Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Акушерство и гинекология ОВП 2*162*5 3 страница



Осы пациентте геморрагиялық диатездің ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай түрі болды:

 

*!+Идиопатиялы тромбоцитарлық пурпура (Верльгоф ауруы)

*Этиологиясы әр түрлі геморрагиялық пурпура

*Геморрагиялық васкулит

*Дәрі-дәрмекпен уланы

*Виллебрант ауруы

*Гемофилия

 

#107

*! Д. есімді 19 жастағы жүкті әйелдің шағымдары мынадай:  денесінде, аяқ-қолдарында ұсақ қанталаған дақтар, ірі буындырының ісінуі және ауырсынуы. Анамнезінен: бала кезінен сәл жарақаттанса, кейде өзінен-өзі денесінде қанталаған ошақтар байқалады. Жиі мұрынынан қан кетеді. Дәрігерге қаралмаған. Етеккірі ретті, бірақ ұзақ келетін (5-8 күн). Осы тексерілуде жүктіліктің мерзімі 20 апта+4 күн.

Осы пациент ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай экстрагениталді аурумен ауырады:

 

*Гемофилия

*+Виллебрант ауруы

*Аллергиялық  дерматит

*Геморрагиялық пурпура

*Геморрагиялық васкулит

 

#108

*!А есімді 25 жастағы босанушы перзентханаға мерзіміне жетіп босанудың І кезеңінде жеткізілді. Шағымдары: толғақ тәрізді әр 3 минут сайын болатын ішінің ауыруы, денесінің бөртуі. Бөрту 2 күн бұрын қарбыз жегеннен кейін пайда болды. Анамнезінен: бұрын ештеңемен ауырған емес. Алдыңғы және осы жүктілік асқынусыз өтті. Жүктілік кезінде мұрыны қанап, тағы басқа өзгерістен болған емес. Жалпы тексергенде – денесінің барлық жерінде петехиялық бөрту байқалады. Босануы асқынусыз өтті. Лабораторлық зерттеу босану, босанғаннан кейін жүргізілді – тромбоцитопения өзгерістері - 170∙109/л→ 40∙109/л →20∙109/л→8∙109/л. 

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Мерзімінде босану. ...:

 

*Виллебранд ауруы

*+Аллергиялық  дерматит

*Антифосфолипид синдромы

*Верльгоф ауруының жіті түрі

*Генетикалық тромбофилияның бір түрі

 

#109

*!А. есімді, 25 жастағы босанушы перзентханаға уақытында босанудың І кезеңінде жеткізілді. Шағымдары: толғақ тәрізді әр 3 минут сайын болатын ішінің ауыруы, денесінің бөртуі. Бөрту 2 күн бұрын қарбыз жегеннен кейін пайда болды. Анамнезінен: бұрын ештеңемен ауырған емес. Алдыңғы және осы жүктілік асқынусыз өтті. Жүктілік кезінде мұрыны қанап, тағы басқа өзгерістен болған емес. Жалпы тексергенде – денесінің барлық жерінде петехиялық бөрту байқалады. Босануы асқынусыз өтті. Лабораторлық зерттеу босану, босанғаннан кейін жүргізілді – тромбоцитопения өзгерістері - 170∙109/л→ 40∙109/л →20∙109/л. 

Осы патологияның ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагностикалық белгісі қандай:

 

*Денесіндегі бөртулердің сипатые

*Босану кезінде асқынудың болмауы

*Тромбоцитопения деңгейінің өзгерісі

*Жүктілік болмай тұрып қан кету эпизодтарының болмауы

*+Әйелдің ауыру анамнезінің ерекшеліктері және нәрестеде тромбоцитопения болмауы

 

#110

*!24 жастағы Д. есімді жүкті әйелдің зәрін микробиологиялық зерттегенде (бакпосев) E. Coli анықталды. Концентрациясы КОЕ/105мл.

