Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





ДӘРІЛІК  ЕМНІҢ  НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ



8. ДӘРІЛІК  ЕМНІҢ  НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ

Дәрілік заттарды профилактика1 үшін қолданғанда белгілі бір аурудың алдын алуды көздейді. Осы мақсатта дезинфекциялаушы, химиотерапиялық заттар және басқалар қолданылады.

Э т и о т р о п т ы2 (каузалдық3) ем ауырудың себебін тоқтатуға бағытталған (осылайша, антибиотиктер бактерияларға қарсы, безгекке қарсы заттар - безгек плазмодиіне қарсы әсер етеді).

Симптоматикалық емнің басты мәселесі жағымсыз симптомдарды (мысалы, ауруды) жою болып табылады, ол негізгі патологиялық үрдістің ағымына да айтарлықтай әсерін көрсетеді. Осыған байланысты көптеген жағдайларда симптоматикалық ем патогенетикалық4 рөл атқарады.

1 Грек тілінен рrорhylакticоs — сақтандыратын.

2 Грек тілінен аitia - себеп, tropos - бағыт.

3 Латын тілінен саusa-себеп.                

4 Грек тілінен раtos - қиналу, denesis - тегі.


0р ы н б а с у ш ы ем табиғи биогенді заттар жетіспегенде қолданылады.
Мысалы, ішкі бездер секрециясының жетіспеушілігі кезінде (қант диабетінде,
микседемада) тиісті гормондық препараттарды енгізеді. Мұндай емнің
ұзақтығы айлар және жылдармен өлшенеді.

9. НЕГЗГІ ЖӘНЕ ЖАНАМА ӘСЕРЛЕР. АЛЛЕРГИЯЛЫҚ РЕАКЦИЯЛАР. ИДИОСИНКРАЗИЯ. УЫТТЫ  ӘСЕРЛЕР

Дәрілік заттарды ауыру сезімді азайту үшін, гипотензивтік заттарды артериалдық қысымды төмендету үшін және т.б белгілі бір фармакотерапиялық әсерлер алу үшін тағайындалады. Бұның барлығы -препараттардың негізгі әсерлерінің көрінісі, оларды осыған байланысты медицина практикасьнда қолданады. Бірақ барлық заттар қажетті әсерлермен қатар жағымсыз ықпал да көрсетеді, оларға табиғаты аллергиялық емес теріс жанама әсерлер, аллергаялық реакциялар, уытты және басқа әсерлер жатады.

Табиғаты аллергиялық емес жанама әсерлер-д і ң көріністеріне заттарды тек емдік мөлшерде қолданғанда пайда болатын және олардың фармакологиялық әсер ету спектрлерін қарайтын әсерлерді ғана жатқызады. Атап айтқанда, эпилепсияға қарсы зат ретінде фенобарбиталды қолданғанда ұйқышылдықтың себебі болуы мүмкін. Ауыру сезімін басатын морфин препараты емдік мөлшерде эйфория туғызады, асқазан-ішек жолының сфинктрлерінің тонусын жоғарылатады.

Біріншілік және екіншілік жанама әсерлер болуы мүмкін. Біріншілік әсер берілген препараттың белгілі бір субстратқа тікелей ықпал етуі салдарынан пайда болады (мысалы, зат асқазанның шырышты қабатына тітіркендіргіш әсер еткенде лоқсу, құсу байқалады). Екіншілік жанама әсерлер тікелей емес пайда болатын жағьмсыз ықпалдарға жатады (мысалы, антибиотиктермен ішек микрофлорасын тежегенде гиповитаминоз дамиды).

