Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Географиялық карталарға байланысты есептер.



Географиялық карталарға байланысты есептер.


География пәнінен оқушылардың теориялық білімдерін есеп шығару, картамен жұмыс істеу сияқты практикалық іс-әрекеттермен дамытып, бекітіп отырған жөн. Мұндай есептер оқушылардың пәндік олимпиадасы кезінде, Ұлттық бірыңғай тестілеу кезінде де кездеседі. Осы орайда бірнеше географиялық есептерді ұсынып отырмын.
Оқушыларға мынадай маңызды деректерді білу қажет.
* Жер мен Күннің ара қашықтығы - 149,6 млн км.
* Жердің орташа радиусы - 6371км.(жердің өз осінен айналуына байланысты полярлық радиус экваторлық радиустан 22 км кем)
* Экватордың ұзындығы - 40076 км
* Жер бетінің ауданы – 510 млн км 2
* Жер өз осінен 66,5 көлбеу орналасқан.
Жердің өз осінен айналуына және Күнді айнала қозғалуына байланысты солтүстік және оңтүстік жарты шарларға Күн сәулесі әркелкі түседі. Осыған байланысты көктемгі және күзгі күн теңелулер мен жазғы және қысқы күн тоқырауларын есте сақтау қажет.
Жердің Күн жүйесіндегі орнына байланысты есептер – ең қиын есептер қатарына жатады. Мұндай есептерді шығару үшін практикалық жұмыстарда әртүрлі типтегі есептер қолданған тиімді.
Есеп.1
Егер 22 желтоқсанда Күн уақытымен сағат 9.00 Гринвич меридианы бойында бұл нүктеде тал түс болса және Күн көкжиектен 21,5* биіктікте болса Евразияда орналасқан нүктенің географиялық координатасын табу керек.
Мұндай есепті шығару үшін мынадай формуланы қолданамыз.
1.Күннің талтүстегі көкжиектен биіктігі көктемгі және күзгі теңелу күндерінде мына формуланы қолданамыз: Н =90*- а, Н- Күннің көкжиектен биіктігі, а-сол жердің ендігі.
2.Қысқы күн тоқырауы кезінде Күннің көкжиектен биіктігі мынадай формуламен есептеледі: Н=90 *–а – 23,5*.
3.Жазғы күн тоқырауы кезінде Күннің көкжиектен биіктігін мына формуламен есептейміз:Н=90*-а+23,5 *.
1) ендікті анықтау үшін 90*- (21,5*+23,5*)=45 * с.е
2) бойлықты анықтау үшін (12-9 ) х 15 *.
Бойлықты анықтау үшін Гринвич меридианымен берілген пункт арасындағы уақыт айырмасын есептеу керек. 3 сағат х 15* (Әр белдеудің арасы 15 *)
Есеп 2
Солтүстік жарты шарда 22 маусымда Күннің тек солтүстікті көрсетіп тұратын ендігін көрсетіңіз.
Солтүстік жарты шарда күн көкжиекте тұрғанда оңтүстіктегі барлық ендіктер солтүстікті көрсетеді немесе Солтүстік тропик пен экватордың ендіктері көрсетіледі.Екінші жауап поляр күні кезінде күнді солтүстіктен көруге болады немесе Солтүстік полюс пен солтүстік поляр шеңбері аралығынан көруге болады.
Есеп 3
Суретте бірдей ендікте және теңіз деңгейінен бірдей биіктіктегі Европада орналасқан А және В нүктелерінің климатограммасы берілген.
Қай нүкте батысқа қарай орналасқан?
Жауабы: 1) В нүктесі батысқа қарай орналасқан.
2) В нүктесіне жауын-шашын көп түседі.
3) В нүктесінде қыс біршама жылы , жылдық амплитуда өзгерісі аз немесе континенталдығы төмен.
Есеп 4
Самолет 63 *ш.б ұшып оңтүстік полюске келді , ары қарай батыс жарты шардағы қай меридианмен ұшады.
Жауабы: Градус торы мен меридиандардың орналасуын еске түсіреміз.
Бастапқы меридиан 180*. 63*+х= 180* х=180*-63* х=117*
Жауабы: 117* б.б.
Есеп 5.
Самолет 50*с.е пен 0* ш.б шығып 5550 км оңтүстікке қарай ұшты, одан әрі батысқа бұрылып 2220 км ұшты. Солтүстікке қарай тағы 1110 км ұшты.Самолет қай жерге қонды?
