|
|||
Фармацевтикалык өзара әсерлесуФармацевтикалык өзара әсерлесу Фармацевтикалық үйлеспеушілік жағдайлары болуы мүмкін, бұл кезде препараттарды дайындау және (немесе) оларды сақтау барысында, сонымен қатар бір шприцте араластырғанда, қоспалар компонентінің өзара әсерлесуі болады және өзгерістің болатындығы соншама, нәтижесінде препарат практикада қолдануға жарамсыз болып қалады. Бұл кезде бастапқы компонентте бар болған фармакотерапиялық белсенділік төмендейді немесе жойылады. Кейбір жағдайларда жаңа, ал кейде (уытты) жағымсыз қасиеттер пайда болады. Фармацевтикалық үйлеспеушілік заттардың химиялық, физикалык және физико-химиялық қасиеттеріне байланысты болуы мүмкін. Мысалы, үйлеспеушілік заттың еріткіште жеткіліксіз немесе толық ерімеушілігімен, дәрілік калыптардың коагулациялануымен, эмульсияның қабатқа бөлінуімен, ұнтақтардың суды сіңіруіне байланысты ылғалдануымен және еруімен жүзеге асырылуы мүмкін; белсенді заттардың жағымсыз адсорбциясы болуы мүмкін. Рецепт дұрыс жазылмағанда заттардың химиялык өзара әсерлесуі нәтижесінде, кейде тұнба түзіледі немесе дәрілік қалыптардың түсі, дәмі, иісі және консистенциясы өзгереді. 7. ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӘСЕР КӨРІНІСТЕРІ ҮШІН АҒЗАНЫҢ ЖӘНЕ ОНЫҢ ЖАҒДАЙЛАРЫНЫҢ ЖЕКЕШЕ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІНІҢ МАҢЫЗЫ А) ЖАСЫ Дәрілік заттарға сезімталдылық жасына байланысты өзгереді. Осыған байланысты, дәрілік заттың іштегі нәрестеге 24 аптадан бастап туылғанға дейін және жаңа туылған нәрестеге (өмірінің 4 аптасына дейін) әсер етуін зерттейтін перинаталдық деп аталатын фармакология бөлініп шықты. Дәрілік заттарға сезімталдығы бойынша іштегі нәресте соңғы үш айда және жаңатуылған нәресте өмірінің бірінші айында ересек адамдардаң айтарлықтай ерекшеленеді. Бұл көптеген ферменттердің, бүйрек қызметінің жетіспеушілігіне, гематоэнцефалдық тосқауыл өткізгіштігінің жоғары болуына, ОЖЖ-нің толық дамымағандығына байланысты. Өмірінің осы кезеңдерінде дәрілік заттардың рецепторларға сезімталдығы басқаша болады. Мысалы, жаңа туылған нәрестелер ОЖЖ-не әсер ететін кейбір заттарға (мысалы, морфинге) ете сезімтал болады. Олар үшін левомицетин өте уытты, ол тіпті өлімге әкелуі мүмкін. Бұл жаңа туылған нәрестелердің бауырында оны усыздандыратын ферменттердің жоқ болуымен түсіндіріледі. Кішкентай жастағы балаларға бездердің секрециясын (бронхиалдық, мұрынның шырышты қабығын) күшейтетін заттарды тағайындауға болмайды, себебі бұл тыныс алу үрдісін бұзуы және тыныс алу мүшелері патологиясының себебі болуы мүмкін. Бала ағзасына заттың әсер ету ерекшеліктерін зерітеумен айналысатын фармакология саласын педиатриялық фармакология деп атайды. Мемлекеттік фармакопеяда, әртүрлі жастағы балалар үшін уытты және қауіпті әсер ететін заттардың жоғары бір реттік және тәуліктік мөлшердің кестесі келтірілген. Басқа заттар үшін баланың әрбір жыл өміріне ересектерге арналған мөлшердің 1/20 қабылдап, жеңілдетуге болады. Жасы егде және кәрі адамдарда дәрілік заттардың сіңуі баяулаған, олардың метаболизмінің тиімділігі аздау, препараттардың бүйрекпен шығу жылдамдығы төмендеген. Жалпы, егде және кәрілік жаста көпшілік дәрілік заттарға ссзімталдылық жоғары, осыған байланысты олардың мөлшері төмен болу қажет. Бұл кезде препараттардың көп түрлілігін, уыттылығы аз заттармен шектеу керек. Егде және кәрі жастағы науқастарда дәрілік заттардың әсерін және қолданылу (гериатриялық деп аталатын фармакология) ерекшеліктерін анықтау көп маңызға ие болуда, себебі бұл жастағы топтардың үлесі жалпы адамдар саны ішінде өсіп кеткен. Б) ЖЫНЫСЫ Жануарларға зерттеу жүргізгенде көрсетілгендей, оның аналығына қараганда, аталық түрлерінде бірқатар заттарға (никотин, стрихнин) сезімталдылық аздау. Жынысына да байланысты бірқатар заттардың метаболизмінде ерекшеліктер белгіленген болатын. Сонымен қатар, клиникалық бақылаулар да бар. Мысалы, парацетамолдың клиренсі әйелдерге қарағанда, еркектерде тезірек жүреді. Әйелдерде менопауза кезінде ішекте кальций ионының абсорбциясы баяулайды. Еркектерге қарағанда, әйелдерде верапамилдің биожеткіліктігі жоғары. Әйелдерде диазепамның тотығуы тезірек жүреді. Әйелдерде аритмияға қарсы заттар аритмогенді әсерді («пируэт» деп аталатын) жиі туғызады. Операциядан кейінгі ауыру сезімді басу үшін, әйелдерге қарағанда, еркектерге морфиннің жоғарғы мөлшері қажет болады. Бірақ, жалпы бұл мәселелер жеткіліксіз зерттелген. Әрбір жағдайда, 1 Грек тілінен gеrоп — кәрі, іаtrеіа — емдеу. дәрілік заттардың фармакокинетикасындағы және фармакодинамика-сындағы жыныстық айырмашылықтардың себептерін аныктау маңызды.
|
|||
|