Хелпикс

Главная

Контакты

Случайная статья





Келлер бойынша 3 тип 1 страница



 

Терапия

 

1. Қарау кезінде науқаста 3.3 тістің мойын аймағында ақ бор тәрізді, жылтырлығынан айырылған дақ анықталады. Зонд сырғиды, ауырсыну байқалмайды. Метилен көгі бар аппликатты жаққаннан кейін дақ көк түске боялды. Тісті рациональды емдеу әдісі: //

+реминерализациялаушы терапия//

дақты егеу, тұрақты жарықпен қатаятын материалмен пломбалау//

дақты тегістеу, жылтырату//

дақты егеп, тіске металлокерамикалық сауыт дайындау//

ГНЛ-терапия курсы (10 сеанс)

 

2. Науқас 32 жаста, тәттіден, қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде: 1.7 тістің шайнау беткейінің фиссуралары аймағында эмаль деңгейінде тісжегілік қуыс анықталады. Түбін зондтағанда ауырсынусыз. Диагноз қойыңыз://

орташа тісжегі//

бастапқы тісжегі//

флюороз, дақты түрі//

+беткей тісжегі//

ошақты гипоплазия

 

3. Науқас 30 жас, тәтіден, қышқылдан болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Қарау кезінде: 1.1 тістің мойын аймағының вестибулярлы беткейінде, эмаль деңгейінде тісжегілік қуыс бар. Түбін зондтағанда ауырсынусыз. Тісжегілік қуысты тұрақты пломбалауға қажетті материалды тандаңыз://

күмісті амальгама//

силидонт//

галлодент//

+филтек//

силицин

 

4. Науқасты тексеру кезінде 1.4 тістің мойын аймағында түбі дентин-эмаль байланысынан әлдеқайда тереңірек орналасқан тісжегілік қуыс анықталды. Тістің түсі өзгермеген. Түбін зондтағанда – ауырсынусыз, қабырғалары ауырсынады. Перкуссия ауырсынусыз. Сәйкес келетін диагноз танданыз://

терең тісжегі, баяу ағымды түрі//

+орташа тісжегі//

беткей тісжегі//

сына тәрізді ақау//

терең тісжегі, тез ағымды түрі

 

5. Химиялық өндірісте жұмыс жасайтын науқас, жоғарғы жақта тістердің ақауына шағымданады. Объективті: 11, 12, 21, 22 тістердің мойыналды аймағында эмаль және дентиннің жоғарғы қабатының деңгейінде овал тәрізді, тегіс, тығыз қабырғасы мен түбі бар шұнқырлану бар. Зондтағанда дентин-эмаль байланысы аймағында сәл ауырсынулы. Температуралы тітіркендіргіштерге реакция қысқа мерзімді. Дәрігер индивидуальды қорғаныш заттарын тағайындады. Емді жалғастырыңыз://

реминералициялаушы терапия курсы//

қуысты егеп, композитті материалдармен пломбалау//

зақымдалу аймағын тегістеу материалдарымен тегістеу//

+реминерализациялаушы курс терапиясы мен қуысты композитті материалдармен пломбалау, кейін ремтерапия курсын қайталау//

зақымдалу аймағын фторлакпен жағу

 

6. Науқас 38 жаста, 15 тістің үшкіл нерв бұтағы бойымен иррадиациялайтын, өздігінен, ұстамалы ауырсынуларға шағымданады; тітіркендіргіштердің барлық түріне ұстамасы ұзақ. Тіс периодты түрде бұрын ауырған, қарау кезінде тіс қуысы ашылған, ашылған нүктеде зондтау күрт ауырсынулы. Диагноз қойыңыз: //

жедел диффузды пульпит//

+созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//

созылмалы гангренозды пульпит//

жедел периодонтит//

созылмалы периодонттитің өршуі

 

7. Науқастың 24 тістің өздігінен, тұрақты, күшейетін, тістегенде ауырсынғанда, тістің "өсіп кету" сезіміне шағымданады.Объективті:

24 тістің апроксимальды беткейінде терең кариозды қуыс,тіс қуысымен байланысқан. Перкуссия күрт ауырсынулы. Түбір ұшы проекциясының кілегей қабаты гиперемирленген, ісінген, пальпация ауырсынулы. Сол жақтан лимфа түйіндері ісінген, пальпацияланғанда ауырсынулы. Рентгенограммада: түбір ұшы аймағында сүйек тінінің 0,3-0,5 см айқын шекаралы деструкция ошағы. Диагноз қойыңыз://

