Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





58. ҚР Президентінің жолдауындағы қазіргі қазақстанның экономикалық модернизациясы



Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік»

Құрметті қазақстандықтар!

Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын.

Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз.

Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді.

Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз.

59) Тəуелсіз Қазақстан жəне Астана. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру:

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 10 желтоқсандағы

Жарлығымен ел астанасы бұрынғы Ақмолаға көшірілді. Ал, 1998 жылы Елорданың

атауы Астана болып өзгертілді. Уақыт тарихи шешімнің маңызын айқындап берді.

Бас қаламыз халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де

іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Əлемдік жəне

дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы жəне өзге де

маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Бұған ЕҚЫҰ-ның тарихи

саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттерін қосыңыз. Сондай-ақ, 2011

жылдың басында Есіл бойы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен

қонақтарын қарсы алды. Дүбірлі доданың алауын тұтатты, жалауын желбіретті.

Жас қала жыл санап түрленді. Мəселен, 1999 жылы «ЮНЕСКО-ның» шешімімен

Астана – «Əлем қаласы» деп танылды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап

Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі.

Астананың айналасында бірегей «жасыл белдеу» жасалғанын да жұрт жақсы білсе

керек. Қала ұлғайған сайын далалық өлкенің ортасындағы шұратқа (оазис) ұқсап

келеді.

Астана тарихының биылғы белесі де алтын əріппен жазылады. Қазақстанның

Тəуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды жобасы сəтімен жүзеге асты. «EХРО – 2017»

Халықаралық көрмесі Жер-жаһанның ортақ мүддесін бір арнаға тоғыстырды. Бұған

дейін жазғанымыздай, бағаналы ордада – баламалы қуат көздерін игеру мəселесі

қаузалды.Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы 2000 жылдың 20 мамырында ескерткіштің эскизін сызып,

қағазға түсірді. Сəулетшілер мен суретшілер қауымына ұсынды. Бұл бастаманы

жерлесіміз, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының

корреспондент-мүшесі Мақаш Əлиақпаров бастаған қарағандылық шығармашылық

топ қолға алды.Мазмұны терең нысанның құрылысына қажетті шикізатты, материалдар мен жұмыскүшін біздің өңір қамтамасыз етті. Облыстағы «Испат-Кармет», «Қазақмыс» сияқты іріөндіріс ошақтары қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, балқаштықтар 60 тоннаға жуық

қоланы сыйға тартқан.Мəңгілік Ел – мəуелі «Бəйтерек»! Ақбоз үй – Ақорда! Ырысты еселеген «Бейбітшілікжəне келісім» сарайы һəм «Хан Шатыр»! Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Əзірет

Сұлтан» мешіті де осында! Отыз мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық

стадионы, 2011 жылы əлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа»

бірегей велотрегі, «Алау» мұз айдыны жəне бар!Міне, Қазақ елінің АстанасыІ Көз тояды, көңіл марқаяды1994 жылғы 6 шілдедеҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің жалпы отырысында – елдің бұрынғы парламентінде күтпеген ұсыныс жасады.

«...Сіздердің қарауларыңызға республиканың өміріне, əсіресе алдағы болашағы үшін

аса маңызды мəселені – еліміздің астанасын көшіру туралы мəселені қойғалы тұрмын.

Алматы тəуелсіз мемлекеттің талаптарына қазірдің өзінде-ақ жауап бере алмайды, –

деді сонда Мемлекет басшысы – Сондықтан менің тапсырмам бойынша мемлекеттің

жаңа астанасының орналасатын жерін анықтау мақсатында республиканың күллі

аумағы егжей-тегжейлі тексеруден өткізілді. 32 параметр бойынша жүргізілген

сараптама барлық нұсқалардың ішінде ең дұрысы Ақмола екенін көрсетті». Сол кезде

астананы көшіру идеясын кім əділ бағалай қойды дейсіз. Ол үшін саяси тəжірибе, ел

ішінде болып жатқан процестерді терең түсінушілік, болашақты нақты

пайымдаушылық, ақыр соңында, аса көрнекті мемлекеттік қайраткерлерге тəн

батылдық қажет еді. Бірталай адамдар үшін Президенттің бастамасы түсініксіз болды.

Экономикада дағдарыс орын алған, инфляция. Айналаның бəрі күйзеліс, кəсіпорындар

тоқтаған, жалақы мен зейнетақылар уақытында берілмейді. Мұндай кезде астананы

көшіру туралы сөз қозғауға бола ма?! Мұндай ауыр міндетті көтере аламыз ба?!

