|
|||
Р Президентінің жолдауындағы қазіргі қазақстанның экономикалық модернизациясы 6 страница94-қадам. «Ашық үкіметті» енгізу. АҚПАРАТҚА ҚОЛЖЕТІМДІЛІК ТУРАЛЫ ЗАҢДЫ ӘЗІРЛЕУ, ол мемлекеттік органдар иелігіндегі тек мемлекеттік құпия мен заңмен қорғалатын басқа да ақпараттардан өзге кез келген ақпараттың ашықтығын қамтамасыз етеді. 95-қадам. Мемлекеттік органдар басшыларының халық алдында СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАР ЖӘНЕ АУМАҚТЫҚ ДАМУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫНЫҢ МАҢЫЗДЫ КӨРСЕТКІШТЕРІНЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗІЛГЕНДІГІ ТУРАЛЫ ЖЫЛ САЙЫНҒЫ АШЫҚ БАЯНДАМАЛАР ЖАСАУЛАРЫН және олардың есептерін ресми веб-сайттарда орналастыруды тәжірибеге енгізу. Ұлттық ЖОО-лар басшыларының өз қызметтері туралы оқушылар, жұмыс берушілер, қоғам өкілдері мен БАҚ алдында жылма-жыл есеп берулерін тәжірибеге енгізу. 96-қадам. ОРТАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАРДЫҢ СТАТИСТИКАЛЫҚ БАЗАЛАРЫ мәліметтеріне ОНЛАЙН-қолжетімділікті қамтамасыз ету. Барлық бюджеттік және топтастырылған қаржылық есеп, сыртқы қаржы аудитінің нәтижелері, мемлекеттік саясат тиімділігін бағалау қорытындылары, мемлекеттік қызметтің сапасын қоғамдық бағалау нәтижелері, республикалық және жергілікті бюджеттің орындалуы туралы есеп ЖАРИЯЛАНАТЫН БОЛАДЫ. 97-қадам. Өзін-өзі реттеу мен жергілікті өзін-өзі басқаруды дамыту арқылы АЗАМАТТАРДЫҢ ШЕШІМДЕР ҚАБЫЛДАУ ҮДЕРІСІНЕ ҚАТЫСУ МҮМКІНДІГІН КЕҢЕЙТУ. МЕМЛЕКЕТКЕ ТӘН ЕМЕС ҚЫЗМЕТТЕРДІ БӘСЕКЕЛЕСТІК ОРТАҒА және өзін-өзі реттеуші ұйымдарға беру. Үкімет мемлекетке тән емес және басы артық қызметтерді қысқарту есебінен неғұрлым ықшам бола түседі. 98-қадам. Селолық округ, ауыл, село, кент, аудандық маңыздағы қала деңгейінде ЖЕРГІЛІКТІ ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУДЫҢ ДЕРБЕС БЮДЖЕТІ ЕНГІЗІЛЕТІН БОЛАДЫ. Облыс орталықтарында және республикалық маңыздағы қалаларда азаматтардың тиісті бюджеттік жобаларын талқылауға қатысуының тетіктері жұмыс істейді. 99-қадам. МЕМЛЕКЕТТІК ОРГАНДАР МЕН ӘКІМДЕР ЖАНЫНДАҒЫ ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ стратегиялық жоспарлар мен аумақтық даму бағдарламаларын; бюджеттерді, есептерді, мақсатты индикаторларға қол жеткізуді, азаматтардың құқықтары мен еркіндіктерін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер жобаларын; бағдарламалық құжаттар жобаларын талқылау бөлігіндегі рөлдерін күшейту. ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕСТЕРДІҢ ӨКІЛЕТТІКТЕРІ мен мәртебесін заңмен бекіту, мемлекеттік шешімдерді қабылдау ашықтығын арттыру. 100-қадам. Канададағы Canada Service және Австралиядағы Centrelink үлгісі бойынша МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ БІРЫҢҒАЙ ПРОВАЙДЕРІНЕ АЙНАЛАТЫН «АЗАМАТТАР ҮШІН ҮКІМЕТ» МЕМЛЕКЕТТІК КОРПОРАЦИЯСЫН құру. Мемлекеттік корпорация халыққа қызмет көрсететін барлық орталықтарды бір жүйеге интеграциялайды. Қазақстан азаматтары МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ БІР ЖЕРДЕН алатын болады. Мемлекеттік қызметті САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ISO 9000 СЕРИЯСЫНА СӘЙКЕС халықаралық сертификаттау. 