жедел жалпы пульпит//

интоксикация фазасындағы жедел периодонтит//

экссудация фазасындағы жедел периодонтит//

+созылмалы гранулематозды периодонтиттің өршуі//

жедел іріңді остеомиелит

 

8. 22 тісте тіс қуысымен байланысатын терең тісжегі қуысы. Зондтау, температуралық тітіркендіргіштерге реакциясы, перкуссия ауырсынусыз. Берілген тістің түбірінің проекциясы аймағындағы қызылиекте серозды-іріңді бөліндісі бар жыланкөз анықталады. Рентгенограммада: тіс түбірінің ұшында «от жалыны» тәріздес айқын емес шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы. Сіздің болжам диагнозыңыз://

созылмалы гранулематозды периодонтит//

созылмалы гангренозды пульпит//

+созылмалы гранулдеуші периодонтит//

созылмалы фиброзды периодонтиттің өршуі//

созылмалы гипертрофиялық пульпит

 

9. Науқас 25 жаста. Шағымы жоқ. Қарау кезінде: қызылиек жиегінің кілегей қабығы мен тісаралық емізікшелер көкшіл түсті гиперемияланған, болбыр, тістерге тығыз бекімеген. Қызылиекүсті тіс шөгінділері бар. Тісқызылиектік байлам бұзылмаған. Рентгенограммада: альвеолярлы сүйектің сүйек тінінде өзгерістер байқалмайды. Диагноз қойыңыз://

+созылмалы катаральды гингивит//

жедел катаральды гингивит//

жеңіл дәрежедегі созылмалы пародонтит//

Иценко-Кушинг ауруы кезіндегі пародонтальды синдром//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

 

10. Науқас 25 жас. Шағымы жоқ. Қарау кезінде: қызылиек қыры мен тісаралық емізікшелердің кілегей қабаты гиперемирленген көгерген, борпылдақ болып тіске жатады. Қызылиекүсті тіс қақтары бар. Тісқызылиек бекімі бұзылмаған. Рентгенограммада: альвеолярлы сүйекте сүйек тіндерінде өзгеріс жоқ. Салыстырмалы диагностика жүргізіңіз: //

созылмалы катаральды гингивит //

жедел катаральды гингивит//

+созылмалы пародонтиттің жеңіл сатысы//

созылмалы пародонтиттің орташа дәрежесі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды форма

 

11. Науқас 21 жаста. Қызылиегінің өсуіне, тістерді тазалаған кезде қанағыштығына шағымданады. Көгерген, ісінген қызылиек тіс сауыттарының 1/2 бөлігін жауып жатыр. Пародонтальды қалталар жоқ. Сіздің болжам диагнозыңыз://

созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаральды гингивит//

+гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

гипертрофиялық гингивит, фиброзды түрі

 

12. Науқас 20 жаста. Қызылиегінің өсуіне, тістерді тазалаған кезде қанағыштығына шағымданады. Көгерген, ісінген қызылиек тіс сауыттарының 1/2 бөлігін жауып жатыр. Салыстырмалы диагностикасы жүргізіңіз://

+созылмалы катаральды гингивит//

жаралы гингивит//

жедел катаральды гингивит//

гипертрофиялық гингивит, ісінген түрі//

жеңіл дәрежелі пародонтит

 

13. Науқас 24 жаста жалпы жағдайының нашарлауына, әлсіздікке, температураның көтерілуіне, ауыз қуысының күрт ауырсынуы, жағымсыз иіске, қызылиектің қанағыштығына шағымданады. Объективті: бетінің түсі қоңырқай түсті. Ауыз қуысында гиперемирленген, қызарған фонда, некротикалық аймақтар, сұрлы қақтармен жабылған. Жергілікті ем: //

антисептиктер, витамин С//

антисептиктер, витамин В12//

антисептиктер, нистатинді жақпа, бояғыштар//

+антисептиктер, ферменттер, кератопластикалық заттар//

антисептиктер, бонафтонды жақпа

 

14. Орта жастағы науқас тіс арасындағы саңылауларға, кейде қызылиектің қанағыштығына, тістердің қозғалғыштығына, дискомфортке шағымданады. Объективті: көптеген тіс қақтарының болуы, зондтағанда қызылиектің жеңіл қанағыштығы, емізікшелер мен қызылиек қырының атрофиясы, түбірлердің 1/3 бөлігіне дейін жалаңаштануы, тістердің 1-2 дәрежелі қозғалғыштығы. Пародонтальды қалталар тереңдігі 4-5мм. Нақты диагноз қойыңыз: //