Заттардың жағымсыз әсерлері сипаты бойынша өте әр алуан, айқындығы және ұзақтығы әртүрлі. Жанама әсерлер жүйке жүйесіне, қанға және қан тузілуіне, қан айналу, тыныс алу, ас қорыту мүшелеріне, бүйрекке, эндокриндік бездерге және т.б. бағытталған болуы мүмкін. Жанама әсерлердің кейбіреулері салыстырмалы түрде оңай өтеді (аздап локсу, бастың ауыруы және т.б.), басқалары ауыр және өмірге қауіпті (бауырдың зақымдалуы, лейкопения, апластикалықанемия) болуы мүмкін.

Дәрілік заттармен көрсетілетін теріс әсерлерге сондай-ақ аллергиялық1 реакциялар жатады, олардың жиілігі-айтарлықтай жоғары. Олар заттың

1 Грек тілінен аllos - басқа, еrgon- әсер.


енгізілген мөлшеріне қарамастан пайда болады. Берілген жағдайда, дәрілік заттар антигендердің (аллергендердің) рөлін атқарады. Дәрілік аллергияны әдетте 4 типке бөледі.

1 тип (жедел аллергия). Гиперсезімталдықтың берілген типі реакцияға антидене – 1gЕ-нің қатысуына байланысты болады. Бұл есекжеммен, тамьфлык ісінумен, ринитпен, бронхоспазммен, анафилаксиялық шокпен көрінеді. Осындай реакциялар пенициллиндерді, сулъфапиламидтерді және басқаларды қолданғанда болуы мүмкін.

// тип. Дәрілік аллергияның бұл типінде ІgС- және ІgМ- антидене, комплемент жүйесін белсендендіре отырып, айналып жүрген қан жасушаларымен өзара әсерлеседі және олардың ыдырауын туғызады. Метилдофа осылайша гемолитикалық анемияны, хинидин -тромбоцитопениялық пурпураны туындатуы, бірқатар препараттар(мысалы, анальгин) кейде агранулоцитоз дамуының себебі болуы мүмкін.

IIIтип. Сірә,дәрілік аллергияның осы типінің дамуына ІgО-, сонымен қатар ІgМ- және ІgЕ- антиденелері (+ комплемент) қатысатын болар. «Антиген-антидене-комплемент» кешені тамырлық эндотелиймен өзара байланысады және оны зақымдайды. Сарысу деп аталатын ауру пайда болады. Ол есекжеммен, артралгиямен, артритпен, лимфоадснопатиямен, қызбамен көрінеді. Сарысу ауруын пенициллин, сульфаниламидтер, йодидтер және басқа препараттар туғызуы мүмкін.

IV тип. Берілген жағдайда реакция сенсибилизацияланған Т-лимфоциттер және макрофактар кіретін иммунитеттің жасушалық механизмі арқылы жанама түрде жүреді. Затты жергілікті қолданғанда пайда болады және жанасқан дерматит түрінде көрінеді.

Идиосинкразия да (жоғарыны қара) затқа жағымсыз реакциялардың себептерінің бірі болуы мүмкін.

Заттар емдіктен артық мөлшерде уытты әсерлер туғызады. Ол әдетте мүшелер мен жүйелер қызметтерінін әртүрлі қауіпті бұзылыстары турінде көрінеді (естудің төмендеуі, вестибулярлық бұзылыстар, көру жүйкесін зақымдауы нәтижесінде соқырлыққа әкелу, миокард арқылы қозу өтуінің айқын бұлылыстары, бауырдың, қан түзілудің зақымдалуы, сопақша мидың өмірге маңызды орталықтарының тежелуі).

Уытты әсердің негізгі себебі артық мөлшерлеу, ол күтпеген жерден немесе қасақана максималды кетеретін мөлшерді арттыру болып табылады. Сонымен қатар, олардың метаболизмі бұзылуы (мысалы, бауыр патологиясында) немесе шығарылуы баяулауының (бүйректің кейбір ауруларында) нәтижесінде ағзада заттардың уытты әсері жиналып қалуы мүмкін.


