Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Акушерство и гинекология ОВП 2*162*5 2 страница



ЕҢ ЫҚТИМАЛ қанша уақыттан кейін балаға емшек беріледі:

 

*Туылғаннан кейін бірден

*Туылғаннан 2 сағаттан кейін

* Туылғаннан 1 сағаттан кейін

*Туылғаннан 30 минуттан кейін

*+Бала емшек іздей бастаған кезде

 

#73

!Босанушы босанудан кейінгі 3-ші тәулікте бас ауруы, ұйқы және тәбеттің бұзылысына, іштің төменгі бөліміндегі ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде пульс 105 рет минутына, дене қызуы 38,3*С. ЖҚА-де лейкоциттер - 11,0х109/л. Жатыр түбі кіндік деңгейінен 1 көлденен саусақ төмен. УДЗ-да жатыр анық жиекті. Лохиялары – іріңді, иісі бар.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

* Босанудан кейінгі пельвиоперитонит

* Босанудан кейінгі сальпингоофорит

* +Босанудан кейінгі эндометрит

*Босанудан кейінгі параметрит

* Метротромбофлебит 

 

#74

*!Босанушы кесар тілігі отасынан кейінгі 7 тәулікте бас ауруы, өзін нашар сезіну, дене қызуының 39°С дейін жоғарылауына шағымданады. Іш пальпациясында – жатырдың тігісі аймағындағы кенет ауырсыну, оң нәтижелі Щеткина-Блюмберг симптомы. Ішін перкуссиямен тексергенде төменге қарай дыбыс тұйықтықталғаны анықталды.

Осы кесар тілігінен кейінгі перитонит дамуына ЕҢ ЫҚТИМАЛ себеп қандай:

 

* Анамнезінде жатыр қосалқыларының созылмалы қабыну аурулары

* Ота кезінде асептика мен антисептика қағидалрының бұзылуы

* Тері тігісін тігу техникасының бұзылуы

*+ Жатырдағы тігістің жетіспеушілігі

*Ішек парезі

 

#75

*!Кеш босанудан кейінгі кезеңде босанушыда қан кетуге байланысты тексеру кезінде бала жолдасы бөлігінің қалғаны анықталды.

Жүргізілетін емдеу шараларының ЕҢ ЫҚТИМАЛ ақырғы мақсаты:

 

* Динамикалық бақылау

*Гистероскопия қолдану

*Утеротоникалық заттар қолдану

*Антибактериалды ем тағайындау

*+Бала жолдасының қалдықтарын жою

 

#76

*!Босанушы О., 32 жаста, ерте босанудан кейінгі кезеңде атоникалық қан кету басталды. Қан кетуді тоқтатуға шаралар жүргізіліп жатыр.

Хирургиялық гемостаз үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ көрсеткіш:

 

* Утеротоникалық терапиядан әсер болмауы

*Жатыр қуысын қолмен қараудың әсерсіздігі

* Жатырдың сыртқы массажының әсері болмау

* Жатырдың бимануалды компрессиясының әсерсіздігі

*+1000 мкг мизопростолды perrectum енгізудің әсерсіздігі

 

#77

*!Науқас М., 21 жаста. Жүктіліктің 7-8 апта мерзімімен әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Күніне 15 ретке дейінгі құсу, тәбеттің жоқтығына шағымданады. Дене салмағы 6 кг төмендеген. Объективті: тері жамылғылары бозарған, құрғақ, пульс 92 соққы минутына, ритмді, АҚҚ 90/60 мм рт ст., көз шелі сарғайған. Айнамен қарағанда қынап және жатыр мойнының шырышты қабаты цианозды, бөлінділер ақшыл түсті, аз мөлшерде. РV: қынабы тар, жатыр жұмсақ консистенциялы, 7-8 апталық жүктілікке сай ұлғайған. Жатыр қосалқылары анықталмайды. Күмбездері еркін.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 7-8 аптасы….

