Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





рт қауіпсіздігі



5.2.2 Өрт қауіпсіздігі

Өрт қауіптілігі жөнінен «В» категориясына, өртке төзімділік деңгейі «І» болатын өндірістер үшін ғимараттардың өртке төзімділік шегі 2,5 сағаттан кем болмауы қажет. Текпешек алаңдары мен дәліздердің өртке төзімділік шегі– 1 сағаттан, сыртқы қабырғалардың өртке төзімділік шегі 0,5 сағаттан кем болмауы қажет. Өрттің пайда болуына әртүрлі заттардың электр қыздырғыштармен қатынасуы, электр жарықшалары, электр доғасы себепкер болып табылады. Өрт қаіпсіздігін жоғарылату үшін электр қыздырғыштарды, электро-қондырғыларды қорғаныс қабықшалармен қаптайды, не болмаса оларды арнайы щиттерде орналастырады. Өрт бола қалған жағдайда біз өрт жалындарын механикалық жолмен қатты су ағыны арқылы сөндіреміз. Біздің өндіріс өрт қауіпі жөнінен «В» категориясына жататындықтан, сыртқы су құбыры қарастырылады. Ол гидрантармен жабдықталып, ғимараттан қашықтығы 150 м. артық, 5 м. кем болмауы қажет. Сонымен бірге ғимарат ішінде арнайы өрт сөндіруге арналған су құбырлары жүргізілуі керек. Олар арнайы ашқыштармен жабдықталып, жерден 1,35 м. биіктікте орналасуы керек. Өрт сөндіруге жұмсалатын су шығыны сыртқы және ішкі өрт сөндіруге кететін су шығындары қосындысынан тұрады. Текстилді және тамақ өндірісінде көлемі 3000 м3., өртке төзімдік дәрежесі І, өндірісті өрт шалу қаупі бойынша «В» категориясына кіретін ғимараттар үшін сыртқы өртті сөндіруге жұмсалатын су көлемі 10 л/с болып табылады.

Ішкі өртті сөндіруге кететін су шығынын (5.1) формула бойынша анықталады.

Q = F*U                                                 (5.1)

 

мұндағы F- су құбырының көлденең қимасы, м2,

U – су ағынының жылдамдығы, м/с.

 

 

Осыдан келіп жалпы су шығыны формула бойнша анықталады.

 

               Q=10+10=20 л/с                                                (5.2)

 

Өртті сөндіру құралдары өрт сөндіру қалқанында орналастырылады. Өрт сөндіру қалқанының құрамына кіреді: екі көбікті өртсөндіргіш, бір көмірқышқылды өрт сөндіргіш, бір жәшік құм, асбест матасының орамы, екі лом, үш багра, екі балта. Өрт сөндіру қалқандарының саны өндіріс тери-ториясының әр бір 5000 м2. бір өрт сөндіру қалқаны орналасатындай етіп алынады.

Біздің өндірісте өрт бола қалған жағдайда, автоматтандырылған өрт сөндіру құралдарын қолдану қажеттігі жоқ, себебі цехта барлық уақытта да жұмысшылар болады, оларға өртті сөндіру міндеті жүктеледі. Өрт дабылы бірнеше техникалық құралдар жиынтығынан тұрады (қорғалатын объектте орналасатын және өрт бола қалған жағдайда оны анықтауға арналған өрт хабарлағыштары, байланыс желілері, арнайы ақпарат түрлері, қабылдау станциясы және т.б.). Өрт хабарлағыштар электрлі емес физикалық шамаларды (жылулық сәулелену және жарық энергиясы, түтін бөлшектерінің қозғалысы) электр сигнал түрінде, арнайы формат бойыша байланыс желілері арқылы қабылдаушы станцияға жібереді.

Апатты және өрт туа қалған жағдайлар үшін: ашық көрінетін жерлерге өрт қауіпсіздік ережелері, жұмысшылар мен мүлікті эвакуациялау жоспары, шығу жолдарын көрсететін бағдарша тақтайлар ілінуі керек. Цехтің ішінде кем дегенде екі аппатты шығу жолдары болу керек.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.