Ампициллинмен жүргізілетін емнің ЕҢ ЫҚТИМАЛ ұзақтығы қанша (ҚР №239  07.04.2010 бұйрығы):

 

*2,0мг\тәу 4 күндік емдеу дүркіні

* 2,0мг\тәу 7 күндік емдеу дүркіні

* 2,0мг\тәу күндік емдеу дүркіні

*2,0мг\тәу күндік емдеу дүркіні

*+2,0 мг 1 рет

 

#111

*!Жүктіліктің 10-11 аптасында әйелде пиелонефрит анықталды. Осы диагноз бірінші рет қойылды.

Жүктіліктің осы мерзіміндегі пиелонефритті емдеу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай антибиотикті тағайындау керек:

 

*+Пенициллин типті антибиотиктер

*Аминогликозидтер

*Цефалоспориндер

*Нирофурандар

*Макролидтер

 

#112

*!Жүктіліктің 10-11 аптасында әйелде өмірінде бірінші рет пиелонефрит анықталды. Экстрагениталді ауруды емдеу мақсатымен антибиотик тағайындалды. 

Осы ауруды емдеу барысында жүргізіліп жатырған шаралар нәтижесінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ критерилері қандай:

 

*+Клиникалық симптомдар және лабораторлық анализдер қалыптасуы (2 немесе 3 рет сынама жүргізілу керек)

*УДЗ және лабораторлық анализдер қалыптасуы  (2 немесе 3 рет сынама жүргізілу керек)

*Лабораторлық анализдер қалыптасуы (бір рет жүргізілген тексеру жеткілікті)

*Клиникалық симптомдар және УДЗ нәтижелерінің қалыптасуы

*Клиникалық симптомдарының жойылуы

 

#113

*!25 жастағы В. есімді пациент жүктіліктің 24-25 апталығындағы шағымдары: белінің оң жағындағы кенет пайда болған ауыру сезім, дене қызуының 38,50С көтерілуі, қалтырау, жиі және ауыру сезімді зәр шығару.  Науқас мезгіл-мезгіл белінің ауырғанын жүктіліктің 16 аптасынан байқайды. Тексерген кезде науқастың жалпы жағдайы орташа, тері жабындысының түсі – боз. АҚҚ 130\90 мм с.б., пульсі 106 рет/мин. Пастернацкий симптомы оң жағында – оң. Зәр анализінде – тексерген аймақта жаппай көрінеді.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз қандай:

 

*Жіті цистит

*Жіті пиелонефрит

*+Гестациялық пиелонефрит

*Созылмалы циститтің асқынуы

*Созылмалы пиелонефриттің асқынуы

 

 

#114

*!Гинекологқа 20 жастағы жүйелі қызыл жегімен ауыратын науқас келді. Ауру созылмалы түрде өтіп жатыр. Клиникалық-лабораторлық зерттеудің мәліметтері бойынша соңғы 6 айда асқыну байқалмайды. Әйел жүктілікті жоспарлайды.

Жүктілік және босану ықтималдығын шешу үшін қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ ағзаны зерттеу керек:

 

*Буындар

*+Бүйрек

*Өкпе

*Тері

*Ми

 

#115

*!Гинекологқа 20 жастағы жүйелі қызыл жегімен (ЖҚЖ) ауыратын науқас келді. Ауру созылмалы түрде өтіп жатыр. Клиникалық-лабораторлық зерттеудің мәліметтері бойынша соңғы 6 айда асқыну байқалмайды. Әйел жүктілікті жоспарлайды.

