Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Түсінік хат



 

«КЕЛІСІЛДІ» Директордың ОӘЖ жөніндегі орынбасары ­­­___________ Ж.Ходжаниязова «БЕКІТЕМІН» Ақтөбе Жоғары политехникалық колледжінің директоры ___________ К.Алдияров 

 

 

Курстық жобаны орындауға арналған әдістемелік нұсқау

 

 

Мамандығы:135000 «Ақпараттық жүйелер» және 1304000 «Есептеу техникасы және бағдарламамен қамтамасыз ету»

 

                          

 

 

«Ақпараттық технологиялар» ЦӘБ отырысында қаралды және қабылданды

№__ хаттама «__»______2019ж

                ЦӘБ төрайымы ______ Н.К. Исмагулова

 

1 Түсінік хат

Бұл әдістемелік нұскау студенттердің курстық жобасын жазу үшін ережелер мен ұсынылымдар ретінде қолданылады. Сондай-ақ ол жобаны орындау барысындағы студенттердің міндетін, оларға қойылатын талаптарды және курстық жобаны қорғаудың тәртібін аңықтайды.

Курстық жобалар  тақырыптарының бүгінгі күн талаптарына сай актуалды болуын және оның орындалу сапасының жоғары ғылыми деңгейлігін қамтамасыз ету, осы әдістемелік нұсқаудың алдына қойған мақсататы болып табылады.

Курстық жоба студенттің өзектілік жұмысы. Сондықтан да тақырып бойынша қарастырылатын сұрақтарға өзінің көзқарасымен жауап қайтару, әртүрлі пікірлерді жан-жақты ашып көрсету және өзінің осыған қатынасын қалыптастыра білу студенттің міндеттіне жатады.

Курстық жобасын жазудың мақсаттарына мыналар жатқызылады:

- мамандық бойынша алған теориялық білімдерін толықтыру, арттыру, сондай-ақ осы білімдерін шаруашылық субъектінің қызметін басқарушылық барысында нақты тапсырмаларды шешуде қолдану;

- өзектілік, жобаны жүргізу қабілеттілігін арттыру және курстық жобаны орындау барысында қарастырылатын сұрақтар мен мәселелерді шешуде қажетті зерттеу әдістемелерін игеру;

- нарықтық экономика жағдайында студенттің өзектілік жұмысқа дайындығын айқындау.

Курстық жобасын жазу барысында студент өзінің таңдаған тақырыбы бойынша сұрақтарды қарастырады.

Курстық жобаның орындалуы келесі кезеңдерден тұрады:

- тақырыпты таңдау;

- жұмыс жоспарын құрастыру, оны жетекшімен және бөлім меңгерушісімен бекіту;

- әдебиеттер іріктеу, зерттеу обьектісі бойынша негізгі ақпаратты жинақтау;

- мәселе бойынша әдебиетті зерттеу және «Зерттелінген сұрақтың теориялық аспектілері» бірінші бөлімін жазу, бірінші сызбаның нұсқасын дайындау;

- зерттеу обьектісі туралы негізгі ақпаратты талдау және жүйеге келтіру;

- жетекшінің ескертулер бойынша бөлімдерді жетілдіру;

- курстық жобаны  аяқтау және рәсімдеу;

- курстық жобаны қорғау үшін графикалық бөлімін дайындау;

- курстық жоба жетекшінің сын – пікірін жазу;

- бөлімге курстық жобасын ұсыну;

- курстық жобаның рецензиясы;

- курстық жобаны қорғау.

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.