 

*+Шектен тыс/ауыр дәрежелі зат алмасу бұзылуымен асқынған құсу

*Жүктілікке байланысты жеңіл немесе әлсіз дәрежелі құсу

* Жүктілердің кеш пайда болған құсуы

* Анықталмаған жүктілер құсуы

*Шектен тыс жүктілер құсуы

 

#78

*!Жүкті әйел А., 30 жаста, әйелдер консультациясы дәрігерінің қабылдауына күніне 8-10 ретке дейін құсу, әлсіздік, бас айналу, тәбеттің жоғалуы, ұйқы бұзылысы және жұмысқа қабілетінің төмендеуіне шағымданып келді. Дене салмағы 2 аптада 4 кг төмендеген. Бірнеше жылдар бойы созылмалы холециститпен ауырады. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта, көп сөл бөлінуде. Тері және шырышты қабаттары бозарған, құрғақ, ауыз айналасындағы терілер суланып, жарылып кеткен. АҚҚ 100\60 мм рт ст, пульс 98 соққы\минутына. Ішкі мүше ағзаларында патология анықталмады. Қынаптық зерттеуде: жатыр көлемі 7-8 апталық жүктілік мерзіміне сәйкес, етеккір бойынша мерзіміне сай.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 7-8 аптасы. ....:

 

* Заталмасу бұзылысымен асқынған жүктілердің ауыр дәрежелі құсуы

* Жүктілікпен асқынған құсудың басқа формасы

* +Жүктіліердің жеңіл/ әлсіз дәрежелі құсуы

*Анықталмаған жүктілер құсуы

*Шектен тыс жүктілер құсуы

 

#79

*!Жүкті А., 23 жаста. Жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Қарау кезінде жүктілік мерзімі – 9-10 аптасы. Шағымдары: аяқтарындағы, жамбас сүйектеріндегі, бұлшық еттердегі ауырсыну, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық. Объективті: жүрісі үйрек тәрізді. Дене салмақ индексі - 18. АҚҚ 90\60 мм с.б., пульс 90 соққы\минутына. Қасаға сүйектерінің УДЗ-де сүйектер ажырауы 1,5 см дейін.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 9-10 аптасы.....

 

*Жүктілер тетаниясы

*Жүктілердің ерте токсикозы

*+ Жүктілердің остеомаляциясы

* Қасаға сүйектерінің ажырауы

* Қасаға сүйектерінің жыртылуы

 

#80

*!Жүкті А., 23 жаста. Жүктілікке байланысты әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Қарау кезінде жүктілік мерзімі – 9-10 аптасы. Шағымдары: аяқтар, жамбас сүйектері, бұлшық еттердегі ауырсыну, жалпы әлсіздік, тез шаршағыштық. Объективті: жүрісі үйрек тәрізді. Дененің салмақ индексі (ДСИ) - 18. АҚҚ 90\60 мм рт ст, пульс 90 соққы\минутына. Қасаға сүйектері пальпация кезінде қатты  ауырсынады.

Жүктіліктің осы асқынуының ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі :

*Остеопороз дамуы

*Ақуыз жеткіліксіздігі

*+Гиповитаминоз D дамуы

*Гиповитаминоз С дамуы

*Липопротеид жеткіліксіздігі

 

#81

*!30 жастағы У есімді әйелдің жүктілік мерзімі 30 апта+3 күн. Іш айналым өлшемі 96см, жатыр түбінің биіктігі – 30 см. Нәресте жамбасымен орналасқан, жүрек соғысы анық, 132 рет/минутына кіндіктен сәл жоғары сол жағында естіледі.  

Жүктіліктің осы мерзімінде қандай диагноз ЕҢ ҚОЛАЙЛЫ: Жүктіліктің 30 апта + 3 күні. ...:

 

*Жамбаспен орналасу.

* Нәресте дамуының кідіруі

* +Жамбаспен орналасу. Бірінші позиция.

* Жамбаспен орналасу. Нәресте дамуының кідіруі.

* Жамбаспен орналасу. Бірінші позиция. Нәресте дамуының кідіруі.

