Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Келлер бойынша 3 тип 7 страница



1-клиникалық кезең, тіс дұрыс егелмеген//

2-клиникалық кезең, орталық окклюзия дұрыс анықталмаған//

1-лабораториялық кезең, қалып дұрыс алынбаған//

+ 1-лабораториялық кезең, тіс дұрыс мүсінделмеген//

1-лабораториялық кезең, тістің клиникалық мойны дұрыс анықталмаған

 

31. Науқас Р. 20 жаста. Диагноз: 23 тіс сауытының ақауы. Протездеу кезеңінде металлокерамикалық сауыт дайындаудың 2-клиникалық кезеңінде металл қаңқа тіс тұқылына жеңіл орнатылады, саты бойымен дұрыс орналасқан, антагонист – тістермен окклюзия аралық саңылау 0,5 мм, металл қалпақшаның қалыңдығы 0,8 мм тең. Қандай асқыну болуы мүмкін://

сауыт цементтен босап, түсіп қалады//

сауыт нашар бекиді//

+ керамикалық массаның сынып кетеді//

сауыттың эстетикалық ақауы болады//

металл қалпақша тесіліп қалады

32. Науқас А. 63 жаста. Диагноз: Жартылай екіншілік адентия. Кеннеди бойынша ІІІ класс тіс қатарының ақауы. Науқастың 2.2,2.3,2.4,2.5,2.6 тістері жоқ, 1.1, 2.1, 2.7 тістері сау, патологиялық өзгерістер анықталмаған, дәрігер науқасқа тірегі 1.1,2.1 және 2.7 тістер болатын металлокерамикалы көпірлі протез жасауды ұсынды. Протез конструкциясы дұрыс таңдалды ма, неге://   

дұрыс – көпіртектес протез шайнау қысымын толығымен қалыптастырады//

дұрыс емес – тірек тістер ұлпасы алынбаған//

+ дұрыс емес – тірек тістерге көп күш түседі//

дұрыс – эстетикалық жағынан қолайлы, протезге жылдам бейімделеді//

дұрыс емес - тірек тістер саны жеткіліксіз

33. Науқас А. 50 жаста. Протездеу мақсатымен келген. Диагноз: Жартылай екіншіолік адентия. Кеннеди бойынша ІV класс тіс қатарының ақауы. Объективті: 1.2,1.1,2.1,2.2 тістерінің болмауы. Протездеу кезеңінде. Пластмассалы фасеткалы металл құрама көпірлі протезді тапсыру кезеңінде протезді тірек тістерге отырғызған соң, фасетка альвеолярлы өсіндінің шырышты қабатына тығыз жанасып жатқанын анықтады. Орталық окклюзия жағдайында фасеткадағы жоғарғы күрек тістер ғана түйіседі, ал басқа тістер түйіспейді. 1.3 тістің сауыты мен аралық бөлімнің арасындағы дәнекер қызыл иек емізікшесіне тиіп тұр, протезге түзетулер жасаған соң дәрігер висфат-цементпен тіске бекітті. Қандай түзету жүргізу қажет болды://  

қызыл иек емізікшесін дәнекерден босатып және көпірлі протезді тереңірек енгізу//

қызыл иек емізікшесін көпірлі протездің аралық бөлімінен босат//

+ дәнекерді қызыл иек емізікшесінен босатып және фасетканың түйісу аймағын алу//

фасетка мен дәнекерді қызыл иек емізікшесінен ашып, тірек тістерді қосымша егеу//

бұл жағдайда көпірлі протезге түзету жасалмайды, қайтадан жасау қажет.

 

34. 50 жастағы науқас ортопедиялық стоматология клиникасына төменгі жақтағы тістерінің болмауына шағымданып қаралды. Тістері 5 жыл бұрын кариестің асқынуынан жұлынған. Тістері төзімді. Тіс қатарының формуласы: 8765432112300678 Диагноз қойыңыз? Ең тиімді протез конструкциясын таңдаңыз://

тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металды көпірлі протез// 

тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 2 класс, металды керамикалы көпірлі протез// 

+ тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, металды керамикалы көпірлі проте// 

тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 4 класс, пластмассадан құрама көпірлі протез// 

тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3 класс, пластмассалы көпірлі протез 

 

35. Бүйірлі тістердің ІІ дәрежелі патологиялық желінуі кезінде, оларға металл штампталған сауыт қолдану тиімді ме, неге://   