+созылмалы ошақты пародонтиттің орташа дәрежесі//

созылмалы ошақты пародонтиттің ауыр дәрежесі//

созылмалы ошақты пародонтиттің жеңіл дәрежесінің өршуі//

гипертрофиялық гингивиттің ісікті формасының өршуі //

гипертрофиялық гингивиттің ісікті формасы

 

15. Науқас 27 жаста стоматологиялық клиникаға таңертен кенеттен пайда болған еріннің, ұрттың, тілдің ісігіне шағымданады. Анамнезден: бір күн бұрын стоматологқа қызылиектің қанағыштығына, ауырсынуына, жағымсыз иіске шағымданып келген. Қызылиектің емі жүргізілген. Тіс қақтарын алып тастау, қызылиекті антисептикалық өңдеу. Жақында кешкісін және келген күні дәрігермен тағайындалған қызылиекке аппликация түрінде Метрогил-Дента гелін жаққан. Қарау кезінде: төменгі және жоғарғы еріннің терісінің көлемі үлкейген, еріннің қызыл жиегі керілген, ауыз қуысында тілдің көлемі үлкейген, ұрттың кілегей қабатының ісінуі екі жақтан. Бірақ та, бет, ерін, ауыз қуысының кілегей қабатының түсі өзгермеген, ісікті тіндер пальпация кезінде ауырсынусыз. Бұл аурудың жалпы еміне кіреді: //

+2% супрастиннің бұлшықеттікішілік инъекциясы//

5% аскорбин қышқылының бұлшықетішілік инъекциясы//

30% линкомицин гидрохлоридінің бұлшықетішілік инъекциясы//

ниститин таблеткасы таблетки 1000000 ЕД күніне 3 рет //

ацикловир таблеткасы 0,2 г күніне 5рет

 

16. Науқас 39 жаста, шылым шегу стажы 18 жыл, қарау барысында ұрттың кілегей қабатында ақшыл бұлыңғыр ошақ анықталды, тістердің жымдастыру сызығының алдынғы бөлігінде, үшбұріш тәрізді ұшы молярға қараған. Ошақ қоршаған тіндердің үстінен көтерілмеген, қыру кезінде алынбайды. Ошақтың айналасындағы кілегей қабық өзгермеген. Бұл аурудың жергілікті еміне кіреді://

ошақтың зақымдалған жерінің астына 1% никотин ерітіндісі инъекциясы//

ацикловир жақпасы аппликация//

+3,44 % витамина А майлы ерітінді аппликация//

ниститинді жақпа аппликация//

метрогил-дента гелі аппликация

 

17. Науқас 40 жаста, сөйлегенде, тамақ ішкенде күшейетін, тілдің ауырсынуына, дене температурасының 37 С-қа дейін кешкілік уақытта соңғы ай бойы көтерілуіне шағымданып келді. Қарау кезінде: науқас арық, әлсіз. Жақасты лимфа түйіндері үлкейген, пальпация кезінде ауырсынады. Таңдайда – беткей, сәл ауырсынатын жара, түбі сары-қызыл түсті қақпен және грануляциямен жабылған, таңқурайды еске түсіреді. Диагноз қойыңыз://

декубитальды жара//

+милиарлы-жаралы туберкулез//

жаралы-некротикалық Венсан стоматиті//

біріншілік сифилис//

обырлы жара

 

18. Науқас К 25 жаста тісінің шайнау бетінде тісжегілі қуыстың болуына және температуралық тітіркендіргіштер мен тәттіден болатын қысқа мерзімді ауырсынуға шағымданады. Науқаста 3.6 тістің орта тісжегісі деп болжанды. Орта тісжегінің белгісіне жатқызуға болады:

тісжегі қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады//

+плащтық дентин деңгейіндегі жегі қуыс//

тісжегі қуыстың тіс қуысымен байланысы//

тісжегі қуыс түбін зондтау бір нүктеде жедел ауырсынады//

тіс перкуссиясы ауырсынады

 

19. 37 жастағы әйел адам жоғарғы алдыңғы тістер аймағындағы косметикалық ақауға шағымданып келді. Қарағанда: жоғарғы жақтың орталық және бүйір күректістерінің экваторына жақын вестибулярлы бетінде дөңес пішінді, тығыз және тегіс түбі бар эмаль ақауы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Ақау аймағы 2% метилен көк ерітіндісімен боялмайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз: //