Жоғарғы Кеңестің депутаттары қызу айтыс-тартыстан кейін Президенттің ұсынысына

қолдау білдірді, бірақ олардың өздері көшіруге 30-40 жыл керек екеніне сенімді еді.

Дегенмен Мемлекет басшысының күтіп отыратын ниеті де болмады. Уақыт батыл

іс-қимылды талап етті. Қазір, ондаған жылдар өткеннен кейін, сол кезде қабылданған

шешімнің дұрыстығы анық болып көрінеді. Əйтсе де 1994 жылы Президент аса үлкен

тəуекелге бел буды. Іс жүзінде, ол өзінің саяси болашағын жаңа астананың табысты

болуымен байланыстырды. Айтпақшы, астананы көшіруді сынай отырып, барынша

ұпай жинағысы келген түрлі айлакерлер мұны бірден сезе қойды. Олар немен

қорқытпады дейсіз болмай қоймайтын орасан шығыстардың кесірінен экономиканың

күйреуімен де, Астананың аш қасқырдай ұлыған қысқы аязымен де, ызың қаққан

бармақтай сары масасымен де. Көп жыл өткеннен кейін Президенттен астананы

көшіруге қалай батылы барғаны, төпеген сын мен түсінбеушілікке, тіпті қарсылыққа

қарамай, алға жылжу үшін соншама күш пен сенімді қайдан алғаны туралы сұрадым.

Нұрсұлтан Əбішұлы: солай істеуге тиіс болғасын істедім, өйткені ел тағдырына

жауапты болдым, деп жауап берді. Ал енді сынау жағын айтатын болсақ... Ештеңе

істемесең – ешкім де сынамайды. Бірдеңені қолға алсаң – онда да сынайды. Сондықтан

ең жақсысы, бір нəрсе істегенің дұрыс. Əйтпесе адам дегенің істей алмай кеткен

нəрсесі туралы өмір бойы өкініп өтпей ме. Тек Мемлекет басшысының батылдығының,

батыл президенттік реформалардың арқасында, соның ішінде астананы көшірудің

арқасында ғана, біз дағдарысты еңсеріп, дамудың тұрақты жолына түстік. Жаңа астана

экономикада нақты жағымды алға жылжуды қозғап жіберген иін темірлердің бірі

болды. Құрылыс саласы еңсе көтере бастады, ал оның соңынан тізбек бойынша бүкіл

елде басқа да өндірістер қарқын алды. Мыңдаған жұмыс орны ашылды. Дегенмен ең

маңыздысы – астана халқымыздың өзіне деген сенімін нығайтып, қанаттандырды,

елдің жаңаруының, жаңа тəуелсіз Қазақстанның шынайы рəмізіне айналды. Тарихи

оқиғалардың тікелей қатысушысы болу бақыты кез келгеннің маңдайына жазыла

бермейді. Сондықтан Нұрсұлтан Əбішұлына сенім білдіріп, республика астанасының

құрылысына үлесімді қосуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. 1994 жылы мен

Ақмолада тұрдым, бизнеспен айналыстым. Осы жерде өстім, менің туған қалам осы.

Астананың көшірілетіні туралы жаңалықты менің жерлестерім үлкен қуанышпен əрі

үмітпен қарсы алды. Бəрі де астана мəртебесімен бірге Ақмолаға жаңа өмір келеді деп

күтті. Бірақ ол кезде мен, əрине Мемлекет басшысы шешімінің менің тағдырымды

соншалықты өзгертетінін білген жоқпын. Оны айтасыз, бүкіл елді, күллі

қазақстандықтар тағдырын өзгертерін кім білген... Біраз уақыт өткеннен кейін,

Қазақстан кəсіпкерлерінің алғашқы буынының өкілі ретінде мен Сенат депутаты болып

сайландым. Парламентте нарықтық реформаны заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз

етуде белсенді жұмыс істедім. 1996 жылғы қыркүйектің бір күні аяқ астынан

Президент Əкімшілігіне шақырту алдым. Ақмола облысында əкімнің бірінші

орынбасары лауазымы енгізіліп, ол жаңа астананың экономикасы мен құрылысына

жауап беретін болды. Мемлекеттік қызметші ретінде бағымды сынап көруіме

мүмкіндік берілді. Көп ойланбастан, əрине келістім. Бұл ұлы іске өз үлесіңді қосу

мүмкіндігі екені айдан анық еді. Мұндай мүмкіндік өмірде бір-ақ рет беріледі ғой.

