Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Курстық жобаның тақырыбына қойылатын талаптар



2 Курстық жобаның тақырыбына қойылатын талаптар

Курстық жобасы тақырыптарының тізімі жыл сайын өңделіп және олар жүйелі түрде жаңартылады. Ең актуалды сұрақтар тақырыптар тізіміне енеді.

Студент берілген тақырыптар ішінен мамандығы бойынша алған білімін және қабілетін толықтай пайдалана отырып, мәнділігі жағынан өзін қызықтыратын, оны орындау барысында ынтасын арттыратын кез-келгенін тақырыпты таңдауына құқылы. Сондай-ақ студенттің ғылыми жетекшісімен келісе отырып алдын-ала мақсатын және жоспарын аңықтап алған тақырыбын таңдауына құқысы бар. Егер студенттің таңдаған тақырыбы бөлім бекіткен курстық жоба  тақырыптарының тізіміне сәйкес келсе, онда ол студенттің атына бекітіліп беріледі.

Курстық жобаның  тақырыбын бекіту туралы бұйрық шыққан соң студент, курстық жобасының  жоспарын құрады және оны ғылыми жетекшісіне тапсырады. Курстық жобасының жетекшісі қажет болған жағдайда студентпен бірге жоспарға түзетулер еңгізеді.

3 Курстық жобаны жазу барысына қойылатын талаптар

Жетекші курстық жобаның жазылу барысында тікелей басшылық жасап және оның тұрақты түрде орындалуы мен дайындалуын бақылап отырады. Курстық жобаны жазушы студент ғылыми жетекшісіне курстық жобаның орындалуы барысы туралы белгіленген уақыт аралығында есеп беріп отырады.

Жетекші курстық жобаны жазушыға курстық жобасының  мазмүны бойынша және жұмысты сапалы орындау туралы кеңес береді. Сондай - ақ бөлім отырысында курстық жобаның жазылу барысы туралы алдында ақпарат беріп отыруы тиіс.

Курстық жоба мазмұнының негізгісі болып, тандалынып алынған тақырыпты зерттеу бойынша сұрақтардарды оқып білудің нәтижесі саналынады. Жалпы материалдар қысқаша баяндалып жақсы редакцияланған және жеңіл оқылатындай болуы қажет. Сөздердің және атаулардың қысқартылуына жол берілмейді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.