Жүктілік кезінде тағайындалатын дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге теріс әсер көрсетуі мумкін. Осындай ықпалға заттың тератогенді' әсері жатады, ол баланың әртүрлі аномалиялармен туылуына әкеледі.

Дәрілік заттардың болуы мумкін тератогенді әсерлеріне бірқатар елдерде талидомидті қолданумен байланысты қайғылы оқиға назар аудартты. Бұл препарат медицина практикасына тыныштандырғыш және ұйықтатқыш зат ретінде енгізілген болатын. Бірақ, анықталғандай талидомидтің айқын тератогенді қасиеттері бар. Оны қабылдаған кезеңдерде бірнеше мыңдаған балалар әртүрлі аномалиялармен (фокомелия2, амелия, беттегі гемангиома, асқазан-ішек жолы жағынан аномалиялармен және басқалар) туылды. Бұл оқиғалар тек жаңа препараттарға емес, сонымен бірге бұрыннан белгілілеріне де ерекше сақтықпен қарауға мәжбүр етті.

Заттардың тератогенді әсерлерін зерттеу үшін жануарларға адекватты модель жасауға талаптанған болатын, бірақ бұл зерттеулер табысты аяқталмады. Қазірге дейін оларды медициналық практикаға енгізгенде заттардың потенциалдық тератогендігін анықтауға арналған эксперименттік әдістердің жеткілікті айғағы жоқ. Әңгіме мынада - жануарларда аномалияның дамуын көптеген препараттар, соның ішінде қолда бар мәліметтер бойынша адам эмбрионына тератогенді әсер көрсетпейтін медицинада кеңінен қолданылатын препараттар да шақырады. Сонымен, тек теріс нәтижелерге көңіл аударуға тура келеді. Егер зат жануарларда аномалияның дамуын тудырмаса, онда олар адамда да болмайды деп есептеуге негіз бар. Егер де қосылыс жануарлар үшін тератогенді болса, демек бұл әсер адамда да пайда болады деген емес. Бірақ осындай препаратгар тератогендігі болуы мүмкін деген есеппен қарау қажет. Осы сияқты анықталмаған болжамға назар аудара отырып, эмбриондардың негізгі мүшелері құрылып жатқан кезде, әйелдерге жүктіліктің бірінші 2-3 айында қабылдауға міндетті көрсетілулер болмаса, дәрілік затты қолдануға тиым салынады. Тератогенді әсер жөнінде жүктіліктің бірінші үш айын (әсіресе бірінші 3-8 апта), яғни органогенез кезеңін көбіне қауіпті деп есептейді. Бұл мерзімдерде эмбриондарда ауыр аномалиялардың даму қаупі жоғары.

Сонымен бірге, дәрілік заттар эмбрионға және іштегі нәрестеге органогенез бұзылыстарымен байланысты емес тератогенді әсерлерге жатпайтын, жағымсыз әсер көрсету мүмкіндігін ескерген жөн. Оны дәрілік заттардың жанама және уытты әсері ретінде бағалауға болады. Ол жүкгіліктің әртүрлі сатысында көрінеді. Егер осындай әсерлер жүктіліктің 12-ші аптасына

1 Грек тілінен tеrаs - кемтар.       •

2 Фокомелия - жарғақ тәрізді аяқ-қолдар. Грек тілінен рhоkе - итбалық,
теlоs - саусақ.


дейін пайда болса, оларды эмбриотоксикалық1, өте кеш мерзімдерде -фетотоксикалық2 деп атайды.