тиімді, өйткені металл штампталған сауыт қалыңдығы тістемді қалыптастырады//

+ тиімді емес, өйткені сауыт қырымен маргинальді пародонтты жарақатуына байланысты асқынулар болуы мүмкін//

тиімді емес, өйткені бүйірлі бөлімде желінген тістердің анатомиялық пішінін қалыптастыра алмайды//

тиімді, өйткені желінген тістер мен сауыттың окклюзиялық беті арасындағы цементтің қалаң қабаты сауыт қырының қызыл иекке қарай жылжуын болдырмайды//

тиімді емес, өйткені металл штампталған сауыттың қалыңдығы тістемді қалыптастыруға жеткіліксіз

 

36.Науқас А. 73ж. тіссіз жоғарғы жақ. Альвеолярлы өскіннің атрофиясы орташа дәрежелі, бұдыры аз айқындалған, таңдай тереңдігі орташа, торусы айқын. Диагноз қойыңыз://   

толық екіншілік адентия, Оксман бойынша І - тип//

+ толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІІ- тип//

толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІІІ- тип//

толық екіншілік адентия, Оксман бойынша ІV- тип//

толық екіншілік адентия, Оксман бойынша V- тип

 

37. Науқастың Е. 75ж. төменгі жағына жеке дара қасықты Гербст сынамасы бойынша өлшеп тексеру кезеңі. Жұтыну сәтінде жеке дара қасық төменгі жақтан ығысады, сіздің іс-әрекетіңіз://    

+ қасықтың бұдыр артынан жақ-тіл асты сызығына дейінгі жер бөлігін қысқарту қажет//

бұл кезде қасықтың бүйір аймағының вестибулярлы қырын қысқартады//

қасықтың алдыңғы аймағының вестибулярлы қырын қысқартады//

қасықты жақ-тіл асты сызығының бойымен қысқартады//

қасықты иттістер аралығының вестибулярлы жағынан қысқартады

 

38. Нақас С. 68 жаста. 3-ші клиникалық кезеңде протездің балауыз конструкциясын ауыз қуысына енгізіп, орталық окклюзия жағдайында алдыңғы тістер арасында саңылаудың пайда болғаны анықталды, төменгі жақты алдыға жылжытқанда тістер барлық тіс доғасында жақсы түйіседі. Қай кезеңде қателік жіберілді, неліктен:// 

2-клиникалық кезең, орталық окклюзияны анықтауда бүйірлі окклюзия бекітілген//

2-лабораториялық кезең, жасанды тістерді дұрыс орнатпау//

2-лабораториялық кезең, модельдер окклюдаторға дұрыс бекітілмеген//

+ 2-клиникалық кезең, орталық окклюзияны анықтауда алдыңғы окклюзия бекітілген//

2-клиникалық кезең, протездің балауыз конструкциясының көлемі өзгерген

 

39. Науқас Р. 46 жаста. Ортопедиялық стоматология клиникасына тағам шайнаудың қиындығына шағымданып келген. Объективті: төменгі жағында тіс қатарының екі жақты шеткі ақауы бар. Тіс қатарының формуласы : 00004321 / 12340000 3.4 және 4.4 тістерге ұстап тұратын кламмері бар жартылай алмалы пластиналы протез дайындалған. Кламмерлі бекітілудің қай түрі көрсетілген://    

+ трансверзальді//

көлденең//

нүктелі//

сагитальді//

диагональді

 

40. Науқас С. 48ж. Диагнозы: «Жартылай екіншілік адентия, Тіс қатарының ақауы Кеннеди бойынша 3-класс». Емдеу жоспары: тірегі 3.7 және 3.3 тістер болатын құралмалы көпірлі протез. Ауыз қуысынан қандай клиникалық көріністі көруге болады://  

тірек тістердің қозғалғыштығы//

тіс қатарының шеткі ақауы//

+ ақауды шектеп тұрған тістердің үлкен конвергенциясы//

тіс қатары ақауының аумақтылығы//

терең тістесу

 

41. Науқас К. 58 жаста. Протездеу мақсатымен келген. Диагноз қойып, Агапов бойынша шайнау тиімділігін анықтаңыз://Тіс қатарының формуласы: 87650301 / 1234 000 8//

