Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Атмосфера тақырыбына арналған диктант



Атмосфера тақырыбына арналған диктант


1-нұсқа 1. Жердің сыртқы ауа қабаты.......деп аталады.
2. Ауаның 78 %-ын құрайтын газ....
3. Атмосфераның төменгі қабаты.....
4. Тропосфера жер бетінен .... дейінгі аралықты қамтиды.
5. Ауа температурасы әрбір 100 метрге биіктегенде..... төмендейді.
6. Ауаның горизонталь бағытта қозғалуын....... деп аталады.
7. Ауа температурасын....... құралымен өлшейді.
8. Тәулік ішіндегі ең жоғарғы және ең төменгі температура арасындағы айырмашылық......
9. Ауаның жер бетіне және ондағы заттарға түсіретін күші.... деп аталады.
10. .......... бағытын тәулік ішінде екі рет өзгертетін желдер.

2-нұсқа 1. Атмосфералық қысымды өлшейтін құрал....
2. 23,5С.е. пен 23,50 о.е. параллельдері....... деп аталады.
3. Желдің жылдамдығы мен бағытын....... құралымен өлшейді.
4. Жылына бағытын екі рет өзгертетін жел.....
5. ...... салыстырмалы ылғалдылықты өлшейді.
6. Бұлттардың аспанды торлауы.... деп аталады.
7. Бұлттылық мөлшері.... белгіленеді.
8. Атмосфералық жауын-шашын ..... түрде кездеседі.
9. Жер шары..... жылу белдеуіне бөлінеді.
10. ....... атмосфераның төменгі қабатындағы белгілі жердегі, белгілі уақыттағы жай-күйі.

3-нұсқа 1. Жер бетіне жақын төменгі бөлігіндегі су булары су тамшыларына айналуынан.... пайда болады.
2. Бұлттар пішініне қарай......деп бөлінеді.
3. Атмосфералық жауын-шашын мөлшерін..... өлшейді.
4. Поляр шеңберінен полюстерге дейін......орналасқан.
5. .......- ауа райының белгілі бір жерге тән және үнемі қайталанып отыратын жай-күйі.
6. Климаттық белдеулер ..... деп ажыратылады.
7. Жыл бойы ыстық, жауын-шашын мол болатын климаттық белдеу..... деп аталады.
8. Бриз сөзі..... деген мағына береді.
9. Жер бетіндегі желдің орташа жылдамдығы.....
10. Қалыпты атмосфералық қысым.... тең.

Дұрыс жауаптары 1-нұсқа 1. Атмосфера 2. Азот 3. Тропосфера 4. 8-17 км-ге 5. 0,6 градусқа 6. Жел 7. Термометр 8. Температураның тәуліктік ауытқуы (амплитудасы) 9. Атмосфералық қысым 10. Бриздер

2-нұсқа 1. Барометр 2. Тропиктер 3. Желбағар (флюгер) 4. Муссон 5. Шаш гигрометрімен 6. Бұлттылық 7. 0-ден 10 балға дейін 8. Қатты және сұйық 9. Бес 10. Ауа райы

3-нұсқа 1. Тұман 2. Будақ, қабат, шарбы бұлттар 3. Жауын-шашын өлшегішпен 4. Суық белдеулер 5. Климат 6. Негізгі және аралық белдеулер 7. Экваторлық белдеу 8. Жеңіл жел 9. 5-10 мсек 10. 760 мм сынап бағанасына

Гидросфера тақырыбына арналған диктант

1-нұсқа 1. Табиғатта су..... күйінде болады.
2. Жер шарының су қабығы.... деп аталады.
3. Дүниежүзілік мұхиттың жалпы аумағы.... қамтиды.
4. ..... ең үлкен, ең терең мұхит.
5. Мұхит бөліктеріне ...... жатады.
6. ....... су астында болатын жер сілкіну мен жанартау атқылауынан болатын толқындар.
7. Мұхит суының басты қасиеттеріне ...... жатады.
8. ...... арна арқылы ағатын су.
9. .....өзен бөліктері болып саналады.
10. Жер шарындағы ең үлкен көл-.....

2-нұсқа 1. ...... буырқанып қатты ағады.
2. Өзен деңгейінің кенеттен көтерілуі.....деп аталады.
3. .......құрлық бетіндегі іші суға толы ойыс.
4. Жер бетіне таяу алғашқы су өткізбейтін қабатқа дейінгі су..... болып саналады.
5. Мұздықтар.... пайда болады.
6. ........-жасанды су қоймалары.
7. Өзеннің басталатын жері......
8. Құрлық мұздықтары..... болып бөлінеді.
9. Жер шарындағы ең ұзын өзен......
10. Дүниежүзілік мұхит суының орташа тұздылығы.....

