|
|||
Келлер бойынша 3 тип 3 страницамилиарлы-жаралық туберкулез// папулезді сифилис// туберкулезді жегі// +біріншілік мерез// декубиталды жара
82. Науқастың жасы 25-те, ауыз қуысын тексеріп қарағанда 4.5 тіс сауытының барлық беткейінде көптеген нүктелі шұңқырлар бар, кейбір жерде эмаль жоқ, тіс беткейі теңбіл, дақтың түсі ақтан ашық-сары түсті. Қалған тістердің аймағында ұқсас өзгерулер байқалмайды. Анамнезде балалық шақта оң жақтағы төменгі сүт молярлары аймағында қабыну процесі болғандығы анықталды, салдарында олар алынып тасталған. Мүмкін болатын диагноз:// жүйелі гипоплазия, нүктелі форма// 4.5 тістің эндемиялық флюорозы, бортәрізді-ойықты түрі// +4.5 тістің жергілікті гипоплазиясы// жүйелі гипоплазия, дақты түрі// 4.5 тістің эмаль аплазиясы
83. 40 жастағы науқас, тұтастай алғанда сау, іліспелі аурулары жоқ, оң жақ тіл аймағындағы ауырсынуларға шағымданады, ол 3 апта бұрын оң жақтағы төменгі жақсүйектегі пломба түскеннен кейін пайда болған. Тексергенде: тілдің оң жақ бүйір беткейінде некрозды қақпен жабылған, өлшемі 0,5х0,4 см ойық жара байқалады, жиектері қызарған, ісінген, саусақпен басқанда ауырсынады. 4.6 тісте үлкен тісжегі қуысы бар, оның тіл жақ шеттері өткір. Цитологиялық зерттеуде атипиялық жасушалар анықталған жоқ. Диагноз қойыңыз: // оң жақ тілдің трофикалық ойық жарасы// +оң жақ тілдің декубиталды ойық жарасы// оң жақ тілдің туберкулезді ойық жарасы// оң жақ тілдің мерезді ойық жарасы// обыр жарасы
84. Науқас тісжегі қуысының бар екендігіне, кей кезде оң жақтағы төменгі жақсүйектегі тістің кернеп ыңғайсыздық туғызатынына шағымданды. Объективті: 4.4 тісте тіс қуысымен байланысып жатқан терең тісжегі қуысы бар. Сүңгілегенде, суыққа реакциясы жоқ, тықылдатқанда ауырсынбайды. Рентгенограммада: тіс түбірінің ұшы аймағында шектері анық, дөңгелек формалы сүйек тіні ыдыраған, өлшемі 0,4-0,5 см ошақ бар. Диагноз қойыңыз:// 4.4 тістің созылмалы гранулденген периодонтит// 4.4 тістің созылмалы гангренозды пульпиті// 4.4 тістің оң жақ төменгі жақсүйектің одонтогенді кистасы// 4.4 тістің созылмалы гранулематозды периодонтитінің өршуі// +4.4 тістің созылмалы гранулематозды периодонтиті
85. Науқастың жасы 28-де, қосалқы патологиясыз, ауыздағы ауырсынуларға, ауыздан шірік иіс шығуына, жалпы әлсіздігіне шағымданды. Аталған шағымдар үш күн бойы суықтап қалғаннан кейін мазалайды. Тексергенде: науқастың түрі сұп-сұр, дене температурасы 38,2°С. Ауыз қуысында – ісінген және гиперемияланған фон үстінде екі жақ ұрт аймағының ретромолярлы аймағына жақын жердегі сілемейлі қабық некроздалған. Шіріген аймақтар сұр-жасыл түсті, жиектері біркелкі емес, сасық иіс шығады, алып тастағаннан соң қан ағып тұрған ойық жаралар жалаңаштанады. Жаралардың түбі және жиектері нығыздалмаған. Ұрттың сілемейлі қабығын жергілікті жарақаттайтын факторлар анықталмады. Ауыз қуысының гигиенасы қанағаттанарлықсыз. Ықтимал диагноз:// +Венсан жаралық-некротикалық стоматиті// декубиталды ойық жара// обыр жарасы// трофикалық ойық жара// мерезді ойық жарасы