+ Кеннеди бойынша ІІІ класс, ІV подкласс, 60 %//

Кеннеди бойынша ІІ класс, ІІІ подкласс, 40 %//

Кеннеди бойынша І класс, ІІІ подкласс, 50 %//

Кеннеди бойынша ІІІ класс, V подкласс, 60 %//

Кеннеди бойынша ІІІ класс, ІV подкласс, 40 %

 

42. Науқас Н. 48ж. Диагнозы: «33 тіс сауытынң ақауы». Тіс тұқылының пішіні цилиндр тәріздес, клиникалық экватор деңгейінде тістің клиникалық мойнының диаметрі тістің диаметріне сәйкес келеді. Бірақ қосымша егеген кезде вестибулярлы бетіне конус пішіні берілген, қызылиек деңгейінде саты жасалынған және тістесуде антагонист тістердің ара қашықтығы 1,5 – 2,0мм. Берілген тіс қандай жасанды сауыт үшін егелге://

металды сауыт (штампталған) үшін//

пластмассалы сауыт үшін//

+ аралас сауыт үшін//

экваторлы сауыт үшін//

алтыннан жасалынған сауыт үшін

 

43. Науқас П. 46 жаста штампталып-дәнекерленген көпіртектес протез жасалған. Протез аймағындағы қызыл иек қызарған, ісінген. Сауыт қырларын зондпен тексергенде қыры анықталмайды. Қай кезеңде қателік жіберілген: //

1-клиникалық кезеңде//

1-лабораториялық кезеңде//

2-клиникалық кезеңде//

2-лабораториялық кезеңде//

+ 3-клиникалық кезеңде

 

44. Науқас 32 жаста, ортопедиялық стоматология клиникасына 11 тіс маңының ауыруына шағымданып келді. Ауыз қуысын қарап тексергенде қатты тіндердің патологиясы анықталмады. Анамнезінде механикалық жарақаттың болғанын айтады. Қандай тексеру әдісін жүргізу қажет://

мастикациография//

одонтопародонтограмма//

+рентгенография//

реография//

миография

 

45. Науқас С., 27 жаста, протездеу мақсатында қаралды. Объективті: беттің төменгі бөлігінің биіктігі өзгермеген. Ауыз қуысының шырышты қабаты бозғыл-қызыл түсті. Тіс формуласы: 870054321/12345678. Диагноз қойыңыз: //

Кеннеди бойынша 1- класс//

Кеннеди бойынша 2- класс//

+ Кеннеди бойынша 3- класс//

Кеннеди бойынша 4- класс//

Кеннеди бойынша 5- класс

 

46. Тістердің қатты тіндерінің аса қажалуының компенсирленген түріндегі беттің төменгі үштен бір бөлігі биіктігінің төмендемеуі://

тістердің орнынан жылжуынан//

төменгі жақтың ығысуынан//

+ жақтың альвеолалық бөлігінің өсуінен//

тіс кіреукесі мен дентиннің қаттылығының бірдей болмауынан//

СТЖБ элементтерінің бір бірімен қарым-қатынасының бұзылуынан

 

47. Тісжегімен зақымдалмаған тістердің аса қажалуы кезіндегі түбір ұшы маңы қабыну ошақтарының пайда болу себептері://

екіншілікті орынбасушы дентиннің түлеуі//

+ тіс ұлпасының дистрофиясы және өлуі//

тіс кіреукесі мен дентиннің қаттылығының бірдей болмауы//

пародонтқа түсетін функционалдық күштің өсуі//

күрек тістер маңындағы терең тістем

 

48. Тістердің аса қажалуының ошақты компенсерленген түрі кезінде ортодонтиялық емге дайындықтың мақсаты://

беттің төменгі үштен бір бөлігінің биіктігін қалпына келтіру//

төменгі жақ сүйектің орналасуын қалпына келтіру//

аппаратты-хирургиялық емдеу әдісін қолдану//

тістің қатты қажалғанжеріндегі протездік кеңістікті азайту//

+ альвеолярлы бөліктердің вакантты гипертрофиясын жою

 

