Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Келлер бойынша 3 тип 4 страница



түбір ұшы аймағында перииодонтальды саңылауының өзгерісі жоқ//

маргинальды бөліктің периодонтальды саңылауының кеңеюі//

түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылаудың кеңеюі//

+түбір ұшы аймағының айқын контурлы сүйек тінінің ыдырау

 

114. Науқас 47жаста «Жаралы гингивит» диагнозына тән рентгенологиялық зерттеу қорытындысы: //

+альвеолярлы өсіндінің сүйек тінінде өзгеріс жоқ//

тісаралық перде биіктігі аймағында кортикальды пластинканың деструкциясы//

маргинальды бөлімде периодонтальды саңылаудың кеңеюі//

тісаралық перде биіктігі тіс түбірі ұзындығынан 1/3-ге дейін қысқаруы //

альвеоланың сүйек тінінде остеопороз белгілері

 

115. 49 жастағы ер адам солжақ жоғарғы тісінде температуралық тітіркендіргіштен болатын ауырсынуға шағымданып келді. Қарағанда: 27 тістің медиальды бетінде бор тәрізді өзгерген жиектері бар, ашық түсті жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталады. Қуыс түбін зондтау ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. ЭОД -13мкА.

Сіздің алғашқы диагнозыңыз: //

+тез ағымды терең тіс жегісі//

созылмалы жай пульпит//

жедел жартылай пульпит//

жай ағымды терең тіс жегісі//

орташа тіс жегісі

 

116. 32 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен ұстамалы қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 26 тістің медиальды-шайнау бетінде жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс. Медиальды-ұрттық ұлпа мүйізі проекциясындағы қуыс түбін зондтау ауырсынады. Салқынға ұзақ мерзімді ауырсыну. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: //

+жедел ошақты (жартылай) пульпит//

созылмалы жай пульпиттің өршуі//

жедел жалпы пульпит//

жедел іріңді пульпит//

созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

 

117. 33 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ аймағындағы ұзақ мерзімді, ұстамалы ауырсынуына, оның құлақ пен самай аймағының таралуына шағымданады. Тістің қатты ауырғанына 2 күн болды. Тіс бұрын ауырмаған. Қарағанда: 24 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс, қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады, перкуссия аздап ауырсыну. ЭОМ – 35 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:

жедел жартылай пульпит//

+жедел диффузды (жалпы) пульпит//

жедел іріңді пульпит//

созылмалы жай пульпиттің өршуі//

созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

 

118. 45 жастағы ер адам сол жақ төменгі тісінде жегі қуыстың болуына шағымданады. Қарағанда: 37 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс. Терең зондтау ауырсынусыз. Ауызішілік рентгенограммада: медиальды түбірұшы аймағында диаметрі 4 мм. дөңгелек пішінді ыдырау ошағы анықталады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: //

созылмалы гангренозды пульпит//

+созылмалы гранулематозды периодонтит//

созылмалы грануляциялық периодонтит//

созылмалы фиброзды периодонтит//

радикулярлы киста

 

119. 30 жастағы әйел адам қызылиектің өзгеше түріне байланысты косметикалық ақауға шағымданады. Қарағанда: Қызылиек жиегінің деформациясы, қызылиек емізікшелері ақшыл-қызыл түсті, көлемі ұлғайған, бірнеше тістер сауытын жауып жатыр, пальпацияда-тығыз,ауырсынбайды. Шиллер-Писарев сынамасы теріс мәнді. Хирургиялық операцияны жүргізіңіз: //

+жай гингивоэктомия//

радикальды гингивоэктомия//

құрақтық операция//

гингивотомия//

жабық кюретаж

 

120. 18 жастағы қыз бала төменгі ерін аймағының ауырсынуына шағымданады,, ол тағам қабылдаған кезде күшейеді. Қарағанда: төменгі еріннің оң жақ шырышты қабығында - дөңес пішінді көлемі 2х4 мм эрозия, фибринозды жұғындымен жабылған, қызарған шырышты қабықпен қоршалған. Пальпация ауырсынады. Науқасты жалпы емдеуге қолданылатын дәрілік зат: //

метронидазол//

доксициклин//

ацикловир//

+левамизол//

орунгал

 

