Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р Президентінің жолдауындағы қазіргі қазақстанның экономикалық модернизациясы 4 страница



55. Сыртқы экономикалық ынтымақтастық және тәуелсіз Қазақстанның инвестициялық қызметі. Қазақстан әлемдік экономикалық байланыстар жүйесінде.

Инвестициялық саясатты — ұлттық экономикалық идея деп түсінгеніміз абзал. Өйткені инвестициялық саясат, ең алдымен инвестиция тарту. Ал инвестиция біздің елімізді тығырықтан шығаруға, өндіріс орындарының өнімін арттыруға, басқа ірі салаларды одан әрі көзін ашып, дамытуға әсерін тигізеді.
Сонау 1991 жылы Қазақстан нарықтық қайта құруды жүзеге асыра бастады. Алайда, сол кезде жұмыс істеген бірыңғай, ақша жүйесі тұрақсыз болды. Жас мемлекеттер бірінен соң бірі өздерінің ұлттық валюталарын немесе уақытша, ақша белгілерін енгізе бастады. 1992 жылы рубль аймағында Қазақстан, Өзбекстан, Ресей және Тәжікстан елдері ғана қалды. Республикаға кеңестік рубльдің бақылаусыз көптеп келуі инфляцияның шарықтап өсуіне әкеліп соқты. Қазақстан өз валютасын енгізуге мәжбүр болды. Өйткені, рубль аймағында тұрып, Қазақстан Ресейдің қаржы институттарына бағынышты күй кешті, дербес монетарлық, экономикалық саясатты жүргізе алмады. Үкімет сыртқы қарыздардан гөрі тікелей инвестицияларға басымдық берді. Мәселен, 1993 жыл мен 2002 жылдар аралығында Қазақстан Республикасына түскен шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 17,7 млрд. АҚШ долларын құрады. Сөйтіп негізгі капиталдағы инвестиция өсімі 26,4 пайызға жеткен. Айта кету керек, Қазақстан әлем экономикасы қиыншылықтарға тап болған жылдары жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Экономикалық қайта құрулар мен халықтың жан басына шаққандағы инвестиция көлемі Орталық және Шығыс Еуропа және ТМД мемлекеттері арасында Қазақстан көшбасшы елдердің үштігіне қосылды [1, 56 п]. Сөйтіп одан кейінгі жылдары нарық капиталындағы жағдайдың өзгерісі елімізге одан әрі шетелдік инвестицияның құйылуына жол ашты. Осы жылдары шетелдік тікелей инвестицияның оң көрсеткіші 2760 млн. АҚШ долларын құрады, бұл алдыңғы жылдарға қарағанда, жоғары көрсеткіш екенін байқау қиын емес. Соның ішінде жалпы республикалық инвестицияның тең жарымы шикі мұнай мен газды өндіретін кәсіпорындар үлесіне тиесілі-де, ал аймақтарда Атырау мен Батыс Қазақстан облыстарына біршама үлесін қамтамасыз етеді [1, 57 п]. Қазақстан Республикасының Инвестиция жөнідегі комитеті 1997 жылдан 2001 жылға дейін инвестициялық жобаларды жүзеге асыру мақсатында салықтық жеңілдік пен артықшылықтар беруге 345 шарт жасасты. Міне осы жасасқан шарттар бойынша негізгі капиталды құраған инвестиция көлемі 2403 млн. АҚШ долларына жетіп, 40 мың жаңа жұмыс орындары пайда болды. Жоғарыда аталған, яғни тіркелген шарттардың 244-і отандық инвесторлармен болса, 101-і шетелдік инвесторлармен жасалды [2, 65 п]. Инвестициялық саясаттың жүзеге асуы арқасында Қазақстанға шетелден тікелей түскен инвестиция көлемі 35 млрд. АҚШ долларын құрады. Мұның 40 пайызы ЕО елдеріне тиесілі еді. Ірі инвесторлар қатарында, АҚШ, Нидерланды, Ұлыбритания, Италия және Германия секілді елдер бар. Қазақстан елдегі қолайлы жағдайға байланысты ТМД елдері арасында жан басына шаққанда ең көп шет елдік инвестицияны тартуға білек сыбан кірісті. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назабаевтың тікелей қолдауымен тартылған шетелдік капитал елдің нормативтік-құқықтық және институттық негіздің тұрақтылығын одан әрі нығайтуда басты рөл ойнайды. Сондай-ақ Қазақстан өзі де Грузия мен көршілес Қырғызстанда бірінші инвестор-мемлекет болып табылды.
1991 жылдан бастап сыртқы саясат пен халықаралық қатынастар саласында көптеген шаралар іске асырылды.
Сыртқы саясаттың негізгі діңгегі – көпвекторлық жол, яғни көп бағыттылық. Ол – еліміздің геосаяси жағынан орналасуына байланысты өмірдің өзі талап етіп отырған қалыпты жағдай. Өткен уақыт ішінде Қазақстан Республикасын дүние жүзінің 180-нен астам мемлекеті таныды. Қазақстан 120-дан астам елмен дипломатиялық қатынастар орнатты. Шет елдерде 40-тан астам дипломатиялық және консулдық өкілдіктер ашылды. Ал Алматы мен Астанада 50-ден астам шетелдік елшілік пен миссия, халықаралық және ұлтаралық ұйымдардың ондаған өкілдігі жұмыс істейді.