 

#82

*!У есімді 20 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 30 апта + 3 күн. Жалпы тексергенде: Іш айналым өлшемі 96 см., жатыр түбінің биіктігі 30см. Нәресте жамбасымен орналасқан. Жүрек соғысы кіндік үстінің сол жағында, 132 рет/мин. Кіші жамбастың сыртқы өлшемдері бойынша «Жай жалпақ жамбас» диагнозы қойылды.

Босану кезінде осы пациентте ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай асқыну болуы мүмкін:

 

*+Нәресте басының шалқаюы

*Нәрестенің қиғаш орналасуы

* Нәрестенің көлденен орналасуы

* Мерзімінен бұрын қағанақ суының кетуі

*Нәресте басының асинклитикалық орналасуы

 

#83

*!Нәресте жамбаспен орналасқан жағдайда босану процесі қалыпты болу үшін ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдай болу керек:

 

*Жүктілік бірінші болу

*Нәрестенің басы шалқайып тұру

*+Нәресте басы бүгіліп тұру

* Нәрестенің болжам салмағы 3500 – 3700 гр болу

* Нәрестенің болжам салмағы 2500гр төмен болу

 

#84

*! Жүкті әйел үшін төменде аталған жүктілік асқынуларының қайсысы ЕҢ ҚАУІПТІ:

 

*+Плацентаның жатуы

*Плацента тамырының жатуы

*Плацента тамырларының үзілуі

*Плацентаның жатыр мойының шетінде орналасуы

*Қалыпты орналасқан плацентаның мерзімінен бұрын бөлінуі

 

#85

*!Қаралушы А., 14жаста. Әйелдер консультациясына 40 күн етеккірінің болмауына шағымданып келді. Анамнезінде: еш нәрсемен ауырмаған. Жыныстық қатынастағы өмірі 14 жастан басталды. Қыздың жыныстық тәртібі жайлы анасы білмейді. Жүктіліктен еш нәрсемен сақтанбайды.

Осы жасөспірімге кеңес беру және қарау кезінде дәрігер ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай жағдайды сақтау керек:

 

*Тек заңгер қатысуымен кеңес беру және қарау керек

*+Кеңес беру және қарау кезінде ешкім күә болмау керек

*Психиатрдың қатысуымен кеңес беру және қарау керек

*Тек анасының қатысуымен кеңес беру және қарау керек

*Анасынан бөлек кеңес беріп, анасының қатысуымен қарау керек

 

#86

*!Қаралушы К., 15жаста жүктіліктің 15-16 апта мерзімімен әйелдер консультациясында бақылауда.

Осы жасөспірімде жүктілік кезінде болуы мүмкін ЕҢ ЫҚТИМАЛ асқынуды көрсетіңіз:

 

*Аз\көпсулылық

*+Преэклампсия

*Құрсақ ішілік дамудың кідіруі

*Жүктілікті көтере алмаушылық

*Бала жолдасының беку аномалиясы

 

#87

*!Босанушы Л., 15 жаста перзентханаға «Жүктіліктің 39 аптасы 6 күн. Жалған толғақ» диагнозымен жатқызылды.

Осы жасөспірімде босану кезінде болуы мүмкін ЕҢ ЫҚТИМАЛ асқынуды көрсетіңіз:

 

*Қалыпты орналасқан плацентаның мезгілінен бұрын бөлінуі

*+Босану әректінің аномалиясы

* Босану кезіндегі жарақат

* Клиникалық тар жамбас

*Кешіктірілген босану

          

#88

*!Жүкті әйел А., 22 жаста, әйелдер консультациясына 50 күн көлемінде етеккір болмауына, 2 қабатқа баспалдақпен көтерілгенде және физикалық күштеме кезіндегі ентігуге шағымданып келді. Науқас ревматикалық ауруына байланысты ревматологта тіркеуде тұрады. Митралды қақпақшаларының жетіспеушілігі. Созылмалы жүрек жеткіліксіздігі І, ФК-II бойынша рецидивке қарсы ем алып тұрады. Ревматикалық ауруының соңғы асқынуы 1 жыл бұрын болған. Гинеколог тексергеннен кейін мерзімі 4-5 апталық жүктілікті анықтады.

