сезу – бұл ақпаратты қабылдау арналары болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.