Қазақстан өзінің сыртқы саясатында ең жақын және ірі көрші мемлекеттер – солтүстікте Ресеймен, ал шығыста Қытаймен тығыз қарым-қатынас орнатуға ерекше назар аударып келеді. Қазақстан мен Ресей арасында 1992 ж. 25 мамырдағы Достық, ынтымақтастық және өзара көмек туралы шартқа қол қоюдың зор тарихи маңызы бар. Екі халықтың достығы мен ынтымақтастығын нығайтуда 1996 ж. 27-ші сәуірде Ресей Федерациясының Президенті Б.Ельцин мен Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Алматыда кездесіп, Қазақстан мен Ресей бірлескен Декларациясына қол қоюының маңызы өте зор болды. Онда Қазақстан мен Ресейде жүргізіліп жатқан демократиялық қайта құрулар мен саяси-экономикалық реформалардың екі ел халықтарының болашағы үшін үлкен мәні бар екендігі атап көрсетілді.

Ресей мен Қазақстан арасында ынтымақтастықтың одан әрі дамуында 1998 ж. 6-шілдеде Мәскеуде қол қойылған мәңгілік достық пен ынтымақтастық туралы Декларация маңызды рөл атқарды. Оның негізінде екі мемлекет арасындағы қаржылық өзара келіспеушіліктерді реттеу және Байқоңыр космодромын бірлесіп пайдалану мәселелері шешілді. 2000 ж. 25 қаңтарында Қазақстан Елбасы Н.Ә.Назарбаев пен Ресей Президенті В.Путиннің кездесуі болды. Онда екі жақты қарым-қатынасты одан әрі жетілдіре түсуге жете мән берілді. Ал 2002 ж. желтоқсанда Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Мәскеуге ресми сапары барысында екі ел арасында қалыптасқан достық байланыстарды барынша тереңдетуге күш салынатыны баса айтылды.
Тәуелсіздік жылдары оңтүстік-шығыстағы үлкен көрші мемлекет - Қытай Халық Республикасымен тату көршілік және достық қатынастар орнатуда едәуір табыстарға қол жетті. 1990 ж. Қазақстан мен Қытайдың темір жол арқылы өзара байланысы іске асты, сөйтіп, біздің республика Тынық мұхит жағалауына ең қысқа жолмен шығу мүмкіндігіне ие болды.  

  Қазақстанның сыртқы саясатында АҚШ-пен қарым-қатынасының маңызы өте зор. АҚШ Қазақстан Республикасын тәуелсіз мемлекет ретінде таныған 1991 ж. 25 желтоқсаннан бастап, екі мемлекет арасында елші дәрежесіндегі толыққанды дипломатиялық қатынастар орнады.