Осы науқаста ревматикалық үрдістің белсенділігін ЕҢ ЫҚТИМАЛ  қалай анықтайды:

 

* +Жүрек жетіспеушіліктің кардиотоникалық емнің нәтижесіздігінен

*Қан сары суындағы Д-димер деңгейі бойынша

* ЭХОКардиография мәліметтері бойынша

*ЭКГ мәліметтері бойынша

* СРБ деңгейі бойынша

 

#89

*!Қаралушы О., 24 жаста жүктіліктің 6-7 апта мерзімімен әйелдер консультациясына тіркеуге тұрады. Әйел осы жүктілік барысында ЖРВИ мен ауырды, ол миокардитпен, митралды қақпақшасының пролапсымен асқынды.

Осы ауруры босану кезінде асқынған жағдайда қандай ЕҢ ЫҚТИМАЛ клиникалық көрініс болады:

 

*Сол жақ қарыншалық жеткіліксіздік

*Инфекциялық эндокардит дамуы

*Қабырғалық тромб түзілуі

*Жүрекше аралық аритмия

*+Өкпе гипертензиясы

 

#90

*!Жүрек ауруымен науқастың гемодинмикасын клиникалық тез бағалаудың алгоритмі бар (L.W. Stevenson 2000г.), ол тері жағдайына негізделген: «жылы» немесе «суық», «құрғақ» немесе «сулы». Осы компоненттердің көрінісіне қарап науқастарды арнайы топқа бөліп, тіндер мен мүшелер перфузиясын анықтауға болады, яғни қан көлемін және оның іркілуін.

«Суық және сулы» анықтамасы қандай жағдайға ЕҢ СӘЙКЕС келеді:

 

*Өкпенің ісінуі

*+Тін перфузияның төмендеуі және өкпедегі іркіліс

*Тін перфузиясы қалыпты, ағзаға артық салмақ жоқ

*Перфузия қалыпты, бірақ іркіліс симптомы бар

*Перфузия және қанның салыстырмалы көлемі төмендеген

 

#91

*!Қаралушы П., 32 жаста, жүктіліктің 34 апта+3күні диагнозымен әйелдер консультациясында тіркеуде тұрады. Шағымдары: 1 апта бұрын пайда болған бас ауруы, физикалық жүктемеде ентігу. АҚҚ 150\90 мм рт ст, пульс 90 соққы\минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. Ісінулер жоқ. Жатыр жүктілік мерзіміне сай. Нәрестенің жүрек соғысы анық, ритмді, 134 соққы\мин дейін. Зәрдің жалпы анализінде: протеинурия 0,099 г/л., микроскопияда – ерекшеліксіз. Қанның жалпы анализы, коагулограмма, биохимиялық анализы - қалыпты.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз:

 

*Ауыр преэклампсия

*Жүктілікпен асқынған бұрыннан болған гипертензия

*Жүктілер гепатозымен асқынған ауыр преэклампсия

*+Жүктілікке байланысты гипертензия,елеусіз протеинурия

*Преэклампсия (гестациялық гипертензия протеинуриямен)

 

#92

*!Инфекциялық ауруханаға жүктіліктің 28-29 апта мерзімімен науқас жеткізілді. Науқаста келесі симтомдар бар: дене қызуы 40,5°С, интоксикацияның айқын көрінісі - басының қатты ауруы, денесінің дірілдеуі, ұйқысыздық, сандырақтау, анорексия, менигиалді сиптомдар. Пульс минутына  120-дан жоғары, толымдылығы әлсіз, кей кезде аритмиялық. Систолалық артериялық қысым 90 мм рт ст төмен. Жүрек тондары тұйықталған. Тыныс алу жиілігі минутына 28 реттен көп. Ауыру сезімді, қинайтын жөтел, кеуде артындағы ауыру сезімі.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ диагноз: Жүктіліктің 28-29 аптасы. Тұмаудың….:

 

*+Ауыр түрі

*Жеңіл түрі

*Аса ауыр түрі

*Симптомсыз түрі

*Орташа ауыр түрі

 

#93

*!Бронхит жиі жоғарғы тыныс жолдарына инфекция түсіп, бронхтың дренаждық қызметінің бұзылуымен дамиды. Аурудың дамуына қолайлы жағдай - суық тию. Жүктілер көбінесе біріншілік бронхитпен ауырады, яғни әйел бронхтипен бірінші рет жүктілік кезінде ауырады.

Жүктілік кезінде біріншілік бронхит дамуына және екіншілік бронхиттің асқынуына әкелетін ЕҢ ЫҚТИМАЛ себеп:

 

*Жүктілікке байланысты ісінулер

*Жүктілік кезінде иммунитеттің төмендеуі

*Плацентарлық лактоген деңгейінің жоғарылауы

*Жүктілік кезінде диафрагма қозғалысының тежелуі

*+Бронх шырышты қабатының ісінуі, диафрагма қозғалысының тежелуі

 

#94

*!Жедел жәрдем дәрігері диагноз қойды: Жүктіліктің 34-35 аптасы. Ауруханадан тыс пневмония. Науқаста келесі симптомдар байқалады: дене қызуының 38,70 С көтерілуі, тері жабындысының бозаруы, мұрын және ерін аралығының цианозы, тахипноэ – 30 рет минутына. Екі өкпесінің төменгі бөлігінде әлсіз тыныс, ылғал жеке сырылдар, ұсақ көпіршікті естіледі. АҚҚ – 90\55 мм рт ст, пульс 96 соққы минутына. Жүрек тондары тұйықталған, тахикардия.

Науқасты қандай бөлімшеге ЕҢ ЫҚТИМАЛ госпитализациялау керек:

 

*Көпсалалы аурухананың терапия бөлімшесіне

*Перзентхананың жүктілер патологиясы бөліміне

*Перзентхананың жансақтау және интенсивті ем бөлімшесіне

*+Көпсалалы аурухананың жансақтау және интенсивті ем бөлімшесіне

*Инфекциялық аурухананың жансақтау және интенсивті ем бөлімшесіне

 

#95

*!Жүктілік кезіндегі желшешек фонындағы пневмония өлім қаупін жоғарылтатыны белгілі. Өлім көрсеткіші 11-35% жетеді. Жүктілердегі пневмония дамуына қауіп факторлары: кеш гестациялық мерзім, темекі шегу және тері жамылғыларындағы көптеген везикулдардың пайда болуы. Желшешек фонында пневмония дамуының қауіпін жоғарлататын ЕҢ ЫҚТИМАЛ везикулдардың саны қанша (ҚР ДСМ №869 бұйрығы 02.12.201ж.):

 

*30 везикулдан көп

*40 везикулдан көп

*60 везикулдан көп

*90 везикулдан көп

*+100 везикулдан көп

 

#96

*!28 жастағы әйелдің жүктілігі 26 апта + 3 күн. Шағымдары: эпигастрий тұсындағы айналым ауыру сезімі. Ауыруы қонақта болып тамақ қабылдағаннан кейін пайда болды.

Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай аурудың белгісі:

 

*Жедел холецистит

*+Жедел панкреатит

*Ауыр преэклампсия

*12 елі ішек жарасының асқынуы

*Жүктіліктің жедел майлы гепатозы

 

#97

*!Ф., есімді 32 жастағы жүкті әйелдің шағымдары: майлы палау жегеннен кейін оң жақ қабырға доғасының астыңғы аймағындағы кенет пайда болған ауыру сезім.  Жүктіліктің мерзімі 34 апта+4 күн. Соңғы 5 жылда салмағы көбейіп кеткенін байқады. Тексеру кезіндегі ДСИ – 40,9. Пальпация кезінде өт проекциясында ауырсыну байқалады. Перкуссия кезінде бауыр және көкбауыр көлемдері қалыпты. Ішек перистальтикасы естіледі. Жатыр көлемі жүктіліктің мерзіміне сай. Нәрестенің жүрек соғысы 132 рет/мин.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз: Жүктіліктің 34 апта+4 күні. Семіздік ІІІст. …:

 

*+Жедел холецистит

*Созылмалы холециститтің асқынуы

*Жедел панкреатит

*Жедел холецисто-панкреатит

*Тамақтан ұшыну (улану)

 

#98

*!29 жастағы Д., есімді әйелдің жүктілік мерзімі 14-15 апта. Шағымдары: екі тамақ қабылдау арасында ішінің үстінгі аймағындағы ауыру сезімі. Тамақ қабылдаса ауырсынуы кетеді. Түнде ішінің ауырғанынан оянып тамақ жейді.

Осы ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай аурудың белгісі:

 

*Жара колит

*Крон ауруы

*+12 елі ішектің жарасы

*Созылмалы панкреатит

*Калькулезді холецистит

 

#99

*!20 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 10 апта+1 күн. Шағымдары: ішінің ауыруы, қорылдауы, кебуі, нәжісінің сұйықталуы. Ауыруы толғақ тәрізді, көбіне түнгі мезгілде мазалайды. Соңғы аптада 3 кг салмағын жоғалтты. Анамнезінен: анда-санда осындай ауырсыну жүктілікке дейін де, әсіресе түнгі мезгілде, мазалайтын. Бірақ соңғы аптада ауыру өршіп кетті.

Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай экстрагениталді ауруға сай:

 

*Жара гастрит

*+Крон ауруы

*Созылмалы жара колит

*Созылмалы панкреатит

*Созылмалы аппендицит

 

#100

*!22 жастағы П. есімді жүкті әйелдің шағымдары: әлсіздік, шаршағыштық, дене қызуының 370 С көтерілуі, тершеңдік, кейде қалтырау. Осы өзгерістерді 1 апта ішінде байқады. Бір күн бұрын зәрінің түсі қара-қоңыр, нәжісі бозарғандай болды. Анамнезінен: Боткин ауру, туберкулезбен ауырған емес.

Нақты диагноз қою үшін қандай зерттеудің мәліметтері ЕҢ МАҢЫЗДЫ:

 

*Жалпы билирубин анықтау

*Холестерин деңгейін анықтау

*+АЛТ, АСТ ферменттерін анықтау

*Сілтілі фосфотаза деңгейін анықтау

*Қанның нәруыз фракцияларын анықтау

 

#101

*!К. есімді 28 жастағы әйелдің жүктілік мерзімі 35-36 апта. Шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауыру және ауырлық сезімі, лоқсу, құсу. Соңғы 2 айда 2 кг салмағын жоғалтқанын, сонымен қатар аяқтарында жылдам ұлғайған ісіну байқалғанын айтты. Жалпы жағдайы орташа ауырлық. Тері жабындылары боз. Өкпе тынысы везикулярлы. АҚҚ 110/70 мм с.б., пульсі 110 рет минутына. Жүрек дыбысы тұйық. Іші жұмсақ, бауыр өлшемі қалыпты. Аяқтарында жайылған ісіну.  Жатыр өлшемі жүктілікке сай. Нәрестенің жүрек соғысы 140 рет/мин.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз:

 

*HELLP-синдром

*Вирусты гепатит В

*Ауыр преэклампсия

*+Жүктіліктің жедел майлы гепатозы

*Жүктіліктің холестатикалы гепатозы

 

#102

*!35 апта+4 күндік жүктілігі бар әйелдің шағымдары: эпигастрий аймағындағы ауырлық және ауыру сезімі, лоқсу, құсу, соңғы 2 аптада 2 кг салмақ қосу, аяқтарында кенет пайда болып жайылған ісіну. Объективті: жағдайы ауыр. Тері жабындылары боз, сарғыш реңкі бар. Өкпе тынысы везикулярлы. АҚҚ 140/90 мм с.б., пульсі 110 рет минутына. Жүрек дыбысы тұйықталған. Пальпация кезінде оң жақ қабырға доғасының асты қатты ауыру сезімді. Бауырдың шеті қабырға доғасынан 2 см төмен. Аяқтарында – жайылған ісіну. Жатыр көлемі жүктілік мерзімінен кіші. Нәресте жүрек соғысы 140 рет/мин.