жергілікті гипоплазия//

сына тәрізді ақау//

+эмаль эрозиясы//

бастапқы тіс жегісі//

эмаль некрозы

 

20. 19 жастағы ер бала жоғарғы және төменгіжақ тістерінде ақ түсті дақтардың болуына шағымданады. Тістер түсінің өзгеруін бала кезінен байқаған. Қарағанда: жоғарғы және төменгіжақ тістерінінің вестибулярлы бетінде, төмпешіктері мен кесу жиектерінде көптеген әртүрлі көлемде бор тәрізді дақтардың болуы. Эмаль жылтырлығы сақталған. Дақ беткейі бойымен зонд жылжиды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

+флюороз//

жергілікті гипоплазия//

бастапқы тіс жегісі//

беткей тіс жегісі//

эмаль некрозы

 

21. 35 жастағы ер адам тісінің температуралық тітіркендіргіштен болатын қысқа мерзімді ауырсынуына шағымданады. Қарағанда: 45 тістің дистальды бетінде бор тәрізді өзгерген жиектері бар, ашық түсті жұмсарған дентинге толы терең жегіленген қуыс анықталады. Қуыс түбін зондтау ауырсынады, перкуссия ауырсынусыз. ЭОД-18 мкА. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

жай ағымды терең тіс жегісі//

+тез ағымды терең тіс жегісі//

созылмалы жай пульпит//

орташа тіс жегісі//

созылмалы гангренозды пульпит

 

22. 47 жастағы ер адам 26 тісінде өздігінен ұстамалы ауырсынуларға шағымданады, самай аймағына таралып, барлық тітіркендіргіштерге ұзақ мерзімді ауырсынады. Тіс бұрын ауырған. Қарағанда: шайнау бетінде тіс қуысымен байланысқан терең жегіленген қуыс анықталады, ашылған ұлпа мүйізін зондтау жедел ауырсынады. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

жедел жартылай пульпит//

жедел жалпы пульпит//

жедел іріңді пульпит//

+созылмалы фиброзды пульпиттің өршуі//

созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

 

 

23. Созылмалы фиброзды пульпиттің ажырату нақтамасы жүргізіледі://

созылмалы гипертрофиялық пульпит//

жай ағымды терең тіс жегісі//

+тез ағымды терең тіс жегісі//

созылмалы периодонтит//

созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі

 

24. 22 жастағы әйел адам жоғарғы сол жақ тісінде өздігінен болатын тұрақты солқылдаған ауырсынуға шағымданады. Пульпит себебімен эндодонтиялық емдеу сатысында. 4 күн бұрын мышьяк пастасы салынған. Қарағанда: 26 тісте уақытша байлам, перкуссия ауырсынады, түбірұшы аймағындағы шырышты қабық өзгеріссіз,пальпацияда ауырсынбайды. Сіздің алғашқы диагнозыңыз://

экссудация сатысындағы жедел периодонтит//

+интоксикация сатысындағы жедел периодонтит//

созылмалы периодонтиттің өршуі//

созылмалы гангренозды пульпиттің өршуі//

созылмалы жай пульпиттің өршуі

 

25. Науқас К.. 46 жаста " экссудация сатысындағы жедел периодонтит" диагнозы қойылған. Диагнозына тән рентгенологиялық көрініс:

+периодонт пен сүйек тінінде өзгеріс жоқ//

түбір ұшы аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі//

түбір ұшы аймағында анық емес шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы//

түбір ұшы аймағында дөңгелек пішінді анық шекаралы сүйек тінінің деструкция ошағы//

мойын аймағында периодонтальды саңылаудың біртекті кеңеюі

 

26. 45 жастағы ер адам жоғарғы сол жақ аймағында ұзақ мерзімді, ұстамалы ауырсынуына, оның құлақ пен самай аймағына таралуына шағымданады. Ауырсыну салқыннан басылады. Аллергоанамнез теріс. Қарағанда: 26 тістің шайнау бетінде тіс қуысымен байланыспаған терең жегіленген қуыс, қуыс түбін зондтау жедел ауырсынады, перкуссия аздап ауырсыну. Емдеу әдісін таңдаңыз://

девитальды экстирпация әдісі//

девитальды комбинирленген әдіс//

девитальды ампутация әдісі//

+витальды экстирпация әдісі//

консервативті әдіс

 