1994 жылы Орталық Азия экономикалық қауымдастығы құрылды. Оған Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан кейіннен 1998 ж. 4-ші мемлекет Тәжікстан қосылды. Осы елдер арасындағы жасалған Шартқа сәйкес Мемлекетаралық кеңес пен оның негізгі институттары – Премьер-министрлер кеңесі және олардың тұрақты органы – Атқару комитеті құрылды. 2002 жылдың ақпан айынан бастап Орталық Азия экономикалық қауымдастығы жаңа келісілген құжат негізінде “Орталық Азия ынтымақтастығы” болып қайта құрылды

54. СҰРАҚ. «100 нақты қадам» - бұл жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары. Ұлт жоспары - Н.Назарбаевтың бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 қадамы (2015 ж. Мамыр)

Ұлт Жоспарының кіріспесінде: «100 нақты қадам» – бұл Жаһандық және ішкі сын-қатерлерге жауап және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайларда Ұлттың дамыған мемлекеттердің отыздығына кіруі жөніндегі жоспары» екені атап көрсетілген. «Кәсіби мемлекеттік аппарат құру», «Заңның үстемдігін қамтамасыз ету», «Индустрияландыру және экономикалық өсім», «Есеп беретін мемлекетті қалыптастыру» деп аталатын бөлімдерден тұратын ресми құжаттың өн бойында мемлекет дамуының алдағы уақыттағы 100 нақты қадамы айқындалған. «100 нақты қадам» елімізде «2050 – Стратегиясын» жүзеге асыру мен Қазақстан мем-лекеттілігін нығайтуға, жолдан адаспауға, күрделі кезеңнен сенімді өтуге жағдай туғызатын беріктік қорын жасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «аурулардың сыртқы белгілерін» сылап-сипап қою емес, оларды «жүйелі емдеу» болып табылатын қоғам мен мемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды» делінген бағдарламалық құжаттың 1-қадамы – Мемлекеттік қызметке қабылдау ресімдерін жаңғыртуға арналған. Онда: Мемлекеттік қызметке қабылдау төменгі лауазымдардан басталуы тиіс екені атап өтілген. 2 қадамда «Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу іскерлік қасиеттер негізінде жүзеге асырылуы тиіс» деген міндет қойылып отыр. 3-қадам туралы айтатын болсақ,

