Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Курстық жобаны қорғауға ұсыну талаптары



6 Курстық жобаны қорғауға ұсыну талаптары

Курстық жобасы басқа оқу орындарының оқытушыларымен, шаруашылық субъектінің мамандарымен және ғылыми мекелермен рецензияланады. Курстық жобасының сапасына баға беру, яғни оны негізгі тексеру рецензиялау болып табылады. Сондықтан рецензия жазушы мынаны көрсетуі тиіс:

- тақырыптың өзектілігі;

- жобаның жақсы жақтары, кемшіліктері;

- ұсыныстар мен қорытындылардың дұрыстығы және олардың дәлелділігі;

- зерттеу жүргізілген субъекті үшін курстық жобасының бағалығы (қажетгілігі, пайдалығы), жұмысты орындалу сапасы;

- студенттің алған теориялық білімін тәжірибеде, яғни мәселелерді шешуде қолдана алуы;

- жұмыстың жалпы бағасы (үздік, жақсы, қанағаттанарлық, қанағаттанғысыз).

Рецензияның соңында рецензия жазушы өз қолын қояды. Онда рецензия жазушының жұмыс істейтін жері, лауазымы және рецензия жазған уақыт (күні, айы, жылы) жазылады.

 

7 Курстық жобаны қорғау тәртібі

Курстық жобасы көпшілік алдында қорғалады. Студенттің курстық жобасын қорғайтын күні және уақыты бөлімде анықталады. Курстық жобаны жазушы қорғалатын күнге баяндаманың тезистерін, жоба қосымшасын дайындауы керек.

Келесідей құжаттар көрсетіледі:

- курстық жобасы;

- курстық жобасына жетекшінің берген пікірі;

- рецензия;

Өзінің баяндамасында курстық жобаны жазушы (10-12 минуттық) курстық жобасының мақсатын сипаттайды, оның маңызын бейнелейді.

Курстық жобаның тақырыбына қатысты сұрақтар қойылады.

Студент қойылған сұрақтарға жауап береді.

 

Қосымша А

АҚТӨБЕ ЖОҒАРЫ ПОЛИТЕХНИКАЛЫҚ КОЛЛЕДЖІ

                                                                                        МАМАНДЫҒЫ:1305000

«Ақпараттық жүйелер»                    Қорғауға жіберілді

«____» ____________2019     ж.

__________Б.К.Костанова

 

 

КУРСТЫҚ ЖОБА

Тақырыбы:___________________________________________________________________________________________________________________________________

 

 

Орындаған:

  Жетекші:

                                                                         Сын-пікір беруші:

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.