Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ндірістік санитария



5.3 Өндірістік санитария

Өндірістік санитарияға– өндірістік зиянды факторлардың анализін және олардың еңбек шартына тигізетін әсерлерін азайту және жою.

СН 245-71, МЕСТ 12.1.005-88 сәйкес ауа қозғалысының жылдамдығы, ылғалдылығы және температурасы;

Микроклиматты нормалау МЕСТ 12.1.005 сәйкес жүргізіледі.

Ауа температурасы:

- рұқсат етілетін шама – 20-30 0С;

- оптималды шама– 15-25 0С.

    қатысты ылғалдылық, %:

- рұқсат етілген шама– 60-40;

- оптималды шама– 60.

Ауа қозғалысының жылдамдығы, м/с, аспауы қажет: 0,4, оптималды 0,3. Тұрақты жұмыс орындарынан тыс жерлердегі ауа температурасының шамасы,– 20-24 0С болуы қажет.

Ауа тазалығын және микроклиматты нормалауға бағытталған іс-шараларға жатқызуға болады: Буларды, газдарды, шаңдарды, ылғалды, артық жылуды сыртқа шығармау және олардың жұмыс істеу аумағына түспеуін қамтамасыз ететін технологиялық үрдістерді және қондырғыларды пайдалану;

-Машиналардың және қондырғылардың, технологиялық байланыс жолдарының ауа алмастыру жүйелерінің бүтін болуы;

-Жұмысшыларды қауіпті аумақтан алып шығуға мүмкіндік беретін, сонымен қатар еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін өндірістік үрдістердің автоматталынуы және механикаландырылуы ;

-Ауа алмастыру және жылыту құрылғылары, жылу көздерін экранизациялау және жылуды шығармау жеке қорғаныс құралдарын қолдану.

Бөлмеде артық бөлініп шығарылатын жылу көздері– кептіргіш барабандар, электрожылытқыштар болып табылады. Жылулық сәулеленуден қорғану үшін жылу оқшаулағыштар қолданылады. Жылу оқшаулағыштың сыртқы қабатының температурасы 45 0С аспауы қажет.

 Қалыпты жұмыс жағдайын қамтамасыз етуге бағытталған іс-шаралар (аспирация, ауа алмастыру). Ауа алмасу дәрежесі;

СНиП 2.04.05-86 сәйкес жылуды, ылғалдылықты, сонымен бірге зиянды булар мен газдарды қалыптан тыс мөлшерде бөліп шығаратын цехтарда ауа алмастыру жүйелері қолданылады. Ол жүйелердің жұмысы нәтижесінде жұмыс аумағында ауа қабатының алмасуы жүзеге асады.

Осының нәтижесінде конвективтік жылу алмасады, бұл бөлме температурасы тұрақты болған жағдайдың өзінде де жұмысшылардың өз қал-жағдайларының жақсы сезінуіне ықпал етеді. Ауа алмастыру жүйесі цехта бөлініп шығатын улы заттарды таза ауамен араластыру арқылы олардың шекті рұқсат етілген қалыптан асып кетпеуін қамтамасыз етеді, ал артық жылу бөліну жағдайында ауа алмастыру жүйесі ауа температурасын төмендетеді. Ауа алмастыру жүйесі ауаны жылыту қызметінде атқарады, себе қыстың күні ауа ішке жылытылып беріледі.

Ауа алмастыру жүйесінде ауаны жылыту үшін калориферлер қолданылады. Ауа сорғыш құралдар зиянды заттардың рұқсат етілген мөлшерден аспайтын жерлерге орналастырылады. Ауаны тазарту үшін көптеген жағдайда сүзгіштер қолданылады.Артық жылу бөлінетін оқу-өндірістік орындарда ауа алмастыру жүйесінің жұмыс қуаты формула (5.3) бойынша анықталады:

 

V=Qарт / [Cpr(tал – tағ)]                                            (5.3)

 

мұндағы Qарт– нақты бөлініп шығарылатын артық жылу мөлшері, 30 Дж/м3 с,

Cp –тұрақты қысымдағы ауаның салыстырмалы жылу сыйымдылығы, тең 1кДж/(кг*К),

r– ішке жіберілетін ауа ағынының тығыздығы, 7,5*10-7 кг/м3,

Tал– алынатын ауа температурасы, 30 0С,

Tағ– ішке ағатын ауа температурасы, 20 0С.