Әйел емделмеген жағдайда ЖҚЖ-ге жүктіліктің қандай мерзімі ЕҢ ҚОЛАЙСЫЗ: 

 

*Жүктіліктің I үшайлығы және босанғаннан кейінгі бірнеше күндер

*Жүктіліктің III үшайлығы және босанғаннан кейінгі бірінші апта

* Жүктіліктің III үшайлығы және босанғаннан кейінгі бірінші ай

*+Жүктіліктің I үшайлығы және босанғаннан кейінгі 2 ай

*Жүктіліктің II үшайлығы және босану кезі

 

#116

*!Жүйелі қызыл жегімен ауыратын әйелдің жүктілік мерзімі 35 апта + 4 күн. Науқасты ревматолог тексерді – аурудың асқыну белгілері байқалады: ісіну, ентігу, жүрегінің қағуы, АҚҚ 130/80-ге дейін жоғарлауы, протеинурия.

Осы ауруды жүктіліктің қандай асқынуымен ЕҢ ЫҚТИМАЛ ажырату керек:

 

*+Преэклампсия

*Жүктілікпен байланысты ісіну

*Жүктілікпен байланысы гипертензия

*Жүктілік кезінде болған пиелонефрит

*Жүктілікті асқындыратын бұрыннан болған гипертензия

 

#117

*!22 жастағы С. есімді жүйелі қызыл жегі бар әйелдің жүктілік мерзімі 5 апта+4 күн. Науқас акушер-гинеколог және ревматологдың бақылауында тұр. Жүктілікке дейін және босану кезінде адекватты ем жүргізілді. 

Осы науқастың экстрагениталдық ауруы ЕҢ ЫҚТИМАЛ қашан асқынуы мүмкін:

 

*Жүктіліктің екінші және үшінші үшайлығы

*Жүктіліктің бірінші үшайлығы

*+Босанудан кейінгі кеш мезгілі

*Жүктіліктің екінші үшайлығы

*Босанудан кейінгі ерте мезгілі

 

#118

*!Әйелдер консультациясына келген әйелдің жүктілік мерзімі 8-9 апта. Анамнезінен: алдыңғы екі жүктілігі мерзімінде асқынусыз 4500,0 және 5000,0гр нәресте туылуымен аяқталды. Эндокринологтың тірекуінде тұрмайды. Осы жүктілік кезінде қанындағы қант деңгейі 6,6 ммоль/л, тәулік зәрінде - қант.  

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: 8-9 апталық жүктілік. …:

 

*Предиабет.

*+Гестациялық диабет.

*Инсулинтәуелді қант диабеті

*Инсулинтәуелсіз қант диабеті

*Глюкозаға төзімділіктің бұзылуы

 

#119

*!30 жастағы О. есімді науқас қант диабетінің II типімен ауырғанына 4 жыл. Қазір әйелдің жүктілік мерзімі 30-31 апта. Жүктілік асқынусыз өтіп жатыр.

Төменде көрсетілген асқынулардың қайсысы қант диабетімен байланысты ЕМЕС:

 

*+Нәрестенің дұрыс емес орналасуы

*Жүктілік гипертензиясы

*Ерте босану

*Ірі нәресте

*Көпсулық

 

#120

*!ІІ типті қант диабетімен ауыратын әйелдің жүктілік мерзімі 8-9 апта. Жүктілік кезінде жағдайы жақсарып, қант деңгейі төмендеп қабылдап жүрген инсулин мөлшерін төмендетті.

Осы жағдайдың ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай:

 

*Ұйқы бездің инсулин аппаратының жұмысы жоғарлайды

*Эстроген және прогестеронның деңгейі жоғарлайды

*Плацентарлық гонадотропин деңгейі жоғарлайды

*+Хориондық гонадотропиннің деңгейі жоғарлайды

*Қандағы кортизолдың деңгейі жоғарлайды

 

#121

*!Әйелдер консультациясында 25-26 апталық жүктілігі бар әйел тіркеуде тұр. Жүкті әйелдің экстрагениталді ауруы – инсулинтәуелсіз қант диабеті .