49. Науқас Р. 62 жаста. Терең тістем кезіндегі төменгі жақ сүйегі тіс қатарының екі жақты шеткі ақауы. 1.8, 1.7, 2.7, 2.8 тістердің вертикальді жылжуының нәтижесінде жоғарғы тіс қатары деформацияға ұшыраған, олардың шайнау төмпешіктері(орталық окклюзия кезінде) төменгі альвеоларлы өсіндінің шырышты қабығына тиеді, тіс түбірлері 1/4шамасында қисайған, екінші дәрежелі патологиялық қозғалыс бар. Осы берілген клиникалық жағдайда қандай ортопедиялық емді қолдануға болады://

ортопедиялық дайындық – уақытша алмалы пластиналы протездің көмегімен 1.8, 1.7, 2.7, 2.8 тістерді вертикальді ығыстыру, осыдан кейін тұрақты тіс протезін дайындау//

алмалы-салмалы протез жасау арқылы альвеолааралық қашықтықты ұлғайту (төменгі тістерді каппамен жауып, жоқ тістердің орнына пластмассаданбазис жасау) //

1.8, 1.7, 2.7, 2.8 тістердің ұлпасын алып емдегеннен кейін оларды жасанды сауыттармен қаптау//

1.8, 1.7, 2.7, 2.8 тістерін жұлып, орнына имплантат салып протездеу, төменгі жаққа алмалы-салмалы протез дайындау//

+ 1.8, 1.7, 2.7, 2.8 тістерін альвеолалық өсіндінің жартылай резекциясымен бірге жұлу Операциялық жараның орны жазылып, протез орны қалыптасқаннан кейін беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіре отырып, жоғарғы және төменгі жақтарға алмалы-салмалы тіс протезін дайындау

 

50. Науқас Л. 57 жаста. Төменгі жақ сүйегі тіс қатарының барлық кіші және үлкен азу тістері жоқ екі жақты шеткі ақауы,беттің төменгі бөлігі биіктігі төмендеген.Қалған жоғарғы және төменгі тіс қатарларындағы күрек тістер мен сүйір тістерінде(2 дәрежелі)патологиялық аса қажалу бар. Орталық окклюзия кезінде жоғарғы жақтың кіші және үлкен азу тістерінің шайнау төмпешіктері төменгі альвеола өсіндісінің шырышты қабығына тиеді. Тік тістем. Осы жағдайда қандай ортопедиялық ем қолданған жөн: //

екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші – алдыңғы тістерге тістердің анатомиялық формасын қалпына келтіретін жасанды сауыттар дайындау; содан кейін – төменгі жаққа екі жақты шеткі ақауды қалпына келтіретін алмалы-салмалы протез дайындау//

екі сатылы ортопедиялық ем: алғашында – төменгі жаққа жасалған алмалы-салмалы протездің көмегімен беттің төменгі бөлігінің биіктігін қалпына келтіру. Миостатикалық рефлекс қалпына келгеннен кейін– алдыңғы тістерді жасанды сауыттармен қалпына келтіру//

+ екі сатылы ортопедиялық ем: бірінші сатысы – беттің төменгі бөлігінің биіктігін уақытша алмалы-салмалы пластиналы протезбен төменгі алдыңғы тістерді каппамен жабу арқылы қалпына келтіру; екінші сатысы – жаңа альвеола аралық биіктікке бейімделгеннен кейін тұрақты тіс протезін дайындау//

жоғарғы және төменгі жақтың барлық күрек, сүйір тістерін бір мезетте жасанды сауыттармен қалпына келтіріп, төменгі жаққа алмалы-салмалы протез дайындау//

ортопедиялық ем: алдыңғы топ тістерді жасанды сауыттармен қалпына келтіру.

 

51. 68 жастағы науқастың 3.1, 3.2, 3.3, 4.1, 4.2 тістері жоқ. Жоғарғы жақ тіс қатары 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің вертикальді жылжуының нәтижесінде деформацияға ұшыраған; альвеола өсіндісінің үлкен болуына байланысты «күлімсіреу сызығы» 3 мм төмен қарай түсүп кеткен. 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістерінің экстра- және интраальвеолярлы бөліктерінің арасындағы қатынысы өзгермеғен. Осы берілген клиникалық жағдайға диагноз қойыңыз://

+жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша IV класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының бірінші формасы//

жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша III класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының бірінші формасы//

жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша I класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының төртінші формасы//

жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша II класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының екінші формасы,бірінші топ бөлігі//