Шайқалып жүрместен, жұмысқа бірден кірісіп кетуге тура келді. Астананы көшірудің

мерзімі 1997 жылдың соңы деп нақты белгіленді. Ақмолада негізгі нысандардың

ауқымды құрылысы басталып кетті. Мемлекеттік органдарды орналастыру міндеті

шешілді, тұрғын үйлер салу керек болды. Қала инфрақұрылымы бойынша көптеген

мəселе бар еді. Жолдар, коммуникация, энергетика – бəрі де өте нашар күйде-тін.

Мемлекет басшысы Ақмолада тұрақты болып тұрды, құрылысқа тікелей басшылық

жасады, əрбір жайдың егжей-тегжейіне дейін ұғынды. Президентпен қатар жұмыс

істеу мен үшін аса зор кəсіби əрі өмірлік мектеп болды. Нұрсұлтан Əбішұлы қарқынға

қарқын қосты, ал біз бар күшімізбен одан қалмауға тырыстық. Кедергілер мен

қиындықтар, əрине əрбір қадам сайын кездесті. Оның үстіне, оларды – нысандардың

ескілерін де, жаңадан қосылғандарын да энергиямен, телефонмен қамтамасыз ету,

коммуникация құбырларын төсеу жəне басқа толып жатқан міндеттерді – қысқа мерзім

ішінде еңсеру қажет болды. Сонымен бірге табиғаттың өзі де əуселеңді көрейін

дегендей сынай түсті. 1996-1997 жылдардағы қыс аса суық болды. Алайда сол аяздарға

қарамастан, жұмыс бір сəт те тоқтаған емес. Мынадай бір көрініс ойымда қалыпты.

Температура минус 30-дан асып кеткен, оның үстіне қатты жел. Бəріміз салынып

жатқан тұрғын үйдің жанында жел ызғарынан бүрісіп тұрмыз. Нұрсұлтан Əбішұлы

келді, жан-жағына қарап: қалай-қалай соғады, ə! – деді. Біздің бəріміз бүрісіп: ой,

айтпаңыз, айтпаңыз! – дедік. Ал ол дым болмағандай, біздің сөзімізді естімеген сыңай

танытып: қалыпты жағдай, бұл жерлерде үнемі жел болып тұрады, сондықтан ауасы да

таза! – деп сөзін жалғады. Осы сөздерден кейін бəріміз де жылынып сала бердік, əр

жерден: соға берсін, бəрі де жақсы деген дауыстар шығып жатты. Қандай да бір адам

Президентке Ақмоланың суық ауа райын айтып шағымдана бастаса, оның бұл біздің

Отанымыздың ауа райы, біздің бабаларымыз ғасырлар бойы осы далада өмір сүріп, осы

даланы қорғаған, оның ауа райына өкінбеген деп жауап бергенін талай рет естідік.

Нұрсұлтан Əбішұлы бəрімізді өзінің энергиясымен, бастамашылдығымен, табысқа

сенімімен жігерлендіріп отырды. Ол қашанда адамдарды қанаттандыратын,

рухтандыратын сөздерді таба білетін. Жаңа астана халқымызды біріктіріп,

топтастырды. Қазақстандықтар өз астанасын бүкіл ел болып бірге салды. Ақмола

құрылыстарында Қарағандыдан, Арқалықтан, Степногорден, Алматыдан,

Павлодардан, Көкшетаудан, Тараздан, Қапшағайдан, Қостанай мен басқа да жерлерден

жүздеген мердігерлік ұйымдар жұмыс істеді. Айтпақшы ол кезде көптеген

кəсіпорындар тапсырыссыз ұзақ уақыт бойы отырып қалған болатын. Жаңа астананың

арқасында көптеген айлардан кейін алғаш рет адамдар жалақы ала бастады. Сондықтан

барлығы да қиындыққа қарамастан, аянбай арқалана жұмыс істеді. Негізгі нысандар

мерзімінде берілді. Қоныс аударушылардың негізгі бөлігі Ақмолаға 1997 жылдың

күзінде келе бастады. Оларды салтанатты түрде, митингімен, музыкамен шығарып

салып, қарсы алды. Алғашқы кезде адамдар жатақханаларға орналастырылды.