86. 47 жастағы науқас тістердің температуралық тітіркендіргіштерге сезімталдыққа, қызыл иектің дуылдап қышитынына шағымданды. Тексергенде: қызыл иектің сілемейлі қабығы ақшыл-қызыл, қызыл иектің жиегі семіп қалған, пародонталдық қалташалары анықталмайды, тістері бекем. Тіс түбірлері 4-5 мм-ге біркелкі жалаңаштанған. Ортопантомограммада – суретте ұсақ ұяшықты сүйек тіні көрінеді, альвеолааралықтардың биіктігі біркелкі ½ дейін төмендеген, кортикалды пластинкасы бұзылмаған. Алдын-ала диагноз қойыңыз:// жеңіл дәрежелі пародонтоз// жеңіл дәрежелі жайылмалы пародонтит// +орта дәрежелі пародонтоз// орта дәрежелі жайылған пародонтит// ауыр дәрежелі пародонтоз
87. 35 жастағы науқас қызыл иектің ісінуіне және қанағыштығына, тісті тазалағанда қызыл иекте ауырсынулар болатындығына, ауыздан сасық иіс шығатындығына, тістің жылжығыштығына шағымданды. Аталған симптомдар суық тигеннен соң, екі күн бойы мазасын алған. Анамнез: бірнеше жылдар бойы тісті тазалағанда қызыл иектің кезең-кезеңімен қанағыштығы мазасын алған. 2 жыл бұрын қызыл иекті емдеу курсынан өткен соң, тіс дәрігеріне көрінбеген. Объективті: қызыл иектің сілемейлі қабығы қызарған, ісінген, қызыл иек жиектері борпылдақ, сүңгілегенде кенет қан ағады, пародонталды қалташалардың тереңдігі 4-5 мм, ішінен ірің бөлініп тұр. Тіс түбірлері ұзындығынан 1/3 дейін біркелкі емес жалаңаштанған, тістер қозғалғыштығы 1-2 дәрежелі. Қызыл иек үсті және қызыл иек асты қатты тіс шөгінділері бар, көлемі айтарлықтай. Сіздің алдын-ала қоятын диагнозыңыз:// ауырлығы жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтит// ауырлығы жеңіл дәрежелі созылмалы пародонтиттің өршуі// ауырлығы орта дәрежелі созылмалы пародонтит// +ауырлығы орта дәрежелі созылмалы пародонтиттің өршуі// ауыр дәрежелі жайылмалы пародонтиттің өршуі
88. 20 жастағы науқас тістерінде пигментті дақтардың бар екендігіне шағымданды. Анамнезден: тістің түстерінің өзгеруін балалық шақтан байқаған, осыған ұқсас тістегі түстің өзгерулері туыстарында да байқалады. Тексергенде барлық тістердің кіреукесінде көптеген ұсақ бортәрізді, кейбір аймақтарында пигментті дақтар бар. Дақтар тістердің барлық беткейлерінде кездеседі. Дақ аймағындағы кіреуке тегіс, жылтыр, зақымдалған аймақтардың беткейінде зонд сырғанайды (тірелмейді), метилен көгінің ерітіндісімен боялмайды. Бұл аурудың ықтимал себептері: // қалқанша безінің патологиясы// +ауыз суында фтор мөлшерінің шамадан тыс көп болуы// көмірсуларды шамадан тыс көп қолдану// сәби кезінде тетрациклин қабылдау// ауыз қуысының нашар гигиенасы
89. 36 жастағы науқас жоғары жақсүйектің тістерін тазалағанда жоғары сезімталдығына шағымданды. Тексергенде жоғары жақсүйектің сүйір және кіші азу тістер вестибулярлы беткейлердің мойын аймағында көлденең қимасында ұшбұрыш пішінді ақаулар табылды, қабырғалары тегіс және нығыз. Сүңгілегенде сезімталдық туындайды. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз: // жүйелі гипоплазия, жүлгелік түрі// +тістің қатты тіндерінің эрозиясы// сына тәрізді ақау// жергілікті гипоплазия// тіс флюорозы, эрозиялы түрі
90. 35 жастағы науқас санация мақсатымен дәрігерге келді. Тексергенде 4.7 тістің медиалды – шайнау беткейінде қою-қоңыр түсті бір ғана пигменттелген дақ анықталды, дақтың өлшемі 5 мм2, беткейі бұдыр, зонд тұрып қалмайды. Қолданылатын тактика: // динамикалық бақылау// +дақты егеп-тазалап, пломба қою// реминералдау терапия// фторлак жағу// дақты егеп-тазалап, үстіне кіреуке сезімталдығын төмендететін құралдармен аппликация жасау
