Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Жобаларды рәсімдеу тәртібі



5 Жобаларды рәсімдеу тәртібі

 

5.1 Мәтіннің баяндалуы және жобаның рәсімделуі осы Нұсқаудағы талаптарға сәйкес орындалады. Жобаның мәтіні және оның ішіндегі суреттер мен кестелер А 4 форматына сәйкес болуы қажет. Жобаның тысы студенттің таңдауы бойынша әр түрлі болуы мүмкін (қатты, серіппелі және т.б.).

Курстық жоба - А 4 форматтағы ақ қағаз бетінің бір жағына, бір интервал арқылы баспа түрінде орындалуы керек. Шрифт –Times New Roman, 14 кегль. Парақ беттері көрсетіліп шрифт – әдеттегі, 14 кегль.

Мәтінді келесі жол өлшемдерін сақтап басу керек: оң жағы – 10 мм, жоғары жағы – 20 мм, сол жағы – 30 мм, төменгі жағы – 25 мм.

Мәтін шеңберіндегі азат жолдың түсуі бірдей және тең 1,25 см. бес белгіге сәйкес болуы керек. Әр түрлі гарнитура шрифтерін қолдана отырып, белгілі терминдер, формалалар, теоремаларға басымдылық берілетін компьютерлік мүмкіндіктерді пайдалануға рұқсат беріледі.

5.2 Жобаны даярлау процесінде анықталған қателер, жаңылыстар, графикалық дәлсіздіктерді ақ бояумен бояу немесе өшіріп, түзетілген мәтін орнына машинамен басу түрінде немесе қара сия, паста, қара тушпен-қолмен жазу арқылы түзетуге рұқсат етіледі.

5.3 Адамдардың тегі, ұйымның атауы, өнімнің атауы және басқа жалқы есімдер атаулары жұмыста бірінші рет түпнұсқа тілінде беріледі.

5.4 Курстық жоба жұмыстарын бөлімге, бөлімшелерге бөлу керек. Әр бөлім мен бөлімше аяқталған мәліметтерді қамтуы қажет.

Бөлім, бөлімшелердің тақырыптары болуы керек. Тақырыптар бөлім, бөлімшелердің мазмұнын нақты және қысқа көрсетуі керек. Бөлім, бөлімшелер және пунктер тақырыптарын азат жолдан, бас әріппен, соңына нүкте қоймай, астын сызбай басу керек. Егер тақырыптар екі сөйлемнен құралса, олардың арасына нүкте қойылады.

5.5 Жоба бөлімдері барлық құжаттарда нүктесіз, араб сандарымен белгіленген реттік сандары болуы қажет.

Бөлімшелер әр бөлім шеңберінде нөмірленуі қажет. Бөлімшелер нөмірлері нүктелермен бөлінген бөлім және бөлімше нөмірлерінен тұрады. Бөлімше нөмірінің соңына нүкте қойылмайды. Бөлімдер екі және одан да көп бөлімшелерден құрылуы мүмкін.

Мысалы



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.