Отбасынсыз келіп, салт басты сабау қамшылы өмір сүрді. Ол жылдары Ақмола көшіп

келгендерге, əрине алыс түкпір болып көрінетін. Соған қарамастан, қиындықты

энтузиазммен қарсы алдық, көңілді тұрып, достасып кеттік, көңіл күйіміз көтеріңкі,

алғы күндерге сенімді болдық. Оның үстіне, қала көз алдымызда өзгеріп жатты. Көп

кешікпей-ақ мемлекеттік қызметшілер пəтер кілттерін ала бастады. 1990-шы

жылдардың соңы мен 2000-шы жылдардың басында көшіп келген көптеген адамдар

енді сол кезді үлкен үміттер мен толағай табыстарға, тарихи жасампаздықтарға толы

бақытты кез екен ғой деп еске алады. Əрине астананың болашағына сенбеген

күдікшілдер де болды. Бақытымызға қарай, мұндайлар азшылық еді жəне келген

бойдан қайта көшіп кетті. Тіпті осының өзінен астананы ауыстырудың орасан пайдасы

білінді. Мемлекеттік қызметшілердің құрамы жаңарды, шын мəнінде үздіктері қалды.

Айтпақшы орталық мемлекеттік органдардың көбісі Алматыға қарағанда, жаңа

астанада анағұрлым жайлы жағдайларда, анағұрлым кең кеңселерге орналасты. Олар

жақсы жабдықталған, қазіргі заманғы жөндеуден өткен ғимараттарға, сол кезде

айтылатындай «еуро ремонттан» кейін кірді. Мемлекет басшысының нұсқауына сəйкес

барлығы адал əрі сапалы, бірақ қандай да бір артық заттарсыз істелді. Мұндай іскер де

функционалдық тəсіл кейін де жəне сол жағалаудан мемлекеттік органдарға арналған

жаңа ғимараттар салынған кезде де пайдаланылды. 1997 жылғы 8 қарашада Ақмолаға

Мемлекеттік Ту, Елтаңба мен Президенттің Штандарты салтанатты түрде жеткізілді.

Бұл болашақ астана өміріндегі елеулі кезең болатын, қала мемлекеттік рəміздер

эталондарын сақтаушыға айналды. Əлі есімде, күн түнеріңкі, жауын-шашынды

болатын. Сондықтан да шығар, мемлекеттік рəміздер қарсы алынатын əуежайға қарай

жол үстінде мына шаһар маған қандай да бір қатаң, ресми реңк ала бастаған сияқты

көрінді. Ақмола алғаш рет астаналық мундирді өзіне шақтап көріп жатты. Алайда күзгі

ауа райы туралы ешкім де ойлаған жоқ, бəрі қуанышты, мерекелік көңіл күйде болды.

Сол күні ақмолалықтар Мемлекет басшысын үлкен қуанышпен қарсы алды. Тура ұшақ

трапында Мемлекет басшысының құрметіне жырдан шашу шашылып «арнау»

орындалды, содан соң ежелгі «аластау» ырымы жасалды. Қазақтар ғасырлар бойы алыс

та ауыр жолға шыққанның бəрін де «отпен аластау» желеп-жебейді деп есептеген. Айы

оңынан туып, жолы оңғарылуы үшін Президенттің алдына «ақ жол» төселді. Қаланың

орталық алаңында митинг болды. Əнұранның дауысы мен артиллериялық отшашудың

гүрсілімен Президент Резиденциясы мен Үкімет Үйінің ұшар басынан салтанатты

түрде мемлекеттік тулар көтерілді. Ал одан бір ай өткен соң ғана еліміздің

тарихындағы аса маңызды айтулы күндердің бірі келіп жетті – 1997 жылғы 10

желтоқсанда Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаев Ақмола қаласын Қазақстан

Республикасының астанасы деп жариялау туралы Жарлыққа қол қойды. Сол күні

Мемлекет басшысы айтқан: «Бұдан былай жəне ғасырдан-ғасырға осында, ұлан-байтақ

елдің кіндігінде халық тағдыры үшін өмірлік маңызы бар шешімдер қабылданатын

болады. Отанымыздың жүрегі енді осы жерде соғады. Осы жерден Қазақстан үшінші

мыңжылдықтың табалдырығында өзінің тарихи тағдырын айқындайтын болады» деген

сөздер санамда жатталып қалыпты. Мен үшін сол күн тек мереке ғана емес, айтулы күн

болды. – Президент мені Астана əкімі етіп тағайындау туралы Жарлыққа қол қойды.

