|
|||
УДЗ жасай отырып, консервативті терпия тағайындау;* УДЗ жасай отырып, консервативті терпия тағайындау; * Инфильтратқа пункция жасау керек, антибиотик енгізу қажет; * Ультрадыбыстық бақылау арқылы инфильтратты дренаждау; * Инфильтратты лапароскопиялық дренаждау;
#443 *!Ер адам 36 жаста, қабылдау бөліміне хирургқа асқазан ішек жолынан қан кету белгісімен түсті. Анамнезінде бауыр циррозы 5 жыл бойы болған. Эндоскопиялық зерттеу кезінде өңештің төменгі жағының үштен бір бөлігінде қан кету анықталды. Науқасқа Сенстакен-Блейкмор зонды қойылды, қан кету тоқталды, бірақ қауіптілік әлі төніп тұрды. Төменде аталғандардың қайсысын қан кету рецидивінің алдын алу үшін науқасқа тағайындау қажет? * Өңеш тамырын эндоскопиялық түрде тығындау; * Гемостатикалық және алмастырылатын терапияны күшейту; * Торакотомия жасау өңеш тамырын тігу; * Сенстакен-Блейкмор зондын тез арада алып тастау қажет; * Портокавальды анастомозды тез арада қою қажет;
#444 *!Ер адам 67 жаста, қабылдау бөлімшесіне хирургқа оң жақ шат аумағында ауру сезімінің бар екендігіне, әлсіздікке, және дене температурасының жоғары екендігіне шағымданып түсті. 3 тәулік бойына ауырған. Анамнезінен: жарық 12 жыл бойына бар. Қарау барысында оң жақ шат аймағында жарықтың сыртқа шығып тұрған жері бар, ауырады, кернелген, айналасы ісініп қызарған. Мынадай диагноз қойылды: жарық мүшегінің флегмонасы бар шат жарығының қысылуы. Науқасқа жедел түрде операцция тағайындалды. Осы жағдайда жасалынатын операция түрін атаңыз: * Ішектің көп бөлігін кесіп алып тастау; * Операцияны таза және лас кезеңдеріне бөлу қажет; * Ілмектік энтеростома салу қажет; * Ішектік анастомозды тек бүйірден ғана қалыптастыру қажет; * Бастапқыда жарық мүшегінің флегмонасын тілу қажет;
#445 *! 76 жастағы әйел адам хирургиялық бөлімшеге ауру басталғаннан 6 тәуліктен кейін обтурациялық ішек өтімсіздігі көрінісімен науқас түсті. Науқасқа қандай емдік шаралар жасалуы тиіс? * Пpомедол енгізу және новокаинді блокада; * Ақуыз препараттары мен спазмолитиктер енгізу; * Аналгетиктер енгізу және сифонды клизма жасау;
|
|||
|