Глобус пен географиялық карта тақырыбына арналған диктант
Глобус пен географиялық карта тақырыбына арналған диктант
1. ......солтүстік және оңтүстік полюстер арқылы жүргізілген шеңберлер. 2. Экваторға параллель немесе меридианға кесе көлденең жүргізілген сызықтар..... 3. .....Жердің дәл үлгісі 4. Жер бетіндегі нүктенің экватордан градуспен алынған қашықтығы..... деп аталады. 5. ..... жер бетіндегі нүктенің бастапқы меридианнан градуспен көрсетілген қашықтығы. 6. Масштабына қарай карталар ..... топқа бөлінеді. 7. 1: 100 000-ға дейінгі карталар.... болып саналады. 8. Жер бетінің пішіні карталарда........ арқылы кескінделеді. 9. Ұсақ масштабты карталарға....... жатады. 10. Географиялық бойлық....... дейін есептеледі.
Дұрыс жауабы: 1. Меридиандар 2. Параллельдер 3. Глобус 4. Географиялық ендік 5. Географиялық бойлық 6. Үш 7. Ірі масштабты 8. Қабатты бояулар мен горизонталдар 9. 1:100 000 000 ұсақтары 10. 00-1800-қа Литосфера тақырыбына арналған диктант
1-нұсқа 1. Жердің сыртқы ........ қабығы бар. 2. Жоғарғы мантия мен жер қыртысы........ құрайды. 3. Жер қыртысының құрлықтағы қалыңдығы....... жетеді. 4. Жердің қатты сыртқы қабаты.... 5. Жер қыртысынан кейінгі жер қабаты..... 6. Литосфералық тақталар жылына....... ығысады. 7. Жер қыртысы....... тұрады. 8. Жер қыртысында су, жел, т.б. күштер әсерінен пайда болатын тау жыныстары.... аталады. 9. Шөгінді тау жыныстары.... деп бөлінеді. 1 0. ....... тау жыныстарын құрайтын табиғи заттар.
2-нұсқа 1. Жердің ішкі құрылысы...... тұрады. 2. Тау жыныстарын зерттеу, пайдалы қазбаларды барлаумен..... айналысады. 3. Тау жыныстары пайда болуына қарай..... бөлінеді. 4. Магманың жер бетіне шығып, немесе жер қойнауында суынуынан .... пайда болады. 5. Жер қыртысының қозғалуының....... белгілі. 6. ......жер қыртысы мен жоғарғы мантиядағы ығысу мен ыдырауынан пайда болатын жер бетінің тербелуі. 7. Жердің терең ішкі бөлігіндегі тау жыныстарының ығысатын жері.... деп аталады. 8. .....жер сілкіну ошағының жер бетіндегі нүктесі. 9. Жер сілкіну жиі қайталанатын аймақтар....деп аталады. 10. Жанартаулар ...болып бөлінеді.
Дұрыс жауабы 1-нұсқа 2-нұсқа 1. Төрт 1. Жер қыртысы, мантия, ядро 2. Литосфера 2. Геологтар 3. 30-80 км 3. Үш топқа 4. Жер қыртысы 4. Магмалық тау жыныстары 5. Мантия 5. Екі түрі 6. 2-5 см 6. Жер сілкіну 7. Тау жыныстарынан 7. Жер сілкіну ошағы 8. Шөгінді тау жыныстары 8. Жер сілкіну эпицентрі 9. Кесек, органикалық, химиялық 9. Сейсмикалық аймақтар 10. Минералдар 10. Сөнген және сөнбеген
3-нұсқа 1. Жанартау бөліктеріне........ жатады. 2. ....... атқылауы жөнінен ешқандай мәлімет қалмаған жанартау. 3. Үнемі атқылап тұратын жанартаулар...... 4. Жер бетіне бұрқақ түрінде атқылап тұратын бұлақтар.....деп аталады. 5. Биіктігі....... дейінгі таулар аласа таулар. 6. Пайда болуына қарай таулар.... болып бөлінеді. 7. ....... жер шарындағы ең биік тау. 8. Сыртқы күш әсерінен тау жыныстарының өзгеруі...... деп аталады. 9. .....- жер бетінің тегіс, қырқалы бөлігі. 10. Абсолют биіктігіне қарай жазықтар... деп бөлінеді.
4-нұсқа 1. ......биіктігі 200метрге дейінгі жазықтар. 2. Биіктігі 2000 метрден асатын таулар..... 3. Жер бетінің ерекше биік бөлігі.... деп аталады. 4. Эпицентр сөзінің мағынасы.... 5. Жер қыртысы қозғалысын .... құралының көмегімен анықтайды. 6. Температураның өзгеруінен тау жыныстарының өзгеруі.... болып саналады. 7. Жазықтар... деп екіге бөлінеді. 8. Қыраттар картада ....... боялады. 9. Таулардың ұзақ уақыт бұзылуынан.... пайда болады. 10. Жер бетіне шығып төгілген магма ..... деп аталады.
Дұрыс жауаптары 1-нұсқа 2-нұсқа 1. Магма, көмей, кратер, лава 1. Ойпаттар 2. Сөнген жанартау 2. Биік таулар 3. Сөнбеген жанартаулар 3. Тау 4. Гейзерлер 4. Үстіңгі шеңбер 5. 500-1000 метрге 5. Сейсмограф 6. Ескі және жас таулар 6. Физикалық үгілу 7. Гималай 7. Тегіс және төбелі 8. Үгілу 8. Сарғыш түспен 9. Жазықтар 9. Төбелі жазықтар 10. Ойпаттар, қыраттар, таулы үстірттер 10. Лава
|