Соның қарсаңында Мемлекет басшысының жұмыс кестесі, əдеттегідей, өте тығыз

болды, – өзінің тікелей президенттік міндетінен, кеңестерден басқа, қаланы, салынып

немесе реконструкцияланып жатқан нысандарды аралау керек болатын жəне мұндай

шаруалар көп еді – əйтеуір жұмыс түн ортасы ауа аяқталатын. Түнгі сағат бірлердің

шамасында мені Резиденцияға шақыртты. Президент тоқетерін айтты: қалалық

əкімдіктің жұмысын жаңа деңгейге көтеру керек, бұл жай ғана құрылысқа басшылық

жасау емес, бұл – бірден стратегиялық міндеттерді шешуді қолға алу. Астана

құрылысы мен үшін мемлекет құрумен бірдей, – деді сонда Нұрсұлтан Əбішұлы. Қазір

сол жылдардағы оқиғаларды санамда екшей отырып, бұл менің өмірімдегі аса күрделі

де, сонымен қатар анағұрлым жарқын кезеңдер екен ғой деп ойлаймын. Шын мəнінде

бəрі жаңа болды: жұмыс та, ұжым да, міндеттер де. Бұл міндеттердің көлемі мен

маңыздылығы орасан еді. Ең бастысы, Мемлекет басшысымен қатар, тізе қосып жұмыс

істеу мүмкіндігі қанаттандырды, – бойымызда темірбетондай оптимизм мен табысқа

деген сенім болды. Астананы көшіруге байланысты салтанатты іс-шаралар аяқталмай

жатып, Ақмоланың халықаралық тұсаукесеріне дайындық басталып кетті. Астана

əкімшілік орталық қана емес, ол елдің айнасы. Жаңа астананың тұсаукесері əлемге

жаңа Қазақстанды – алға ұмтылған, жас, тəуелсіз, қазіргі заманғы мемлекетті жария

етуге тиіс болды. Алайда осының алдында аса маңызды оқиға өткен болатын.

Тұсаукесерге дейін дəл бір ай бұрын Астана өзінің атауын иеленді. Тарихи атау –

Ақмола –жергілікті жердің сакральды мəнін, қасиеттілігін айшықтайтын. Алайда біздің

тарихымызбен жете таныс емес адамдар, əлде, жаңа астананы сынау үшін əдейі

сыныққа сылтау іздеушілер, оның атауының түрлі жағымсыз түсіндірмелерін ойдан

шығарды. Қоғамда, газет беттерінде бұл тұрғыда қызу пікірталас туды. Бұл туралы,

əрине қоғамдық пікірге үнемі ден қойып отыратын Мемлекет басшысы да білді.

Нұрсұлтан Əбішұлында əрбір минутты іс үшін пайдалы ете отырып қолданатын əдет

бар. Жұмыс мəселесін талқылау Мемлекет басшысын жиі күтіп алатын əуежайда

басталатын да, қалаға жол үстінде жалғасатын. Қандай да бір салынып жатқан нысанға

жолай соға кету жиі болып тұратын. Бір күні біз Президентті ел аралап келе жатқан

бетінен күтіп алдық. Тікелей əуежайда ол Премьер-Министр Н.Ө.Балғымбаев екеумізді

өз машинасына отырғызып алды. Астананың атауын өзгерту шын мəнінде

пісіп-жетілді, – деп əңгімені бірден бастады Мемлекет басшысы. Өңірлердегі кездесу

барысында көптеген адамдар осы туралы əңгімелеп, сұрақтар қойды. Президент аз-кем

үнсіз қалды да, жартылай сұраулы түрде «Астана» деген атау сіздерге қалай, ұнай ма

деді. Тегінде бұл өзі қанатты сөз, болашаққа ұмтылыстың нышаны болар ма еді.

Мемлекет басшысының сұрағы бізді, əдеттегідей, əбігерге салды. Президент бізге

ойланып-толғануға уақыт берді. Алайда көп өтпей-ақ əңгіме қайта жалғасын тапты.

Нұрсұлтан Əбішұлы «Астана» үшін сенімді уəждер келтірді: бұл сөзде баршаға мəлім

нақты мағына бар жəне дəлме-дəл астананы білдіреді; екіншіден, онда жағымсыз саяси

немесе тарихи бұра түсіндіруге негіз жоқ; үшіншіден, ол қазақ тілінде де, басқа

тілдерде де əуезді, жағымды естіледі. Ақыр соңында, халықаралық таныстырылымда

ұсынылатын жаңа атау елдің жаңаруының нышанына айналады. Қазақстан астанасы

бас қалалардың əлемдік тізіміне жаңа атау- мен енетін болады. Нұрсұлтан Əбішұлы

қаланы қайта атау туралы шешім заң бойынша тек мəслихат пікірі ескеріле отырып

қана қабылдануы мүмкін екенін бірден-ақ айтты да, менің депутаттармен кездесуімді

сұрады. 1998 жылғы 6 мамырда астаналық мəслихаттың сессиясы шақырылды.