3-нұсқа 1. Экватор маңындағы мұхит суының температурасы....
2. Жан-жағын су қоршаған құрлықтың шағын бөлігі..... деп аталады.
3. ..... тәулік бойы су деңгейінің көтерілуі мен төмен түсуі.
4. Толқындар ...... әсерінен пайда болады.
5. .......-маржан полиптерінің жинақталуынан пайда болады.
6. Бір-біріне жақын орналасқан аралдар тобын..... деп атайды.
7. Жер шарындағы тұщы судың үлесі.....
8. ........ дегеніміз мұхиттар мен теңіздер қоршап жатқан ірі құрлықтар.
9. Судың мұхиттан атмосфера арқылы құрлыққа, құрлықтан мұхитқа үздіксіз ауысуын......дейді.
10. Мұхиттың немесе теңіздің құрлыққа сұғына еніп жатқан бөлігі..... болып саналады.


4-нұсқа 1. Ең кіші мұхит.....
2. Гидросфера дегеніміз......
3. ......екі жағынан материктер немесе аралдармен шектелген енсіз су айдыны.
4. Мұхиттар мен теңіздер түбінен жанартаулардың атқылауынан пайда болған аралдар.... деп аталады.
5. ..... толқын элементтері болып табылады.
6. Бір литр судағы еріген заттардың граммен алынған мөлшері......
7. Өзеннің құяр жері...... болып саналады.
8. ...жылда белгілі бір маусымда өзен суы мөлшерінің көбеюі.
9. Жер шарындағы ең терең көл........
10. ........жердің терең қабатындағы қысымды су

Дұрыс жауаптары 1-нұсқа 1. Сұйық, қаттық газ 2. Гидросфера 3. 361 млн шаршы шақырым 4. Тынық мұхиты 5. Теңіздер, шығанақтар, бұғаздар 6. Цунами 7. Температурасы мен тұздылығы 8. Өзен 9. Өзеннің бастауы, сағасы, салалары, аңғары 10. Каспий

2-нұсқа 1. Тау өзені 2. Тасқын 3. Көл 4. Еспе су 5. Поляр аймақтары мен тауларда 6. Бөгендер 7. Бастауы 8. Жабынды және тау мұздықтары 9. Ніл өзені 10. 35 промилле

3-нұсқа 1. 28-30 градус 2. Аралдар 3. Толысу мен қайту 4. Желдің 5. Маржан аралдар 6. Архипелагтар 7. 2,5 пайыз 8. Материктер 9. Дүниежүзілік су айналымы 10. Шығанақ

4-нұсқа 1. Солтүстік мұзды мұхиты 2. Жердің су қабығы 3. Бұғаз 4. Жанартаулық аралдар 5. Толқынның қыры, табаны, биіктігі, ұзындығы 6. Судың тұздылығы
7. Сағасы 8. Су тасуы 9. Байкал 10. Артезиан суы

Биосфера тақырыбына арналған диктант

1-нұсқа 1. ...... тірі ағзаларға жатады.
2. Тірі ағзалар мекендеп, өзгерткен жер қабығы.... деп аталады.
3. Тірі ағзалардың ерекше ...... қасиеті бар.
4. ..... табиғат жағдайлары бірдей алқапты мекендейтін тіршілік бірлестігі.
5. Жер даму тарихында ..... кезеңнен өткен.
6. Жер дамуының алғашқы кезеңі..... деп саналады.
7. Биоценоздардың таралу заңдылығын.... зерттейді.
8. Биоценоз сөзі.... деген мағынада.

Дұрыс жауабы 1. Майда ағзалар, өсімдіктер, жануарлар 2. Биосфера 3. Екі 4. Биоценоз 5. Екі 6. Тіршілікке дейінгі кезең 7. Биогеография 8. Тіршілік ортақ

Географиялық қабық тақырыбына арналған диктант

1-нұсқа 1. ..... литосфераның жоғарғы бөлігі, атмосфераның төменгі бөлігі, гидросфера, биосфераның өзара әрекеттесуіне қалыптасқан ерекше қабық.
2. Географиялық қабық...... ерекшелігімен анықталады.
3. Географиялық қабықтың құрамдас бөліктері..... деп аталады.
4. Географиялық қабық құраушыларына .......... жатады.
5. Жер беті аумағының табиғат компоненттерінің жиынтығы..... деп аталады.
6. Географиялық қабық Жер шарының...... болып табылады.
7. Негізгі географиялық белдеулерге....... жатады.
8. Экватордың екі жағында орналасқан, ауа температурасы біркелкі, жыл маусымдары бөлінбейтін белдеу......
9. Арктикалық және антарктикалық белдеулерді..... алып жатыр.
10. Жер шарының ең үлкен Сахара шөлі орналасқан белдеу.