Жауабы: 1* меридианның ұзындығы 111км екені белгілі . Алдымен самолет оңтүстікке қарай 50* ұшты. (5550: 111 = 50*) ; 50* с.е пен 0* ш.б-пен 50* оңтүстікке ұшып экватор мен бастапқы меридианның қиылысу нүктесіне келді. Сосын батысқа қарай экватор бойымен 20 * ұшты. (2220:111=20*) Одан әрі самолет экватордан 20* б.б меридиан бойымен солтүстікке ұшты, яғни (1110:111=10*) Самолет 10* с.е пен 20* б.б қонды.
Есеп 6
А нүктесінен 2 мотоциклист бір уақытта шықты.Біріншісі 60км/сағ, екіншісі 68 км/сағ жылдамдықпен жүріп, С пунктіне келді. Қайсысы бірінші келеді? Егер масштаб 1: 1000000 , А және В нүктелерінің арасы 15 см, А және С нүктелерінің арасы 2См 4мм болса.
Берілді:
V1= 60км/сағ
V2=68 км/сағ
LАВ= 15 см
М 1: 1000000
Табу керек:t1-?, t-2-?
LАВ = ABх М=15х1000000=150 км
LАС = ACх М = 20,4х1000000=204 км
T1=��������1==15060км/сағ=2,5 сағ
T2=�� ������2==204км68кмсағ = 3 сағ
Жауабы:
Бірінші мотоциклист С нүктесіне 30 минут ерте келді


Есеп 7
70 * батыс бойлық бойынша Оңтүстік Американың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі ара қашықтығы қанша?
Жауабы: 111км ∙ 65 * = 7215 км-ге созылып жатыр.
Есеп 8
Алматы қаласы мен экватордың арақашықтығын градус бойынша анықтаңдар. Алматының ендігі 43* с.е. 1* меридиан доғасы 111 км.
Жауабы: 43* ∙111км = 4773км.
Есеп 9
Картада Токио мен Пекиннің арақашықтығы 30 см, негізгі арақашықтығы 1500 км. Карта масштабын анықтаңыз.
Жауабы: 1х=негізгі қашықтық картадағы қашықтық; 1х =150030; х =50 км = 5000м = 500 000.
Карта масштабы 1: 5000 000
Есеп 10
Москва мен Лондонның ара қашықтығы 2500км. Картадағы масштаб 1: 25000000 болса, картадағы қашықтық канша?
Жауабы: : 125000000=негізгі қашықтық картадағы қашықтық ; 125000000 =2500кмх; 2500 0000025000000= 1См
Есеп 11
53,5* с.е (1* - 66 км) паралель бойынша Дублин (6* б.б) мен Минсктің (27,5* ш.б) арақашықтығын анықтаңдар.
Жауабы: 6* б.б + 27,5* ш.б =33,5. 33,5 ∙66 км =2211км.
Есеп 12
Топографиялық картада екі елді мекеннің арасы 7,5 см. Масштаб 1: 50 000 болғандағы елді мекендердің ара қашықтығын анықтаңыз.
Жауабы:150000=х ��,�� см ; х= 50000 ∙ 7,5 = 37500См = 3,750км
13.Алматы мен экватордың арақашықтығын градус бойынша анықта.Алматының ендігі 43с.е 1мередиан доғасы 111шқ-ға тең.
Жауабы:43111шқ=4773шқ
14.Мысалы,10метрде 20қадам болды дейік,әр қадамның ұзындығы қанша?
Жауабы:10м:20=0,5.Әр оқушы өз қадамының ұзындығын есептейді.
15.Егер ұзындығы 8метр,ені 6метр,биіктігі 3метр десек,сынып болмесіндегі ауаның салмағы қанша болатынын есептеп шығарайық.
Жауабы:8м6м4м=192м
1кг300г192=249кг 600г.
16. 50с.е. бойынша Еуразия материгінің батыстан-шығысқа дейінгі ұзындығы қанша шқ?
а)9966,3шқ б)9800шқ
ә)10000шқ в)12000шқ
Жауабы:141ш.б.-2ш.б.=139ш.б.х71,7шқ=9966,3км
2.70ш.б. Қазақстан солтүстіктен-оңтүстікке қанща км-ге созылып жатыр?
а)1665шқ б)15000шқ
ә)1500шқ в)1700шқ
Жауабы:55с.е.-40с.е 15х111шқ=1665шқ
17.Берілгені.Егер туристер тәулігіне 30шқ/сағат жаяу жол жүретін болса, онда ҚР-ның батысынан-шығысына қарай қанша күн(ай)жүреді?
Табу керек.Туристер батыстан-шығысқа қарай қанша күн жүретінін.