56. ҚР еуразиялық идеясының дамуы. Экономикалық одақ құру туралы келісім. Кедендік одақтың құрылуы және қызметінің басталуы. Президент еуразиялық қауымдастық болуы керек деп үлкен көрегендікпен атаған. Бірақ тәуелсіз ел атанған көптеген ТМД елдері лидерлерінің бұл идеяны қабылдауға саяси қарымы мен ерік-жігері жетпеді. Ал өзінің көрегенділігін танытқан Нұрсұлтан Назарбаев идеяның өміршеңдігін байқатты. Нұрсұлтан Әбішұлы философияда «еуразияшылдық ағым» деп аталған осы идеяны жақтаушылардың еңбегімен де жақсы таныс болса керек. Себебі, Ресей қол астындағы халықтардың тарихын орыс тарихының тар шеңберінде ғана емес, жалпы еуразиялық өркениет ауқымында қарастыру қажеттігін ұсынған П.Савицкий, Г.Флоровский, Н.Трубецкой, Г.Вернадский және басқалардың еңбегін жалғастырушы, «соңғы еуразияшыл» атанған Л.Н.Гумилевті ол жоғары бағалайтынын көруге болады. 30-шы жылдардың ортасында КСРО-да бұл ағым ғылыми айналыстан күшпен шығарылып, оны жақтаушылар айыпталғаны белгілі. Оларды ардақтау тұңғыш рет Қазақстанда ғана қолға алынды. Астанадағы Еуразия университетіне Л.Н.Гумилевтің есімінің берілуі де соның көрінісі деп білеміз. 2006 жылдың 26 мамырында Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-де «Экономика біліміне инновация және ғылым арқылы» атты өзінің дәрісінде Елбасы Н.Ә. Назарбаев былай деді: «Еуразиялық идея теория секілді өткен ғасырда туды. Бірақ, еуразиялық идея тәжірибе жүзінде осы ғасырда жүзеге асады. Еуразияшылдық – ХХ ғасырдың басты идеялардың бірі. Мұны өздеріңіз түсініп, көретін боласыздар. Еуразиялық идеяның Қазақстан инициативасы негізінде орындалған үш басты көрінісі – ЕурАзЭҚ, АӨСШК және ШЫҰ. Және бұл үш ұйым мызғымас Орталық, Біріккен Еуразиялық Идеяның тәжірибелік келбеті». Еуразиялық экономикалық одақ, ЕЭО — Қазақстан, Ресей, Беларусь мемлекет басшылары арасында 2014 жылдың 29 мамырында қол қойылған келісім негізінде құрылған экономикалық одақ. Мүше елдердің парламенттері бекітіп, Одақ 2015 жылдың 1 қаңтарына бастап күшіне енеді. 2011 жылдың 18 қарашасында Беларусь, Қазақстан, Ресей президенттері Еуразиялық Экономикалық Одақ 2015 жылға қарай құрылады деген келісімге қол қойған. Бұл келісім болашақ интеграцияның жол картасын қамти отырып, Еуразиялық Экономикалық Комиссияның және 2012 жылдың 1 қаңтарынан жұмыс істей бастаған Еуразиялық Экономикалық Кеңістік негізін қалады. Кедендік одақ. 2010 жылдың 1 қаңтарынан бастап Белоруссия, Қазақстан жəне Ресей арасында құрылған Кедендік одақ өзінің іс жүзінде жұмысын атқару кезеңіне қадам басты. Жаңа Одақ Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Əбішұлы Назарбаевтың 1994 жылдың наурыз айында М.В. Ломоносов атындағы Мəскеу Мемлекеттік университеті қабырғасында айтқан тиісті институттық құрылымы бар Еуразиялық кеңістік құру туралы бастамасының жүзеге асуының нəтижесі деп айтуға толық негіз бар. Бұл бастама, Елбасының басқа да идеялары тəріздес, əлемдік тəжірибені зерттеу, тиісті жағдайды мұқият сараптау жəне экономикалық мақсаттар негізінде өмірге келді. Қазақстан Республикасының сыртқы экономикалық қызметтерін либерализациялау сыртқы рынокка шығушы кəсіпорындардың, ұйымдардың жəне мекемелердің, сондай-ақ жекелеген кəсіпкерлердің шеңберін кеңейте түсті. Осыған байланысты халықаралық тауарлар, жұмыстар, қызметтер, ақпараттар, санаткерлік қызмет нəтижелерін алмасу салаларында мемлекеттік реттеудің ролі де елеулі өсе түсуде. Сонымен қатар, «Қазақстанның БСҰ-ға кіруі жолындағы келіссөз үдерісі тоқтаусыз жүргізіліп жатыр. Республиканың