|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
шы тапсырма.. ші тапсырма.. ші тапсырма.. ші тапсырма. ⇐ ПредыдущаяСтр 6 из 6 11-шы тапсырма. Өз бетіңізше физика және алгебра пәндерінің бағаларын, файлдарды байланыстыру арқылы орындаңыз.
12-ші тапсырма. Терезе - Жаңа терезе (окно - Новое окно) командасын орындап, тағы да екі жаңа терезе ашыңыз. Осы терезелерге Физика және Алгебра парақтарын Терезе – Қатарынан Орналастыру (Окно – Расположить - Рядом) командаларын орындау арқылы қатар орналастырыңыз.
13-ші тапсырма. Ақпараттану терезесінен басқа терезелердің бәрін жабыңыз. Осы терезені бүкіл экран бетін алып тұратындай етіп үлкейтіңіз.
14-ші тапсырма. <Ақпараттану> парағында 1-ші тоқсанды 5,4,3 бағаларымен бітірген оқушылардың тізімін шығарыңыз. Ол үшін: 14.1 <Ақпараттану> парағының А10 ұяшығына ”5-тік баға алғандар” деген мәтінді теріп жазыңыз. 14.2 Осы мәтінді А17 және А24 ұяшыққа көшіріңіз. 14.3 А17 ұяшығындағы 5-ті 4-ке, А24 ұяшығындағы 5-ті 3-ке түзетіңіз. 14.4 Мәліметтер – Фильтр – Автосүзгі (Данные-Фильтр-Автофильтр) командасын орындап, 1-ші тоқсанда 5-тік бағаға қорытылған оқушының фамилиясын таңдап алыңыз (бұл үшін, тышқан көрсеткішін Ақпараттану кестесі ішіне орналастырған соң, Мәліметтер – Фильтр – Автосүзгі командасын орындап, 1-ші тоқсан жазбасының оң жағындағы үшбұрышты қара бағыттауышты шертіп, 5 деген шартты таңдау жеткілікті 4-ші сурет.
4-ші сурет. Автосүзгіден өткізілгеннен кейінгі нәтиже.
14.5 1-ші тоқсанда 5-тік баға алған оқушылардың фамилияларын белгілеп, алмастыру буфері арқылы В бағанасының 11-ші қатарына көшіңіз (CTRL пернесін басып тұрып,тышқан арқылы тасымалдауға да болады). 14.6 Көшірілген фамилиялардың айналасында жиектеме, фон бар болса, оларды алып тастаңыз. 14.7 Дәл жоғарыдағы әрекеттерді 4-тік және 3-тік бағаға шыққан оқушылар үшін де қайталаңыз. 14.8 Автосүзгі командасының орындалуын Мәліметтер – Сүзгі – Автосүзгі (Данные-Фильтр-Автофильтр) командасын орындау арқылы тоқтатыңыз.
15-ші тапсырма. Осы лабораториялық жұмыста орындалған тапсырманы MSI.xls деген атпен файл етіп сақтаңыз. 16-шы тапсырма. Ақпараттану және Физика парақтарын қағазға басып шығарыңыз.
|
||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|