121. 18 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде 1 күн бойы температуралық тітркендіргіштен күшейетін ұстамалы қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Тіс бұрын ауырмаған. ЭОД – 25мкА. Дені сау. Аллергоанамнез өзгеріссіз. Қарағанда: 36 тістің дистальды-шайнау бетінде ұлпамаңы дентин деңгейінде терең жегіленген қуыс. Дистальды-ұрттық ұлпа мүйізі проекциясындағы қуыс түбін зондтау ауырсынады. ЭОД-35 мкА. Емдеу әдісін таңдаңыз: //

девитальды экстирпация әдісі//

девитальды комбинирленген әдіс//

девитальды ампутация әдісі//

витальды экстирпация әдісі//

+консервативті әдіс

 

122.Қандай пародонт ауруында жергілікті емдеу жоспарына кіреді: жергілікті тітіркендіргіш факторларды жою, қабынуға қарсы дәрілік заттарды қолдану, склероздаушы терапия жүргізу: //

қызылиек фиброматозы//

жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит//

жаралы гингивит//

катаралды гингивит//

+гипертрофиялық гингивиттің ісікті түрі

 

123. 48 жастағы әйел адам ауыз қуысының ауырсынуы тағам қабылдағанда және сөйлеген кезде күшейе түсуіне шағымданады. Қарағанда: ұрттың шырышты қабығы мен ауыз қуысы түбінде ауырсынатын ашық-қызыл түсті эрозиялар байқалады. Қоршаған шырышты қабық өзгеріссіз, эрозия жиегін пинцетпен тартқанда сау шырышты эпителий пленкасы алынады. Жалпы емдеу жоспарында қолданылатын дәрілік заттар: //

антибиотиктер//

+кортикостероидтар//

вирусқа қарсы препараттар//

саңырауқұлаққа қарсы препараттар//

малярияға қарсы препараттар

 

124. 20 жастағы ер бала алдыңғы тістің эмалінде ақ дақтың пайда болуына шағымданады. Қарағанда: 21 тістің мойын аймағының вестибулярлы бетінде ақ түсті дақ, зондтағанда бұдырланады. Дақ метилен көк ерітіндісімен анық боялады. Емдеу әдісін таңдаңыз: //

динамикалық бақылау//

егеу, пломбалау//

+реминерализациялық терапия курсы//

фторлакпен бірреттік жағу//

тегістеу

 

125. 20 жастағы науқасқа келесі диагноз қойылды: 36 тістің жедел диффузды пульпиті. Аллергоанамнез өзгеріссіз. Емдеу әдісін таңдаңыз: //

биологиялық//

витальды ампутация//

+витальды экстирпация//

девитальды экстирпация//

девитальды ампутация

 

126. 28-жастағы науқас төменгі сол жақ тісте тісжегі қуыстың пайда болуына шағымданып келді. Қарап тексергенде 3.6 тісте терең тісжегі қуыс, тіс қуысымен байланысады. Температуралық тітіркендіргіштерден, зондпен шұқып тексергенде, қағып тексергенде ауру сезімі жоқ. Тім маңындағы қызыл иектің шырышты қабығы өзгерменген. Осы тістің ЭОМ көрсеткіші: //

2-6 мкА//

+100 мкА жоғары//

15-20 мкА//

40-50 мкА//

60-80 мкА

 

127. 43 жасар ер адам тiсiнде ас қабылдағаннан кейiн кейін пайда болатын және ұзаққа созылатын сыздаған ауыру сезiмiне шағымданады. Қарап тексергенде: 15 тiсiнiң шайнау бетiнде тiс қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы анықталды. Ашылған ұлпа мүйiзшесiн сүңгiлеп тексергенде қатты ауырады, ұлпа қанайды. Диагноз қойыңыз: //

ұлпаның жедел жартылай жедел қабынуы//

ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi//

ұлпаның созылмалы өсе қабынуы//

+ұлпаның созылмалы фиброзды қабынуы//

 ұлпаның созылмалы шiри қабынуы

 

128. 25 жасар жiгiт төменгi оң жақ азу тiсiндегi өздiгiнен қысқа уақытқа созылатын ауыру сезiмiне шағымданады. Температуралық тiтiркендiргiштерден ауыру сезiмi ұлғаяды. Тiсi таң ертеңнен берi ауырып тұр. Науқастың денi сау. Аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 46 тiсiнiң шайнау бетiнде тiс сауытымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi. Қуыстың табанын сүңгiлеп тексергенде ұлпаның бiр мүйiзше тұсында ауыру сезiмi бар. ЭОД -24мкА. Емдеу әдiсін таңдаңыз: //

