|
|||
ФАРМАКОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘСЕРДІҢ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІ6. ФАРМАКОТЕРАПИЯЛЫҚ ӘСЕРДІҢ ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ҚАСИЕТТЕРІНЕ ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ҚОЛДАНУ ЖАҒДАЙЛАРЫНА ТӘУЕЛДІЛІГІ А) ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ХИМИЯЛЫҚ ҚҰРЫЛЫСЫ, ФИЗИКО-ХИМИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ФИЗИКАЛЫҚ ҚАСИЕТТЕРІ Дәрілік заттардың қасиеттері көп дәрежеде, олардың химиялық кұрылысына, функционалдық белсенді топтастардың бар болуына, олардың молекуласының қалыбына және өлшеміне байланысты болады. Зат рецептормен өзара тиімді әсерлесу үшін оның рецептормен тығыз жанасуын көбірек қамтамасыз ететін, дәрілік заттардың құрылымы қажет. Заттың рецептормен жақындасу дәрежесінен молекула аралық байланыстың беріктігі тәуелді болады. Сонымен, иондық байланыс кезінде, 2 әртүрлі аттас зарядтардың электростатикалық тартылыс күштері, олардың арасындағы аралықтардың квадратына кері пропорционалды, ал ван-дер-ваальстік күштер аралықтың 6-7 дәрежесіне кері пропорционалды болатыны белгілі. Зат рецептормен өзара әсерлесу үшін, олардың әсіресе кеңістікте сәйкес келуі, яғни комплементарлығы өте маңызды. Бұл стереоизомерлер белсенділігінің ерекшеленуімен дәлелденеді. Осылайша, D(+) адреналин артериялық қысымға әсер етуі бойынша L(-) — адреналинге қарағанда белсенділігі жағынан анағұрлым төмен. Бұл қосылыстар молекуланың құрылымдық элементтерінің кеңістікте орналасуымен ерекшеленеді, олардың адренорецепторлармен өзара байланысуына шешуші маңызы бар. Егер заттың бірнеше функционалды топтастары бар болса, онда олардың арасындағы аралықты ескерген жөн. Осылайша, бис-төртіншілік аммонилік қосылыс (СН3)3N+- (СН2)n- N+(СН3)3 -2Х- қатарындағы ганглиоблокаторлық әсер үшін n=6, ал жүйке-бұлшық еттік берілуді тежеу үшін n= 10 және 18 оңтайлы (оптималды). Бұл, төртіншілік азот атомының иондық байланысы жүретін н-холинорецепторлардың аниондық кұрылымдары арасындағы белгілі бір аралық жөнінде мәліметтейді. Осындай қосылыстар үшін катиондық орталықтарды «экрандайтын» (жабатын) радикалдардың да, оң зарядталған атом өлшемі және зарядтың концентрациясының, сонымен қатар катиондық топтастарды біріктіретін молекула кұрылысының да үлкен маңызы бар. Заттың химиялық құрылысы және олардың биологиялық белсенділігі арасындағы тәуелділікті анықтау жаңа препараттарды алуда аса маңызды бағыттардың бірі болып табылады. Сонымен қатар, бірдей типті әсерлі әртүрлі топтың қосылыстары үшін оптималдық(оңтайлы) кұрылысын сәйкес келтіру берілген дәрілік заттар өзара әсерлесетін рецепторлардың құрылысы жөнінде белгілі бір мәлімет алуға мүмкіндік береді. Заттар әсерінің көптеген сандық және сапалық сипаттамалары физико-химиялық және физикалы қасиеттеріне, суда, липидтерде ерігштігіне, ұнтақ тәрізді қосылыстар үшін - олардың еру дәрежесіне, ұшқыш заттар үшін -ұшу дәрежесіне де тәуелді болады және т.