V=30/1000*(30-20)*7,5*10-7=4000 м3/ч.

1. Жарық жұмысының дәрежесі. СН және ПII-4-79 -ге сәйкес табиғи, апатты және жасанды жарықтандыру жүйелері.

ІІІ жұмыс дәрежесіне сәйкес, жарық екі құрамадан– бүйірден берілетін табиғи жарық пен жасанды жарықтан тұрады. Табиғи жарық физиологиялық тұрғыдан алғанда басқа жарық түрлеріне қарағанды қолайлы болып табылады, себебі оның спектріне кіретін ультракүлгінді құрушылар нақтырақ анықталған. Бірақ-та бұл жүйенің басты кемшілігі– оның жыл, тәулік мезгілдеріне, ауа-райына тәуелді болуы болып табылады. Кейбір жағдайларда күндізгі уақыттың өзінде табиғи жарықтық жеткіліксіз болып қалады, сол кезде жасанды жарықтандыруды қолдануға тура келеді.

Біздің жағдайда біз бүйірден түсетін табиғи жарықты қолданамыз.

Табиғи жарықтану коэфициенті КЕО=1%.

Жарықтандырылатың цех алаңының ауданы=32м2.

СНиП ІІ-4-79 бойынша табиғи және жасанды жарықтануды жобалаудың нормалары. Жұмыс істеу дәлдігіның дәрежесі– орташа. Жарық жұмысының дәрежесі– ІІІ. Жарық жұмысының дәреже асты көрсеткіші– 2. Объектің фонмен контрасты– үлкен. Фон сипаттамасы– ашық. Жасанды жарықты қолдану кезінде жарықтану– 60 лк. құрайды. КЕО– 4%. Жұмысшылар жарықтандыру жүйесі өшкен жағдайда, жарықты автономды тоқ көзінен алады.

Жасанды жарықтандыру– жарық ағынын пайдалану коэфициенті арқылы анықталады. Цех ұзындығы– 8 м., ені– 4 м., төбесі әктелген, қабырғаларының түсі– ашық түсті, терезелері пердемен жабылмаған. Төбесінің биіктігі– 3,2 м. Желі кернеуі– 220 В. Қажетті жарықтық– 70 лк. Жарық ағынын пайдалану коэфициенті– eп=70%, eс=50%. Қор коэфициенті К=1,5. Бөлме ауданы S=8*4=32 м2. Бөлме индексі і=2,5. Бөлменің биіктігі мен жарықтандырғыш шамдар ара-қашықтығы арасындағы қатынас L:h=1,5 тең.

L=1,5*h=1,5*2,7»4 м.

Цехтың ұзына және ені бойына орналасатын шамдар саны:

nұ =8:4=2 лампа, nе=4:4=1лампа.

Жалпы барлық шамдар саны– 2. Шамдардың УПО түрлерінің үшін берілген бөлме индексі және шағылу коэфициенттерінің мәндері бойынша пайдаланылу коэфициенті h=42. Орташа жарықтанудың минималды жарықтануға қатынасы z = 1,15. Әрбір шамның жарық ағыны формула бойышна анықталады

 

                      (5.4)

Берілген желі кернеуі 220 В., қуаты 250 Вт. шам 3780 Лм. жарық ағынын береді, сондықтан шамдар санын азайтуға тура келеді. Қолданылатын шамдардың саны формула бойынша есептеледі.

 

                                   (5.5)

 

Шамдардың орналасу ретін өзгерту қажет. Қуаты 500 Вт. болатын бір шамның орнына екі шамды қолданамыз. Оларды бөлменің ұзына бір қатар-дың бойына орналастырамыз. Бөлме төбесі мен қабырғалары ашық түске боялуы қажет, өртке қарсы құрал-саймандар қызыл түспен боялуы қажет. Бу құбырлары қызыл, су құбырлары жасыл, кептіргіш агрегат сарғыш түске боялуы қажет.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.