Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ГЕОГРАФИЯ пәнінен есептер және тест жинағы



 ГЕОГРАФИЯ пәнінен есептер және тест жинағы

Пән мұғалімі: А.Бақытжанова

Сағаттық белдеулер тақырыбында меридиан градустары арқылы уақыт айырмасын есептеу
1.Астанада сағат 16.болғанда (70ш.б.) Каирде уақыт қанша? С
а)сағ.13 ә)сағ.15 б)сағ.12 в)сағ.16
Жауабы:75-30=45х4мин=180 мин=3 сағ. 16-3=13 сағ

2.Алматыда(77ш.б.)сағ 15 болғанда Вашингтода 74б.б. неше?
а)13сағ. ә)5сағ. б)3сағ в)7сағ.
Жауабы:77+74=151х4мин=604:60мин=1Сағ
15сағ-1Сағ=5 сағ. Вашингтонда таңғы 5 сағ.

3.Киевте(30ш.б.)сағ. Түскі 12 болғанда Қарағандыда (75ш.б.)қанша?
а)16сағ ә)11 сағ б)15 сағ в)14 сағ
Жауабы:75ш.б.-30ш.б.=45х 4 мин=180мин:60мин=3 сағ.
Қарағандыда сағ. 12+3=15 сағ.

4.Берілгені.52ш.б.жергілікті сағат түскі 12болғанда,83ш.б.сағат қанша болады?
Табу керек.83ш.б.сағатты.
Шешуі.( 83-52) 4=124 минут.124мин:60=2 сағат+12=14сағат.
Немесе 80пен 52 арасы 2 сағат сондықтан, 12+2=14
Жауабы.Сағат 14 болады.

5.Берілгені.15ш.б.жергілікті уақыт 01:00 болғанда,30 батыс бойлықта сағат қанша болады?
Табу керек.30б.б. сағат қанша екенін.
Шешуі. 15+30х4=180 01:00+24:00=25:00
180:60=3 сағат 25:00-3:00=22:00

6.Берілгені. Жер беті шартты түрде 24 сағаттық белдеуге бөлінген,ал әр сағаттық белдеудің арасы қанша градусқа тең?
Табу керек.Әр сағаттық белдеулер арасындағы арақашықтықты.
Шешуі.Жер шар тәрізді десек,онда шеңбер сызу үшін 360 керек.
360:24 сағатқа=15
Жауабы.Әр градустың арасы 15-қа тең.
Яғни,әр 15-1 сағат(1 сағ=60мин; 60мин;15=4минутқа тең.Әр1арасы 4 минуттан.1-ші сағаттық белдеу-730мин.басталады).

7.Берілгені.Қазақстан жерінде кеш болғанда АҚШ-та 90бойлықта қай уақыт болады?(таң,түс,кеш,түн).
Табу керек.АҚШ-та 90бойлықтақандай мезгіл болатынын(таң,түс,кеш,түн).
Шешуі.Сағаттық белдеулік картасы бойынша ҚР-сы 3-4-5 сағаттық белднуде орналасқа(сағаттық белдеулерді қосуына байланысты,қазіргі соңғы кезде екі сағаттық белдеуге өзгертілді).Яғни,5-ші сағаттық белдеуде кеш болса,сағат 18,батыс жарты шарда орналасқан АҚШ-та 90б.б сағаттық белдеуде таңғы 05:08 болады.
ҚР-ның шығыстағы шеткі нүктесі 87ш.б+АҚШ 90=177
1774мин=708 мин:60(1сағ.)=11:08сағат айырмашылық бар.
ҚР-да сағ 18+11:08=таңғы 05:08 сағат болады.
Жауабы.АҚШ 90б.б сағат 05:08 болады.Яғни таң атады.

8. 770ш.б орналасқан Алматы қаласында 16 сағат болғанда, 740 б.б орналасқан Нью-Йоркте сағат неше болатынын анықта.
Жауабы: 770ш.б+740 б.б=1510х4=604:60=1,4 ( 1 сағ15 мин)
Арақашықтығы: 151х111=16761 км

9.520 ш.б жергілікті сағат түскі 120Сағ болса, 830 ш.б сағат қанша?
Жауабы: 83-52=31х4=124
124:60=2 сағ 4 мин+12 сағ=14 сағ 4 мин
Арақашықтығы: 83-52=31х111 км=3441 км

10.770 ш.б. орн. Алматы қ - да 10 қыркүйектегі таңғы сағат 8. 00 болғанда 1170б.б. Сан-Диего қ-да қай күннің қай уақыты болады? (77+117х4: 60 =13 - 8= 5 сағ. 24 - 5=19. 00)
Жауабы: Сан – Диегода 11 күні .19. 0Сағ


