Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ықбұзушылықтың ұғымы, белгілері, түрлері



2.5 Құқықбұзушылықтың ұғымы, белгілері, түрлері

Тұлғаның әрекеттері тек заңға сәйкес бола бермейді, ол кей кездері заңға қайшы іс-әрекеттерді де жасауы мүмкін, мұны біз құқық бұзушылық деп түсінеміз. Құқық бұзушылық дегеніміз - тұлғаның қоғамның, мемлекеттің мүдделеріне нұқсан келтіретін құқыққа қайшы, қоғамға қауіпті және кінәлі әрекеті. Құқық бұзушылық қоғамға қауіптілік дәрежесіне қарай теріс қылық және қылмыс болып екіге бөлінеді. Теріс қылық - қоғамға келтіретін зияны қылмысқа қарағанда аз, бірақ, қоғамдық өмірдің әртүрлі салаларында орын алып, белгілі бір кері салдар тудыратын құқыққа қайшы әрекет. Теріс қылықтың азаматтық, тәртіптік және әкімшілік сияқты түрлерін атап өтуге болады. Сонымен қатар, процессуалдық теріс қылықтар туралы айта кетуге болады. Процессуалдық теріс қылыққа мысалы, тергеушінің кәмелетке толмағандармен тергеу амалдарын жүргізу тәртібін бұзуын, куәнің сотқа келмей қалуын, дәлелдемелер жинау тәртібін бұзуды және т.б. жатқыза аламыз.

Құқық бұзушылық – мемлекеттіқ немесе қоғамдық тәртіпқе, меншіққе,

азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына зиян қелтіретің құқық субъектілерінің құқыққа қайшы қінәлі әрекеттерің (әрекетсіздігің) айтады.

Құқық бұзушылық – құқыққа қарсы, қоғамға қауіпті, қінәлі және заңмен жазаланатын әрекет немесе әрекетсіздіқ.   

Құқық бұзушылық белгілері:

1. қоғамға қауіпті әрекет; 

2. құқыққа қарсы әрекет;

3. кәнәліліқ;                      

4. жазалаушылық

Құқық бұзушылық түрлері:

1. тәртіптіқ заң бұзушылық;  

2. әкімшіліқ заң бұзушылық;

3. азаматтық заң бұзушылық;

4. қылмыстық заң бұзушылық (қылмыс)

Құқықтық бұзушіліқтің  мазмұны төрт бөлімнен тұрады:

1 Құқықты бұзудың объектісі – құқық арқылы реттелетін қорғалатын қоғамдық қатынастарың түрлері;

2 Құқықты бұзудың субъектісі – жеке немесе заңды тұлғалар;

3 Құқықты бұзудың объективтік жағы – теріс қылық жәнеоның зияны;

4 Құқықты бұзудың субъективтік жағы – теріс қылық жасаған субъектінің  

(қасақана немесе абайсыздықтан) анықталуы

Тәртіптік теріс қылықтарға мекемелермен, кәсіпорындармен, басқа да заңды тұлғалармен еңбектік құқықтық қатынастарға түсуші субъектілердің еңбек кодексінің немесе ішкі тәртіп ережелерінің нормаларын орындамауын немесе бұзуын жатқызамыз.

Азаматтық теріс қылықтарға жеке немесе заңды тұлғалардың жасалған келісім-шарт негізінен туындайтын міндеттемелерді орындамауын және адам өміріне, денсаулығына және мүлкіне зиян келтірумен байланысты әрекеттерді немесе әрекетсіздіктерді жатқызамыз.

Әкімшілік теріс қылық деп әкімшілік, қаржылық, салық, жер құқығы нормаларында көзделген, мемлекеттік басқаруға, меншікке, азаматтардың құқықтары мен мүдделеріне байланысты қатынастарды бұзуды айтамыз.

   Қылмыс және қылмыстық теріс қылық ұғымдары

 Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 10 бабына сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылықтар қоғамға қауіптілік және жазаланушылық дәрежесіне қарай қылмыстар және қылмыстық теріс қылықтар болып бөлінеді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексте айыппұл салу, түзеу жұмыстары, бас бостандығын шектеу, бас бостандығынан айыру немесе өлім жазасы түріндегі жазалау қатерімен тыйым салынған айыпты жасалған, қоғамға қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік) қылмыс деп танылады.

