|
|||
ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫССтр 1 из 6Следующая ⇒ №4 ЛАБОРАТОРИЯЛЫҚ ЖҰМЫС Тақырыбы: EXCEL–дің жұмыс кітабы. Жұмыс кітабындағы кестелердің өзара байланысы. (2 сағат). Жұмыстың мақсаты: Жұмыс кітабындағы бірнеше парақтарды қолдану. Бір жұмыс кітабындағы бірнеше парақтар және файлдар арасында байланыс құру әрекеттерін меңгеру.
Жұмыс кітабындағы парақтар Жұмыс кітабының бір парағымен жұмыс істегеннен гөрі, кейбір жағдайларда бірненше парақтарды қолдана білген ыңғайлы. Электрондық кестенің төменгі жақ бөлігінде парақтардың жарлықшалары көрініп тұрады. Егер қажетті парақтың жарлықшасында тышқанның сол жақ батырмасын шертсек, сол парақтың мазмұны экранға шығады. Ал, жарлықшада тышқанның оң жақ батырмасын шерту арқылы, өшіру, атын өзгерту, жылжыту т.с.с. парақпен жұмыс жасау мүмкіндігін беретін контексті жанама меню ашылады. Жұмыс кітабы терезесінің сол жақ бұрышында бір жұмыс парағынан басқасына ауысу мүмкіндігін беретін жарлықшаларды жылжыту жолағы (кнопкиа прокрутки ярлыков) орналасқан. Осы жолақта тышқанның оң жақ батырмасын шертіп, қажетті жұмыс парағын таңдау мүмкіндігін беретін жанама менюді ашуға болады. Есеп Мысалы, электрондық кестенің мүмкіндіктерін пайдалана отырып, сынып журналын жасау қажет болсын. Бұл жұмысты жылдам орындау үшін журналды сыныптағы үш пәнге, ақпараттану, физика, алгебраға, арнап толтырайық. Әрбір пән үшін жұмыс кітабының жеке парағын толтырайық, онда сынып оқушыларының тізімі, 1 тоқсан бойғы және қорытынды бағалары жазылады. Басқа жеке параққа сәйкес пән бойынша жазылған бағаларға сілтеме қолдана отырып, әрбір пәннің бірінші тоқсандағы қорытынды бағалары ғана жазылған ведомость шығару қажет болсын.
Жұмыс барысы
|
|||
|