Гидросфераға байланысты есептер
1. Каспий теңізінің орташа тұздылығы 13 ‰ болса, 1 м судың құрамындағы тұз мөлшері қанша болады?
2. Қара теңізінің орташа тұздылығы 21,8 ‰ болса, 1 м судың құрамындағы тұз мөлшері қанша болады?
3. Іле өзені бастауының биіктігі (теңіз деңгейінен) 3540 м, ұзындығы 1439 км, сағасының биіктігі 340 м. Өзен құламасы мен еңісігін анықта?
4. Қызылорда қаласының маңында Сырдария өзенінің ені 80 м, тереңдігі 4 м, өзен суының шығыны 703 м̸с. Табу керек өзен ағысының жылдамдығын.
5. Хан – Тәңірі нүктесінің теңіз деңгейінен абсолюттік биіктігі 6995 м. Каспий, Арал, Балқаш көлдерінен Хан – Тәңірі қанша метр биікте орналасқан?
6. Егер 1 жылда Атлант мұхитына 5 – 10 млн т мұнай қалдықтары төгілетін болса, оның ауданының мұнаймен ластануы қаншалықты өзгереді?
7. Елдегі барлық көлдердің жалпы ауданы 45 мың км . Бұл ел аумағының қанша пайызын алып жатыр?
8. Каспий теңізінің орташа тұздылығы 13 ‰ , суының көлемі 78200 км . Теңізде жалпы қанша тонна тұз қоры бар.
9.Кемеден жіберілген эхолот дыбысы теңіз түбіне 3минутта жетіп,қайтып келсе,теңіздің тереңдігі қанша?
1500м/с-эхолоттың жылдамдығы.
1500•3=4500м.
4500:2=2250м теңіздің тереңдігі.
10.Көлемі 200 куб метр сынып бөлмесінің ауасында +20температурада қанша литр су буы болады?
Жауабы:200•17=3400г=3,4л
+20температурада әрбір куб метр ауада 17г су буы болады.
11.Бір тонна мұхит суында қанша тұз болады?
Жауабы:1000•35=35000г.
12.Каспийдің солтүстігінде тұздылық 14промилде 1 тонна теңіз суынан қанща тұз алынады?
а)2800г ә)14000г б)140г в)1000г
Жауабы:1000 л х 14=14000г
2.Іле өзенінің еңістік мөлшерін тап H1=4000 м, H2=350 м
а)3 м; ә)2,6 м: б)0,6; в)2 м.
Жауабы:І={Н1-Н2}:L=4000-350:1700 м=2,6 м
L-өзеннің ұзындығы,І-еңістігі,Н1-бастаудағы h.Н2-сағадағы һ
13.Берілгені.Петропавл қаласында буланушылық мөлшері 500мм,жауын-шашын 500мм.Ал,Қызылорда қаласында булаанушылық 900мм,жауын-шашын 150мм болғанда,ылғалдану коэффициенті қаншаға тең болады?
Табу керек.Екі қаланың ылғалдану коэффициентін табу.
Шешуі.К=Ж:Б формула бойынша есептесек.
Петропавл қаласында-К=500:500=1
Қызылорда қаласында-К=150:900=0,17
Жауабы.Петропавлда К-1-ге тең,ылғал жеткілікті(орманды дала,дала зонасы кездеседі). Ал,Қызылорда қаласында К-0,17-ге тең.Ылғал жеткіліксіз (шөлейт, шөл зонасы орналасқан).


Тест: Экология және мен


1. Сіз тісіңізді жуып тұрсыз. Сол уақытта шамамен қанша литр суды босқа ағызасыз? А. Бір литр Ә. Екі литр Б. Бес литр
2. Сіздің отбасы мүшелері газетті оқып болды. Ары қарайғы сіздің әрекетіңіз? А. Бірінші мүмкіндікте лақтырып тастау Ә. Газеттерді қағаз жинайтын жерге тапсырып, сөйтіп жергілікті бөлім Жасыл әлем ұйымынан алғыс алу. Б. Бұл менің жұмысым емес.
3. Сіздің әке шешеңіздің машинасы өте ластанған. Не істейсіз? А. Ата анамен бірге машина жуатын жерге барып жуасыз. Ә. Таныс балдарға жудыру. Б. Машинаны жақын жердегі көгалдың ортасын қойып, өзіңіз тазартуға кірісесіз.
4. Түсте сіз жолдастарыңызға баруыңыз керек. Не істейсіз? А. Әкеңізге апарып таста деп өтініш жасайсыз. Ә. Аяғыңызға ролик киіп, өзіңіз кетесіз. Б. Еш жаққа бармауға ұйғарасыз. Себебі бәрібір үлгермейсіз.
5. Сіздің сүйікті көйлегіңізді жуу керек. Не істейсіз? А. Қолмен тез арада жуасыз. Ә. Жууға үлкен апаңызға бересіз. Қарап отырмай іспен шұғылданасың. Б. Көйлекті кір жуатын машинаға саласыз.
6. Сіз сусындарды, көбінесе, қандай ыдыспен аласыз? А. Шыны ыдыс. Ә. Пластика Б. Қағаз ыдыс
7. Сіз салқын кеште машинада келе жатырсыз. Салқын тимес үшін сіз не істейсіз? А. Үйден алып шыққан жемпірді киесіз. Ә. Машинаның барлық терезесін жабасыз. Б. Ата анаңнан жылуды қосуды өтінесіз.
8. Сізге ертең сабақта оқитын дәріске байланысты кейбір қажетті нобайларды сызу керек. Ол үшін сіз қандай қағазды пайдаланасыз? А. Өте жақсы, жаңа сықырлап тұрған қағазды. Ә. Жазу жазылатын блокнот. Б. Артқы жағы таза, ескі жазылған қағаз.
9. Сіз жақын тоғайға жолдастарыңызбен дем алуға бардыңыз. Сізден кейін не қалды? А. Тамақтан қалған ыдыстар, т.б қалдықтар көмілген төмпешіктер қалды. Ә. Ештеңе қалған жоқ, себебі қалдықтардың бәрін өздеріңізбен алып кеттіңіздер. Б. Еркіндікке жол берілген. Сіз сыпырушы емессіз, қалдықтарды кез келген жерге тастап, ыдыстарды ағашқа іліп, ойға келгенді істедіңіз.
10. Сіз табиғаттану сабағында не істедіңіз? А. Әдеттегідей ұйықтадық. Ә. Дәптерге Арал теңізін салдық. Б. Қоршған сыртқы орта туралы тереңірек ойладық.
Сонымен экологиялық тақырыптарға берілген есептер, тесттер пәнаралық байланыстарды ашып, оқушыларды ізденуге, ойлануға, адам өміріне, денсаулығына табиғаттың зор маңызының бер екенін анықтауға көмектеседі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.