Қандағы глюкозаның деңгейі төмендейтін тәуліктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ мезгілі қандай:

 

*Түске дейін

*Ұйықар алдында

*Таңғы 5-6 сағат арасында

*+Түнгі 2-3 сағат арасында

*Тәңертеңгі 7 – 8 сағат арасында

 

#122

*! 27 жастағы А есімді пациент жүкті болмай тұрып Жай ұшық вирусының ІІ типі, ЦМВИ-ға қарсы ем қабылдады. Қазіргі күні жүктілік себебімен әйелдер консультациясының тіркеуінде.

Пациентті герпес вирусына және ЦМВИ-на зерттеу қажетпе:

 

*+Жоқ, зерттеу мәліметтері жүктілікті жүргізу тактикасына әсер етпейді

*Жүкті әйелді тіркеуге алғанда зерттеу қажет

*Жүктіліктің ІІІ үшайлығында зерттеу керек

*Жүктіліктің І үшайлығында зерттеу керек

*Босануға 2 апта қалғанда зерттеу керек

 

#123

*!Жүктілік кезінде әйелде ЦМВИ-ның рецидиві анықталды.  

Нәресте денсаулығына ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай әдіспен осы инфекцияның залалы тиеді:

 

*Интранаталді (анасында эндоцервицит болған жағдайда)

*Анасы жеке тазалық сақтамаса (дәретханадан кейін қолын жуу)

*Сілекей арқылы (нәрестені сүйгенде)

*Ана сүті арқылы

*+ Жатырішілік

 

 

#124

*!Нәрестеге 7 күн толды. Клиникалық симптомына және лабораторлық зерттеу мәліметтеріне байланысты ЦМВИ диагнозы қойылды. Нәрестенің әкесі және анасын зерттегеннен кейін осы инфекция анасында табылды.

Нәрестеге осы инфекция ЕҢ ЫҚТИМАЛ қай мезгілде жұқты.

 

*Босану кезінде

*Туылғаннан кейін көп кешікпей

*+Жүктілік кезінде (жатыр ішілік)

*Емшек сүтін бірінші рет бергенде

*Туылғаннан кейін бірінші тәулікте

 

#125

*!Жүкті әйелде босануға бірнеше күн қалғанда қалтырау, белінің ауыруы, пиелонефрит белгілері және сұйық нәжіс байқалды.

Осы патологиялық жағдай ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай инфекцияның белгісі:

 

*ЖРВИ

*Гонорея

*Хламидиоз

*+Листериоз

*Бейспецификалық инфекция (стафилококк, стрептококк, т.б..)

 

#126

*!Диагностикалық лапароскопия кезіндегі құрсақ құысында келесі өзгерістер анықталды: 150,0 мл ұйымаған қан. Жатыр көлемі сәл өскен, сол жақ жатыр түтігінің түсі көкшіл, көлемі 2,0х2,5х1,5 см ұлғайған, жарақаты жоқ, бірақ ампулярлы бөлігінен қанды бөлінділер шыққаны байқалады. Оң жақ жатыр түтігі қалыпты. Екі аналық бездерінің түсі ақшыл, көлемдері  2,0х2,5х3,0 см.

Осы науқастың ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагнозы қандай:

 

*Үдемелі сол жақты түтікті жүктілік

*Үдемелі солжақты аналық безді жүктілік

*Үзілген құрсақ ішіне орналасқан жүктілік

* +Аборт тәрізді үзілген сол жақты түтікті жүктілік

*Түтіктің тіні жыртылып бұзылған сол жақты түтіктік жүктілік 

 

#127

*!Р. есімді 25 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 25 апта+4 күн. Жүктілігімен қатар оң жақ аналық безінің кистасы анықталды. Анамнезінен: Киста жүктілікке дейін анықталған, диаметрі 4 см болды. Бүгінгі күні дәрігерге оң жақ мықын аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Жалпы қарағанда ішінің бұлшық еттері тырысып тұр, пальпация кезінде ауыру сезімді. Жатыр қозбаған. УДЗ – оң жақ аналық без кистасының қоректенуі бұзылған.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 23 апта+4 күні. ...:

 

*Жатыр миомасы

*Жатыр миомасының некрозына күндік

* Оң жақ аналық без кистасы, іріңдеуіне күндік

*+Оң жақ аналық без кистасы аяқшасының бұралуы

*Оң жақ аналық без кистасы, перфорацияға қауіпті жағдай

 

#128

*!35 жастағы 24-25 апталық жүктілігі бар әйел ішінің төменгі аймағындағы ауыру сезіміне шағымданып келді. Ауырғанына 2 күн болды, Ношпа қабылдағаннан кейін ауыруы басылып, бірақ соңғы тәулікте қайтадан өршіп кетті. Анамнезінен: Көптеген жатыр миомасы бойынша гинекологтың тіркеуінде тұр. 1 жылдан бері ретті жыныстық қатынаста. Осы жүктілігі – бірінші. Объективті: іші жүктілікке байланысты өскен, пальпация кезінде миоманың орналасқан аймағында ауыру сезімді. Жатыры қозбаған көлемі жүктіліктің мерзіміне сай. Қасаға сүйектен жоғары диаметрі 6,0см миома түйіндісі пальпацияланады. 

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 24-25 апталығы. Көптеген жатыр миомасы. ...:

 

*Бүйрек шаншуы

 

*Жүктіліктің үзілу қауіпі

*Миома түйінінің некрозы

*Мерзімінен бұрын босану қауіпі

*+Миома түйіні қоректенуінің бұзылысы

 

#129

*!29 жастағы Ж есімді 30-31 апталық жүктілігі бар әйелді ішінің оң жағындағы ауыру сезіміне шағымдарымен перзентханаға жеткізілді. Ауырғанына 10 сағат болды. Ношпа ішікеннен кейін ауырғаны тоқтамады. Объективті: іші жүктілікке байланысты өскен, пальпация кезінде оң жақ қабырға доғаларының асты ауыру сезімді. Тітіркену симптомы – осы аймақта оң. Ішінің басқа жері пальпация кезінде ауырмайды. Қан анализінде – лейкоцитоз 15 мың. Бір сағаттан кейін – лейкоцитоз 16 мың болды. Зәр анализінде протеин іздері, лейкоциттер 1-0-1, тұздар + көру шегінде.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 30-31 аптасы. ...:

 

*Бүйрек шаншуы

*Жедел панкреатит

*Жедел холецистит

*+Жедел аппендицит

*Созылмалы  аппендицит

 

#130

*!Нақты диагноз қою үшін қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ қосымша зерттеуді жүргізу керек:

 

*УДЗ

*Лапроскопия

*КТ немесе МРТ

*+Гистероскопия

*Жатыр қуысын диагностикалық қыру

 

#131

*!Ф. есімді 30 жастағы әйел 8 жылдан бері жүктіліктің болмауына шағымданады. Гонадолиберинмен сынама (200-500мкг гонадолиберин к/тамырға енгізілгендегі ағза реакциясын бағалау) жүргізілді. Сынама нәтижесі теріс болды.  

Бұл ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патологияның белгісі:

 

*Пролактинемия                 

*Бүйрек үсті безінің ісігі

*Гипоталамус патологиясы

*+Гипофиздің біріншілік бұзылысы

* Аналық бездің гормонөндіруші ісігі

 

#132

*!Аналық без фолликулының жағдайын бағалау мақсатымен әйел еттек кір циклының 12-ші күні кіші жамбасына УДЗ жүргізілді.  Фолликулдың диаметрі 1,9 см болып табылды. Осы көрініс аналық безінің ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдайдың белгісі:

 

*Фолликулдың персистенциясы

*+ Преовуляторлы фолликул

*Фолликулдың атрезиясы

*Сары дененің сипаты

*Болған овуляция

 

#133

*!Аналық бездің жұмысын бағалау мақсатымен науқасқа функционалды диагностикалық сынама жүргізілді. Сынаманың мәліметі аналық бездің лютеин фазасының жетіспеушілігін көрсетті.