сыртқы сауда режимін реттейтін заңдарының едəуір бөлігі қазірдің өзінде БСҰ нормаларына сəйкес келтірілді немесе парламентте талқылануы үстінде. Еліміздің осы халықаралық ұйымға енуі Қазақстанның дүниежүзілік рыноктағы бəсекеге қабілеттілігін нығайту үшін кең мүмкіндіктер ашатынына сенімдімін», деп Қазақстан Республикасының Президенті ел халқына жолдауында атап өткен болатын. Бірыңғай кедендік тариф – бұл шешуші құжат əрі бірыңғай сауда саясатының маңызды элементі болып табылады. Бұл сыртқы экономикалық қызметтің Бірыңғай сауда номенклатурасына сəйкес жүйелендірілетін үшінші елдерден бірыңғай кедендік аумаққа кіргізілетін тауарларға қолданылатын кедендік баж салықтары ставкаларының жиынтығы. 57. Қазақстанның дағдарысқа қарсы мүмкіндіктері жəне ҚР Президентінің 《Қазақстан жаңа жаһандық кеңістікте: өсім, реформалар, даму》 Жолдауындағы дағдарысқа қарсы басты стратагема Елбасы жолдауында: Дағдарысқа қарсы және құрылымдық жаңарулардың бес басым бағыты бойынша дағдарысқа қарсы және құрылымдық кешенді жаңаруларды жүзеге асырудың бағыттарын атап өтті:Онда; қаржы секторын тұрақтандыру, бюджет саясатын оңтайландыру, жекешелендіру және экономикалық бәсекелестікті ынталандыру, жаңа инвестициялық саясаттың негіздері, жаңа әлеуметтік саясат, - қарастырылған. Дағдарыс кезеңінде теңгерімсіздік және үйлесімсіздік жағдайында экономикалық жүйелерді басқару жағымсыз құбылыстардың кері салдарларының алдын алу және оларды жоюдың тәжірибелік дағдыларын меңгеруді талап етеді. Дағдарысқа қарсы басқарудың ерекшелігі шектелген қаржылық қаражат, белгісіздік пен қатердің жоғары деңгейі жағдайында күрделі басқару шешімдерін қабылдау қажеттілігімен байланысты. Ол дағдарыстарды айқындауға, олардың алдын-алуға, кері салдарларын жеңуге, дағдарыс ағымын деңгейлестіруге мүмкіндік беретін әдістердің, тәсілдердің жиынтығы болып табылады.Экономикалық теорияда дағдарыс кезеңділік негізі ретінде қарастырылады. Дағдарысты зерттеуші Н.Кондратьев («кондратьевтік кезең» деп аталған) теориялық негіздеген. Ол 19 ғасырдан бастап 40-60 жыл көлеміндегі экономикалық даму кезеңін дәлелдеген. Сонымен бірге француз зерттеушісі К.Жюгляр 7-11 жылдық орташа кезеңді белгілеген. Өте ұсақ кезеңдер де көрсетілген.Шетелдік әдебиеттерде «дағдарыс-менеджмент» ұғымы кеңінен қолданылады. Кең мағынада дағдарыс-менеджмент төтенше жағдайлардағы басқару деп түсіндіріледі. «Дағдарыс-менеджмент» термині 1962 ж. КСРО мен АҚШ арасындағы әскери-саяси жанжалдан («Кариб дағдарысы» деп аталатын) кейін бірінші рет американдық баспада пайда болғаны белгілі. Кәсіпорындардағы дағдарыстарға қатысты «дағдарыс-менеджмент» термині тұжырымдама, теория және әдістеме ретінде, 1980-жылдардың екінші жартысында пайдаланыла бастады. Стив Финктің «Дағдарыс-менеджмент. Шарасыздықты жоспарлау» деп аталған бірінші монографиясы 1986 ж. АҚШ-та жарық көрді және кәсіпорындарға қатысты дағдарысқа қарсы басқаруға арналды. Сол уақыттан бастап, бұл термин журналистік клишеден ғылыми түсінікке айналып кетті және осы мағынада қазіргі уақытқа дейін қолданылады. Сонымен қатар, 2007–2008 жж. жаһандық қаржылық дағдарыс салдарлары анағұрлым теңдессіз болғаны белгілі. Оның себептері Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың «Дағдарыс кілті» және «Бесінші жол» атты еңбектерінде түпкілікті талданған болатын. Қазақстан басшысы 2003 ж. «Сындарлы он жыл» кітабында жаһандық дағдарыстың болашағын қарастырғанын атап өткен жөн, кітапта әлемдік экономика мәселелерінің күрделеніп келе жатқандығы көрсетілген.