Шешуі.ҚР батыстан-шығысқа қарай 3000 шқ созылып жатыр.Яғни,3000:30шқ=100күн(3,3ай)
Жауабы:Туристер батыстан-шығысқа қарай 100 күн(3,3ай)жүреді.
18.Берілгені.Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020шқ)арақашықтық 8,5см құрайды.Картаның масштабын анықтаңыз.
Табу керек.Картаның масштабын.
Шешуі.1020шқ:8,5см=120(шқ-00000)
Жауабы.Картаның масштабы-1:12000000
19.Берілгені.Астана мен Қарағанды қаласының арасы 172 шқ болса,масштабы 1:4000000 болатын картада арақашықтығы қанша см болады?
Табу керек.Арақашықтық картада қанша см болатынын(берілгенін)
Шешуі.172шқ:40(шқ-00000)=4,3см
Жауабы.Картада арақашықтық 4,3см болады.
20.Жарты шарлар картасы бойынша Африканың 200 меридиан бойынша солтүстіктен оңтүстікке дейінгі арақашықтығын градус және километрмен есептеу.
Шешуі:330 с.е+350 о.е=680
680 х 111 км=7548 км
Жауабы :7548 км
21.Оңтүстік Американың солтүстігінен оңтүстігіне дейінгі арақашықтықты градуспен километрмен табыңдар?
Шешуі : Галинас мүйісі 120. 111кмх120 =1332 км
Фрауард мүйісіне дейін 54 0. 111 км540 =594 км
Жауабы:1332 км+5994 км=7326 км


2-ші жолы.
120+540=660
660 х111=7326 км
Екі нүктенің уақыт айырмасын табу үшін Жердің өзбілігінен айналып шығатын уақытты жер шеңберінің меридиан санына бөлсең 3600 :24=150 бір сағаттық белдеуде қанша меридиан бар екені шығады. 10 меридиан бір –бірінен қанша уақытқа айырма жасайтынын табу үшін 60 мин:150=4 мин.
Екі нүктенің арасындағы уақыт айырмасын білу үшін кез-келген екі нүктенің орналасқан бойлықтарын градус есебімен арақашықтығын 4 мин-қа көбейтіп, 60 минутқа бөлсе екі нүктенің арасындағы уақыт айырмасы шығады.Ескерту:егер нүктелер батыс және шығыс бойлықтарда орналасса градустарын бір-біріне қосамыз,бір бойлықта орналасса бір-бірінен аламыз.
22.500м қашықтықты қағаз бетіне түсіргенде 5см ұзындықпен түсіргендегі масштаб.
Шешуі: 500м=5000См /5=10000 яғни 1см-де 100м
Жауабы:1см-де 100м.
23.Сандық масштабпен жаз.
1см-де 500м
Шешуі:500м-де 5000См яғни 1:50000
Жауабы:1:50000
24 . Берілгені. Карта бетінде Алматы мен Астана қаласына дейінгі (1020шқ) арақашықтық 8,5см құрайды. Картаның масштабын анықтаңыз.
Д-нақты өлшем.
С-арақашықтық.
М-масштаб.
Табу керек.М-?
Шешуі. М=Д/С=1020шқ/8,5см=120(шқ-00000)
Жауабы.М=1:12000000
25.Берілгені. Астана мен Қарағанды қаласының арасы 172шқ болса, масштабы 1:4000000 болатын картада арақашықтығы қанша см болады?
Табу керек. С-?
Шешуі. С=Д/М=172шқ/40(шқ-00000)=4,3см
Жауабы.С=4,3см болады.
26.Берілгені. Арал мен Қызылорда қаласының арақашықтығы карта бетінде 5см. Картаның масштабы 1:7500000.Екі қаланың арақашықтығын табу керек.
Табу керек. Д-?
Шешуі. Д=М/С=75х5=375шқ
Жауабы.Д=375 шқ
10 есеп.
Берілгені. А нүктесі мен Внүктесінің нақты арақашықтығы 7см. Картаның масштабын анықтаңыз.
Табу керек.М-?
Шешуі. М=Д/С=525/7=75 шқ
Жауабы. М=1:7500000
27.Берілгені. Егер туристер тәулігіне 30шқ/сағат жаяу жол жүретін болса, онда Қазақстан Республикасының батысынан шығысына қарай қанша күн жүреді?
Табу керек. Туристер батыстан шығысқы қарай қанша күн жүретінін.
Шешуі. Қ.Р. батыстан шығысқа қарай 3000 шқ созылып жатыр .
3000:30шқ=100 күн.
Жауабы. Туристер батыстан шығысқа қарай 100күн жүреді.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.