Дәрігер осы диагностикалық сынаманың ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай өзгерісін көрді:

 

*Монофазалық базалды қызу

*Етеккір циклының бірінші фазасының 12-14 күн болуы

* Етеккір циклының бірінші фазасының 8 күннен аз болуы

*+Етеккір циклының екінші фазасының 10 күннен аз болуы

* Етеккір циклының бірінші фазасының 14 күннен ұзақ болуы

 

#134

*!34 жастағы науқастың шағымдары: 5 жыл жүктіліктің болмауы. Анамнезінен: 24 жастан жыныстық қатынаста. 2 жүктілік болды: 1-ші жүктілік – мерзіменде босанып, баласы бар; 2-ші жүктілік – 29 жасында медициналық аборт жасатты. Екінші рет күйеуге шыққанына 5 жыл болды. Күйеуі тексерілген, ауруы жоқ, бұрынғы әйелінен балалары бар.

Нақты диагноз қою үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай зерттеуді міндетті түрде жүргізу керек:

 

*Лапароскопия

*+Гистеросальпингография

*Қалқанша без жұмысын тексеру

*Басын рентген сәулесі арқылы тексеру

*Жыныстық гормондар деңгейін тексеру

 

#135

*!28 жастағы науқас белі, ішінің төменіндегі етеккір алдында өршитін және жыныстық қатынаста болғанда күшеетін ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: Тұрмысқа шыққалы ауыру сезімі күшейіп барады. Етеккірі ретті, көп мөлшерде, ауыру сезімді, 7-8 күн келеді. Жыныс қатынаста 5 жыл. Жүктілік болмаған.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз қандай:

 

*Генезі белгісіз бедеулік

*+Гениталді эндометриоз

*Екі жақты созылмалы сальпингит

*Генезі белгісіз кіші жамбас ауыруы

*Аналық бездің поликистозды синдромы

 

#136

*!28 жастағы науқас белі, ішінің төменіндегі етеккір алдында өршитін және жыныстық қатынаста болғанда күшеетін ауыру сезіміне шағымданады. Анамнезінен: Тұрмысқа шыққалы ауыру сезімі күшейіп барады. Етеккірі ретті, көп мөлшерде, ауыру сезімді, 7-8 күн келеді. Жыныс қатынаста 5 жыл. Жүктілік болмаған.

Гениталді эндометриозға сай ЕҢ ЫҚТИМАЛ симптом кешені қандай:

 

*Ауыру синдромы

*Біріншілік бедеулік

*+Диспаурения, полименорея

*Етеккір алдында өршитін ауыру сезімі

*Жыныстық қатынастумен байланысты ауыру сезімі

 

#137

*!Науқас 36 жаста. Шағымдары: 10 жыл жүктіліктің болмауы, сирек, аз мөлшерде келетін етеккірі. Анамнезінен: Етеккірі 14 жасынан, 4-5 күн келетін. Соңғы 4 жылда етеккірі ретсіз болды. Жыныстық қатынаста 22 жасынан. Бір жүктілік мерзімінде босануымен аяқталды. Баласы бар. Екінші жүктілікті медициналық аборт әдісімен үзді. Қазіргі күні әйел инфекцияға тексерілді – жоқ. ФСГ деңгейі жоғары, ФСГ/ЛГ =2,5/1. Антимюллер гормонының деңгейі төмен.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз:

 

* Аналық бездің резистентті синдромы

* Аналық бездің поликистоз синдромы

*+Аналық бездің әлсіреген синдромы

*Климактерикалық синдром

*Предменструалді синдром

 

#138

*!49 жастағы әйелдің жатыр қуысы дисфункционалдық жатырдан қанкету себебімен қырылды. Гистологиялық зерттеу мәліметі: Жоғары дифференциалды қатерлі ісік.

