Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шара



5.2 Қауіпсіздік техникасы және өртке қарсы шара

5.2.1 Электр қауіпсіздігі

Адамның организмі арқылы күші 0,1 а тоқ өтетін болса, адам өмірі үшін қатерлі деп саналады. Дені сау адам организмінің электр кедергісі ондаған мың Омға тең, оның нақты мөлшері адамның денсаулығы мен күш қуатына байланысты. Ерекше бір қолайсыз жағдайларда адам организмінің электр кедергісі небары 400 – 1000 Ом мөлшерінде ғана болады. Ом заңын формуласы

 I = U / R пайдалана отырып есептелгенде 40 В кернеудің өзі өміріне қатерлі екендігі аңғару қиын емес.

Адамдарды тоқ соғу көбінесе мына жағдайлардың салдарынан болады:

а) тоқ келтіретін бөлшектерге, жалаңаштанған электр сымдарының жанасуынан, электр жетегінің, рубильниктердің, лампалы патрондардың сақтандырғыштардың, сондай – ақ кернеу жағдайында тұратын аспаптар мен аппаратуралардың контактілеріне жанасудан;

б) электр қондырғының қалыпты кернеуде болмуынан, оқшауламасының бүлінуі салдарынан, кернеу жағдайында тұрған бөліктердің жанасуынан, электр қондырғысының бөлігі болып саналмайтын, бірақ қандайда бір жағдайымен тоқ өткізіп, кернеу жағдайында болуы, мысалы қондырғы орналасқан үйдің дымқыл қабырғаларына, металлды бөліктеріне жанасудан.

в) Электр сымының үзілген өткізгішінің жерде жатқан ұшына жақын барудан.

Электр тоғы соғудың қаупі тікелей жерді басып тұрғанда, тоқ жүретін өткізгіштердің біреумен немесе тоқ жүретін басқа бір бөлігімен жанасқан кезде туады. Сондай – ақ бір мезгілде өткізгіштердің біріне және дымқыл қабырғаға немесе жермен жалғанған металл бөліктеріне жанасу да қауіпті: әсіресе адамның кернеу түсіп тұрғанда тоқ жүріп тұрған екі өткізгішке бір мезгілде жанасуы өте қауіпті.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.