2-нұсқа 1. Тропиктік белдеуде Жер шарының ең үлкен шөлі........ орналасқан.
2. Мұзды шөл зонасы алып жатқан белдеулер.......
3. Аралық географиялық белдеулерге..... жатады.
4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар географиялық қабық..... жатады.
5. Экваторлық белдеу алып жатқан аймақ......
6. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер..... жатады.
7. Жер шарының ең ірі табиғат кешені...... болып саналады.
8. Географиялық қабықтан кейінгі табиғат кешендеріне..... жатады.
9. ......тек географиялық қабыққа тән.
10. Экваторлық белдеуде .......таралған.

Дұрыс жауаптары 1-нұсқа 1. Географиялық қабық 2. Төрт 3. Табиғат компоненттері 4. Тау жыныстары, ауа, су, топырақ, тірі ағзалар 5. Табиғат кешені 6. Ең үлкен табиғат кешені 7. Экваторлық, тропиктік, қоңыржай, полярлық белдеулер 8. Экваторлық белдеу 9. Мұзды шөл зонасы 10. Тропиктік белдеу

2-нұсқа 1. Сахара 2. Арктикалық және антарктикалық белдеулер 3. Субэкваторлық, субтропиктік, субполярлық 4. Құраушыларына 5. Экватордың екі жағы 6. Негізгі географиялық белдеулерге жатады 7. Географиялық қабық 8. Материктер мен мұхиттар 9. Тірі ағзалар 10. Ылғалды мәңгі жасыл ормандар зонасы

Жер шары халқы тақырыбына арналған диктант

1-нұсқа 1. Жер шары халқының саны ..... қарқынды өсті.
2. Халық санының қарқынды өсуі....... деп аталады.
3. Қазақстандағы алғашқы халық санағы...... жүргізілген.
4. Халықтың ұдайы өсуін.... ғылымы зерттейді.
5. Жер шары халқының бір шаршы шақырымға орташа тығыздығы .... келеді.
6. Халық санын реттеу мақсатында.... жүргізіледі.
7. Сыртқы ерекшеліктеріне қарай халықтар....... бөлінеді.
8. Терісінің түсі ақ, қыр мұрынды, ерні жұқа, шашы толқынды не тегіс нәсілдер.....
9. Нәсілдер теңдігін зерттеген ғалым.....
10. ....... БҰҰ Бас Ассамблеясы нәсілдік кемсітушілікті жою туралы қарар қабылдады.

2-нұсқа 1. Н.Н.Миклухо-Маклай....... зерттеген ғалым.
2. Демографиялық жарылыс дегеніміз......
3. Халық саны..... арқылы анықталады.
4. Демография...... деген мағына береді.
5. Қазақстанда тәуелсіздік алғалы......... халық санағы жүргізілді.
6. Терісінің түсі сары, шашы қайратты, көздері қысыңқы, жақ сүйегі шығыңқы......белгілері.
7. Нәсілдік белгілер....... байланысты қалыптасады.
8. Африка мен Австралияда қоныстанған....... нәсілдер.
9. 1965 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясы...... қарар қабылдады.
10. Дүние жүзі елдері даму дәрежесіне қарай...... деп бөлінеді

Дұрыс жауаптары 1-нұсқа 2-нұсқа 1. ХХ ғасырда 1. Нәсілдер теңдігін
2. Демографиялық жарылыс 2. Халық санының қарқынды өсуі 3. 1897 жылы 3. Халық санағы 4. Демография 4. Халықты сипаттап жазамын 5. 40 адамнан 5. 1999 жылы және 2009 жылы 6. Демографиялық саясат 6. Моңғолоидтық нәсіл 7. Нәсілдерге 7. Қоршаған ортамен 8. Еуропоидтық нәсілдер 8. Негроидтық 9. Н.Н.Миклухо-Маклай 9. Нәсілдік кемсітушілікті жою туралы 10. 1965 жылы 10. Дамыған елдер және дамушы елдер

Географиялық номенклатураға арналған диктант

Жер шары таулары мен жазықтары
1-нұсқа 1. ш.б. пен 46С.е. орналасқан тау.........
2. 600ш.б. пен 66С.е. координатадағы тау........
3. 700б.б. пен 320о.е. аралығындағы тау......
4. Орал тауының батысындағы төбелі жазық.....
5. Каспий теңізі жағалауындағы ойпат.......
6. Тигр, Ефрат өзендері аралығында орналасқан жазық.....
7. Үндістандағы ойпат.....
8. Лена мен Енисей өзендері аралығында орналасқан жазық......
9. Қазақстандағы төбелі жазық.....
10. Оңтүстік Америкадағы ойпат.......