ЕҢ ЫҚТИМАЛ болжам диагноз:

 

*+HELLP-синдромы

*Вирусты В гепатиті

*Ауыр дәрежелі преэклампсия

*Жүктіліктің жіті майлы гепатозы

*Жүктіліктің холестатикалық гепатозы

 

#103

*!23 жастағы әйелдің етеккірі 20 күнге кідіру себебімен гинеколог дәрігерге келді. УДЗ мәліметі – жүктіліктің 11 апта + 4 күн мерзімі. Анамнезінен: 2 жыл өкпе туберкулезінің тұрақты түріне байланысты ем қабылдады. Емі аяқталып, тіркеуден шығарылғанына 2 жыл болды. Қазір дені сау. Объективті: тері жабындылары боз, денесінде жұлдызшалар тәрізді ұсақ тамырлар, қарайған дақтар, қасыған іздер байқалады. 

Көзінің шелдері (склеры) сарғыш, алақан және табандары қызарған. Тырнақтары ақ түсті, еріндері қызыл, жылтыр, езулері жарылған.

Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай экстрагениталді ауруға сай:  

 

*Дәрілік гепатит

*+Бауыр циррозы

*Вирусты гепатит

*Бауыр эхинококы

*Токсикалық гепатит

 

#104

*!А. есімді 30 жастағы жүкті әйел мезгіл-мезгіл басының ауыруы, айналуы, көз алдында шіркей ұшу, бетінің жаны кетіп қалуына шағымданып дәрігерге келді. Анамнезінен: осы симптомдар жүктілікке дейінде байқалып жүрген, бірақ әйел дәрігерге қаралмаған. Қазір жүктіліктің мерзімі 26 апта+5 күн. Объективті: АҚҚ 110\70 мм с.б., пульсі 88 рет\мин. Ағзаларында өзгеріс байқалмайды. Жатыр көлемі жүктілік мерзіміне сай, қозбаған. Ісіну денесінде байқалмайды.

Осы симптомдар ЕҢ ЫҚТИМАЛ қандай патологияға сай:

 

*+Ми тамырларының аневризмасы

*Вегето-тамырлық дистония

*Микроинсульт

*Преэклампсия

*Бас сақинасы

 

#105

*!29 жастағы Т.  есімді әйелдің жүктілігі гестациялық гипертензия фонында өтті.  Жүктілік кезінде АҚҚ 150\100 мм с.б. дейін көтерілді. Жүктіліктің мерзімі 30 апта+3 күн болғанда зәрінде 2,0 г/л протеинурия байқалды. Осы өзгеріс мерзімінен бұрын босандыруға көрсеткіш болды. Босанғаннан кейін 2 күн өткен соң әйелде инсульт белгілері байқалып, МРТ зерттеу жүргізгеннен кейін «Геморрагиялық инсульт» диагнозы қойылды.

Бұл асқынудың ЕҢ ЫҚТИМАЛ себебі қандай ауру:

 

*Созылмалы артериалді гипертензия

*Ми тамырының аневризмасы

*Мидың қатерсіз кистасы

*+Ауыр проэклампсия

*Мидың ісігі

 

#106

*!30 жастағы әйелде жүктіліктің 30 апта+1 күні мерзімінде бірінші рет геморрагиялық диатез белгілері байқалды. Алгоритм бойынша зерттеу жүргізіліп, диагнозы анықталғаннан кейін кортикостероидпен ем жүргізілді. Ем нәтижелі болды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.