девитальдi экстирпациялау әдiсi//

девитальдi аралас (комбинированный) әдiс//

девитальдi ампутациялау әдiсi//

витальдi экстирпациялау әдiсi//

+консервативтiк әдiс

 

129. 26 жасар жiгiт жоғарғы оң жақ аймағында өздiгiнен пайда болып, ұзаққа созылатын ауыру сезiмiне шағымданады. Аллергоанамнез теріс. Қарап тексергенде: 1.4 тiстiң медиальдi бетiнде тiс қуысымен байланыспаған терең тiсжегi қуысы көрiнедi, сүңгiлеп тексергенде тiсжегi қуысының табаны ауырады, Темпертуралық тітіркендіргіштер ауыру сезімін күшейте түседі. Тиімді емдеу әдісін таңдаңыз: //

девитальдi экстирпациялау әдiсi//

девитальдi аралас (комбинированный) әдiс//

девитальдi ампутациялау әдiсi//

консервативтiк әдiс//

+витальдi экстирпациялау әдiсi

 

130. 18 жасар қыз төменгi оң жақтағы азу тiсiде температуралық тiтiркендiргiштен туындайтын ауыру сезiмiне шағымданады. Денi сау, аллергиясы жоқ. Қарап тексергенде: 36 тiсiнiң мойын бөлiгiнде сауыт қуысымен байланысқан терең тiсжегi қуысы көрiнедi. Сүңгiлеп тексергенде қатты ауырады. Тiстiң электрқозғыштығы-35мкА. Емдеу әдiсiн таңдаңыз: //

девитальдi экстирпациялау әдiсi//

девитальдi аралас әдiс//

девитальдi ампутациялау әдiсi//

+витальдi экстирпациялау әдiсi//

консервативтiк әдiс

 

131. Жасы 35-гі емделуші тілінде белгісіз құрылым пайда болғанына шағымданып келді. Қарап тексергенде : тілінің ұшы аймағында кілегей қабықта ені 8мм-дей домалақ пішінді, қою қызыл түсті жиектері көтеріңкі, табаны тығыз шеміршек консистенциялы эрозиялы ошақ анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, консистециясы тығыздау жіне ауырмайды. Осы құрылымға тән диагнозды көрсетіңіз: //

+біріншілік мерез//

декубитальді жара//

туберкулез жарсы//

трофикалық жара//

обыр жарасы

 

132. Жасы 25-тегі емделуші тіліндегі жаңа құрылым пайда болғанына, тілін қозғаған кезде ыңғайсыздық сезінетініне шағымданады . Қарап тексергенде тілінің үстінде ұшына жақын диаметрі 7 мм – дей қызыл түсті , домалақ пішінді шекарасы анық, төңірегіндегі тіндерден көтеріңкі орналасқан эрозия ошағы анықталды . Беті таза және тегіс , табан аймағы тығыз, бірақ ауырмайды . Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған , қозғалмалы , тығыздау эластикалық консистенциялы. Диагноз қою үшін қосымша зерттеу әдісі: //

қанның жалпы анализі //

зәр анализі //

+вассерман реакциясы//

қанның биохимиялық анализі//

рентгенологиялық

 

133. Жасы 36-дағы емделуші стоматологқа тілінің үстінде өзгерістерді байқағанын айтып келді . Бірақ ауырсыну белгілері мазаламаған . Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді, ендері 6-7 мм топтаса орналасқан бірнеше ошақ анықталды. Тіл бүртіктері семіп жойылған, ойдым-ойдым шабылған шабындықты еске түсіреді. Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу. Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы. Алғашқы диагноз қойыңыз://

ауыздың жедел жалған жарғақты кандидозы //

тілдің түлей қабынуы //

жазық лейкоплакия //

қызыл жалпақ теміреткі//

+екіншілік папулалы мерез

 

