Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





оршаған ортаны қорғау



5.4 Қоршаған ортаны қорғау

Қоршаған ортаны ластау сипаттамасы және олардың мөлшерлері жөнінен мәліметтер.Кептіргіш агрегат орналасатын территория барлық өндірістік ғимараттарымен бірге жан-жағынан қоршалуы қажет. Өндіріс орналасатын аумақты көгалдандыру қарастырылып, өрттің таралуынан сақтайтын қорғаныс жолақтарды, шудың таралуынан және қондырғыдан ауаның ластауын сақтайтын қорғаныс зоналарын, жаяушыларды көшенің өту аумағындағы шу мен шаңнан қорғауға, ал ғимараттар мен жүруші жолдарын артық күн қызуынан сақтауға бағытталған көгалдандыру жолақтарын, өндірістегі жұмысшылар мен қызметшілердің жұмыс істеу жағдайларын жақсарту, сонымен қатар ашық ауада демалыс орындарын ұйымдастыру қажет. Көгалдандыру өндірістік аумақтың 15%-нен кем болмауы қажет.

Ағын суларды, топырақты, ауаны тазарту әдістері. Канализацияға ағызылатын және ауаға шығарылатын қалдықтарды тазалау үшін арнайы тазарту қондырғылары, сүзгіштер қолданылады.

Біздің өндірісте сыртқа су шығарылмайды, себебі калориферде түзілген конденсат қайтадан өндіріске беріледі.

Қоршаған ортаны қорғауға бағытталған шараларды жүзеге асыруға кететін шығындарды жоспарлау. Жоспарланған шығындар оқу-өндірістік аумақтағы қоршаған ортаның күйін жақсарту мақсатында территорияны көгалдандыруға жұмсалады, сонымен қатар қалдықтарды қайта өңдеп, пайдалы заттарды шығаруға пайдалану.

Қызметшілер еңбек шартын қорғау.Бақылау және өлшеу құрумен және онымен жұмыс атқаратын мамандар еңбегі күрделі жұмыстар қатарына жатады.Өлшеу аспаптарымен жұмыс жасау көру қабілетіне, белге, иықтарға, жұлынға, мойын аумақтарына үлкен әсерін тигізеді, соның нәтижесінде түрлі кемістіктер пайда болуы мүмкін:

- бас ауруы;

- көздің талуы;

- мойында, иықта, арқада аурудың пайда болуы.

Сондықтан міндетті түрде жұмыс режимін сақтау керек. Бұл режим: 45 минут жұмыс жасаса, қалған 15 минутта демалу керек. Сонда сегіз сағаттық жұмыс күнінде бақылау және өлшеу алдында отыратын сағат саны 5-6 сағаттан аспауы керек. Үзіліс кезінде оператор көзге әсер етпейтін жұмыстар жасауына болады. Көзге ауыртпалық түсірмеу үшін келесі кеңестер беріледі:

- көзді жиі жұму керек;

- бір нәрседен екінші нысанаға қарағанда бірнеше уақыттан кейін ғана қарау керек.




  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.