мұнда: «Қазақстан республикасының мемлекеттік қызмет және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің рөлін арттыру» мәселесі бойынша орындалуы тиіс міндеттер жан-жақты баяндалған. Ұлт Жоспарының 4, 5, 6 және 7 қадамдарында мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін Міндетті түрде сынақ мерзімін ендіру. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты өсіру; Еңбекақыны нәтиже бойынша төлеуге көшу. Мемлекеттік қызметкерлердің лауазымдық еңбекақы-ларына өңірлік үйлестіру коэффиценттерін қосу міндеттері бойынша нақты тапсырмалар жазылған. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға жекешелендіру құқығынсыз қызметтік пәтерлерді міндетті түрде беру (8-қадам); мемлекеттік қызметкерлерді тұрақты түрде оқыту жүйесін заңды түрде бекіту – үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру (9-қадам); мемлекеттік қызметкерлерді мансаптық жоғарылату үшін конкурстық негізге көшу (10- қадам); шетелдік менеджерлерді, жекеменшік сектордың жекелеген мамандарын, халықара-лық ұйымдардың қызметкерлері болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу (11-қадам); жаңа этикалық ережелерді енгізу. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау (12-қадам) міндеттері мен оларға қатысты нақты мәселелер еліміздегі мемлекеттік қызмет саласын жаңа деңгейге көтерері сөзсіз. Жемқорлыққа қарсы күрес – Елбасы саясатының басым бағыттарының бірі. Бұл мәселе Ұлт Жоспарының 13-қадамында – жемқорлыққа қарсы күресті күшейту қада-мында көрініс тапқан. Сонымен қатар Ұлт Жоспарында Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылдау 14-қадамда, Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін іс басындағы мемлекеттік қызметкерлерді кешенді аттестаттаудан өткізу мәселелері 15-қадамда сипатталған. Ұлт Жоспарында сондай-ақ азаматтардың сот төрелігіне қолжетімділігін жеңілдету үшін сот жүйесі инстанцияларын оңтайландыру (16-қадам), судья лауазымына кандидаттарды іріктеу тетіктерін көбейту және біліктілік талаптарын қатайту (17-қадам), «Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін сот төрелігі институты мемлекеттік басқару академиясының құрылымынан бөлінуі керек» (18-қадам) деген міндеттер қойылған. Бүгінде елімізде сот саласын жетілдіруге байланысты көптеген іс-шаралардың атқары-лып жатқаны белгілі. Осы орайда Судьялардың есеп беру тәртібін күшейту; судьялардың жаңа этикалық кодексін жасау және т.б. мәселелер Ұлт Жоспарының 19-қадамында көрсетіліп отырғанын айта кеткеніміз жөн. Құжаттың 20, 21, 22-қадамдары сот саласына арналған. Инвестициялық даулар бойынша жеке сот істерін жүргізуді құру; Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында «aifc» халықаралық арбитраждық орталығын құру; шетелдік және халықаралық соттардың үздік стандарттары бойынша сот істерін жүргізуді қамтамасыз ету үшін Жоғарғы сот жанынан беделді шетелдік судьялар мен заңгерлер қатысатын халықаралық кеңес құру; Сот ресімдерін оңайлату және сот процестерін жеделдету үшін азаматтық-құқықтық даулар жөніндегі соттарға прокурордың қатысуын қысқарту және т.б. маңызды мәселелер Ұлт Жоспарының 23, 24, 25, 26, 27, 28-қадамдарында көрініс тапқанын айта кеткеніміз жөн. Құқық қорғау органдарының қызметін жетілдіру, жергілікті полиция қызметін құру, жол полициясы қызметкерлерінің этикасы және өзге де мәселелер 29, 30, 31, 32-

қадамдарда келесі міндеттер бойынша айқындалып отыр. Бас бостандығынан айыру орнынан босаған және сынақтан өту қызметіне тіркелген азаматтарды әлеуметтік оңалтудың тиімді жүйесін қалыпқа келтіру; мемлекет-жекеменшік серіктестігін дамыту шеңберінде пенитенциярлық инфрақұрылымды жаң-ғырту; ауылшаруашылық жерлерін тиімді пайдалану мақсатымен оларды нарықтық айналымға енгізу; жер кодексіне және басқа да заң актілеріне өзгерістер енгізу және өзге де көкейкесті міндеттер Ұлт Жоспарының 33, 34, 35, 36, 37, 38-қадамдарында көрініс тапқан. Ұлт Жоспарында белгіленген тапсырмалар еліміздің әлеуметтік-экономикалық тұрғыдан дамуын одан әрі жетілдіру мәселелері қамтылған. Мәселен, мемлекеттік монополиядан біртіндеп бас тарту; құрылыстың сметалық құнын анықтаудың ресурстық әдісін енгізу; кеңестік кезеңнен бері қолданылып келе жатқан құрылыстың ескірген нормалары мен ережелерінің орнына еурокодтар жүйесін енгізу; электр энергетикасы саласын қайтадан құру тәрізді өзекті міндеттер бүгінгі күн талабымен орайлас келіп отыр. Бағдарламалық құжатта сондай-ақ ет өндірісі мен өңдеуді дамыту үшін стратегиялық инвесторларды тарту; экономиканың шикізаттық емес салаларындағы орта бизнестің нақты көшбасшы компанияларын қолдауға бағытталған «ұлттық чемпиондар» белсенділігін жүзеге асыру; ғылымды қажет ететін экономиканың негізі ретінде екі инновациялық кластерді дамыту; өндіріске инновациялар енгізу жөніндегі жұмыстарды қаржыландыру тетіктері бар «ғылыми және (немесе) ғылыми техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заң әзірлеу. Қазақстанды халықаралық көлік-коммуникациялық ағымдарға интеграциялау сынды ауқымды мақсаттар мен міндеттер 61 және 76-шы қадам аралығында көрініс тапқан. Аталған міндеттердің жүзеге асырылуы ел келешегінің кемел болашағының жарқын болуына негіз болары сөзсіз. Мемлекет басшысы ұсынып отырған Ұлт Жоспары – 100 нақты қадамына енген: «Экономиканың алты негізгі саласы үшін он алдыңғы қатарлы колледж бен он жоғары оқу орнында білікті кадрларды әзірлеу, кейіннен бұл тәжірибені еліміздің басқа оқу орындарына тарату», Назарбаев университеті тәжірибесін ескере отырып, жоғары оқу орындарының академиялық және басқарушылық дербестігін кезең-кезеңімен кеңейту; Жалпыға Ортақ Еңбек Қоғамы идеясын алға жылжыту жөніндегі ұлттық жобаны әзірлеу және жүзеге асыру; «Нұрлы болашақ» ұлттық жобасын әзірлеу және жүзеге асыру және т.б. міндеттер кеңінен атап көрсетілген. «Іске асыру тетігі» деп аталатын бөлімде бес жұмыс тобынан жасақталған жаңғырту жөніндегі Ұлттық Комиссия құрылғаны туралы айтылған. Ұлттық комиссия бес инс-титуттық реформаны кезең-кезеңімен орындауды келісілген басқару бойынша жүзеге асыруы, тұжырымдамалық шешімдер қабылдап, іс-қимылдың нақты жоспарын айқындауы тиіс екені және өзге де жайттар атап көрсетілген.

