Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Басқарудың стандартты пульттерін және қалқанын таңдау



3.5 Басқарудың стандартты пульттерін және қалқанын таңдау

 

Түйіндер және КТЭУ қондырғыларының ұзындығы 800, ені 800 биіктігі 2200 мм жәшіктерден орнатылады. Кейбір жағдайларда күрделі көлемдегі аппаратураларда орнату үшін ұзындығы үлкен жәшіктер қолданылады. Қажет кезінде жәшіктің үстіңгі бөлігіне тиристор желдеткіштері, ал кейде динамикалық тежеуінің регистраторлары орнатылады.

КТЭУ құрылысында желдету бөлігін және басқару жүйесін бөлуге болады Iном = 500 А – ге дейінгі электр жетектерінде желдету бөлігі СВУ күштік блоктарында орындалған.

Синхронды электр жетектерінде Iном = 415 жәшіктің жоғарғы бөлігінде тиристорларды суытып тұру үшін, күштік блоктарды жәшіктің алдыңғы және артқы жағына орналасады. Iном = 500 А – дейінгі электр блоктарында орындалған.

Жәшіктің ішінде олар қажет сүлбеге берілген. Олар онда желдету желдеткіш шахтада түзеледі, ауа ағыны тиристорларды және сақтандырғыштарды желдетіп турады.

Ауаның келтірілуі жәшікте жалюзи арқылы ауа берудің орталық жүйесінен құбыр арқылы іске асады. Қоректену кернеуі шиналар мен жеке жәшік кірісі арқылы беріледі.

Басқару жүйесінің элементтері басылым монтаж көмегімен электрлік сүлбеге біріктірілген  микробасқарушы, микросүлбе, резистор, конденсатор, диод және басқа компоненттердің орналасуымен 160 х 100 мм өлшемді торды көрсететін торшалар орналасқан ұяшықты, басқа сүлбелерімен байланыстыру үшін, оған 64 контактілі штепсельды ажыратқыш орнатылады. Торшаның алдыңғы жағында резисторлы, сүлбенің кез – келген нүктелерінде кернеуді бақылау үшін ұяшықтар, жарықдиодтар орнатылатын панельдер болады.

Ұяшық 482,5 х 132,5 х 207 мм өлшемді блоктарда орналасады. Ұяшықтарды орнату үшін блокта жөндейтіндер болады. Блоктың артқы бөлігінде штепсельды ажыратқыштың көмегімен жауапты бөліктер орнатылады.

Жәшікте блоктар жәшіктің ішкі монтаждауына кіруге мүмкіндік беретін бұрылмалы жақтауларында орнатылады.Жақтаудағы блоктар саны 12-ге жете алады. Жәшікте екі рама орнатуға болады; алдынан және артынан.

Синхронды электр жетегінің құралында әрбіріне 12 блокты орнатуға болатын екі бұрылмалы раманы 800 – 800 х 2200  реттеу жәшігі болады. Жәшіктің ортаңғы бөлігінде басқа жәшіктермен байланысты үшін қысқыш, жылжымалы емес рама орнатылады.

Iном = 415 А реакторлы басқарудың синхронды электр жетегі екі жәшіктен тұрады. Өңделген реттеу жәшігінен және франт бойынша 1400 мм ұзындықты басқа аппаратуралы жәшігінен. Жәшіктің жоғарғы бөлігінде СВУ типті күштік блок, ал олардың жоғарғы бөлігінде желдеткіш орнатылған. Осы жәшіктегі диодты реактор, А 3700 сериялы екі автоматты өшіргіштер, сызықты және тежеуішті динамикалық контакторлар тұрғызылған .

Сызықты және динамикалық тежеуішті контакторлардан түзелетін динамикалық тежеуішті резисторлар және басқару сүлбесімен ВАТ – 42 сериялы автоматты өшіргіштер тұратын күштік қалқан.

Сақтандыруда орындалған СРОС 3 типті түзету реакторы күштік трансформатор.

Бірнеше күштік трансформаторлар бір майлы өшіргішке қосылғандағы жоғарғы кернеуі кіріс жәшігі.

Сол бір ғана номиналды тоқ кезіндегі күштік қалқандар әр түрлі орындаушыларға ие: сызықтарды контакторсыз және ВАТ–42 өшіргішті динамикалық тежеуішті қондырғы, сызықты контакторсыз өшіргішті және динамикалық тежеуішті және өшіргішті қондырғы.

 

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.