Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





АҒЗАДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ. БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР. ҚОРҒА ЖИНАЛУЫ



2. АҒЗАДА ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ТАРАЛУЫ. БИОЛОГИЯЛЫҚ ТОСҚАУЫЛДАР. ҚОРҒА ЖИНАЛУЫ

Дәрілік зат сіңгеннен кейін қанға, одан кейін әртүрлі мүшелер мен тіндерге өтеді. Дәрілік заттардың кепшілігі бірдей таралмайды және тек аз белігі ғана - салыстырмалы түрде біркелкі (мысалы, наркозға арналған кейбір ингаляциялык заттар) таралады. Дәрілік заттардың таралуына олардың таралу жолдарында кездесетін биологиялық тосқауылдар айтарлықтай ыкпал етеді: капиллярлардын қабаты, жасушалық (плазмалық) мембраналар, гематоэнцефалдык және плаценталык тосқауылдар.

Мембраналарында саңылаулары (адамда саңылаудың өлшемі орташа 2 нм кұрайды) бар капиллярлар қабаты аркылы көпшілік дәрілік заттар оңайырақ өтеді. Сарысу белоктары және олардын препараттармен жиынтығынан басқалары. Суда жақсы еритін гидрофилді қосылыстар капиллярлардың кабырғасындағы саңылаулар арқылы өтеді және аралық кеністіктерге түседі. Олар жасушаның белок-фосфолипидтік мембраналары арқылы мүлдем өтпейді (жасуша ішіне тек тасымалдаушы жүйенің қатысуымен түсуі мүмкін). Липофилді қосылыстар капиллярлардың эндотелиі және жасуша мембраналары арқылы жақсы етеді.

Гематоэнцефапдың тосқауыл арқылы көптеген дәрілік заттардың өтуі қиын болады. Бұл мидың капиллярларының кұрылыстық ерекшеліктеріне байланысты. Ен алдымен, олардың эндотелиінде саңылаулар жоқ, олар арқылы кәдімгі капиллярларда көптсген дәрілік заттар өседі. Мидың капиллярларында пиноцитоз мүлдем болмайды. Эндотелийлердің сыртқы бетін жауып тұратын глиалдык (астроглия) элементтердін де белгілі маңызы бар, сірә бұл липидтік мембраналарда қосымша рөл атқарса керек. Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы полярлы косылыстар нашар өтеді. Ми тініне липофилді молекулалар оңай өтеді. Гематоэнцефалдық тоскауыл арқылы дәрілік заттар негізінен диффузия жолымен, ал кейбір косылыстар - белсенді тасымалдану нәтижесінде өтеді. Гематоэнцефалдық тоскауылдың мүлдем тиімділігі жоқ мидың аздаған жеке бөлігі (эпифиз аймағы, гипофиздің артқы бөлігі) бар. Кейбір патологиялық жағдайларда (мысалы, ми қабығының қабынуы кезінде), гематоэнцефалдық тосқауылдың өткізгіштігі жоғарылайтындығын ескерген жөн.

Гематоэнцефалдық тосқауыл арқылы дәрілік заттардың өтуі Р-гликопротеиндік насоспен де реттеледі. Ол дәрілік заттың мидан канға өтуін {еffux irгапзрогrtеr) калыптастырады, сонымен қатар бірқатар кқсмлыстардың қаннан ОЖЖ-не өтуіне кедергі жасайды.

Плаценталық тосқауыл курделі биологиялық тосқауыл болып


табылады. Ол арқылы липофилдік қосылыстар (диффузия жолымен) өтеді. Иондалған полярлы заттар (мысалы, төртіншілік аммоний тұздары) плацента аркылы нашар өтеді. Плацента да Р-гликопротеиндік насос бар.

Таралу біршама дәрежеде препараттардың сол немесе басқа тіндерге туыстығына байланысты. Мүшелер немесе тіндердің қанмен қаркынды қанмен қамтамасыз етілуінің де белтілі бір маңызы бар. Дәрілік заттың көп мөлшері, оның епгізілетін жолдарында жиналып қалуы мүмкіндіктерін де ескерген жөн. Ағзада айналып жүрген дәрілік заттар жасушадан тыс және жасушалық қор түзе отырып, кейбір бөлігі байланысады. Экстрацеллюлярлық қорға сарысу белоктары (әсіресе альбумин) жатқызылуы мүмкін. Кейбір дәрілік заттар, олармен аса қарқынды байланысуы мүмкін. Мысалы, опиоидты емес анальгетик - бутадионның 90%-нен көбі сарысу белокггарымен байланысады.

Дәрілік заттар дәнекер тіндерде (кейбір полярлы қосыпыстар, соның ішінде төртіншілік аммоний тұздары), сүйек тінінде (тетрациклиндер) жиналуы мүмкін.

Кейбір препараттар (мысалы, акрихин), әсіресе көп мөлшерде жасушалық қорда табылады. Олардың жасушада байланысуы белоктардың, иуклеопротеидтердің, фосфолипидтердің арқасында жүзеге асуы мүмкін.

Дәрінің майда қорға жиналуы ерекше қызығушылык туындатады, себебі оларда липофилдік қосылыстар (мысалы, наркозға арналған кейбір дәрілік заттар) іркілуі мүмкін.

Әдетте дәрілік заттар қайтымды байланыс нәтижесінде қорға жиналады. Олардың тіндік қорда болу үзақтығының шегі кең болады. Осылайша, кейбір сульфаниламидтер (сульфадиметоксин және басқалар) сарысу белоктарымен тұракты қосылыс түзеді, олардың әсернің өте ұзактығы жартылай осыған байланысты. Ауыр металл иондары ағзада өте ұзак уакыт бойы іркіледі.

Әдетте дәрінің таралуы олардың багытталған әсерін сипаттамайтынын ескерген жөн. Соңғысы, оларға тіндердің сезімталдығы, яғни олардың әсер арнайылылығын анықтайтын биологиялық субстраттарға дәрілік заттардың туыстығы тәуелді болады.

Клиникалық фармакологияда көрінетін таралу өәлемі' -УА параметрі жиірек қолданылады. Ол зат таралатын сұйыктықтың болжамды келемін (ағзаның сарысуында және басқа сұйықтық орталарында заттың концентрациясының бірдейлігі, шартгы қабылданады) көрсетеді.

 «аррагепі хоіите о/сіізігіЬиііот — Ул- «Корінстін» (аррагепі) деген создіагзаііы женііідет\' үшін бірдей кеңістік рстінде көрсетуге байланысты қолдаиылады (бір камералы модель; опе-сотрагітепі тосіеіагзадагы яшшы молшер).\/г] = дәрінік

дәрінінкан сарысчъгндағы кониемтраииясы

'Ағылшын тіліндегі әдебиеттерде бұл параметр


Таралу колемі заттың қан сарысуында болатын бөлігі (фракциясы) жөнінде түсінік береді. Тіндік тоскауылдар арқылы онай өтетін және кеңінен таралатын (сарысуда, интерстициалдык сұйыктыктарда, жасуша ішілік сұйыктықтарда1) липофилдік қосылыстар үшін Vd өте жоғары манызға тән. Егер дәрілік зат негізінен қанда айналып жүрсе Vd елшемі төмен болады. Берілген параметр дәріні рационалды мөлшерлеу үшін, сонымен қатар элиминация жылдамдығының константасын (өзгермейтін, тұрақты) (КеІіт) және дәрінің «жартылай өмір сүруін» ]/2) анықтау ушін маңызды.



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.