«100 нақты қадам» - бұл ЖАҺАНДЫҚ ЖӘНЕ ІШКІ СЫН-ҚАТЕРЛЕРГЕ ЖАУАП және сонымен бір мезгілде, жаңа тарихи жағдайлардаҰЛТТЫҢ ДАМЫҒАН МЕМЛЕКЕТТЕРДІҢ ОТЫЗДЫҒЫНА КІРУІ ЖӨНІНДЕГІ ЖОСПАРЫ. «100 нақты қадам» елімізге «2050-Стратегиясын» жүзеге асыру мен ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІЛІГІН НЫҒАЙТУҒА, ЖОЛДАН АДАСПАУҒА, КҮРДЕЛІ КЕЗЕҢНЕН СЕНІМДІ ӨТУГЕ жағдай туғызатын БЕРІКТІК ҚОРЫНжасап беретін болады. Жоспардың негізгі мақсаты «АУРУЛАРДЫҢ СЫРТҚЫ БЕЛГІЛЕРІН» СЫЛАП-СИПАП ҚОЮ ЕМЕС, ОЛАРДЫ «ЖҮЙЕЛІ ЕМДЕУ»болып табылатын қоғам менмемлекетті түбегейлі қайта өзгертуге негіз қалайды. 100 НАҚТЫ ҚАДАМ БАРШАҒА АРНАЛҒАН ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ МЕМЛЕКЕТ І. КӘСІБИ МЕМЛЕКЕТТІК АППАРАТ ҚҰРУ

1-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕ ҚАБЫЛДАУ РЕСІМДЕРІН ЖАҢҒЫРТУ. Мемлекеттік қызметке қабылдау ТӨМЕНГІ ЛАУАЗЫМДАРДАН басталуы тиіс.

2-қадам. Төменгі лауазымдарға кандидаттарды реттеу және одан әрі лауазымдық өсу ІСКЕРЛІК ҚАСИЕТТЕР негізінде жүзеге асырылуы тиіс.

3-қадам. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ЖӘНЕ ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ РӨЛІН АРТТЫРУ есебінен мемлекеттік қызметке алғаш рет қабылданушыларды ІРІКТЕУ РЕСІМІН ОРТАЛЫҚТАНДЫРУ. Үш сатылы іріктеу жүйесін енгізу.

4-қадам. 3+3 ФОРМУЛАСЫ БОЙЫНША мемлекеттік қызметке бірінші рет қабылданушылар үшін МІНДЕТТІ ТҮРДЕ СЫНАҚ МЕРЗІМІ(тиісінше үш айдан кейін және алты айдан кейін сәйкестілікті межелік бақылау).