27. 35 жастағы ер адам сауықтану мақсатында келді. Қарағанда: 47 тістің дистальды–шайнау бетінде үлкен (5 мм2) пигменттелген дақ анықталды. Емдеу әдісін таңдаңыз://

дақты тегістеу//

+егеу, пломбалау//

динамикалық бақылау//

реминерализацтялық терапия курсы//

фторлакпен бірреттік жағу

 

28. 39.Жастағы ер адам қызылиегінің қансырауына, жұтынған кездегі ауырсынуға,дене қызуының 38.5С-ге дейін жоғарлауына шағымданады. Қарағанда тері беткей ақшыл түсті, ауыз қуысы мен жағымсыз іріңді иіс шығады.Төменгі жақасты лимфа түйіндері ұлғайған, пальпацияда ауырсынады, қызылиек емізікшелері некрозданған зондтағанда қанайды.Ретромолярлы кеңістік пен миндалиналар аймағында некроз аймақтары анықталады. Қоршаған шырышты қабық ақшыл түсті. Нүктелік петехиальды қан құйылулар байқалады.Алғаш өткізілетін тексеру әдісі:

ПЦР-диагностика//

+жалпы қан анализі//

иммуноферменттік анализ//

цитологиялық зерттеу//

бактериологиялық зерттеу

 

29. 32 жастағы әйел адам қызылиегінің кейбір уақытта қанауына шағымданып келді. Қарағанда: қызылиекүсті тіс жұғындылары бар, қызылиек емізікшелері мен маргинальды қызылиек күңгірт көкшіл түсті. Пародонтальды қалталар жоқ. Рентгенограммада сүйек тінінде өзгеріс жоқ. Емдеу әдісін таңдаңыз://

ауыз қуысын сауықтыру//

+ауыз қуысын сауықтыру, физиотерапия//

ауыз қуысын сауықтыру, гингивоэктомия//

ауыз қуысын сауықтыру, гингивотомия//

ауыз қуысын сауықтыру, кюретаж

 

30. Науқас М.52 Жаста қызылиектің қан кетуін,бірінші дәрежелі қозғалғыштығын, пародонтальды қалтаның болуын анықтайды.Анамнезінде созылмалы пародонтитпен бірнеше жыл ауырады.

Пародонтальды қалта тереңдігі 5 мм дейін жағдайындағы хирургиялық шара://

құрақтық операция//

+жабық кюретаж//

гингивотомия//

жай гингивоэктомия//

радикальды гингивоэктомия

 

31. 35 жастағы ер адам ұзақ уақыт бойы жазылмайтын төменгі ерініндегі жарыққа шағымданады. Қарағанда: төменгі еріннің қызыл жиегінде – жарық, пальпацияда ауырсынусыз, негізінде шеміршек тәрізді инфильтрат бар. Төменгі жақасты лимфа түйіндері орман жаңғағы көлеміне дейін ұлғайған, тығыз консистенциялы, пальпацияда ауырсынусыз. Диагноз қою үшін қолданылатын реакция:

+ бозғылт трепонемалар иммобилизация реакциясы//

лимфоциттер бласттрансформация реакциясы//

пассивті гемагглютинация реакциясы//

лейкоциттер агломерация реакциясы//

лейкоцитолиз реакциясы

 

32. 49 жастағы әйел адам тілдің бүйір бетінде бұдырлық пен күйдіру сезіміне шағымданады. Соңғы 4 жылдан бері дәрігер-эндокринологта қант диабетінің компенсирленген түрі себебімен диспансерлік бақылауда тұр. Қарағанда: тілдің арқасында және ұрттың оң жақ шырышты қабатында – ақ түсті жұғынды мен тостағаншалар бар. Шпателмен қырғанда жұғынды жартылай алынады. Диагноз қою үшін қолданылатын тексеру әдісі:

биопсия//

жалпы қан анализі//

иммунологиялық зерттеу//

серологиялық зерттеу//

+ жұғынды микроскопиясы

 

33. 19 жастағы жас жігіт жоғарғы және төменгі жақтың тістерінде ақ дақтардың болуына шағымданады. Бала кезінен бастап тістер түсінің өзгеруін байқады. Қарап тексергенде: вестибулярлы бетінде, жоғарғы және төменгі жақ тістерінің төмпешіктері мен кесу жиектері, әртүрлі мөлшердегі бор тәрізді дақтар. Жылтыр эмаль сақталған. Зонд дақтардың бетімен жылжиды. Сіздің диагнозыңыз:

+флюороз//

жергілікті гипоплазия//

бастапқы тіс жегісі//

беткей тіс жегісі//

эмаль некрозы

 

34. 55 жастағы әйел адам тістер сауытының көптеген ақауына шағымданып келді. Қараған кезде: 36, 35,34 тістердің вестибулярлы беткейдің мойын аймағында дентин деңгейінде үшбұрыш пішінді тығыз және жылтыр қабырғасы бар тістің қатты тіндерінің жойылуы байқалады. Зондтау ауырсынусыз. Сіздің диагнозыңыз:

тістің қатты тіндерінің некрозы//

тістің қатты тіндерінің эрозиясы//

беткей тіс жегісі//

орташа тіс жегісі//

+ сына тәрізді ақау

 

35. Сырқат тісте кейде ауырлық, ыңғайсыздық, кернеу сезімдері, қатты тағам шайнағанда аздап ауыру орын алған. Тісте тісжегі бар, қызыл иекте жыланкөз немесе оның жабылуынан пайда болған тыртық анықталады. Аурудың болжамды диагнозын қойыңыз:

периодонттың жедел қабынуы, уыттану сатысы//

периодонттың жедел қабынуы, жалқықтану сатысы//

периодонттың созылмалы қабынуының өршуi//

ұлпаның жедел iрiңдi қабынуы//

+ периодонттың созылмалы гранулденiп қабынуы

 

36. Емханаға 18 жасар М. науқас келді, тексеруден кейін жедел герпетикалық стоматит диагнозы қойылған. Осы патологиянын кезінде жүргізілген цитологиялық зерттеу арқылы анықталатын жасушалар:

қан жасушалары//

Пирогов-Лангханс жасушалары//

аконтолизденген жасушалар//

+ көпядролы алып жасушалар//

эпителийдің некробиоздың әртүрлі сатысындағы жасушалары

 

37. Тісінде өз бетімен пайда болатын қайта-қайта қозбалы ауру сезімі 10-15 мин дейін созылып барып, біраз уақытқа /2-3 сағ дейін/ толастайды. Ауру сезімі түнде жиі мазалайды, ал әртүрлі тітіркендіруші ықпалдар кезексіз және біраз уақытқа созылатын ауыру сезімін туындатады. Сипатталған шағымдар субъективтік белгілеріне жататын ауру:

ұлпаның жедел iрiңдi қабынуы//

ұлпаның толық жедел қабынуы//

+ ұлпаның жартылай жедел қабынуы//

ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы//

ұлпаның созылмалы жай қабынуы

 

38. Тісте өз бетімен пайда болатын, жан жаққа таралатын, ұзаққа созылатын /1-2 сағ/ қозбалы ауыру сезімі аз уақытқа ғана 10-15 мин саябырлайды. Сондықтан науқас сырқат тісін көрсете алмайды. Ауру сезімі түнде және әртүрлі тітіркендіруші әсерлерден күшейе түседі. Сипатталған шағымдар субъективтік белгілеріне жататын ауру:

ұлпаның iрiңдi қабыну//

+ ұлпаның толық жедел қабынуы//

ұлпаның жартылай жедел қабынуы//

ұлпаныңжедел жарақаттан қтереңабынуы//

ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi

 

39. Ұлпаның негiзгi затында көптеген микроорганизмдер орын алған, нейтрофильдiк лейкоциттер, органоидтар, клеткалар еркiн жатыр. Эритроциттер және макрофагтар аумақты аймаққа шоғырланған. Дентинобластар бiраз жерде жойылған. Сақталғандары жасушаiшiлiк дистрофиялануға ұшыраған. Сипатталған патогистологиялық өзгерiс тән ауру://

ұлпаның жедел iрiңдi қабынуы//

+ ұлпаның толық жедел қабынуы//

ұлпаның жартылай жедел қабынуы//

ұлпаның жедел жарақаттан қабынуы//

ұлпаның созылмалы жай қабынуының өршуi

 

40. 26 жастағы У. науқас; 3.6 тісте терең кариозды қуысы бар, тістің қуысымен байланысқан, зондтау кезінде түбір өзектерінде ауырсыну пайда болады, алдымен іріңді тамшы шығады, содан кейін қан, перкуссия әлсіз, апикальды периодонт пен айналадағы сүйек тінінің рентгенологиялық өзгерістері анықталған. Бұл өзгерістер ұлпаның қабыну формасында анықталады:



  

© helpiks.su При использовании или копировании материалов прямая ссылка на сайт обязательна.