134. Жасы 30-дағы емделуші стоматологқа тілінің үстіндегі 2 апта бұрын байқаған өзгерістерді көрсетуге келген . Бірақ ауырсыну белгілері мазаламаған . Тілді қарап тексергенде тіл үстінің артқы бөлігінде беті тегіс ақшыл-сұр түсті, әртүрлі көлемді ендері 6-7 мм қосыла орналасқан бірнеше ошақ анықталды , тіл бүртіктері семіп жойылған . Төңірегіндегі тіндердің рельефі сақталған және жарақат ошақтарынан биіктеу . Сипап байқағанда ошақтар аймағы тығыз консистенциялы Аурудың салыстырмалы диагностикасын төмендегі аурулардың біреуінен басқасының бәрімен жүргізеді: //

+ауызды жедел герпестік қабынуы//

тілдің түлей қабынуы //

лейкоплакия //

қызыл жалпақ теміреткі //

ауыздың созылмалы атрофиялаушы кандидозы 

 

135. Жасы 60-тағы әйел стоматологқа ауыз ішіне ауырғыш бөрткендер шығып, ас қабылдауының, сөйлеуінің қиындағанына шағымданып келді . Қарап тексергенде оң жақ ұртының, қатты таңдайының түсі өзгере қоймаған кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді, шикі ет түстес 3-4 эрозиялы ошақтар анықталды. Бір эрозия беті әлі ашылмаған, жұмыртқаның жұқа ішкі қабығындай қабықпен жабылған . Қысқышпен ұстап тартса оңай алынады және біраз жерге дейін сыдырылады. Клиникалық көрініске сай алғашқы диагнозды қойыңыз: //

қызыл жалпақ теміреткі , буллезді түрі//

+вульгарлы (тұрпайы) күлбіреуікше//

буллезді пемфигоид//

белдеме теміреткі //

көптүрлі жалқықты қызарма 

 

136. Жасы 38-дегі ер адам, мамандығы жоғарғы вольтті электр желісінде монтаждаушы. Дәрігер стоматологқа еріндер жиегінің құрғауына, ысып күйетініне, қабыршақтанатынына шағымдана келді. Қарап тексергенде: екі еріндер жиегі қатты қызарған, құрғақ және ұсақ қабыршақтармен жабылған, екі езуіне жақын ұсақ тіліктер байқалады. Осы клиникға сай диагноз қойыңыз: //

еріннің жапырақтана қабынуы//

+еріннің күн райы әсерінен қабынуы//

манганотти хейлейті//

еріннің жанаспалы аллергиялық қабынуы//

еріннің актиндік қабынуы

 

137. 18-дегі жігіт тілінде жаңа белгісіз құрылым пайда болып, ыңғайсыздық туындатқанына шағымданып келді. Қарап тексергенде : тілінің оң жақ бүйір бетінде сопақ пішінді, ені 8,0 мм, шекарасы анық, қызыл-қошқыл түсті көтеріңкі орналасқан эрозиялы ошақ анықталды. Эрозия табанында тығыз консистенциялы және эрозия ошағынан көлемдірек инфильтрат анықталды. Аймақтық лимфа түйіндері ұлғайған, бірақ ауырмайды. Төменде келтірілген аурулардың біреуінен басқасының бәрімен аурудың сараптамалы диагностикасы жүргізіледі: //

обыр жарасы //

созылмалы зақымдық жара//

туберкулезды жара //

ауыздың қайталама афталы қабынуы//

+ауыздың жедел герпестік қабынуы

 

138. Дәрігер стоматологқа жасы 24 -тегі жігіт аузының ішінің қатты ашып ауыратынына, ас қабылдау мүмкіндігі жоқтығына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына (галитоз), дене қызуының көтерілгеніне шағымданып келді. Екі апта бұрын жоғары тыныс жолдары инфекциясымен ауырған. Дәрігерге көрінбеген, халықаралық жүк таситын машинаның жүргізушісі. Қарап тексергенде: төменгі сол жақ азу тістері аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпардың және ұрттың кілегейлі қабығы қатты қызарып домбыққан, қоңыр-сұр, сұр -жасылдау түсті өліетті қақпен жабылған. Қақты ептеп алып байқағанда астында эрозиялы-жаралы ошақтар анықталады. Клиникалық көрініске сай алғашқы диагнозды қойыңыз: //

қызылиектің жаралана қабынуы //

+қызылиек-ауыздың өлеттеніп жаралана қабынуы//

пародонттың жайыла қабынуы, ауыр дәрежесі//

ауыздың жедел герпестік қабынуы//

ауыздың қайталамалы герпестік қабынуы

 