Депутаттар Мемлекет басшысының ұсынысын қызу қолдады. Көптеген адамдар мұның

дұрыс əрі дер кезінде қабылданған шешім екенін айтты. Елорда Астана деген жаңа

атауға ие болды. Халықаралық тұсаукесер қарсаңында елорданы салу мен жайластыру

жаңа қарқынмен өрістей түсті. Іс жүзінде қаланы толық ауқымда реконструкциялау

талап етілді. Бəрі орталықтан басталып, қала шетіне қарай жылжыды. Барлық жерде

коммуникацияны өзгерту, жаңа жарық құрылғыларын орнату, аумақты жайластырып,

көгалдандыру керек болды. Жол жабындысының жай-күйі үлкен мəселеге айналды.

Кейбір аудандарда, тротуарларды айтпағанның өзінде, асфальтталған жолдар мүлдем

болмаған еді. Балшық пен шалшықтан өту үшін əрбір көктем мен күзде

целиноградтықтар, əдетте, қонышы биік резеңке етік киетін. Біз жөндеу жүргізіп, жол

сала бастағанда бар-жоғы үш асфальт зауыты болды. Екі-үш айдан кейін-ақ олардың

саны 18-ге жетті. Олар тəулік бойы жұмыс істеді. Бір күннің ішінде 4-5 мың тоннадан

асфальт төселді. Бұрынғы Целиноградта бір айдың ішінде қаншама жұмыс жасалды

десеңізші. Ғимараттардың басым бөлігіне күрделі жөндеу жүргізу керек болды. Қас

беттерінің тозығы жетіп, жертөлелері суға батқан еді. Қисайып, терезелеріне дейін

жерге кіріп кеткен ескі үйлер өте көп болатын. Ондай үйлерді сүріп тастау керек

болды, – олар елорда сұрқын бұзып қанай қоймай, жаңа пəтерлерге көшірілуге тиіс

адамдарға нақты қауіп төндіріп тұр еді. Енді сəті түсті, бүкіл қала бойынша тұрғын үй

құрылысы өріс алды. Ең басынан-ақ Нұрсұлтан Əбішұлы Ақмолаға шетелдік құрылыс

компанияларын шақырды. Олар жұмыс сапасының жалпы деңгейін айтарлықтай

көтеріп, жаңа жабдықтар мен жаңа технологиялар əкелді. Біздің құрылысшылар үшін

шетелдіктер пайдаланатын жабдықтар жаңалық болды, мысалға, құрастырмалы

ағаштар мен толып жатқан басқалары да. Бұл жаңа материалдарға қатысты.

Шетелдіктер, өз кезегінде, біздің екпінді қарқынымызды игерді. Алғашында олар

мерзімді қатаң ұстаудан ашықтан-ашық шошып қалды. Бірақ ештеңесі жоқ, үйреніп

кетті, өз жұмыс кестелерін қайта түзеп, икемдеді. Əдемі əрі тез салуды үйренді.

Тұсаукесерге дейін аяқтау талап етілген негізгі нысандардың қатарында бесжұлдызды

«Интерконтиненталь» отелі бар еді. Оны түрік компаниясы салып жатқан-ды.

Тұсаукесерде онда мемлекеттер басшыларын орналастыру жоспарланды. Отель салу

Нұрсұлтан Əбішұлының бастамасы болатын. Ол əдейі келіп, ғимарат іргетасына

алғашқы тасты өзі қалады. Ол кезде мұндай сыныптағы қонақүйлер кешені ТМД

астаналарының бəрінде бірдей бола берген жоқ. Басқа, одан кем емес міндеттің бірі