91. 37 жастағы науқас тіс шөгінділеріне, тіс тазалағанда қызыл иектің қанайтындығына, ауыздан сасық иіс шығатынына, тістердің жалаңаштануына шағымданды. Аталған белгілер бірнеше жылдар бойы мазасын алған. 2 жыл бұрын қызыл иекті емдеу үшін курс алған. Объективті: қызыл иектің сілемейлі қабығы цианоздалған, ісінген, қызыл иек шеттері борпылдақ, сүңгілегенде қанайды, пародонталды қалташаларының тереңдігі 4-5 мм, ішінен серозды-ірің экссудат бөлініп тұр. Тіс түбірлері ұзындығынан 1/3 дейін біркелкі емес жалаңаштанған, тістер қозғалғыштығы 1-2 дәрежелі. Қызыл иек үсті және қызыл иек асты қатты тіс шөгінділері бар, көлемі айтарлықтай. Рентгенограммада: альвеолярлық аралықтардың биіктігі ½ дейін біркелкі емес төмендеуі, кортикалды пластинканың тұтастығы бұзылған, остеопороз белгілері. Аталған ауруды кешенді емдеу жоспарына келесі хирургиялық әдістер кіруі керек:// гингивотомия// жартылай гингивэктомия// радикалды гингивэктомия// +кюретаж// құрақ операция
92. 20 жастағы қыз бала тістерін тазалағанда, қатты тағамдар жегенде қызыл иектің ауырсынатынына және қанайтындығына, қызыл иектің ұлғайғандығына шағымданды. Объективті: қызыл иек бүртіктері және жоғары мен төменгі жақсүйектің қызыл иек жиектері ұлғайған, тіс сауытын 1/3 биіктікке дейін жауып тұр, көкшіл түске ие, тиіп кетсе қанайды, қызыл иек жиегі қалыңдаған, рельефі бұзылған, жалған қалташалар анықталды, тіс-қызыл иектің бекуінің тұтастығы сақталған, тістерде жұмсақ тіс қағы бар. Тиімді дәрі-дәрмектерді тандаңыз: // метрогил-дента гелімен қызыл иекке аппликация// камистад гелімен қызыл иекке аппликация// протеолитикалық ферменттермен қызыл иекті өңдеу// +гепарин жақпа майымен қызыл иекке аппликация// 0,06% хлоргексидин ерітіндісімен қызыл иекті өңдеу
93. 34 жастағы науқас тамақ ішкенде, сөйлескенде пайда болатын ауру сезіміне, ауызда ашып ауыратын эрозиялардың пайда болуына шағымданды. Осыған ұқсас жаралар жылына 2-3 рет (күзде және көктемде) төрт жыл бойы шығып келе жатқан туралы айтты. 7-10 күнде өздігінен жазылып кетеді. Анамнезден: үйдегі шаңға аллергиясы бар, асқазан-ішек ауруымен (дисбактериоз) ауырады. Регионарлық лимфа түйіндері аздап ұлғайған, пальпация кезінде ауырсынады. Ауыз қуысында тілдің оң жақ бүйір беткейінде және өтпелі қатпарының сол жағында ақ-сұр қағымен жабылған, көлемі 0,5-0,6 см, дөңгелек формалы, гиперемияланған жиекпен қоршалған эрозиялар байқалады. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз:// біріншілік мерез// трофикалық жара// +созылмалы қайталамалы герпестік стоматит// көптүрлі экссудативті эритема// жаралық-некротикалық стоматит
94. 32 жастағы науқас 1 күн бұрын пайда болған тамақ ішкенде, сөйлескенде, ауызда ауырсыну туғызатын, ашитын жараларға шағымданды. Атап өтерлігі мұндай жағдай 2-3 жыл бойы жылына 1-2 рет пайда болып отыратынын атап өтті, өз бетінше емделген. 3 күн бұрын созылмалы тонзилиттің өршуіне байланысты ЛОР-дәрігерге қаралған. Объективті: ауыз қуысында қатты таңдайдың сілемейлі қабығында 2 ауырсыну туғызатын шекаралары ұсақ фестонды (тегіс емес), пішіндері дұрыс емес, ашық қызыл түсті, өлшемі 0,8х0,5 см эрозиялар анықталды. Қоршап жатқан сілемейлі қабық аздап қызарған, ісінген. Осы патологияда цитологиялық зерттеулердің нәтижелері: // құрылымсыз массалардың көп болуы, эритроциттердің және ыдыраған нейтрофилдер көптігі// Тцанк акантолитикалық жасушалары// фузобактериялар және спирохеталар, терең ыдырау сатысындағы нейтрофилдер// Пирогов-Лангханс алып жасушалары// +алып көп ядролы жасушалар
