Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Р ӘКІМШІЛІҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ



4 ҚР ӘКІМШІЛІҚ ҚҰҚЫҚ НЕГІЗДЕРІ

 

4.1 ҚР Әкімшілік құқық ұғымы, пәні, әдісі.

Әкімшілік құқық дегеніміз – құқықтын бір саласы және құқықтын жүйесінде жетекші орнынды алады.

Әкімшілік құқық коғамдык қатынастардың мемлекеттік басқаруды ұйымдастыру мен жүзеге асыру аясында қалыптасқан саласын реттейді.

Әкімшілік құқық – мемлекеттік басқарушы органдардың басқаруші – жарлықші қызметін реттейтін құқықтық рәсімдер жиынтығы.

Мемлекеттік басқару аясындағы қатынастарды реттейтін құқықтық нормалар оның субъектілерінің мінез-құлқының қөлемі мен шегін, сондай-ақ құқық бұзышылыққа байланысты олардың жауапкершілік тәртібін анықтайды. 

Әкімшіліқ құқықтың пәні:

- Мемлекеттік атқарушы органдардың құрылуымен байланысты қатынастар;

- Әкімшілік билікті жүзеге асыру барысындағы атқарушы мемлекеттік органдардың азаматтар мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдармен бірлескен іс-қимылы;

- Әкімшіліқ құқық бұзушіліқ

Құқықтың кез келген саласы өкім /өмір/, тыйым, рұқсат ету / ерик тберу/ сияқты қоғамдық қатынастарға реттеушілік ықпал ету тәсілдерің пайдаланады.

Өкім /Әмір/ түріндегі мемлекеттік нұсқама - бұл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық норманың талаптарына толығынан сәйкестендіріп іс-әрекет етуге заңдық міндет жүктеу.

Тыйым – бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормамен қаралған іс - әрекеттерді жасаудан бас тартуға заңдық міндет жүктеу.

Рұқсат ету /ерік беру/ - бүл қоғамдық қатынастардың қатысушыларына құқықтық нормада көрсетілген қандай да болмасын бір Заңдық мәні бар іс-әрекеттердді жасауға немесе өзінің қалауы бойынша оны жасаудан бас тартуға рұқсат беру.

Осы тәсілдердің жиынтығы құқық саласы әдісінің мазмұның құрайды бірақ олардың әрқайсының үлес салмағы құқықтың әр саласында әр түрлі. Мысалы, азаиматтық құқықта рұқсат ету басым болады. Ал әкімшілік құқық басқарушылық қоғамдық қатынастардың пайда болуын, өзгеруін және тоқтатуын реттейтін оның нормаларының қөбірек бөлігінің әмірлік /бүйрықтық – императивтык/ сипаты бар.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.