Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Адамның іздері бойынша сараптама



Адамның іздері бойынша сараптама

Адамнан аяқ (аяқ киімі және жалаң аяқ), саусақ, тіс және өзге де дене мүшелері бойынша іздер алынады. Қол іздері бойынша дактилоскопиялық сараптама белгіленіп, диагностикалық және идентификациялық міндеттер шешіледі және мынандай сұрақтар қоюға болады.

· Ұсынылып отырған объектіде адамның қолының іздері бар ма, егер бар болса, онда оны қалдырған адамды идентификациялау үшін жарамды ма? (Бұл сұрақ қылмыстың дәлелі болуы мүмкін заттар тінту, қылмыскерді ұстау, оқиға болған жерді қарау кездерінде алынғанда сарапшыға қойылады).

· Ұсынылған затта осы адамның саусағының папилярлық сызықтарының іздері бар ма?

· Әр түрлі объектілерден алынған іздер бір адамдыкі ме, әлде әр түрлі адамдардыкі ме?

Адамның аяқ және аяқ киім іздері бойынша сараптама.

Аяқ іздері бойынша ізді қалдарған адамның аяғының размерін, адамның физический ерекшеліктерін, жынысын, бойын, жүру ерекшелігін, аяқ киімнің түрін анықтауға болады. Оқиғаның болу жағдайын анықтау үшін сарапшы криминалистке мынандай сұрақтар қоюға болады: ұсынылып отырған бейне аяқ киімнің ізі ме, із қашан түскен, із қандай жағдайда қалдырылған және т.б.

   Идентификациялық сипаттағы міндеттерді шешу үшін мынандай сұрақтар қоюға болады:

· Оқиға болған жерден алынған із сезіктіден, жәбірленушіден алынған аяқ киімнің ізіне сәйкес келе ме?

· Оқиға болған жерден алынған жалаң аяқ іздері (оң, сол аяқ) сезікті, жәбірленушінікі ме?

Адамның тісінің іздерін жеген тамақтың қалдықтарынан, адамды немесе өзгедей заттарды тістеген жерінен алуға болады. Тіс іздері бойынша мынандай сұрақтар қоюға болады:

·  Із қалдырған адамның тісінің орналасу ерекшеліктері қандай?

· Іздің пайда болу механизмі қандай және жәбірленуші мен айыпталушының өзара жағдайы қандай болған?

· Ұсынылып отырған объектідегі із осы айыпталушыныкі ме?

 

      Қорғаушы құралдардың, инструменттердің іздері бойынша сараптама.

   Құлыптанатын қорғаушы құралдарға ілінбелі, тесіп салатын құлыптар, мұнымен қатар арнайы магниттік немесе чиппен ашылатын электрондық жабатын құрылғыларпломбалар, пеломбаны салу кезінде пайдаланатын жіптер мен сымдар, қоймаларды, контейнерлерді, вагондарды қорғауда қолданылатын сигналды құрылғылар сияқты заттар жатады.

  Жабылатын құлыптарды бұзу құралдары үш топқа бөлінеді: бұзуға арнайы дайындалған құралдар (мысалы отмычка, фомка т.б.), бұзуға жарайтын инструменттер (мысалы ара, кувалда т.б.), кездейсоқ құралдар (мысалы темір сынықтары, тас т.б.).

Диагностикалық және ситуациялық міндеттерді шешу үшін сарапшыға мынандай сұрақтар қоюға болады:

· Қандай құрал түрімен немесе тәсілмен есік сындырылған?

· Ұсынылып отырған құлып басқа кілттермен ашыла ма?   

· Сындыру қай жағынан жүргізілген (ішінен бе сыртынан ба)?

· Қылмыскерде осы сияқты құралдарды пайдалану бойынша тәжірбие болған ба?

· Іздің қалу кезектілігі қандай?

Идентификациялық міндеттерді шешу үшін мынандай сұрақтар қойылады:

· Сезіктіден алынған құралмен оқиға болған жердегі із қалған ба?

· Құлыптайтын құрылғыда қалған із бір немесе әір түрлі құралдардан қалған ба?



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.