Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р Президентінің жолдауындағы қазіргі қазақстанның экономикалық модернизациясы 8 страница



бағытталған институционалдық реформа кезеңінде де солай. Елорда дамуының

сөреден шыққанда алған қуатты қарқыны кейінгі жылдардың бəрінде сақталып келеді.

1997 жылдан бастап Астананың жалпы өңірлік өнімі 190 есе өсті. Өнеркəсіп – 30 есе,

инвестиция 50 есе артты, оның үстіне олардың басым бөлігін жеке салымдар құрайды.

Елордаға инвестицияланған мемлекеттік қаражатқа келетін болсақ – Астана оны

əлдеқашан қайтарған. Қала республикалық бюджеттің донорына айналды. Елорда

салық түрінде қазірдің өзінде 6 трил- лионнан астам теңге аударған. Бұл оған мемлекет

жұмсаған қаражаттан 3 есеге жуық көп. Елорда тұрғындарының саны 20 жыл ішінде 3

еседен астам ұлғайды. Астана миллион тұрғыны бар мегаполиске айналды. Осы уақыт

ішінде шамамен жалпы саны 180 мың пəтерлі 1 300 көппəтерлі тұрғын үй салынды.

Қала алаңы 500 шаршы километрге ұлғайды. Дегенмен ең басты жетістік, Астананың

басты құндылығы, шамасы, материалдық затта емес шығар. Оны тұрғын үйдің шаршы

метрімен, салынған инвестициялар көлемімен немесе экономикалық өсім

көрсеткіштерімен өлшеуге болмайды. Ежелгі грек философы Архимедтің: «маған аяқ

тірейтін нүктені тауып беріңдер, мен əлемді төңкеріп тастайын» деген қанатты сөзін

білмейтін адам кемде-кем шығар. Нұрсұлтан Əбішұлы үшін мұндай нүкте Астана

болды, оған табан тіреген біздің Президентіміз тарих дөңгелегін теріс айналдырды.

Жаңа елорда Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің қуатты күш-жігерінің,

энергиясының, мақсатқа ұмтылушылығының шоғырланған көрінісіне айналды. Бұл біздің халықтың ақиқатқа айналған арманы. Бұл біздің жас мемлекетіміздің тəуелсіздігімен табысының рəмізі.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.