Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Курстық жобаның мазмұны мен құрылымы



4 Курстық жобаның мазмұны мен құрылымы

4.1 Курстық жобалар келесі құрылымдық элементтер кіреді:

- титул парағы;

- мазмұны;

- кіріспе;

- негізгі бөлім;

- қорытынды (түйіндер);

- пайдаланған дереккөздер тізімі;

- қосымшалар;

4.2 Титул парағы жобаның бірінші беті болып табылады және құжатты іздеу және өңдеу қажеттілігінде ақпарат көзі болып қызмет етеді:

Титул парағында келесі мәліметтер болуы керек:

- оқу орны және бөлімнің толық атауы (әр қайсысы бас әріппен);

- жұмыс түрі –курстық жоба;

- «тақырыбы» көрсетілген жоба тақырыбының атауы;

- мамандықтың шифры мен атауы;

- оң жағында «орындады» сөзі, сол жақ қарсысында студенттің тегі, аты-жөні көрсетіледі;

- бір жол төмен «жетекші» жазылады және тегі, аты-жөні, ғылыми дәрежесі, оқу орны, оқу дәрежесі және басқа да белгілері көрсетіледі;

- қала, жыл.   

Курстық жобаның титул парағын рәсімделу үлгісі Қосымшаларда көрсетілген.

Титул парағы беттерді нөмірлегенде жалпы парақ санына кіреді, бірақ оған бет нөмірі («1» саны) қойылмайды.

Кіріспедетақырыпты таңдауы, оның ғылыми және тәжірибе жағынан көкейтестісі, курстық жобаның мақсаттары және міндеттері, зерттеудің пәні, ақпарат көздері дәлелденеді. (2-

3 бет).

Курстық жобаның негізгі бөлімі үш бөлімнен тұрады:

Бірінші бөлімінде жобаның техникалық тапсырмасы ашып көрсетіледі.

Екінші бөліміндеқолданылған бағдарламалау ортасы сипатталады. (10-15 бет).

Үшінші бөлімдебағдарлама кешенінің сипаттамасы, бағдарламашының, қолданушының жетекшілігі беріледі. Бұл бөлімнің соңында жүргізілген талдаудың нәтижесі қорытындыланып, субъекті үшін тиімді болып табылатын ұсыныстар берілуі керек. (5-10 бет).

4.6 Қорытынды (түйін) зерттеу нәтижелері бойынша қысқаша қорытынды, қойылған міндеттердің толық шешілуін бағалайды, зерттеу нысаны бойынша нақты ұсынымдарды қамтиды.

«Қорытынды» сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағында, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады, «Қорытынды» сөзі мен мәтіннің арасында бір интервал шегініс жасау керек.

4.7 Пайдаланған дереккөздер тізімі жұмысты жазу барысында қолданған әдебиеттер туралы мәліметтер болуы тиіс: жұмыс мәтінің әр әдебиетіне сілтеме болуға тиіс.

Пайдаланған әдебиеттердің сілтемелері квадратты жақшағымен көрсету керек (мысалы: [1]).

Әдебиеттер туралы мәлімет сілтемелерін пайда болу тәртібімен орналастыру керек, араб сандарымен нүктесіз нөмірленіп және абзацтан шегініс жасап басып шығару тиіс. 

Пайдаланған әдебиеттер тізімі белгілі тәртіп бойынша рәсімделеді

(М Қосымшасын қараңыз).

«Пайдаланған әдебиеттер тізімі» сөздері жаңа парақтың жоғарғы жағынан, бас әріппен, тақырып түрінде, қою шрифтпен жазылады. Тақырыппен мәтіннің арасында бір интервал шегініс жасау керек.

4.8 Қосымшаға жобаның орындалуымен байланысты негізгі бөлімде көрсетілмеген материалдар кіреді.

Қосымша жобаның жалғасы ретінде соңғы беттеріне рәсімделеді.

Курстық жобалардың барлық мәтіндерге сілтемелер қосымшада көрсетілуі керек. Мәтіндегі жасалған қосымшалар сілтемелер тәртібімен орналастырады.

Әр қосымша жаңа парақтан басталып жазылады. «Қосымша» сөзі жаңа парақтың жоғарғы жағына, бас әріппен, жолдың ортасына тақырып түрінде орыс алфавитіндегі Ё, З, И, Й, О, Ч, Ь, Ы, Ъ дыбыстарынан басқа, А –дан бастап, бас әріппен қосымша ретінде көрсетіліп жазылады.

Әр қосымша мәтінге жеке жолдан жазылатын бас әріптен таңбаланған жолдың ортасына тақырып түрінде жазылады. Қосымшалар бетін нөмірлеу өтпелі болу керек, жұмыстың парақтарының жалпы нөмірін жалғастырушы болуы тиіс.

Негізгі мәтін мен қосымшалардың байланысы сілтемелер арқылы жүзеге асырыладыжәне «қара» сөзімен беріліп, ол қысқартылып және қосымша нөмірімен жақшаға алынады, мысалы, (А қосымшасын қараңыз).

Мәтіндегі көрсетілген кестелер, формулалар мен теңдеулер қосымшаларды әр қосымша шеңберінде санның алдына қосымшаны белгілейтін әріпті қоса отырып нөмірлеу керек.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.