5-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің жалақысын қызметінің нәтижесіне байланысты ӨСІРУ.

6-қадам. ЕҢБЕКАҚЫНЫ НӘТИЖЕ БОЙЫНША ТӨЛЕУГЕ КӨШУ. Мемлекеттік қызметкерлер үшін - жеке жылдық жоспарларды орындау; мемлекеттік органдар үшін - стратегиялық жоспарларды орындау; министрлер және әкімдер үшін - мемлекеттік қызмет сапасының арнаулы индикаторлары, өмір сапасы, инвестиция тарту; Үкімет мүшелері үшін - интегралдық макроэкономикалық индикаторлар.

7-қадам. Мемлекеттік қызметкерлердің ЛАУАЗЫМДЫҚ ЕҢБЕКАҚЫЛАРЫНА ӨҢІРЛІК ҮЙЛЕСТІРУ КОЭФФИЦИЕНТТЕРІН қосу

8-қадам. Ауыстырылатын мемлекеттік қызметкерлерге лауазымдық міндеттерін атқару кезеңінде оларға ЖЕКЕШЕЛЕНДІРУ ҚҰҚЫҒЫНСЫЗ ҚЫЗМЕТТІК ПӘТЕРЛЕРДІ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ БЕРУ.

9-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ ТҰРАҚТЫ ТҮРДЕ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІН ЗАҢДЫ ТҮРДЕ БЕКІТУ - үш жылда бір рет олардың кәсіби шеберлігін арттыру.

10-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ МАНСАПТЫҚ ЖОҒАРЫЛАТУ ҮШІН КОНКУРСТЫҚ НЕГІЗГЕ КӨШУ. «Б» корпусының жоғары лауазымдарына жылжыту төменгі лауазымдағы мемлекеттік қызметкерлер қатарынан тек қана конкурстық негізде жылжыту есебінен меритократия қағидатын нығайту.

11-қадам. ШЕТЕЛДІК МЕНЕДЖЕРЛЕРДІ, ЖЕКЕМЕНШІК СЕКТОРДЫҢ ЖЕКЕЛЕГЕН МАМАНДАРЫН, ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҰЙЫМДАРДЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ болып табылатын Қазақстан Республикасының азаматтарын мемлекеттік қызметке жіберу. Оларды тағайындау ерекше талаптар және лауазымдардың жеке кестесі бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Бұл қадам мемлекеттік қызметті ашық және бәсекеге қабілетті жүйе етеді.

12-қадам. ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ ЕРЕЖЕЛЕРДІ ЕНГІЗУ. Мемлекеттік қызметтің жаңа Этикалық кодексін жасау. Этика мәселелері жөніндегі уәкілетті өкіл лауазымын енгізу.

13-қадам. ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ КҮРЕСТІ КҮШЕЙТУ, сонымен бірге, жаңа заңнамалар әзірлей отырып, Мемлекеттік қызмет істері және жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің құрылымында жемқорлық құқық бұзушылықтың жүйелі түрде алдын алу және сауықтыру үшін жемқорлыққа қарсы арнайы бөлім құру.

14-қадам. Барлық мемлекеттік органдарға, оның ішінде құқық қорғау органдарының барлық қызметкерлеріне қатысты МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ТУРАЛЫ ЖАҢА ЗАҢ қабылдау.

15-қадам. Мемлекеттік қызмет туралы жаңа заң қабылданғаннан кейін ІС БАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРДІ КЕШЕНДІ АТТЕСТАТТАУДАН өткізу, кәсіби талаптарды күшейту және еңбекақы төлеудің жаңа жүйесін енгізу.

II. ЗАҢНЫҢ ҮСТЕМДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ

16-қадам. АЗАМАТТАРДЫҢ СОТ ТӨРЕЛІГІНЕ ҚОЛЖЕТІМДІЛІГІН ЖЕҢІЛДЕТУ ҮШІН СОТ ЖҮЙЕСІ ИНСТАНЦИЯЛАРЫН ОҢТАЙЛАНДЫРУ. БЕС САТЫЛЫ СОТ ЖҮЙЕСІНЕН (бірінші, апелляциялық, кассациялық, қадағалау және қайта қадағалау жасау) ҮШ САТЫЛЫ (бірінші, апелляциялық, кассациялық) сот төрелігі жүйесіне көшу.

