Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





В) ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР



В) ГЕНЕТИКАЛЫҚ ФАКТОРЛАР

Дәрілік заттарға сезімталдық генетикалық негізделген болуы мүмкін. Бұл сандық қалай болса, сапалық та солай көрінеді. Мысалы, қан сарысуында холинэстеразаның генетикалық жетіспеушілігі кезінде, миорелаксант дитилиннің әсер ету ұзактығы кенеттен жоғарылайды және 6-8 сағатқа немесе одан да көпке жетуі мүмкін (әдетте, дитилин 5-7 мин. бойы әсер етеді).

Туберкулезге қарсы зат изониазидтің ацетилдену жылдамдығы жеткілікті кең түрленетіні белгілі. Адамдарды тез және баяу метаболизмдік белсенділігі бар деп бөледі. Изониазид баяу инактивацияланатын адамдарда осы препараттың ацетилденуін қамтамасыз ететін, ферменттердің синтезін реттейтін гендердің жетіепеушілігі бар деп есептейді.

Заттарға тән емес реакциялардың (идиосинкразия') мысалдары белгілі. Мысалы, 8-аминохинолин тобының безгекке қарсы заты (примахин және басқалар) генетикалық энзимопатиясы бар адамдарда гемолиз тудыруы мүмкін (глюкозо-6-фосфатдегидрогеназа ферментінің жетіспеушілігі хинонның түзілуіне әкеледі, ол гемолитикалық әсер көрсетеді). Потенциалды гемолитикалық әсері бар басқа препараттар да белгілі. Оларға аминохинолиндер (примахин, хлорихин), сульфондар (дапсон), сульфаниламидтер (стрептоцид, сульфацил-натрий, сульфапиридазин), нитрофурандар (фуразолидон, фурадонин), опиоидты емес анальгетиктер (ацетилсалицил қышқылы) жәнс әртүрлі басқа заттар (налидикс қышқылы, хинин, хинидин, левомицетин) жатады.

Ағзаның дәрілік заттарға сезімталдығын анықтауда генетикалық факторлардың рөлі фармакологияның арнайы саласы - фармакогенетиканың негізгі мәселелері болып табылады.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.