|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
АРЖЫЛЫҚ ЖОСПАРҚАРЖЫЛЫҚ ЖОСПАР Бұл бөлім жасалған барлық жұмыстардың нәтижесінен алынған материалдарды жалпылай қорытып, оларды құндық түрде көрсетуге арналған. Осы жағдайда әлемдік тәжірибе үшін бірнеше стандартты құжаттарды дайындап қою керек: 1. Өткізу көлемін болжау Негізгі мақсат жаңа өніммен жаулап алғалы тұрған нарық үлесін анықтау. Мұндай болжамды үш жыл бұрын әр жылға бөліп құрастыру ұсынылады: Бірінші жылғы мәліметтер тоқсан бойынша келтіріледі, ал қалған жылдары 12 айдағы сатудың жалпы көлемі беріледі.
Өндіру мен өткізудің күтілетін көлемі
2. Ақшалай шығындар мен түсімдердің балансы Негізгі мақсат – ақша қаражаттарының кірісі мен шығысының сәйкестегін, яғни осы жобаны жүзеге асыру кезіндегі кәсіпорынның келешек өтімділігін де тексеру. Осындай жолмен алынған ақпарат жобаның жалпы құнын анықтаудың негізгі болады. Ақшалай шығындар мен түсімдер балансы оны құру кезінде қатаң тексеруді талап етеді, мұнда қаржы салу баптары мен сомалары және олардың өнімді өткізуден түсімі келесідей түрде бейнеленеді: Бірінші жыл – тоқсандар бойынша, қалған жылдары 12 ай сайын.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы болжанатын есеп беру
3. Табыстар мен шығындар кестесі (пайда мен зиян туралы есеп беру). Бұл құжаттың мақсаты – пайданың қалай қалыптасып және қалай өзгеретінің көрсету: Бірінші жылы – ай сайын; Екінші жылы – тоқсан сайын; Үшінші жылы – толығымен 12 ай бойынша. Талданатын көрсеткіштер ішінен мыналар ерекшеленеді: а) тауарларды сатудан түскен табыс; б) тауарлар өндірісінің шығындары; в) сатудан түскен пайда сомасы; г) жалпы өндірістік шығындар (түрлер бойынша); д) таза пайда (в-г).
4. Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің жинақ балансы Мұндағы басты міндет – коммерциялық банк мамандары үшін кәсіпкердің әртүрлі активтерге қанша соманы салмақ ойын және оның бұл активтерді құру немесе сатып алуды қай пассивтерден қаржыландыратынын анықтау, бірінші жылдың басы мен соңына өнім өткізуді құрастыру ұсынылады.
Кәсіпорын активтері мен пассивтерінің жинақ (сводный)балансы
Қаржыландыру стратегиясы. Бұл бөлемді кәсіпорынды құру немесе ұлғайту үшін қажетті қаржыны алу жоспары көрсетіледі. Бұл жерде мынадай сұрақтарға жауап бері керек: 1. Осы жобаны жүзеге асыру үшін қанша қаражат керек? Бұл сұраққа жауапты бизнес-жоспардың алдыңғы бөлімі “Қаржылық жоспардан” алуға болады. 2. Қаржылық ресурстар көзі және оны алу нысаны. Қаржыландыру алу көздері төмендегідей болуы мүмкін: а) өз меншігіндегі қаражат; б) банк несиелері; в) әріптестердің қаржысын тарту; г) акционерлердің қаржыларын тарту және т.б. 3. Салынған қаржыларды толығымен қайтарудың және инвесторлардың табыс алуының күтілетін мерзімі
Несиені өтеу
Бизнес-жоспарға салымдардың өтелу мерзімін анықтауға мүмкіндік беретін арнайы есеп қосу ұсынылады.
|
|||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||||
|