жоғарғы тіс қатарының Кеннеди бойынша II класс ақауы, Пономарева В.А. бойынша 1.1, 1.2, 2.1, 2.2, 2.3 тістердің тісальвеолярлық ұзаруының екінші формасы,екінші топ бөлігі

 

52. Тісальвеолярлық ұзарудың бірінші формасының өзіндік белгісі болып табылады: //

Тістүбірлерінің жартылай ашылып ығысуы//

тістің экстра- және интраальвеолярлы бөлігінің арақатынасының өзгеруі//

альвеолярлы бөліктің гипертрофиясы және тістің ығысуы//

+ альвеолярлы бөліктің гипертрофиясы кезіндетістің экстра- және интраальвеолярлы бөлігінің арақатынасының өзгермеуі//

альвеолярлы бөліктің гипертрофиясы кезіндетістің экстра- және интраальвеолярлы бөлігінің арақатынасының өзгеруі

 

53. Науқас О. 53 жаста. Төменгі жақ тіс қатарының оң жақтағы 2мм болатын вертикальді деформациясын жоғарғы және төменгі жақтарға алмалы-салмалы пластиналы протез жасапемдеу кезінде протездің балауыз құрылымын тексергенде, орталық түйісуде алдыңғы жасанды тістер арасында 2мм шамасында саңылау бары анықталды. Оң жақтағы бүйір тістер мен сол жақтағы жасанды тістер тығыз түйіседі. Қашан және қандай қателіктержіберілген: //

бірінші клиникалық кезеңде, протездерді орталық окклюзияда бекіткен//

екінші клиникалық кезеңде, протездерді дистальді окклюзияда бекіткен//

+ екінші клиникалық кезеңде, протездерді алдыңғы окклюзияда бекіткен//

екінші клиникалық кезеңде, протездерді бүйір окклюзияда бекіткен//

бірінші лабораториялық кезеңде, протездерді бүйір окклюзияда бекіткен

 

54. Вебердің тіс қызыл-иектік шендеуішін қандай сынықты емдеуге қолданады://

+төменгі жақтың сау кезінде, жоғарғы жақ сынығы бөлшектерінің төмен жылжуы кезінде//

төменгі жақ жарақаттанған кезде, жоғарғы жақ сынығы бөлшектерінің төмен жылжуы кезінде//

төменгі жақтың альвеолярлы өсіндісінің жылжымаған сынуы кезінде//

жоғарғы жақ сүйегінің толық сынып, төмен және артқа қарай жылжуы кезінде//

төменгі жақтың бүйір бөлігіндегі альвеолярлы өсіндінің сынуы кезінде

 

55. Науқас В. 45 жаста төменгі жақ сүйегі сынығы дұрыс бітпеген. Протездеу ерекшелігін көрсетіңіз://

+екі тіс қатары бар протез дайындау//

сынықтарды алдын ала ортодонтиялық жолмен түзету//

тіс доғасын алдын ала ортодонтиялық жолмен түзету//

жасанды тістері альвеолярлы сүйектің ортасында орналасқан протез дайындау//

сүйек сынықтарын хирургиялық жолмен түзетпейінше, оған протез жасамау

 

 

56. Науқас 65 жаста, тістері бар қатты таңдайдың ортасындағы оқтан жараланудан пайда болған дефектіні емдеу кезінде://

+ойық шетінде клапан жасау үшін протездің таңдай бөлігінде биіктігі 1 мм валик жасайды//

протездің таңдай бөлігінде биіктігі 8 мм валик жасайды//

протез базисінде обтурлеуші бөлігінің болмауы//

обтуратор мұрын кеңістігіне терең кіріп тұрады//

қуыс обтуратор.

 

57. Науқас В. 23 жаста, жоғарғы жақтың толық резекциясынан кейін қолданылатын ең оңтайлы обтуратор: //

жұқа пластина түрінде дайындалған обтуратор//

қалың пластина түрінде дайындалған обтуратор//

бүтін жасалған, ірі обтуратор//

+ауа өткізгіш,іші қуысобтуратор//

қалқымалы обтуратор

 

58. 26 жастағы В. науқасының қатты және жұмсақ таңдайының туа біткен ақауына KEZE обтураторы дайындалды. Оған тән ерекшеліктерді атаңыз://

