|
|||
ші тапсырма.. ші тапсырма.7-ші тапсырма. Жұмыс кітабында қолданылмайтын парақты өшіріңіз. Парақты жою үшін, парақ жарлықшасының жанама менюінен Өшіру (Удалить) командасын орындаймыз. Кітаптың бірнеше жұмыс парақтарын жою қажет болса, әрбір парақ жарлықшасын Ctrl пернесін басулы күйінде ұстап тұрып, белгілеп алғаннан кейін өшіру командасын береміз. Бірнеше терезелермен жұмыс істеу Жұмыс парағынлағы мәлімет экранға сиып тұрған мезгілде бір ғана тереземен жұмыс жасаған ыңғайлы. Ал кестеге жазылған мәліметті экранда толық көре алмайтындай жағдайда, бірнеше терезелер ашып, файлдың қажетті аймақтарын бір мезгілде бақылап отырып, жұмыс жасауға болады. Сондай-ақ. әр жұмыс парағын әр терезеге орналастырып та жұмыс істеу мүмкіндігі бар.
8-ші тапсырма. Кестенің дұрыс толтырылуын тексеріңіз. Кестені толық көру үшін, Терезе, Жаңа терезе (Окно, Новое окно) командасын орындау арқылы, жаңа терезе ашыңыз. Осы команда орындалған соң, Журнал:2 деген атпен жаңа терезе ашылады. Жаңа терезеде <Ақпараттану> жұмыс парағын таңдап алыңыз. Терезе, Орналастыру (Окно, Расположить) командасын орындаңыз. Осы мезетте ашылған сұхбат терезеде Терезенің орналасуы (Расположение окна) өрісінде жоғарыдан төмен қарай (сверху вниз ) қатарын таңдаңыз. Жоғарыда айтылған команда орындалған соң, терезенің түрі 3-ші суреттегідей болады. Әр уақытта терезенің біреуі ғана екпінді болып, жұмыс істеп тұрады.
3-ші сурет. Кітап парақтарының жеке терезеде орналасуы.
|
|||
|