Дұрыс жауабы 1-нұсқа 1. Альпы 2. Орал 3. Анд 4. Шығыс Еуропа жазығы 5. Каспий маңы ойпаты 6. Месопотамия ойпаты 7. Үнді-Ганг ойпаты 8. Орта Сібір таулы үстірті 9. Қазақтың ұсақ шоқылы аймағы 10. Амазонка ойпаты


Олимпиада сұрақтары.

1.Жер бетінде ең солтүстік, ең оңтүстік, ең батыс, ең шығыс нүктелер бар ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер
Жауабы: Ең солтүстік нүкте солтүстік географиялық полюсте орналасқан. Ол солтүстіктегі меридиан сызықтарын қосады, 90 градус параллель.
Ал, ең оңтүстік полюс географиялық оңтүстік полюте орналасқан. Антарктида материгінің оңтүстігінде орналасқан. Оңтүстікте меридиан сызықтарын қосады және 90 градус параллель.
Ал, Батыс шеткі нүкте қиыр батыста яғни батыс бойлық 180 градуста 0 градустың түйіскен жерінде яғни экватор бойында.
Ал, Шығыс шеткі нүкте қиыр шығыс яғни шығыс бойлық 180 градуста 0 градустың түйіскен жерінде яғни экватор бойында орналасқан.

2.Экватордан солтүстікке Поляр жұлдызын бақылауға бола ма? Жауаптарыңызды түсіндіріңіздер.
Жауабы: Экватордан солтүстік ендікке қарай поляр жұлдызын көруге болады. Себебі экватор сызығынан солтүстікке қарай жылжыған сайын полярдың көріну градусы ұлғаяды. Ал, керісінше оңтүстікке қарай жылжығанда көріну шамасы төмендейдіде экватордан оңтүстікке өткенде мүлдем көрінбей қалады. Себебі экватор мен поляр арасы 90 градус ендіктік айырма жасайды ал оңтүстікке қарай ол аданда ұлғаяды. Оңт. Амерка, Африка,
материгінің экватордан оңтүстікке қарай бөлігі, Аустралия толығымен поляр жұлдызын көре алмайды.

3.Талтүсте үйлердің көлеңкесі жоқ болса, көше қандай бағытта құрылған?
Солүстіктен –оңтүстікке қарай көше құрылған. Себебі тал түсте күн түсу бұрышының ең жоғарғысы болады. Онда үйдің көлеңкесі батыстан шығысқа түседі.

4.Жердің қай жерінде магнит тіліне сенуге болмайды, өйткені ол магниттелген ұшымен оңтүстікті, ал басқа жағымен солтүстікті көрсетеді?
Жердің магниттік полюсінде тіліне сенуге болмайды. Жерде екі магниттік полюс бар. Біріншісі Солтүстік магниттік полю ол оңтүстік географиялық полюске қарай орналасқан 660 о.е. - 1410 ш.б. ораласқан. Екіншісі оңтүстік магниттік полюс солтүстік географиялық полюске қарай Канаданың аумағында 750 с.е. – 1010 б.б. орналасқан.
Жоғарыда Жердің магниттік полюсінде тіліне сенуге болмайды дедік себебі солтүстік магниттік полюсте компас тілінің ұшы оңтүстікті көрсетеді. Ал, керісінше оңтүстік магниттік полюсте компас тілінің ұшы солтүстікті көрсетеді.

5.Біздің заманымызға дейін бірегей дәу - атлас сақталған. Оның көлемімен қай кезде болмасын жарық көрген бір де бір кітап тең
келе алмайды. Оған 340 жыл. Осы атлас туралы не білесіздер? Ол қайда сақталған?
Жауабы: Ол карта Берлин кітапханасында сақталған!

