Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Механикалық бүлінген киімдер бойынша сараптама.



Механикалық бүлінген киімдер бойынша сараптама.

  Киімнің механикалық жолмен бүлінуі киімді бүлдірген құралдың тобы қандай екендігін, бүлінудің қандай жағдайда, механизмде болғандығын білдіреді. Диагностикалық, ситуациялық, классификациялық және идентификациялық деңгейлердегі міндеттерді шешу үшін сараптаманың  осы түрі бойынша келесідей сұрақтар қоюға болады:

· Жәбірленушінің киіміне және денесіне зақым келтірген құралдың көлемі, сипаты, формасы қандай?

· Киімге және денеге зақым келу кезінде шабуылдаушы мен жәбірленуші қандай жағдайда тұрған?

· Жәбірленушінің киіміне зақым сезіктіден алынған құралмен келтірілген бе?

· Жәбірленушінің киіміндегі механикалық зақым сезіктіден алынған бір құралмен келтірілген бе?

 

  Жаппай өндіріс заттары бойынша сараптама.

  Жаппай өндіріс заттарының объектілеріне заттарды дайындау және өңдеу жұмыстарында машиналар мен әр түрлі механизмдердің іздері деталдарға түсетін беткі жақтағы (матрица іздері) іздер жатады. Жаппай өндіріс заттарындағы іздер бойынша сараптаманың міндеті заттың дайындалу тәсілін, шыққан жерін, ол затты дайындау үшін пайдаланылған өндірістік құрылғымен ұқсастыру болып табылады.  

Классификациялық және диагностикалық міндеттер бойынша мынандай сұрақтарға жауап алуға болады:

· Оқиға болған жерден алынған заттай айғақты (түймені, шыны сынығы) дайындаудың тәсілі қандай?

· Оқиға болған жерден алынған зат заводта немесе өз бетінше дайындалған ба?

· Осы зат қандай мекемеде дайындалуы мүмкін?

· Бұл зат қандай станокта немесе құрылғымен дайындалған?

· Жәбірленушінің киімінен алынған заттың бөлшегі нені білдіреді, егер бір заттың бөлшегі болса, онда қандай заттыкі?

Идентификациялық міндеттер бойынша мынандай сұрақтар қойылуы мүмкін:

· Бұл зат белгілі бір станокта жасалған ба немесе оның нақты бөлшегін пайдаланып жасаған ба?

· Әр түрлі адамдардан әр түрлі уақытта алынған заттар бір механизммен немесе құралмен жасалған ба?

· Заттың бөлшегі бір механизмді немесе құралды пайдаланумен жасалғн ба?

   


[1] Кентлер Р. А. О сущности идентификации вообще и юридической в особенности // Вопр. криминалистики и судебной экспер­тизы. Душанбе: ­НИИСЭ, 1962. С. 83–84.

[2] См.: Шляхов А. Р. Классификация судебных экспертиз и типизация их задач: Материалы к ученому совету. М.: ВНИИСЭ, 1977.

[3] Жгенти О. В. Классификация судебных экспертиз, ее роль и значение // Общетеорет. вопр. судебной экспертизы. М., 1982. С. 15 (Сб. науч. тр. / ­ВНИИСЭ).



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.