139. Жасы 20-ғы жігіт дәрігер стоматологқа дене қызуының көтеріліп, ауыз ішінің қатты ауыратынына, аузын ашып ас қабылдау қиындағанына, аузынан ұнамсыз иіс шығатынына шағымданып келді. Бұдан екі апта бұрын суық тиіп ауырған. Қарап тексергенде: еріндер жиегі құрғақ, аздаған қабыршақтармен жабылған, 45; 46; 47; 48 тістер аймағындағы қызылиек, ауыспалы қатпар қатты қызарып домбыққан, беттері кір-сұр түсті қақпен жабылған. Қызылиек бүртіктері бетіндегі қақ оңай алынып, эрозиялы -жаралы ошақтар анықталады. Бұл ауруды төмендегі аурулардың тек біреуінен басқасының бәрінен ажырата білу керек: //

қан аурулары кезіндегі ауыздың өліеттеніп-жаралана қабынуы//

+ауыздың дәріден буллезді қабынуы //

қорғасынмен созылмалы улану//

ауыздың аллергиялық өліеттеніп-жаралана қабынуы//

висмутпен созылмалы улану

 

140. Жасы 17-дегі жігіт дәрігер стоматологқа жалпылай әлсіздікке, дене қызуының 38ºC дейін көтерілуіне, аузының ішінің қатты ауырып, сөйлеудің, ас қабылдауының қиындағанына шағымданып келді. Қарап тексергенде: қатты қызарып домбыққан ұрттың, тілдің кілегейлі қабығында әртүрлі көлемді ұсақ домалақ, сопақ пішінді және белгілі-бір пішінсіз беттері ақшыл- сұр қақпен жабылған эрозиялар анықталды. Қызылиек көптеген тістер аймағында қызара -домбыққан және тиіп кетсе қатты қанайды. Клиникалық көрініске сай алғашқы диагнозды қойыңыз: //

аусыл//

белдеме теміреткі//

көптүрлі жалқықты қызарма//

+ауыз- қызылиектің жедел герпестік қабынуы//

ауыздың өлі еттене-жараланып қабынуы

 

141. Әйел, 35 жаста, стоматологиялық клиникаға жалпы әлсіздікпен, дене температурасының көтерілуіне, бет пен мойында қызыл дақтардың пайда болуынав шағымданады. Объективті: ауыз қуысында жайылған эритема және кілегей қабатының ісінуі, әр түрлі көлемді көпіршіктер, ауырсынулы эрозиялар, фибринді қақпен жабылған.Нақты диагноз қойыңыз://

 жүйелі қызыл жегі //

+көпформалы экссудативті эритема//

созылмалы қайталамалы афтозды стоматит//

қайталамалы терең тыртықты афта//

 Бехчет синдромы

 

142. Шағымы мазасыздыққа, әлсіздікке, дене температурасының көтерілуіне, қызылиекте күрт ауырсынуға, қанағыштыққа, жағымсыз иіске. Объективті: ісікті, гиперемирленген қызылиектің фонында, маргинальды қырында лас-сұр түсті қақты некротикалық аймақтар анықталды. Тісте көптеген жұмсақ қақ, тіс тасы. Сілекей тұтқыр, қою. Қан анализінде – лейкоцитоз, ЭТЖ-ның жоғарылауы. 

R-граммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Диагноз қойыңыз://

жедел катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивит//

созылмалы катаральды гингивиттің өршуі//

+жаралы гингивит//

созылмалы ошақты пародонтиттің жеңіл дәрежесінің өршуі

 

143. Шағымы жоқ. Объективті: тілі жұмсақ, сәл үлкейген, тілдің бүйір беткейінде және арқасында терең қатпарлы жүлгелер.Түбі мен бүйір беткейінде жіп тәрізді емізікшелермен жабылған. Диагноз қойыңыз://

ромб тәрізді глоссит//

десквамативті глоссит//

+қатпарлы тіл//

глоссодиния//

қара түкті тіл

 

144. Бұл ауруда бірінші келуде жегілік қуысты егеу, медикаментозды өңдеу, кептіріп, емдік төсеніш салып, уақытша пломба салуға ұсынылады. 5-7 күннен кейін уақытша пломбаны алып тастап, емдік төсеніш, тұрақты пломба салынады. Диагноз қоыңыз: //