Қазақстан тұтынушы қоғам жүйесінің кемістіліктілігі мәселесін біртіндеп айқындауда. Ол бүкіл әлемді, соның ішінде едәуір дамыған елдерді де шарпыған жаһандық наразылық толқынын туғызып, қоғамдық игіліктерді әділ бөлісу қағидасына қарама-қайшы келді. Әлемдік қаржыэкономикалық дағдарыс дамушы мемлекеттермен қатар көптеген дамыған елдерді де қамтитын әлемдік әлеуметтік дағдарысқа айналып кетті. Еңбектің халықаралық ұйымы дамыған елдерде қалыптасқан жаһандық еңбек нарығы мен әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіне төнген қауіп туралы қорытынды жасады. Еуропаның жетекші елдерінде 2012 ж. жұмыссыздық деңгейі өткен ғасыр соңының көрсеткіштерінен анағұрлым асып түсті: Испанияда бұл көрсеткіш рекордты 25,8% құрады, Ирландияда – 15,1%, Португалияда – 15,7%, Италияда – 10,8%, Францияда – 10,8%, Польшада – 10,1%, Германияда – 5,4% және т.б.Салыстырмалы түрде алсақ, соңғы 14 жылда ҚР жұмыссыздық көрсеткіші төмендеуде (1999 ж. 13,5%-тен 2013 ж. 5,2% -ге дейін). Астана экономикалық форумы аясында Қазақстан әлемдік дағдарысты жеңу бойынша нақты ұсыныстарды қалыптастырды, олар Санкт-Петербург қаласында 2013 ж. қыркүйегінде өткен «Үлкен жиырмалықтың» саммитінде қатысушыларға жеткізілді.АЭФ алаңының негізінде G-global ақпараттық-коммуникациялық жобасы ұйымдастырылған. 2014 жылдың мамырында Астанада БҰҰ қамқорлығымен VII Астана экономикалық форумы мен II Дағдарысқа қарсы конференция болып өтті. Мемлекет басшысы өз сөзінде аймақтар дамуының теңгерімсіздігі мен кедейліктің негізінде жатқан әлемдік экономикадағы дағдарыс себептерін нақты көрсетіп берді. Кедейлікпен күресетін ғаламдық жол картасын қабылдау ұсынылды 58. ҚР Президентінің жолдауындағы қазіргі қазақстанның экономикалық модернизациясы Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Құрметті қазақстандықтар! Мен Қазақстан халқына жаңа дәуір қарсаңында сөз арнап отырмын. Еліміз өзінің 25 жылдық даму кезеңінен абыроймен өтті. Біз елімізді мақтан тұтамыз. Табыстарымыз бен жетістіктеріміз туралы Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойында атап өттік. Оларды бүкіл әлем біледі және жоғары бағалайды.2017 жылдың басынан бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымы Қауіпсіздік Кеңесінің мүшесі болды.Биыл Астанада «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі өтеді. Мұндай өте маңызды әлемдік деңгейдегі іс-шараны біз ТМД және Орталық Азия елдерінің арасында бірінші болып өткіземіз. Алматыда Универсиада-2017 спорт ойындары өтіп жатыр. Оған 57 мемлекеттен 2 мыңнан астам спортшы мен делегация мүшелері қатысуда.Осының барлығы Қазақстанның халықаралық аренада жоғары беделге ие болғанын және саясатымыздың дұрыстығын көрсетеді.Қазақстан 2050 жылға қарай әлемдегі ең алдыңғы қатарлы 30 мемлекеттің қатарына қосылуға тиіс. Біз осы мақсатқа қарай табандылықпен ілгерілей береміз.Жаһандық бәсекелестіктің өсуі және әлемдегі тұрақсыздық жағдайында, 2012 жылы халқыма «Қазақстан-2050» стратегиясының өзектілігі арта түседі. Біз қиындықтарды уақтылы болжай алдық.