95. 48 жастағы науқас ауызының кеуіп, ауызы өртенгендей күйетініне, тілінде ақ түсті қақтың бар екендігіне шағымданды. Ауырғанына екі апта болған. Анамнезде құрамында глюкокортикостероидтар бар дәрі-дәрмектермен бронх демікпесінен ұзақ уақыт бойы емделгені анықталды. Тексеріп қарағанда тіл арқасында, жұмсақ таңдайда, ұртта жойқын ірімшік массасына ұқсас ақ түсті қақ бар. Оны алып тастағаннан соң, сілемейлі қабықшаның беткейі тегіс, қызарған, тіл бүртіктері тегістелген. Осы патологияны жалпы этиотропты емдеуде тағайындалатын препарат:// супрастин// ацикловир// аугментин// ретинол ацетаты// +флуконазол
96. 23 жастағы науқас қуыстың болуына, тағам қабылдағанда, әсіресе 21 тісінің салқынға қысқа мерзімді ауырсынуына шағымданып келді. Қарау кезінде: 21 тістің дистальды беткейінде терең тісжегі қуысы бар. Қуыстың түбі мен қабырғаларында – жұмсарған, пигменттелген дентин. Салқынға реакциясы оң, тітіркендіргішті жойғаннан кейін тез басылады. Түбін толықтай зондтағанда аздап ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. ЭОД-6 мкА. Неғұрлым мүмкін диагноз:// +терең тісжегі// орташа тісжегі// созылмалы периодонтит// созылмалы пульпит// созылмалы пульпиттің өршуі
97. 20 жастағы науқаста алдын ала қарау кезінде 11 мен 21 тістердің кескіш қырларында, сонымен қатар, 16 және 26 тістердің төмпешіктерінде ақ түсті дақтар анықталған. Дақтар метилен көгінің 2% ерітіндісімен боялмайды және басқа тістердің аймағында визуальды анықталмайды. Салыстырмалы диагностикасын жүргізу қажет:// тістер флюорозымен, эрозивті түрімен// гипоплазиямен, дақты түрімен// +бастапқы тісжегімен// тістің қатты тіндерінің эрозиясымен// гиперплазиямен
98. Химиялық өндірісте жұмыс жасайтын жұмысші, жоғарғы жақта тістердің ақауына шағымданады. Объективті: 11, 12, 21, 22 тістердің мойыналды аймағында эмаль және дентиннің жоғарғы қабатының деңгейінде овал тәрізді, тегіс, тығыз қабырғасы мен түбі бар шұнқырлану бар. Зондтағанда дентин-эмаль байланысы аймағында сәл ауырсынулы. Температуралы тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Берілген патологияның салыстырмалы диагностикасын жүргізу қажет:// бастапқы тісжегімен// + сына тәрізді ақаумен// терең тісжегімен// тістің қатты тіндерінің эрозиясымен// жүлгелі гипоплазиямен
99. Науқас, химиялық өндірісте жұмыс жасайтын, жоғарғы жақта тістердің ақауына шағымданады. Объективті: 11, 12, 21, 22 тістердің мойыналды аймағында эмаль және дентиннің жоғарғы қабатының деңгейінде овал тәрізді, тегіс, тығыз қабырғасы мен түбі бар шұнқырлану бар. Зондтағанда дентин-эмаль байланысы аймағында сәл ауырсынулы. Температуралы тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Алғашқы диагноз:// беткей тісжегі// сына тәрізді ақау// орташа тісжегі// + тістің қатты тіндерінің эрозиясы// жүлгелі гипоплазия
100. 34 тісте қысқа уақытты ауырсынусыз аралықтары бар, өздігінен, ұстамалы, иррадацияланатын, ұзақ мерзімді ауырсынуға шағымданады. Ауырсыну түнде күшейеді, тітіркендіргіштердің барлық. Шағымы өздігінен, ұстамалы, иррадиацияланатын 34 тістің қысқа аралықтары бар ұзақ ауырсынуы. Ауырсыну түнде күшейеді, барлық тітіркендіргіштер ауырсыну туғызады. Қосымша аурулары жоқ, аллергоанамнез теріс. Емдеу әдісін таңдаңыз: // +витальды экстирпация// биологиялық// девитальды экстирпация// витальды ампутация// комбинирленген
