Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





шы тапсырма.. Файлдар арасындағы байланыс. шы тапсырма.



9-шы тапсырма.

Бір-бірімен байланысқан кестелер арқылы жұмыс қалай орындалатындығын тексеріңіз.

9.1 <Ақпараттану> парағындағы кестеде Дулат Арнұрдың 5-ін 2-ге түзеңіз.

Дулат Арнұрдың <1-ші тоқсандағы > бағасы 4-ке өзгертілді. <Ақпараттану> парағындағы да бағасы автоматты түрде өзгереді.

9.2 Имангали Тимурдың Ақпараттану сабағындағы екі бағасын 5-ке түзетіп, болған өзгерісті байқаңыз.

Бір кітаптың әртүрлі жұмыс парақтары арасында байланыс құру арқылы бір парақтағы өзгерістің әсерін басқа парақтардан байқауға болады.

 

 

Файлдар арасындағы байланыс

Екі файл арасындағы байланыс, бірінші файлға екінші файлдағы кесте ұяшықтарына сілтемесі бар формуланы енгізу арқылы жүзеге асады. Яғни бірінші файл қажетті мәліметтенр сақтау көзі де, екінші сол мәліметтерді қолдану, қабылдаушы файл болып табылады. Байланыс кезіндегі мәліметтерді қабылдап алатын файл – Бекіту файлы (Файл назначения), мәлімет жазып сақталған файл – түбіртек (источник) файлы деп аталады.

Екі файл арасында байланыс құрылған мезетте, Excel программасы түбіртек файлда өзгерістер болса, оған тәуелді бекіту файлы  ұяшығындағы шамалар автоматты түрде жаңарады.

 

10-шы тапсырма.

jurnal.xls файлындағы мәліметтерді қолдана отырып, бағананы Ақпараттану пәнінің бағаларымен толтыру арқылы, әр түрлі жұмыс кітаптары парақтарының арасында байланыс құрыңыз.

10.1. 1-ші тоқсан парағындағы Ақпараттану бағанасындағы мәліметтерді С3:С7 аймағын белгілеп алып, Түзету, Тазалау, Бәрін (Правка, Очистить, Все) командасын орындау арқылы өшіріңіз.

10.2. С3 ұяшығында jurnal.xls файлының сақталған орнын мынадай формула түрінде көрсетіңіз: = “С:\Мои документы\[ jurnal.xls]Ақпараттану”!L3.

Мұндағы “С:\Мои документы\[ jurnal.xls]Ақпараттану”! – jurnal.xls файлының Ақпараттану парағына сілтеме.

”” таңбасы міндетті түрде болуы қажет. Файлдың аты квадрат жақшаның ішіне жазылуы тиіс. Сілтемеде қажетті ұяшықорналасқан парақ, файл, каталог, диск жолы дұрыс көрсету керек. Егер қате болған жағдайда программа хабарлама береді.

10.3. Осы жазылған формуланы бағананың қалған ұяшықтарына көшіріңіз. Бағанаға Ақпараттану пәнінің 1-тоқсандағы бағалары қойылады.

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.