б. Диссоциациялану дәрежесінің маңызы зор. Мысалы, кұрылымы бойынша екіншілік және үшіншілік аминдерге жататын миорелаксанттар толық иондалған төртіншілік аммонилік қосылыстыларға қарағанда азырақ иондалған және белсенділігі де аздау. Б) МӨЛШЕРЛЕР ЖӘНЕ КОНЦЕНТРАЦИЯЛАР Дәрілік заттардың әсері көп дәрежеде, олардың мөлшерімен анықталады. Мөлшерге (концентраиия) байланысты әсеінің даму жыламдығ, оның айқындығы, ұзақығы, кейде сипаты өзгереді. Әдетте мөлшердің(концентрацияның) жоғарылауымен латентті кезеңі азаяды және әерінің айқындығы мен ұзактығы ұлғаяды. Бір рет қабылдауға арналған дәрінің санын мөлшер деп атайды (әдетте бір реттік мөлшер сияқты белгіленеді). Тек бір рет қабылдауға (рrо dosi) есептелген мөлшер гана емес, сонымен бірге тәуліктік мөлшер (рrо dіе) жөнінде де хабардар болу қажет. Мөлшерді граммен немесе грам үлесімен белгілейді. Препаратты өте дәл есептеу үшін олардың мөлшерін дененің 1 кг салмағына есептейді (мысалы, мг/кг, мкг/кг). Жекелеген жағдайларда затты мөлшерлегенде, дене беткейінің көлеміне (1м2 -не) сүйенуді жөн көреді. Дәрінің бастапқы биологиялық әсерін тудыратын минималдық мөлшерді табалдырық немесе минималдық әсер етуші деп атайды. Практикалық медицинада орташа емдік мөлшерді бәрінен жиі қолданады, бұл науқастардың басым көпшілігінде препараттардың қажетті фармакотерапиялық әсерін көрсетеді. Егер оларды тағайындаған кезде әсері жеткілікті айқын болмаса, онда мөлшерді жоғарғы емдікке дейін жоғарылатады. Сонымен қатар, заттар ағза үшін кауіпті уытты әсерлер шақыратын у ы т т ы мөлшерге және леталдық мелшерге бөледі. Кейбір жағдайларда препараттың мөлшері курстық емге көрсетіледі (к у р с т ы қ м ө л ш е р). Бұл әсіресе микробтарға қарсы химиотерапиялық заттарды қолданғанда маңызды. Егер ағзада дәрілік заттардың жоғары концентрациясын жылдам түзу қажет болса, онда бірінші мөлшер (с о қ қ ы) соңғылардан жоғары болады. Ингаляциялық жолмен енгізілетін дәрілер үшін (мысалы, наркозға арналған газ тәрізді және ұшқыш заттар) тыныс алатын ауада олардың концентрациясының негізгі маңызы бар (көлемдік процентпен белгіленеді). В) ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫ ҚАЙТАЛАП ҚОЛДАНУ Дәрілік заттарды қайталап қолданғанда, олардың әсері жоғарылау жағына да және төмендеу жағына да өзгеруі мүмкін. Бірқатар заттардың әсерінің ұлғаюы, олардың кумуляциялану1 қабілетіне байланысты болады. Материалдық кумуляция деп ағзада фармакологиялық заттардың жинақгалу түрін айтады. Бұл ұзак әсер ететін препараттарға тән, олар аз бөлінеді немесе ағзада тұрақты байланысады (мысалы, оймақгүл тобының жүрек гликозидтері). Оларды қайталап тағайындағанда заттардың жинакталуы уытты әсерлердің себебі болуы мүмкін. Осыған байланысты, бұндай препараттардың кумуляциялануын ескере отырып, біртіндеп мөлшерін азайтып немесе препараттын қабылдау арасын ұлғайта отырып мөлшерлеу керек. Функционалдық деп аталатын кумуляцияның мысалдары белгілі, бұл кезде зат емес, әсер «жинақталады». Алкоголизм кезінде ОЖЖ-сі функциясының үдемелі езгеруінде маскүнемдік елірме дамуына әкелуі мүмкін. Осы жағдайда зат (этил спирті) жылдам тотығады және тіндерде іркілмейді. Оның тек нейротропты әсерлері жинақталады. МАО-ның тежегіштерін қолданғанда да функционалдық кумуляция пайда болады. Заттарды қайталап қолданғанда әсерінің төмендеуі -бейімделу (толеранттылық2) — әртүрлі препараттарды (анальгетиктер, гипотензивтік 1 Латын тілінен ситиlatio-ұлғаю, жиналу. 