101. Әйел, 23 жаста, жоғарғы сол жақтан өздігінен, ұстамалы күрт ауырсынуға шағымданады. Ауру анамнезі: ұстамалардың ұзақтығы 2 сағаттан немесе одан да көп, аралықтары – 10-30минут. Ауырсыну үшкіл нерв бұтағымен иррадиацияланады, түнде күшейеді, тітіркендіргіштердің барлық түрінен пайда болады, алып тастағаннан кейін ұзақ сақталады. Бұрын мұндай ауырсыну болмаған. Бұл аурудың қай клиникасына сәйкес келеді:// +жедел диффузды пульпит// сзылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі // ждел ошақтық пульпит // травматикалық пульпит// конкрементозды пульпит
102. Шағымы тістің жағымсыз сезіміне. Қараған кезде: жегілік қуыс тіс қуысымен байланысқан, зондтағанда, перкуссиялағанда ауырсыңусыз, қызылиегі өзгеріссіз. Рентгенограммада периодонтальды саңылаудың кеңеюі байқалады. ЭОД 100 мкА жоғары. Диагноз қойыңыз: // созылмалы фиброзды пульпит// созылмалы грануляциялық периодонтит// созылмалы гранулематозды периодонтит// +созылмалы фиброзды периодонтит// созылмалы гангренозды пульпит
103. Шағымы қызылиектің тартылуына, тіс тазалағанда, тамақ ішкенде қанғыштыққа, ауырсыну сезіміне шағымданады. Анамнезде: бір жыл бұрын қызылиектің емдеу курсын қабылдаған. Объективті: цианатикалық қызылиек кілегей қабатының фонында гиперемияланған және ісінген, зондтағанда қанаштық байқалады. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада: сүйектік тінде деструктивті өзгерістер жоқ. Алғашқы диагноз қойыңыз:// жедел катаральды гингивит // созылмалы катаральды гингивит// +созылмалы катаральды гингивиттің өршуі// гипертрофиялық гингивиттің ошақты формасы// жаралы гингивит
104. Шағымы қызылиек емізікшелерінің ұлғаюы. Қараған кезде, қызылиек емізікшелері үлкеюіне байланысты қызылиек қыры деформацияланған, жақын тұрған тістердің сауыттық бөлігін жауып тұрады. Емізікшелердің кілегейі ақшыл-қызғылт. Сіздің болжам диагнозыңыз:// созылмалы катаральды гингивит// жаралы гингивит// жедел катаральды гингивит// гипертрофиялық гингивит, ісікті форма// +гипертрофиялық гингивит, фиброзды форма
105. Науқас 22 жаста жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, температураның көтерілуіне, ауыз қуысының күрт ауырсынуы, жағымсыз иіске, қызылиектің қанағыштығына шағымданады. Объективті: бетінің түсі қоңырқай түсті. Ауыз қуысында гиперемирленген, қызарған фонда, некротикалық аймақтар, лас-сұр түсті қақтармен жабылған. Сіздің болжам диагнозыңыз:// жедел катаральды гингивит// созылмалы катаральды гингивиттің өршуі// созылмалы жайылған пародонтиттің өршуі// +жаралы гингивит// созылмалы гипертрофиялық гингивиттің өршуі
106. Науқас 76 жаста, бет терісінде бөртпелердің пайда болуына, құлаққа берілетін, оң жақтан жедел невралгиялық ауырсынуға, шағымданады. Өзің 5 күн бойы аурумын деп санайды. Аурдың басталуында жоғарғы оң жақтан күрт ауырсыну, дене температурасының 39°С-қа дейін көтерілуі. Анамнезден отбасысында жел шешекпен ауырған бала бар екені анықталды. Жалпы аурулары: гипертониялық ауру II сатысы, бала кезінде жел шешек пен қызылшамен ауырған. Қараған кезде: Ұрттың терісінде және мұрын қанаты аймағында гиперемияланған фонда сары қабықпен жабылған, ауырсынатын, көпіршіктер мен эрозиялар бар. Ауыз қуысынң кілегей қабаты оң жақтан гиперемияланған, жоғарғы жақтың өтпелі қатпарында және қатты таңдайда топтасқан эрозиялар орналасқан. Аурудың этиологиясы: // қарапайым герпес вирусы// коккты инфекция// +varicellazoster// candidaalbicans// микобактерия
