Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Сындыру құралдарының іздерін сараптамаға жіберу ережесі.



Сындыру құралдарының іздерін сараптамаға жіберу ережесі.

·

·      Сындыру құралдарының іздеріне сараптама жасау кедергілер мен сындыру құралдарынан алынған іздерді салыстыру жолымен жүргізіледі. Көлемді динамикалық іздердің сараптамалық әдістері экспериментті керек етеді, бұлар осы идентификацияланатын құралдардан із түсіруге мүмкіндік береді. Алынған эксперименттік іздер зерттелетін іздермен салыстырылады. Мұнда арнайы микроскоптар пайдаланылады.

·      Сындыру іздері бар зерттелуге тиісті заттар сарапшыға түгелдей жіберіледі. Егер зат аса үлкен болса, онда зерттеуге тек із түскен бөлігін жіберуге болады. Мұндай кезде зерттелетін іздің айналасынан кемінде 5-10 см аралық қалатындай етіп бөліп алу керек. Егер зат сындыру нәтижесінде бір нешеге бөлініп қалған болса, онда олардың барлығын жіберу қажет. Сындыру ізінен соқпа жасау керек емес. Соқпалар сындыру ізі бар аса үлкен заттың бөлігін алу мүмкін болмаған жағдайларда жасалады.

·      Сарапшыға сындыру іздері бар затты жібере отырып, болжам жасалған құралды да жіберу керек. Сараптама тағайындау туралы қаулыда міндетті түрде сындыру іздері бар заттың қай жағы іші, қай жағы сырты екендігін, қайсысы үсті, қайсысы асты екендігін т.б. көрсету керек. Сынған объектінің фотосуретін немесе схематикалық суретінде қосып жіберген дұрыс. Тергеу органдарының қызметкерлері сындыру іздері бар заттармен және күдікті адамнан табылған сындыру құралдарын сараптамаға жіберу алдында әр түрлі эксперименттер жасайды: сындырады, қашайды, кеседі т.б.

 

Жануарлардың іздері бойынша сараптама.

     Жануарлардың іздеріне тұяқтың, тағаның, мүйіздің, тістің іздері жатады. Жануарлардың аяғының іздері бойынша идентификациялық емес міндеттерді шешу үшін мынандай сұрақтар қойылуы мүмкін:

· Із жануардың қай түрінен қалған?

· Іздің жолына қарап жануардың жүрісінде қандай ерекшелік бар екендігін білуге бола ма? (Мысалы аяғын басып тұруында, жүрісінде)

· Жәбірленушінің денесінде қалған із жануардың тісінен қалған ба?

· Объектіде қалған тістің ізі қандай жануардыкі?

· Жәбірленуші мен оған шабыл жасаған жануар қандай жағдайда болған?

Идентификациялық бағытта мынандай сұрақтар қойылуы мүмкін:

· Із жәбірленушіге, талапкерге тиесілі жануармен қалған ба?

· Жануардың мүйізінде, терісіндегі із (тавро) тауарлық белгі ретінде салынған ба?

 



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.