Қатерлі ісіктің ЕҢ ЫҚТИМАЛ патогенезі қандай:

 

*Эндокриндік-метаболикалық бұзылыстар

*Жиі жасалған аборттар

*+Гиперэстрогения

*Иммунодефицит

*Жиі босану

 

#139

*!Ф. есімді пациент 26 жаста. Толық тексеру жүргізілгеннен кейін әйелге «Аналық бездің қатерлі ісігі» деген диагноз қойылды

Осы ісік төменде көрсетілген ауру тобтарының ЕҢ ЫҚТИМАЛ қайсысына жатады:

 

*Аналық бездің барлық қатерлі ісіктерінің бірі

*Тек стромалді қатерлі ісіктер қатарына

*Тек қатерлі герминогенді ісіктер тобына

*Эпителиалді және стромалді ісіктер тобына

*+Тек қатерлі эпителиалді ісіктер тобына

 

#140

*!49 жастағы науқасқа лапароскопия жасаған кезде аналық бездің ретенциялық кистасы анықталды. Кистаның диаметрі 5,0см.

Осы науқасқа жасалатын отның ЕҢ ЫҚТИМАЛ көлемі қандай:

 

*Жатыр ампутациясы

*Кистасы бар аналық безді алу

*+Тек аналық бездің кистасын сылып алу

*Кистасы бар жақтағы жатыр қосалқыларын алу

*Өзгерген жатыр қосалқыларын алу және екінші аналық безге резекция жүргізу

 

#141

*!Ш. есімді 24 жастағы әйелдің шағымдары: ішінің төмендегі жайсыздық сезімі, кейбір кездегі сыздаған ауыру сезім, жиі несеп төгу. Осы өзгерістер 5 ай бұрын байқалды. Гинеколог тексеріп Жатыр миомасына немесе аналық без ісігіне (фиброма) күмәнданды. Нақты диагноз қою үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай зерттеу жүргізу керек:

 

*УДЗ

*Гистероскопия

*+Лапароскопия

*Қынаптық тексеру

*Жатыр қуысын зонд арқылы тексеру

 

#142

*!34 жастағы науқастың етеккір циклы ретті, екі фазалы (овуляторлы), бірақ етеккір келер алдында 1-2-3 күн бұрын тоттанған қоңыр түсті бөлінділер байқалады.

Етеккір циклының ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай бұзылысы сипатталған:

 

*Қалыпты етеккір циклы

*+Меноррагия

*Метроррагия

*Гипоменорея

*Дисменорея

 

#143

*!49 жастағы пациентте етккір циклының бұзылысы фонында жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанкету байқалды.

Осы науқастың қанкетуін тоқтату үшін жүргізілетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ іс-әрекеті қандай:

 

*17-оксипрогестерон капронатты (17-ОПК) үздіксіз режимінде тағайындау

*Синтетикалық эстроген-гестаген препараттар схема бойынша тағайындау

*Қан тоқтататын және жатыр жиырылтатын препараттарды тағайындау

*+Цервикал каналын және жатыр қуысын бөлек қырып зерттеу

*Андрогендерді тағайындау

 

#144

*!Гинекология бөлімшесіне 15 жасар қыз бала көп мөлшерде жыныс жолдарынан қан кетуге шағымданып түсті. Анамнезінен: Ауырғанына 2 апта болды, бірақ 2 күннің ішінде кеткен қанның мөлшері көбейді. Етеккірі 13 жастан келді, әлі қалыптасқан жоқ. Соңғы етеккірі 2,5 ай бұрын болды. Жалпы қарағанда тері жабындысы боз, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қан кетіп жатыр. Тік ішек арқылы тексергенде жатыр көлемі кішкентай, қосалқылары пальпацияланбайды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.