17-қадам. Судья лауазымына КАНДИДАТТАРДЫ ІРІКТЕУ ТЕТІКТЕРІН КӨБЕЙТУ ЖӘНЕ БІЛІКТІЛІК ТАЛАПТАРЫН ҚАТАЙТУ.Міндетті түрдегі талап - сот істерін жүргізуге қатысудың 5 жылдық өтілі. Кәсіби дағдысы мен іскерлігін тексеру үшін ахуалдық тестілер жүйесін енгізу. Судьялыққа үміткерлер СОТТАРДА стипендия төленетін БІР ЖЫЛДЫҚ ТАҒЫЛЫМДАМАДАН өтеді. Бір жылдық тағылымдамадан кейін судья БІР ЖЫЛДЫҚ СЫНАҚ МЕРЗІМІНЕН өтеді.

18-қадам. Оқуды және сот тәжірибесі арасындағы өзара байланысты күшейту үшін СОТ ТӨРЕЛІГІ ИНСТИТУТЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫНАН бөлінуі керек. Аталмыш институт Жоғарғы Соттың жанында жұмыс істеп, қызмет бабындағы судьялардың біліктілігін тұрақты түрде арттыруды қамтамасыз ететін болады.

19-қадам. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЕСЕП БЕРУ ТӘРТІБІН КҮШЕЙТУ. СУДЬЯЛАРДЫҢ ЖАҢА ЭТИКАЛЫҚ КОДЕКСІН жасау, соның негізінде азаматтар судьялардың әрекеттері бойынша еліміздің Жоғарғы Сотының жанынан құрылған арнайы СОТ АЛҚАСЫНА шағымдана алатын болуы керек.

20-қадам. БАРЛЫҚ СОТ ПРОЦЕСТЕРІНЕ БЕЙНЕ ЖӘНЕ ТАСПАҒА ЖАЗУ ШАРАЛАРЫН міндетті түрде енгізу. Судьяның бейне жазуды тоқтатуға немесе аудиио жазу материалдарын редакциялауға мүмкіндігі болмауы тиіс.

21-қадам. Алқа билер соты қолданылатын салаларды кеңейту. Заңды түрде АЛҚА БИЛЕР СОТЫ МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ҚАТЫСТЫРЫЛАТЫН қылмыстық істердің категорияларын анықтау қажет.

22-қадам. АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ КОНСТИТУЦИЯЛЫҚ ҚҰҚЫН ШЕКТЕЙТІН БАРЛЫҚ ТЕРГЕУ ҚЫЗМЕТІ ЖӨНІНДЕГІ ӨКІЛЕТТІЛІКТІ тергеу судьясына біртіндеп беруді ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ АРҚЫЛЫ СОТТА АЙЫПТАЛУШЫ ЖӘНЕ ҚОРҒАУШЫ АРАСЫНДАҒЫ ТЕҢГЕРІМДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ.

23-қадам. ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ДАУЛАР БОЙЫНША жеке СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ құру. Жоғарғы Сотта ірі инвесторлар қатысатын дауларды қарау үшін ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ АЛҚАНЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ.

24-қадам. Дубай тәжірибесі бойынша Астана қаласында AIFC ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АРБИТРАЖДЫҚ ОРТАЛЫҒЫН ҚҰРУ.

25-қадам. Шетелдік және халықаралық соттардың ҮЗДІК СТАНДАРТТАРЫ БОЙЫНША СОТ ІСТЕРІН ЖҮРГІЗУДІ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҮШІН ЖОҒАРҒЫ СОТ ЖАНЫНАН БЕДЕЛДІ ШЕТЕЛДІК СУДЬЯЛАР МЕН ЗАҢГЕРЛЕР қатысатын



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.