Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ші тапсырма.. ші тапсырма.. шы тапсырма.



4-ші тапсырма.

Парақ жарлықшаларының атауларын сәйкес пән аттарына, яғни <1-ші парақты (Лист 1)> <Ақпараттану>, < 1[2] Парақты > <Физика>, < 1[3] Парақты> <Алгебра> деп өзгертіңіз. Ол үшін, терезенің сол жақ төменгі шетінде орналасқан парақтың жарлығында тышқанды екі рет шертіп немесе жарлықтың жанама менюінен Атын өзгерту  (Переименовать) командасын орындаған соң жаңа атауды енгізіңіз.

 

 

5-ші тапсырма.

Жұмыс кітабының <Физика> және <Алгебра> беттеріндегі пән аттарын, күнделікті бағаларды, қойылған мерзімін өзгертіңіз.

Жұмыс парақтарының өзара байланысы

Excel программасы кестесімен жұмыс істеу кезінде кітаптың басқа парақтарында және басқа кестелерде жазылған мәліметтерді қолдану мүмкіндігін береді. Бір параққа басқа парақтағы ұяшыққа сілтеме жазылған формуланы енгізу арқылы осы екі жұмыс парағының арасында байланыс орнатуға болады.

 

 

 

6-шы тапсырма.

< 2 Параққа > (2Лист2) “1-ші тоқсанның қорытынды ведомосы” кестесін құрамыз.

Ол үшін: 

6.1 < 2 Парақ > жарлықшасының атауын <1-ші тоқсан> деп өзгертіңіз.

6.2 Кестені басқа парақтағы сәйкес ұяшықтарға сілтеме жазылған формула арқылы толтырамыз:

А2 ұяшығына:

=Ақпараттану! А2 формуласын жазамыз.

=Ақпараттану! А2 – кітаптың басқа парағына сілтеме жазылған формула. Мұнда ! леп белгісі міндетті түрде қойылуы қажет. А2 – Ақпараттану парағындағы салыстырмалы адрестеуде қолданылған ұяшықтар адресі.

А мен B бағаналдарына жазылған формуланы көшіреміз. Нәтижесінде А бағанасында нөмірі, ал B бағанасына оқушылардың аты-жөндері шығуы тиіс.

С3 ұяшығына:

=Ақпараттану! L3 формуласын жазамыз.

Кестедегі С бағанасына осы формуланы көшіреміз. С бағанасына оқушылардың 1-ші тоқсандағы Ақпараттану пәнінен қорытынды бағалары шығады. Бұл <1-ші тоқсан> парағымен <Ақпараттану> парағының арасында байланыс құрылғандығын көрсетеді.

Дәл жоғарыда айтылған тәсілді қолданып, келесі бағаналарға физика мен алгебра пәндерінің қорытынды бағаларын шығарыңыз.

 

I-ші тоқсандағы қорытынды баға ведомосы

Фамилия , аты-жөні Ақпараттану Физика Алгебра
Асқар Әди
Дулат Арнұр
Мерген Ұлықбек
Уаис Айдос
Имангали Тимур

 

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.