2Латын тілінен tolerantia - шыдау. заттар, іш жүргізетін заттар және басқалар) қолданғанда байқалады. Ол заттың сіңуінің азаюына, оның инактивациялану жылдамдығының ұлғаюына және (немесе) қарқынды шығуының жоғарылауына байланысты болады. Бірқатар заттарға бейімделудің пайда болуы, оларға рецепторлық кұрылымдардың сезімталдығының төмендеуімен немесе олардың тіндерде тығыздығының азаюымен жүзеге асырылуы мүмкін. Бейімделу жағдайында бастапқы әсерді ашу үшін препараттың мөлшерін жоғарылату немесе бір затты басқасымен ауыстыру қажет. Соңғы жағдайда, сол рецепторлармен (субстраттармен) байланысатын заттарға айқас бейімделудің бар екендігін ескерген жөн. Бейімделудің ерекше түрі тахифилаксия1 болып табылады, бұл өте жылдам пайда болатын бейімделу, кейде затты 1 рет енгізгеннен кейін. Осылайша, эфедринді 10-20 минут аралығымен қайта қолданғанда, 1-ші инъекцияға қарағанда, артериялық қысымның аз көтерілуін байқатады. Кейбір заггарға әдетте, нейротроптыларга), оларды қайталап енгізгенде дәріге тәуелділік дамиды. Ол дәріні қабылдауға деген ұмтылысты жеңе алмауымен көрінеді, әдетте көңіл күйді жоғарылату, хал-жағдайын жақсарту, жағымсыз қайғыруды және сезінуді тоқтату мақсатында, сонымен бірге дәріге тәуелділік шақыратын дәріні беруді тоқтатқанда болады. Дәріге тәуелділікті психикалық және физикалық деп бөледі. Дәріге психикалық тәуелділік жағдайында препараттарды (мысалы, кокаинді, галлюциногендерді) енгізуді тоқтатқанда, тек эмоционалдық жайсыздық (дискомфорт) тудырады. Кейбір заттарды (морфин, героин) қолданғанда дәріге физикалық тәуелділік дамиды. Бұл тәуелділіктің айқындалған дәрежесі. Берілген жағдайда препаратты беруді тоқтатқанда, ауыр жағдай шақырады, ол психиканың кенет өзгеруінен басқа, ағзаның көптеген жүйелері қызметінің бұзылыстарына байланысты өлімге дейін әкелетін әртүрлі және жиі қауіпті соматикалық бұзылыстармен көрінеді. Бұл абстинентік2 синдром немесе айрылу құбылысы деп аталады. Дәріге тәуелділіктің алдын алу мен емдеу медициналық және әлеуметтік күрделі мәселе болып табылады. Г) ДӘРІЛІК ЗАТТАРДЫҢ ӨЗАРА ӘСЕРЛЕСУІ Медицина практикасында бірнеше дәрілік заттарды бір уақытта жиі қолданады. Бұл кезде, олар негізгі әсердің айқындығы мен сипатын және оның ұзактығын өзгерте отырып, сонымен қатар жанама және уытты ықпалдарын күшейте немесе әлсірете отырьш, бір-бірімен өзара әсерлесесуі мүмкін. 1 Грек тілінен Іасhys; - тез, рhylaxsis- қырағы, корғау. 2 Латын тілінен аbstіпетіа - сабырлық. Дәрілік заттардың өзара әсерлесуін келесі түрде жіктеуге болады. I. Фармакологиялық өзара әсерлесуі: 1) Дәрілік заттардың фармакокинетикасының өзгеруіне негізделген; 2) Дәрілік заттардың фармакодинамикасының өзгеруіне негізделген; химиялық өзара әсерлесуіне негізделген; III.Фармацевтикалық өзара әсерлесуі. Медицина практикасы үшін пайдалы әсерлерді күшейту немесе уйлестіру үшін әртурлі дәрілік заттарды жұптастыруды жиірек қолданады. Мысалы, кейбір психотроптық заттарды опиоидтық анальгетиктермен қосып қолдана отырып, соңғысының ауру сезімін басатын әсерін айтарлықтай жоғарылатуға болады. Антибактериалдық немесе саңырауқұлактарға қарсы құрамы қабынуга қарсы стероиды заттардан тұратын препараттар бар, бұл да мақсатқа сәйкес жұптастылғандардың қатарына жатады. Осындай мысалдар аз емес. Сонымен бірге, заттарды жұптастырғанда жағымсыз өзара әсерлесулер де пайда болуы мумкін, ол дәрілік заттың сәйкессіздігі деп белгіленеді. Сәйкессіздік фармакотерапиялық әсердің әлсіреуімен, толық жойылуымен немесе сипатының өзгеруімен, не жанама немесе уытты әсердің кушеюімен көрінеді. Бұл 2 немесе одан да көп дәрілерді қосып қолданғанда болуымүмкін {фармакалогиялық сәйкессіздік деп аталады). Мысалы, дәрілік заттардың сәйкессіздігі қан кету, гипогликемиялық кома, тырысулар, гипертензиялық криз, панцитопения және басқалардың себебі болуы мүмкін. Сәйкессіздіксондай-ақ жұптастырылған препараттарды дайындау және сақтау кезіндс болуы мүмкін {фармацевтшалық сәйкессіздік).
|
|||
|