«Нұрлы жол» экономикалық саясатының және «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының нәтижесінде осынау қиын, жаһандық трансформацияның алғашқы кезеңінен лайықты өтіп келеміз. Тек 2014-2016 жылдар аралығында біз экономиканы қолдауға қосымша 1,7 триллион теңге жұмсадық. Мұның барлығы экономикалық өсімді және бизнесті қолдауға, 200 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын ашуға мүмкіндік берді. Нәтижесінде, 2016 жылы біз ішкі жалпы өнімнің 1% өсімін қамтамасыз еттік. Бұл қазіргі күрделі жағдайда айтарлықтай маңызды.Әлем қарқынды түрде өзгеріп келеді.Бұл – жаңа жаһандық болмыс, оны біз қабылдауға тиіспіз. 59) Тəуелсіз Қазақстан жəне Астана. Елорданы Алматыдан Астанаға көшіру: Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 1997 жылғы 10 желтоқсандағы Жарлығымен ел астанасы бұрынғы Ақмолаға көшірілді. Ал, 1998 жылы Елорданың атауы Астана болып өзгертілді. Уақыт тарихи шешімнің маңызын айқындап берді. Бас қаламыз халықаралық маңызы бар түрлі форумдар, конгрестер мен өзге де іс-шаралар өтетін Еуразия кеңістігінің орталығына айналды. Елордада Əлемдік жəне дəстүрлі діндер лидерлерінің съездері, Астана экономикалық форумы жəне өзге де маңызды халықаралық оқиғалар тұрақты түрде өтіп келеді. Бұған ЕҚЫҰ-ның тарихи саммиті, ШЫҰ мен ИЫҰ-ның мерейтойлық саммиттерін қосыңыз. Сондай-ақ, 2011 жылдың басында Есіл бойы VII Қысқы Азия ойындарының қатысушылары мен қонақтарын қарсы алды. Дүбірлі доданың алауын тұтатты, жалауын желбіретті. Жас қала жыл санап түрленді. Мəселен, 1999 жылы «ЮНЕСКО-ның» шешімімен Астана – «Əлем қаласы» деп танылды. Қазақстанның бас қаласы 2000 жылдан бастап Астаналар мен ірі қалалардың халықаралық ассамблеясының мүшесі. Астананың айналасында бірегей «жасыл белдеу» жасалғанын да жұрт жақсы білсе керек. Қала ұлғайған сайын далалық өлкенің ортасындағы шұратқа (оазис) ұқсап келеді. Астана тарихының биылғы белесі де алтын əріппен жазылады. Қазақстанның Тəуелсіздік жылдарындағы ең ауқымды жобасы сəтімен жүзеге асты. «EХРО – 2017» Халықаралық көрмесі Жер-жаһанның ортақ мүддесін бір арнаға тоғыстырды. Бұған дейін жазғанымыздай, бағаналы ордада – баламалы қуат көздерін игеру мəселесі қаузалды.Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлы 2000 жылдың 20 мамырында ескерткіштің эскизін сызып, қағазға түсірді. Сəулетшілер мен суретшілер қауымына ұсынды. Бұл бастаманы жерлесіміз, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, Ұлттық ғылым академиясының корреспондент-мүшесі Мақаш Əлиақпаров бастаған қарағандылық шығармашылық топ қолға алды.Мазмұны терең нысанның құрылысына қажетті шикізатты, материалдар мен жұмыскүшін біздің өңір қамтамасыз етті. Облыстағы «Испат-Кармет», «Қазақмыс» сияқты іріөндіріс ошақтары қаржылай көмек көрсетті. Сондай-ақ, балқаштықтар 60 тоннаға жуық қоланы сыйға тартқан.Мəңгілік Ел – мəуелі «Бəйтерек»! Ақбоз үй – Ақорда! Ырысты еселеген «Бейбітшілікжəне келісім» сарайы һəм «Хан Шатыр»! Орталық Азиядағы ірі мешіт – «Əзірет Сұлтан» мешіті де осында! Отыз мың көрерменге арналған «Астана-Арена» жабық стадионы, 2011 жылы əлемде үздік деп танылған, 10 мың орынға арналған «Сарыарқа» бірегей велотрегі, «Алау» мұз айдыны жəне бар!Міне, Қазақ елінің АстанасыІ Көз тояды, көңіл марқаяды1994 жылғы 6 шілдедеҚазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғарғы Кеңестің жалпы отырысында – елдің бұрынғы парламентінде күтпеген ұсыныс жасады. «...