Қылмыстық теріс қылық деп қоғамға зор қауіп төндірмейтін, болмашы зиян келтірген не адамның жеке басына, ұйымға, қоғамға немесе мемлекетке зиян келтіру қатерін туғызған, оны жасағаны үшін айыппұл салу, түзеу жұмыстары, қоғамдық жұмыстарға тарту, қамаққа алу түріндегі жаза көзделген, айыпты жасалған іс-әрекет (әрекет не әрекетсіздік) танылады.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодекстiң Ерекше бөлiгiнде көзделген, формальды түрде, қандай да бiр іс-әрекеттiң белгiлерi бар, бірақ маңызы жағынан болмашы болғандықтан, қоғамға қауiп төндірмейтін әрекет немесе әрекетсiздiк қылмыстық құқық бұзушылық болып табылмайды.

Құқықбұзушылық үшін заңды жауапкершілікке тартуға негіз болатын міндетті белгілердің тобын құқық бұзушылықтың заңды құрамы деп атайды. Құқық бұзушылықтың заңды құрамын объект, объективтік жақ және субъект, субъективтік жақ құрайды.

Құқық бұзушылықтың объектісі нақты құқық бұзушылықтың неге бағытталғанын көрсетеді. Мемлекет, қоғам мен жеке тұлға үшін құнды игіліктер объект ретінде танылады.

Құқықбұзушылықтың объективтік жағын оның сыртқы көрінісін сипаттайтын белгілердің жиынтығы құрайды. Оларға: әрекет немесе әрекетсіздік, зиянды салдар мен әрекеттің (әрекетсіздік) арасындағы себепті байланыс, құқық бұзушылық жасалған орын, уақыт, құралдар және т.б. жатады.

Құқықбұзушылықтың субъектісі - құқыққа қайшы әрекетті немесе әрекетсіздікті жасаған құқық және әрекет қабілеттілігі бар жеке тұлға немесе заңды тұлға.

Тұлғаның құқық қабілеттілігі - оның нақты құқықтық қатынасқа түскенде құқықтар мен міндеттерге ие бола алу қабілеті. Құқық қабілеттілігі адамда туылған кезде пайда болады.

Тұлғаның әрекет қабілеттілігі - тұлғаның белсенді әрекет арқылы өзіне тиесілі құқықтар мен міндеттерге ие болып, оларды жүзеге асыруы. Әрекет қабілеттілігі адамда он сегіз жастан бастап пайда болады.

Құқық бұзушылықтың субъективтік жағы - бұл тұлғаның өз әрекетіне және оның салдарына деген субъективтік қатынасын сипаттайтын белгілердің жиынтығы. Субъективтік жақтың негізін кінә, мақсат, себеп құрайды. Кінә дегеніміз - тұлғаның өзі жасаған құқыққа қайшы әрекет немесе әрекетсіздікке психологиялық қатынасы. Кінәнің екі түрі болады: қасақаналық және абайсыздық. Қасақаналық дегеніміз - тұлғаның өз әрекет немесе әрекетсіздігінің қоғамға қауіпті және зиянды екенін біліп, оның тудыратын зиянды салдарынының мәнін түсіне отырып, оның туындауын тілеп әрекет жасауы немесе оның туындауына саналы түрде жол беруі.   

Қасақаналық тікелей және жанама болып екіге бөлінеді.

Абайсыздық деп тұлғаның зиянды салдардың туындауын тілемесе де өз ісіне немқұрайлылықпен қарауының немесе менменсінудің негізінде қылмыс жасауын айтамыз. Абайсыздықтың екі нысаны болады: немқұрайлылық және менмендік.

Құқық бұзушылық жасаған тұлғаларға заңнамамен көзделген мемлекеттік мәжбүрлеу шараларын белгілі бір іс жүргізушілік тәртіпте қолдану заңды жауапкершілік деп аталады. Заңды жауапкершілік қылмыстық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік, материалдық болып бөлінеді. Тұлғаны жасаған қылмысы үшін тек мемлекет қана жауапкершілікке тарта алады. 

Құқықтық қатынастар дегеніміз - құқық нормалары негізінде пайда болатын, өзара байланысты құқықтар мен міндеттерге ие болатын қоғамдық қатынас субъектілері арасында туындайтын айрықша қатынастар. Құқықтық қатынастардың құрамын құқықтық қатынас субъектісі, құқықтық қатынас мазмұны және құқықтық қатынас объектісі құрайды.

Жеке тұлғалар (азаматтар, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар), заңды тұлғалар (коммерциялық немесе коммерциялық емес), мемлекеттің әкімшілік-аумақтық бөлігі және мемлекеттің өзі де құқықтық қатынас субъектісі бола алады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.