Жүкті әйелдерге препараттарды тағайындағанда, заттар плацента арқылы өткен жағдайда олар іштегі нәрестеге жағымсыз әсерлер көрсету мумкіндігін ескерген жөн. Осылайша, жүкті әйелге тағайындалған стрептомицин іштегі нәрестеде кереңдікті туғызатын (ми-сауыттық жүйкенің VIIIжұбы зақымдалады) қабілеті бар. Тетрациклиндер іштегі нәресте сүйегінің дамуына жағымсыз әсер көрсетеді. Морфинизммен ауыратын ананың жаңа туылған нәрестесінде де морфинге сондай физикалық тәуелділігі болуы мүмкін. Егер босанатын әйелге антикоагулянттар берілсе жаңа туылған нәрестеде қан кетулер пайда болуы мүмкін. Осындай мысалдар көп. Олар плацента арқылы әртүрлі химиялық қосылыстар (липофилді) ететінін мақұлдайды. Осыған байланысты жүкті әйелдерге фармакотерапияны тек қатал көрсетілулерде жүргізу қажет. Бұл кезде, әсіресе уыттылығы өте аз және алдын ала жақсы апробацияланған дәрілік заттарды мұқият таңдау керек.

Сонымен қатар, дәрілік заттың жаңа туылған нәрестеге ана сүтімен бірге түсетінін және оған жағымсыз әсер көрсететінін ескерген жөн. Мысалы, пенициллин аллергиялық реакциялар, сульфаниламидтік препараттар -гемолитикалық анемияны, антикоагулянттар - қан кетуді туғызуы мүмкін.

Жаңа дәрілік заттарды алу кезінде, сондай-ақ химиялық мутагендік және канцерогендік сияқты қауіпті жағымсыз әсерлер жиынтығының болу мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Мутагендік3- бұл, заттың ұрық жасушасының және генетикалық аппаратының тұрақты зақымдалуын туғызатын қабілеті, ол ұрпақтың генотипінің өзгеруімен көрінеді. К а н ц е-рогендік4 — бұл, заттың қатерлі ісіктің дамуын туғызатын қабілеті.

Заттардың жағымсыз әсерлері сондай-ақ оларды бірге сәтсіз қосқанда дәрілердің үйлеспеушілігі кезінде пайда да болуы мүмкін (жоғарыны қара).

10. ДӘРІЛІК ЗАТТАРМЕН ЖЕДЕЛ УЛАНУДЫ ЕМДЕУДІҢ ЖАЛПЫ ПРИНЦИПТЕРІ5

Химиялық заттармен, соның ішінде дәрілермен жедел улану едеуір жиі кездеседі. Улану кездейсоқ, қасақана (суицидалды6) жәнс мамандығының ерекшелігімен байланысты болуы мүмкін. Жедел улану этил спиртімен,

1 Грек тілінен етbrуоп - Ұрық.

2 Латын тілінен fеtиs - нәресте.

3 Латын тілінен тиtаtіо — өзгеру, gепоs - шығу тегі.

4 Латын тілінен сапсеr - рак.

' Бұл болім жалпы токсикологияга жа+ады.

6Латын тілінен sиісіеdит - өзін-өзі өлтірушілік (sui - өзімді, саedo - өлтіремін).


ұйықтатқыш заттармен, психотроптық препараттармен, опиоидтық және опиоидтық емес анальгетиктермен, фосфорорганикалық инсектицидтермен және басқа қосылыстармен көбінесе жиі кездеседі.

Химиялық заттармен улануды емдеу ушін арнайы токсикологиялық орт алықтар мен бөлімдер құрылған. Жедел улануды емдеудің негізгі міндеті улану туғызған заттарды ағзадан шығару. Науқастардың жағдайы ауыр болғанкезде мұның алдында өмірге маңызды жүйелер - тыныс және қан айналымның қызметтерін қамтамасыз етуге бағытталған жалпы емдік және реанимациялық шаралар жасалуы қажет.

Детоксикация принципінін мәні келесіде. Алдымен заттың енгізілген жолынан сіңуіне кедергі жасау керек. Егер заттың кейбір белігі немесе толық сінгенболса, оның ағзадан шығарылуын жылдамдату, сонымен қатар оны зиянсыздандыру және жағымсыз әсерлерін тоқтату үшін антидоттарды қолдану қажет.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.