Сіздердің қарауларыңызға республиканың өміріне, əсіресе алдағы болашағы үшін аса маңызды мəселені – еліміздің астанасын көшіру туралы мəселені қойғалы тұрмын. Алматы тəуелсіз мемлекеттің талаптарына қазірдің өзінде-ақ жауап бере алмайды, – деді сонда Мемлекет басшысы – Сондықтан менің тапсырмам бойынша мемлекеттің жаңа астанасының орналасатын жерін анықтау мақсатында республиканың күллі аумағы егжей-тегжейлі тексеруден өткізілді. 32 параметр бойынша жүргізілген сараптама барлық нұсқалардың ішінде ең дұрысы Ақмола екенін көрсетті». Сол кезде астананы көшіру идеясын кім əділ бағалай қойды дейсіз. Ол үшін саяси тəжірибе, ел ішінде болып жатқан процестерді терең түсінушілік, болашақты нақты пайымдаушылық, ақыр соңында, аса көрнекті мемлекеттік қайраткерлерге тəн батылдық қажет еді. Бірталай адамдар үшін Президенттің бастамасы түсініксіз болды. Экономикада дағдарыс орын алған, инфляция. Айналаның бəрі күйзеліс, кəсіпорындар тоқтаған, жалақы мен зейнетақылар уақытында берілмейді. Мұндай кезде астананы көшіру туралы сөз қозғауға бола ма?! Мұндай ауыр міндетті көтере аламыз ба?! Жоғарғы Кеңестің депутаттары қызу айтыс-тартыстан кейін Президенттің ұсынысына қолдау білдірді, бірақ олардың өздері көшіруге 30-40 жыл керек екеніне сенімді еді. Дегенмен Мемлекет басшысының күтіп отыратын ниеті де болмады. Уақыт батыл іс-қимылды талап етті. Қазір, ондаған жылдар өткеннен кейін, сол кезде қабылданған шешімнің дұрыстығы анық болып көрінеді. Əйтсе де 1994 жылы Президент аса үлкен тəуекелге бел буды. Іс жүзінде, ол өзінің саяси болашағын жаңа астананың табысты болуымен байланыстырды. Айтпақшы, астананы көшіруді сынай отырып, барынша ұпай жинағысы келген түрлі айлакерлер мұны бірден сезе қойды. Олар немен қорқытпады дейсіз болмай қоймайтын орасан шығыстардың кесірінен экономиканың күйреуімен де, Астананың аш қасқырдай ұлыған қысқы аязымен де, ызың қаққан бармақтай сары масасымен де. Көп жыл өткеннен кейін Президенттен астананы көшіруге қалай батылы барғаны, төпеген сын мен түсінбеушілікке, тіпті қарсылыққа қарамай, алға жылжу үшін соншама күш пен сенімді қайдан алғаны туралы сұрадым. Нұрсұлтан Əбішұлы: солай істеуге тиіс болғасын істедім, өйткені ел тағдырына жауапты болдым, деп жауап берді. Ал енді сынау жағын айтатын болсақ... Ештеңе істемесең – ешкім де сынамайды. Бірдеңені қолға алсаң – онда да сынайды. Сондықтан ең жақсысы, бір нəрсе істегенің дұрыс. Əйтпесе адам дегенің істей алмай кеткен нəрсесі туралы өмір бойы өкініп өтпей ме. Тек Мемлекет басшысының батылдығының, батыл президенттік реформалардың арқасында, соның ішінде астананы көшірудің арқасында ғана, біз дағдарысты еңсеріп, дамудың тұрақты жолына түстік. Жаңа астана экономикада нақты жағымды алға жылжуды қозғап жіберген иін темірлердің бірі болды. Құрылыс саласы еңсе көтере бастады, ал оның соңынан тізбек бойынша бүкіл елде басқа да өндірістер қарқын алды. Мыңдаған жұмыс орны ашылды. Дегенмен ең маңыздысы – астана халқымыздың өзіне деген сенімін нығайтып, қанаттандырды, елдің жаңаруының, жаңа тəуелсіз Қазақстанның шынайы рəмізіне айналды. Тарихи оқиғалардың тікелей қатысушысы болу бақыты кез келгеннің маңдайына жазыла бермейді. Сондықтан Нұрсұлтан Əбішұлына сенім білдіріп, республика астанасының құрылысына үлесімді қосуға мүмкіндік бергені үшін алғысым шексіз. 1994 жылы мен
|
|||
|