əуежайды жаңғырту болатын. Елорданың əуе айлағы кез келген əуе лайнерлерін

қабылдауға тиіс. Тұсаукесер күні мерекелік гала-концерт өтетін орталық стадионды

реконструкциялау қарқынды жүріп жатты. Қалада дəлме-дəл мағынасында

құрылысшылар армиясы – 14 мың адам еңбек етті. Мерзімдер шегіне жеткенше қатаң

болды. Жұмыс тəулік бойы жүрді. Кейін əлдекім бұл уақыттарды «Астананың ақ

түндері» деп дəл айтты – прожекторлар, дəнекерлеу жарықтары бірыңғай шапақ болып

құйылып, түн күндізгідей болып жататын. Қаланы кезекті аралаған бір күні, бұл

наурызда – тұсаукесерге дейін екі ай бұрын болатын, Мемлекет басшысы салынып

жатқан «Самал» тұрғын үй кешенін көрді, сосын Есілдің жағалауына шықты. Онда

Нұрсұлтан Əбішұлы аялдап, аз-кем уақыт өзенге көз салды, содан соң өз ойымен

бөлісті: өзен жағасына орналасатын жағдай кез келген қаланың маңдайына жазыла

бермейді, сондықтан мұны пайдаланып қалу керек. Келіңдер, одан да көркем жағалау

жасайық! – деді. Бұл елорданың сəн-салтанатына айналады! Біз Президенттің сөзін ой

елегінен өткізіп, үнсіз қалдық. Ал Нұрсұлтан Əбішұлы болса, қатаң дауыспен, шамасы,

шешім қабылдаған болуы керек, тұсаукесерге дейін жағалауды абаттандыру керек деп

ойын түйіндеді. Жобаны тез дайындап, Президентпен келістік те, тəулік бойғы

жұмыстың құлашын аштық. Белгіленген мерзімге үлгердік. Оның үстіне, Мемлекет

басшысы айтқандай, жағалау қалалықтардың сүйікті демалыс орнына, Астананың

бетке ұстар алтын алқасына айналды. Қазір, 20 жыл өткеннен кейін, кейде сол

жылдардың тура мағынасында жапа-тармағай қауырт, орасан ырғағын еске ала

отырып, басқаша жұмыс істеуімізге болар ма еді? – деп өз-өзімнен сұраймын. Шамасы,

олай ете алмайтын едік. Жалпыға ортақ көңіл күй мен энтузиазм болды, қарапайым

халық біздің жай ғана үй мен жол салып жатпағанымызды, біздің өз елордамызды,

өзіміздің елімізді, өз болашағымызды салып жатқанымызды терең түйсінді! Ақыр

соңында, 1998 жылғы 10 маусымда – жас Қазақстан елордасының тұсаукесер күні де

жетті. Бұл шет мемлекеттер басшылары, көптеген шетел қонақтары қатысқан

Астанадағы алғашқы ірі халықаралық іс-шара болды. Одан кейінгі жылдары біздің

елордамыз көптеген басқа, оның ішінде анағұрлым ауқымды іс-шараларда қонақжай

отағасының рөлін оңай атқаратын болды. Бізге əлемнің жетекші державаларының

бірінші басшылары келді. 2001 жылы Астанаға Рим Папасы Иоанн Павел II сапарлады.

2003 жылдан бастап, Президентіміздің бастамасы бойынша, Қазақстан елордасында

Əлемдік жəне дəстүрлі діндер көшбасшыларының съезі тұрақты өтіп тұрады. Астана

экономикалық форумына жыл сайын ірі компаниялардың жетекші сарапшылары,

басшылары, саясаткерлер жиналады. Біз ЕҚЫҰ-ның, ШЫҰ-ның, ИЫҰ-ныңсаммиттерін, УЕФА-ның конгресін,ЭКСПО-2017 көрмесін өткіздік. 1997жылдары-ақ қазақстандық сəулетшілер ұжымы əзірлеген Астананың бірінші басжоспарының қала халқының саны 2005 жылға қарай 350 мың адамды құрайтыны негізге алына отырып жасалғанының өзі қызық. Алайда Астана бұл көрсеткішті 1999жылы-ақ аттап өтті. Жаңа бас жоспарды əзірлеу үшін Мемлекет басшысы халықаралықконкурс өткізуді ұсынды. Оған əлемнің барлық түкпірінен үздік ұсталар қатысты.Белгілі жапон сəулетшілерінің бірі – Кисе Курокаваның тұжырымдамасы жеңіпшықты. Ол қала құрылысының өзі «симбиотикалық сəулет өнері» деп атағанфилософиясын насихаттайтын. Ол бойынша қала табиғи ортамен үйлесімде өмірсүруге тиіс тірі ағза ретінде қаралды. Бұл тұжырымдама Мемлекет басшысыныңидеясымен үндесе кетті. Нұрсұлтан Əбішұлы бастапқыда-ақ Қазақстан елордасын

жап-жасыл, Шығыс пен Батыстың мəдени дəстүрі қоса өрілген, экологиялық шаһар

болады деп пайымдады. Алайда кейін Кисе Курокаваның жоспарын да пысықтай

түсуге тура келді. Айтпақшы, оның себебі де алдыңғы сияқты – елорда ең оптимистікболжамдардан да тезірек өсе түсті. Қазір қала дамуының жоспарлы схемасы үнемідамытылып отырады. Мұнымен мамандандырылған жобалау ұйымы –«Астанабасжоспар» айналысады. Мемлекет басшысы бұл жұмысқа тікелейатсалысады, стратегиялық міндеттерді айқындайды, сəулетшілердің ұсыныстарынқарап, бекітеді.