107. Науқас 52 жаста ұрт аймағының кедір-бұдырлығына шағымданады. Жақында байқаған. Қосымша аурулары – қант диабеті, гипертониялық ауру. Қараған кезде, ұрттың кілегей қабатының артқы бөлігінде екі жақтан ақ түсті өрнекті сурет секілді, қырған кезде алынбайды. Алғашқы диагноз қойыңыз: // созылмалы гиперпластикалық кандидоз// тегіс лейкоплакия// қызыл жегі// күлбіреуік// +қызыл жазық теміреткі, типті форма
108. Науқас, 32 жаста, бір күн бұрын, салқын тигеннен кейін, жоғарғы ерінде бөртпелердің пайда болуына шағымданады. Осындай периодты бөрітулердің ерінде 5 жыл бойы кездесуі байқалды. Қараған кезде: жоғарғы ерін мен тері шекарасында, ұсақ диаметрі 1-2мм, бір жерде топтасқан және бір біріне жабысқан көпіршіктер, ауысынатын, бұлыңғыр құрылымды. Көпіршіктердің құрылымының цитологиялық зерттеуінің нәтижесі:// +Лангханса гигант клеткалары// Candida саңырауқұлағының спорасы// Тцанка клеткасы// Кох бацилласы// Фузобактерия
109. 29 жастағы әйел адам жоғарғы солжақ тісінің температуралық тітіркендіргіштен болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 25 тістің шайнау бетінде терең жегі қуыс. Зондтау қуыс түбінде ауырсынады,перкуссия ауырсынусыз. ЭОД - 8 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:// орташа тіс жегісі// +терең тіс жегісі// жедел жартылай пульпит// созылмалы жай пульпит// созылмалы периодонтиттің өршуі
110. 18 жастағы ер адам жоғарғыжақ тістерінің косметикалық ақауына шағымданады. Тіс эмалі түсінің өзгерісін бала кезінен байқаған. Бала кезінде рахит ауруымен ауырған. Қарағанда: орталық күректістердің вестибулярлы беті мен үлкен азутістердің төмпешіктерінде – симметриялы орналасқан бор тәрізді дақтар. Дақ беті-тегіс,жылтыр. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі:// перкуссия// рентгенография// +витальды бояу тәсілі// электроодонтометрия // температуралық тітіркендіргішке реакция
111. 48 жастағы ер адам 4.6 тісте өздігінен болатын ұстамалы аурусынуына, оның төменгі жақтың бұрыш аймағының таралуына, түнге қарай күшейе түсетініне шағымданады. Тістің қатты ауырғанына 2 күн болды. Тіс бұрын ауырмаған. Қарағанда: 46 тістің дистальды-шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс анықталады, зондтау жегі қуыс түбі бойымен жедел ауырсынады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:// жедел жартылай пульпит// +жедел диффузды пульпит// жедел іріңді пульпит// созылмалы жай пульпиттің өршуі// созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі
112. 33 жастағы әйел адам тағам қабылдағаннан кейін пайда болатын ұзақ мерзімді солқылдаған ауырсынуға шағымданады. Қарағанда: 25 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс анықталады, ашылған ұлпа мүйізін зондтау жедел ауырсынады, ұлпа қансырайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз:// жедел жартылай пульпит// созылмалы жай пульпиттің өршуі // созылмалы гипертрофиялық пульпит// +созылмалы фиброзды пульпит// созылмалы гангренозды пульпит
113. Науқас 52жастағы әйелге «2.6тістің Созылмалы гранулематозды периодонтит» диагнозына сәйкес рентгенологиялық суреттемені таңдаңыз: // түбір ұшының айқын емес контурлы сүйек тінінің ыдырау ошағы//
|
|||
|