протездің тығын бөлігінде целлулоидпен жабылған екі саңылауы бар обтуратор//

қуысқа бекітілетін пелоттары бар обтуратор//

қатты және жұмсақ таңдайға каучуктан жасалған обтуратор//

обтуратордың пішіні тығын тәрізді жасалған//

+қалқымалы обтуратор

 

59. Дәрігермен қарым қатынасқа жақсы түсетін, протез дұрыс болмаса да, оны пайдалана алатын науқастар жоғары жүйке қызметінің (темпераменті бойынша) қандай типіне жатады: //

холериктер мен флегматиктер//

сангвиниктер мен холериктер//

меланхоликтер мен холериктер//

меланхоликтер мен флегматиктер//

+сангвиниктер мен флегматиктер

 

60. Анамнезінде гипотониялық типті нейроциркуляторлы дистониясы бар жағдайда вегетативті реакцияның алдын алу үшін қолданыпатын премедикация кестесі: //

антигистаминді препараттар лидокаин//

+транквилизатор м-холинолитик//

анальгетиктер пенициллин//

спазмолитиктер новокаин//

антибиотиктер папаверин

 

61. Науқас У., 37 жаста. Протездеу кезінде. Металды пластмассадан жасалған көпіртәрізді протездердi жасау кезіндегі қателікті көрсетiңiз: //

тіс қатарының фронталды бөлігіндегі көптеген антагонист тістер арасындағы окклюзиялық байланыстың болмауы//

антагонист тістер арасындағы окклюзиялық байланыстың көп болуы//

оң жақтағы антагонист тістер арасындағы окклюзиялық байланыстың көп болуы//

сол жақтағы антагонист тістер арасындағы окклюзиялық байланыстың көп болуы//

+ көп антагонист тістер арасындағы окклюзиялық байланыстың болмауы

***

62.Гетерогендік пластмассалардың қасиетін жоғарлатуда қолданылатын толықтырғыштар://

қысымдағы//

толықтырғыштардың шар тәрізді пішіні//

толықтырғыштардың тегіс еместігі//

+ олардың арасында химиялық байланыстың немесе адгезивтіліктің болуы//

бірдей салмақтың бөлінуі

***

63.Полимерзация процестерінің негізгі сатылары: //

1:1 мономер-полимер қатынасында қорытпаны дайындау//

1:2 мономер-полимер қатынасында қорытпаны дайындау//

2:1 мономер-полимер қатынасында қорытпаны дайындау//

+ белсендірілген (активация), полимерлік тізбектің өсуі, тізбектің үзілуі//

құм тәрізді, жабысқақ, қамыр тәрізді, резина тәрізді, қатты.

 

64.Егер науқастың ауыз қуысын қарау барысында мерез белгілеріне күдік туса, дәрігер істеуі қажет://

тексеруді жалғастыру және стоматологиялық ауруды емдеуді бастау//

науқасқа өз күдігі туралы хабардар ету және қабылдауды тоқтату//

стоматологиялық көмекті науқасқа көрсетуден бас Тарту//

+ науқасты тексеруді аяқтап, қан анализін тапсыруға бағыттау//

науқасқа жауап бермеу.

***

65.Алмалы-салмалы шендеуіш протездерді қолдануда, тіс қатарының қандай тұрақтануына жетуге болады: //

доға бойынша тұрақтану//

парасагиталды тұрақтану//

фронталды тұрақтану//

+ парафронтосагиталды тұрақтану//

сагиталды тұрақтану

***

66.Вазоконстрикторлармен жергілікті анестетиктердің комбинациясы: //

жергілікті анестезияның ұзақтылығының жоғарлауы//

жергілікті анестезияның ұзақтылығының және белсенділігінің жоғарлауы//

+ жергілікті анестезияның ұзақтылығының жоғарлауы, белсенділігінің күшеюуі және улылықтың төмендеуі//

жергілікті анестезияның ұзақтылығының жоғарлауы//

жергілікті анестезияның төмендеуі.

***

67.60 жастағы науқасқа жасанды сауыттың шайнау төмпешіктері: //

айқын болуы керек//

антогонистер жоқ болғанда аздап білінуі//

+ айқын болмауы керек//

антогонист тістердің төмпешіктерінің пішіндеріне сәкес мүсінделуі//

айқындылығы

***

68.Жоғарғы жақ сүйегінің тіс қатарының алдыңғы бөліміндегі көпір тәрізді протездердің аралық бөлімінің орналасуы://



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.