сына тәрізді ақау//

орташа тіс жегісі//

+тез ағымды терең тіс жегісі//

созылмалы фиброзды периодонтит//

жай ағымды терең тіс жегісі

 

145. Пациент 25 жаста, шағымы жоғарғы сол жақтан өздігінен, ұстамылы, температуралы және химиялық тітіркендіргіштерден күшейетін ауырсынуға. Анамнез: тіс 3 күн мазалайды. Бұрын осындай ауырсынулар байқалған. Жергілікті анететиктерге аллергиясы бар. Қараған кезде, беті симметриялы, жақасты лимфа түйіндері ұлғаймаған. 2.5 тістің шайнау беткейінде терең жегілік қуыс, тіс қуысымен байланысқан. Зондтағанда бір нүктеде ауырсынады, ұлпа қанайды, салқынға реакция ұзақ, жай өтімді. ЭОД – 55мкА. Емдеу әдісін тандаңыз://

витальды ампутация //

+девитальды экстирпация//

консервативті//

девитальды ампутация//

витальды ампутация

 

146. Стоматологиялық клинакаға Б. Есімді науқас ауыз қуысындағы ауырсынуға, ұрттағы, қызылиектегі, тілдегі жараларға, дене температурасының 39С-қа дейін көтерілуіне, бас ауруына, әлсіздікке шағымданып келді. Қараған кезде, ауыз қусының кілегей қабатында афталар бар, полигональды формалы, некротикалық қақпен жабылған, ұстаған кезде ауырсынады. Ең тиімді емдеу әдісін тандаңыз://

+жансыздандыру, антисептиктер, ферменттер, вирусқа қарсы препараттар//

антисептиктер, ретинол ацетаты, саңырауқұлаққа қарсы препараттар, ферменттер//

саңырауқұлаққа қарсы гаммаглобулин 0,2 мл/кг в/м, антибиотиктер//

жансыздандыру,кең спектрлі антибиотиктер, витаминдер//

антисептиктер, жансыздандыру, ферменттер, гидрокортизон, витаминдер

 

147. Мерезге күмәнданған кезде дәрігерлік тактиканы таңдаңыз: //

саңырауқұлаққа қарсы препараттарды тағайындау//

шылым шегуді тоқтату, кератопластикалық заттар //

+микрореакцияға қан анализі,врачу-дерматологқа консультацияға жіберу//

1% раствора никотин қышқылы ерітіндісін зақымдалу ошағы астына инъекция жасау//

зақымдалу ошағын  УФО сәулелендіру жүргізу

 

148. 20 жастағы қыз косметикалық ақау, алдыңғы тістердің эмалында ақ дақтың пайда болуына шағымданып келді. Анамнез бойынша, бұрын дақ болмаған. Қараған кезде, 2.2 тістің вестибулярлы беткейдің мойыналды аймағында ақ түсті дақ. ЭОД 2мкА. Дақ 2% метилен көгі ерітіндісімен боялады. Тиімді емдеу әдісін тандаңыз://

егеу, композициялық материалмен пломбалау//

+реминерализациялау терапии курсы //

дақты тегістеп,фторлак жағу//

винир дайындау//

пломбалау

 

149. Науқасқа беткей тіс жегісін емдеу барысында, жегілік қуысты егеу, медикаментозды өңдеу, адгезивті жүйені жағу, жарықпен қатаятын пломбамен қусыты толтырып, әрбір қабатты галогенді лампамен кептіру, шлифовкалау, тегістеу жүргізілді. Жасалмай қалған этап: //

ажыратқыш төсем салу//

+адгезивті жүйені жарықтандыру//

адгезивті енгізу//

праймера енгізу//

фторлак жағу

 

150. 28 жастағы наукас тісінің өсіп кету сезіміне, сол жағындағы жогаргы жак тісінің тұракты сыздап ауырсынуына шагымданады. Ауырсыну сезімі шайнау кезінде кушейе түседі. Анамнезінен тісі 2 кун бойы мазалаган. Бурын температуралык тітіркендіргішке ауырсыну байкалган кейін өздігінен ауырсыну басылган, тіс емделмеген. 2,5 тістін шайнау бетінде тіс куысымен байланыскан терен тісжегілі куысы бар, зондтаганда ауырсынбайды, суыкка реакция жок. ЭОД 100мкА. Наукастың шагымдары кай аурудын жедел формасына тән:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.