«Бейбітшілік пен келісім сарайы» пирамидасы, «Хан Шатыр»,«Астана опера», «Нұр Əлем» сферасы, Орталық Азиядағы ең ірі «Əзірет Сұлтан»мешіті сияқты бірегей архитектуралық құрылыстармен басқа да көптеген нысандар –Тұңғыш Президенттің іске асып, ақиқатқа айналған деялары.Мемлекет басшысыныңидеясы бойынша салынған танымал құрылыстардың бірі – Қазақстан елордасыныңвизит карточкасы «Бəйтерек» кешені. Ежелгі аңыздың қазіргі нышаны болып табылатын ол халқымыздың ғасырлар бойғы тарихының, заманауи Қазақстан менАстананың бірлігі мен сабақтастығын айғақтайды. Нұрсұлтан Əбішұлының тарихты,аңыздар мен бағзы хикаяларды өте жақсы білетінін, мəдениетіміз бен дəстүріміздіқадірлеп-қастерлейтінін айту керек. Ұлы Даланың қақ жүрегінде тұрғызылған АстанаТұңғыш Президенттің ойы бойынша гүл атқан жазираға айналуы тиіс. Шаһарда ондаған саябақ пен гүлзарлар жасалды. Сонау 1997 жылы-ақ Мемлекет басшысы елорданың айналасын үлкен жасыл аймаққа айналдыруды ұсынған болатын.Нұрсұлтан Əбішұлы ғалымдармен бірге жұмыс істеп, олар неғұрлым жергіліктіжағдайға бейімделген ағаш пен бұта сұрыптарын іріктеді, көшеттерді отырғызуға өзіарнайы қатысты. Қазір Астананың жасыл көшеттералаңы 80марқаяды.тарды құрайды. Қала айналасында нағыз орман өсіп шықты. Ол ауаны тазартып, елорданы шаңнан қорғап, ауа райына жақсы əсер етеді. Астана – əлемнің анағұрлым жылдам өркендеп келе жатқан елордаларының бірі. 20 жыл ішінде қала, біздің бүкіл еліміз сияқты, адам танымастай өзгерді. Жыл өткен сайын ол өмір сүруге жайлырақ, əдемірек бола түсуде.Елорда президенттік реформаларды іске асыруда көшбасшылық рөл атқарды.1990-2000-шы жылдардың түйіскен тұсында, іс жүзінде нарықтық қағидаттарды енгізу

талап етілген кезде солай болды, қазір де, қоғам өмірінің барлық саласын жаңғыртуға

бағытталған институционалдық реформа кезеңінде де солай. Елорда дамуының

сөреден шыққанда алған қуатты қарқыны кейінгі жылдардың бəрінде сақталып келеді.

1997 жылдан бастап Астананың жалпы өңірлік өнімі 190 есе өсті. Өнеркəсіп – 30 есе,

инвестиция 50 есе артты, оның үстіне олардың басым бөлігін жеке салымдар құрайды.

Елордаға инвестицияланған мемлекеттік қаражатқа келетін болсақ – Астана оны

əлдеқашан қайтарған. Қала республикалық бюджеттің донорына айналды. Елорда

салық түрінде қазірдің өзінде 6 трил- лионнан астам теңге аударған. Бұл оған мемлекет

жұмсаған қаражаттан 3 есеге жуық көп. Елорда тұрғындарының саны 20 жыл ішінде 3

еседен астам ұлғайды. Астана миллион тұрғыны бар мегаполиске айналды. Осы уақыт

ішінде шамамен жалпы саны 180 мың пəтерлі 1 300 көппəтерлі тұрғын үй салынды.

Қала алаңы 500 шаршы километрге ұлғайды. Дегенмен ең басты жетістік, Астананың

басты құндылығы, шамасы, материалдық затта емес шығар. Оны тұрғын үйдің шаршы

метрімен, салынған инвестициялар көлемімен немесе экономикалық өсім

көрсеткіштерімен өлшеуге болмай



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.