6.Картада кейбір көрсеткіштерді белгілейтін қисық сызықтардың 9 кем емес түрін атаңыздар. Олармен нені көрсетеді?
Жауабы:
Изобара Қысымы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изобат Тереңдіктері бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изогипс Биіктігі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изотаха Желдің жылдамдығы бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изохора Көлемі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изогиета Жауын-шашын түсуі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изокванта Өнім өндіруі бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изопахита Таужыныстарының қалыңдығының бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық
Изотерма Температуралары бірдей нүктелерді қосатын қисық сызық

7.Африкадағы Мейірімді Надежда мүйісінің бастапқы аты қалай және кейін ол неге осылай аталды
Жауабы: Бұл мүйісті португалдық теңіз саяхатшысы 1488 жылы Бартолем Диаш ашқан. Ол оны Бурь мүйісі деп атады. Кейіннен поргугалия король ІІ Жуан оның атын Мейрімді Надежан Үміт
мүйісі деп өзгертеді себебі Осы мүйіс арқылы Үндістанға баратын жол болсын деп. Кейін Васко да Гама 1497 жылы Мейрімді Надежда мүйісін арқылы Африканы айналып өтіп Үндітанға баратын жолды тауып ІІ Жуанның арманы орындалады.


8.Африкадағы Ақ Нил өзенін неге ақ деп атайды?
Жауабы:
Ніл жер бетіндегі ең ұзын өзен оның ұзындығы 6671 км, суының алабы 2870 мың шаршы шақырым. Ол бастауын Шығыс Африка тауларынын бастау алып сағасы Жерорта теңізіне құяды. Осы сағасында ежелгі Мысыр мәдениеті қалыптасқан. Арабша атауы Аль-Бахр. Ніл ол латынша атауы. Ақ Нілді ағылшын Джон Спик ашқан. Ақ Ніл Сол жақ саласы болып келеді Собатаның етегінен басталады соңы батпақты болып лай болып ағады. Оны Бахр-аль газал деп атайды.

9.Оңтүстік Америкадағы қандай географиялық объектінің аты үндістер тілінен аударғанда үлкен су деген мағынаны білдіреді?
Жауабы: Игуасу сарқырамасын үндістер Үлкен су деп атаған.

10.Галапагос аралдарында болған пираттар еті деликатес болып саналатын қандай жануарлармен кеме трюмдарын толтырады екен?
Жауабы: Пілтаспақа

11.Антарктидада Ванда көлі бар - әлемдегі ең ғажайып суқоймалардың бірі. Көл мұзының қалыңдығы 4 м. Мұз астында бір қабат тұщы су, ал төменірек ащы су орналасқан, және оның ащылығы теңіз суынан жоғары. Ауа температурасы бұл ауданда әрқашан төмен. Қыста аяз - 40, - 50*С дейін жетеді, ал түбінде шамамен 70 м тереңдікте су жылы - + 25, +27*С. Жылы су көздері көлде жоқ. Ол неге сонда жылы?
Жауабы: Антарктидада Ванда көлі бар - әлемдегі ең ғажайып суқоймалардың бірі. Себебі ол көл антарктиданың қақаған аяздарында жып жылы болып тұрады. Осыған байланысты
ғалымдар көптеген пікірлер кетіреді. Көлдің суында микроорганизмдер жоқ, су өте мөлдір суының бетінде су тұщы болғандықтан ол күннің көзін жақсы сіңіреді. Ал астынғы қабатында судығ тұздылығы жоғары болғандықтан ол бойна сіңірген жылуды сырқа шығармайды. Өйткені судағы тығыздық жоғары яғни жоғарғы бөлікпен астыңы бөлік суралы аралас алмайды ол тек жоғарыдан күн көзінің жылуын қабылдайды. Бойындағы жылуды сырқа шығармай ұстап тұрады.

12.Пойыздың жылдамдығының әлемдік рекорды қай елге жатады?
Жауабы: Қытай

13.Барлық азық-түлік тауарлардың бағасына қарай қандай ауылшаруашылық өсімдігі бидайдан кейін әлемде екінші орын алады?
Жауабы: Күріш

14.Алтыдан кем емес шеқаралық өзендерін атаңыз. Ол өзендер қандай мемлекеттерді бөледі?
Жауабы:
Амур өзені (Қытай -Ресей)
Ертіс-Обь (Қытай-Қазақстан-Ресей)
Сырдария өзені (Тәжікстан-Өзбекстан-Қырғызстан-Қазақстан)
Жайық өзені (Ресей-Қазақстан)
Ганг өзені (Үндістан -Бангладеш)

15.Апвеллинг терминге түсінік беріңіз
Жауабы: Апвеллинг түсінігі су астынан көтерілу деген мағынаны білдіреді. Яғни су астында тереңдікте байқалады. Әсіресе материктік батыс шекараларында жиі байқалады.
Апвеллингтің 4 түрі белгілі: 1) Жағалық апвеллинг, 2)Ірі масшатбы апвеллинг 3) желдік апвеллинг 4) Мұхиттық апвеллинг

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.